Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 12:50, дипломная работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда қазақ елінің тәуелсіздік алып өткен-кеткенін түгендеп, тұлғалардың ғылыми салаларына қосқан үлесін зерделеу уақытында Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы еңбектерін, заманауи көзқарасына зерттемеу ұрпақ алдындағы қарызымызды өтелмеуі деуге болады. Сонымен қатар, Ж.Аймауытовтың психология әлеуметтік психология ғылымдарына қосқан үлесі, этикалық қазақ халқына тән көрсеткен ерекшелігі бүгінгі күнге дейін маңыздылығын жойған емес
Ғалымның ой тереңдігі мен көру кеңістігін бүгінгі жас ғалымдарға үлгі, сабақ, тәжірибе болады.

Работа содержит 1 файл

Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы.doc

— 420.50 Кб (Скачать)

Аймауытов сол кездегі  кейбір қазақ жігіттері әкімшілік, комиссарлық қызметке шеқтен тыс әуес болғандығын, бұлардың осы салаға қызығуы, өнері қызықаннан туып отырмағанын, бұл бір жұқпалы дерт сияқты нәрсе деп келемеждейді. Автор осы жерде халқымыздың «Бәрін қойшы болсаң құл боларсың, бәрін бірдей қойшы болсан.... жын боларсың» деген тамаша мақалын келтіре өте орынды дәйектеген. Автор қазақ жастарына, егін салуды үйрен, отырықшы бол, денсаулығыңды күт, шаруа тұрмысыңды түзет, газет, кітап оқуға әдеттен, қысқасы мәдениетті  адам болуға, алуан өнерді білетін кісі болуға  тырыс дейді.                          

Мамандық таңдауда адамның жеке қасиеттер мен кейбір туыстан берілетін ерекшеліктерін де (темперамент, нышан т. б.) ескеру қажеттігін, бұл жерде кісі  өзін-өзі басқарып, жеке басын жетілдіруге, кісілікке ұмтылуға ерекше мән берудің маңыздылығын жалықпай қайталап айтып береді. Өзінде қандай талант, қандай зеректік, қандай қабілет, бір сөзбен айтқанда қандай қасиет барлығын білуің қажет. Басқаша айтқанда, әр адам өзін-өзі тану қажет. Өзін-өзі танымаған адам өзгені де тануға шорқақ болады деп тұжырымдайды.

Аталмыш зерттеудің ғылымилығын арттыра түсетін басты ерекшелік — мұнда еуропалық психолог ғылымдардың осы тақырып төңірегінде жүргізген зерттеу жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп, солармен салыстыра сабақтастыра баяндалатындығында. Мәселен, автор өз тұжырымдарын  сол   кездегі   белгілі   орыс   психологы А.   Ф,   Лазурскийдің (1874—1917)   сондай-ақ   аттары әлемге  әйгілі   неміс   және   американ   психологтарына  (Джемс, Мюнстерберг, Штерн т. б.) сілтеме жасап, бұларға өзіндік пікір білдіріп, осы мәселенің анық - қанығына, ұңғыл-шұңғылына ой  жүгіртіп,  сайып келгенде, күні кешегі көшпелілердің психологиясының жаңа жағдайдың әсерімен. біртіндеп   өзгеріске   түсе   бастағанын  паш етеді.

Ж. Аймауытов психологияға қатысты  мәселелердегі өзінің соңғы еңбегі «Комплексті оқыту жолдары» (Алматы, «Қазақ» баспасы, 1929 ж.) атты кітабында да жол-жөнекей сөз етеді. 9 тараудан тұрады, ол педагогикалық курс, педтехникум студенттеріне арналып жазылған. Онда оқу бағдарламасының жекелеген түрлерше токтадады, оның негізгі үш тірегі (жаратылыс, еңбек, қоғам мәселелері) туралы айта келіп, оқудың түп қазығы—еңбек екендігін, мұны шәкірт психологиясына орайластыра жеткізудің қажеттігіне баса назар аударады. Автор комплексті оқыту не?" деген сауалға былайша жауап береді «...бұл өмірдегі сан алуан құбылыстардық нәрселерді бір тақырыппен бір пікірдің төңірегіне жинап, қосып, түйдектеп, біріктіріп оқыту». Автор оқыту  барысында шәкірттердің эстетикалық (сұлулық) талғампаздығының ерекшеліктері мен санасы қажет дейді (халық әңдерінің психологиялық жақтарына талдау жасау арқылы). Жер, тұрмыс жағдайына қарай — деп жазатындығы — әр елдің сазы (ән-күйі) де әр алуан, Түркістан

елінің әні бүлтарысы жоқ, тік  тартар айқай, қайырмасы жоқ, келте немесе бірыңғай текірек болып келеді, түйге, атқа, есекке мінген адам болсын, ауылдан былай шыға беріп: «аулың сенің белде еді әріайдай»,— деп қозғайды. Арқаның әні толқынды, ырғақты, айқайлы, зарлы қайталамалы, қайыруы ұзын болып келеді. Теріскейдің, батыстың әні мұңды, зарлы, шерлі, желдірме, көй-кай болып келеді...» Ж. Аймауытов бұл жерде ұлттық (этностық) психологияға ерекше мән беріп отыр. Автор тәлімгер қауымға, арналған тұжырымдарында «Ізденіп, талаптанса, қолдан жасалмайтын шарт жоқ. Қуаттамаған, ізденбеген, соңына түспеген адамның жұмысы еш уақытта берекелі болмақ емес»,— деп психологиялық тұрғыдан түйіндейді. Осы кітаптың да қазіргі қазақ мектептерінде ұстаздық жасап жүрген тәлімгерлерге тигізер көмегі аз болмаса керек.

Жан дүниесінің қыры мен сырын, оның заңдылықтарын қарастыратын психология ғылымыңда термин жағы баршылық, Ж. Аймауытов бұлардың төл тіліміздегі бағдарламаларын бере келіп, ассоциация, апперцепция, тропизм, рефлекс, инстинкт, интеллект т.б. іспеттес ұғымдарға да ғылыми талдау жасайды.

Мәселен «Психология» кітабының 6-тарауында «Апперцепция» дейтін параграфты.баяндауда бұл ұғымды айналадағы заттар мен құбылыстарды дұрыс қабылдау кісінің өткен тәжірибесіне, жан дүниесінің мазмұнына тәуелді болып отыратындырымен байланыстыра келіп, автор алғаш оқығанда байқалмаған нәрсе, тез көзге түседі, мұндайда адам өзі тілеген, қажетсінген объектілерді ғана қабылдайтындығын, ал апперцепция адамның қабылдауына белсенділік сипат беретіндігін, дүниені жемісті, нәтижелі танып білуінеде жәрдемдесетіндігін айтады.

Ұлттық ғылыми психологиялық терминдердің белгілі жүйеге түсуі де Аймауытов есімімен байланысты. Ол кай кезде де термин сөздерге ауыр жүк жүқтелетіндігін, өйткені жекелеген ғылымның өзіндік ерекшелігі, сыр-сипаты солардың деңгейімен өлшейтіндігін ескертеді. Ғылыми ұғымдардың төл тілімізде дұрыс түйінделуі аса мұқияттылықты қажет етеді, сондықтан да біз әрбір терминнің тұрақты орын алуына, біртіндеп сомдала, ширай түсуіне қамқор болғанымыз абзал дегенді айтады.

Ж. Аймауытов белгілі бір ұғымның баламасында алынып отырған термин сөздің сол ұғымының дәл мағынасын білдіруі қажеттігін, оның негізгі сөздік қордан тұрақты орын алуын осы мәселенің негізгі мазмұны деп есептейді. Мәселен, автор еңбектерінде кездесетін әсер — впечетление,"әуестік — любопытство, балалық — детство, тілек — желание, жан қуаттары — душевные силы, амал — действие, қызмет — деятельность, кылық — поведение, көңіл күйі — настроение, мағына — смысль, мақсат — цель, мейірімділік — гуманность, ерік —воля, елігу — увлечение, еліктеу — подражание, ниет — намерение, ұғым — понятие, рух —дух т. б. Осы  іспеттес гпсихологиялық ұғымдар күні бүгінге дейін төл оқулықтарымызда ешбір өзгеріске түспей, ұлттық терминдер қорының төрінен орын алып келеді.

Әрине, осы ғылымның жаңадан тәй тұрып жатқан кезеңінде Ж. Аймауытов қолданған кейбір терминдер мен ғылыми тұжырымдардың дәл алынбағанын да айтпасқа болмайды. Мәселен, «бәрі іштен туады, адам іштен туа өнерге бейім болып туады», «адамның қандай мінезді болуы өз еркінде емес», «ынтаның бас қызығы сүйекке біткен», «жабайы қабілет», «адамның есі бүтін болмайтын күйлері болады. Сондай күйдің бірі — түс көру», «ұғым — бір-біріне ұқсас заттардың түйдегі», «Перне — мидағы із, көлеңке», «Мінез — белгілі серпілістерге  әдеттерін ұйымдастыру», «Ұғымдарымыз бізге еріксіз пайда болады» т. б. осы іспеттес ғылыми түйін тұрғысынан шикіліктер байқалады. Сондай-ақ жекелеген ғылыми атаулардың (орысша «общение» деген терминді «үйірлік», дұрысы «қарым-қатынас», «задатки» ұғымын «өркен», дұрысы —«нышан» синтезді» үйлестіру, дұрысы «жинақтау» т. б.) қазақша баламасы дәл алынбаған. Мән-мағынасы екі ұшты алынған терминдердің қатарына сондай-ақ идеал (мұны автор «арман» деп алған, дұрысы («мұрат»), «возприятиені» «түйсік» (дұрысы «қабылдау»), «возбужденияны» «қозым» (дұрысы «қозу»), «ощущениені»—«сыртқы сезім» (дұрысы «түйсік», түйсіну»), «концентрацияньг»—«кіндіктес» (дұрысы «шоғырлану»), «рассуждениені»—«топшылау» (дұрысы «пікірлесу») т. б. термин атауларды жатқызуға болады.                                                                       : Ж.Аймауытовтың психологиялық қисындарының негізгі желісі оның өзі тұжырымдаған мына төмендей қисыңдарға келіп сайиды: «тән қуаты болса, сан куаты да , ажарлы болады», «нашар жаннан осал мінездер тудырады" Жалынды сөз жалынды жүректен шығады», баланы іспен емес сөзбен, үлгімен, ақылмен үйреткен адам зорлы. Адамның денесі қандай мысқалдап өсіп, жетілетін болса, пікірі де сондай, бірте-бірте жетіліп өркендемек... Ерлік, қайрат үнемі ірі жұмыста көріне бермей, күндегі ұсак - түйек жұмыста да көрінуі керек... т. б.

Ж. Аймауытов еңбектерінің ерекше назар аударатЫн бастЫ ерекшелігі —бұлар төл тілімізде туындаған тұңғыш психологиялық дүние болуымен қатар еліміздегі отызға жуық түркі тектес халықтар тілдерінде алғаш жарық көрген, ғылыми туындылар екендігінде.  Өйткені қырқыншы жылдарға дейін әзірбайжан, өзбек, түрік пен қырғыз, қарақалпақ, башқұрт тілдерінде осындай еңбектердің жарық көрмегенін ескерсек, осы басылымдардың бағасы өлшеусіз арта түседі. Әрине, осындай өресі биік ғылыми түйіндері мол төл туындылардың сол кездегі өркениетті елдердің психология ғылымының талап - тілек деңгейіне жақын жазылғаны белгілі [9].

Отызыншы жылдарға дейін  психологияның ғылыми сара жолға  түсе қоймағаны, тіпті шет аймақтағы  Қазақстан түгел, орталықтағы ғылым ордаларында да (Мәскеу, Петроград т. б.) белгілі ғалым психологтар (К. Н. Корнилов, В. М. Бехтеров, П. П. Блонский т. б.) теріс түсініктерден арыла алмағанын ескере отыру сол бір қарбалас кезеңде жазылған Аймауытов кітаптарын қазіргі ұрпақтан - ұрпаққа жете айналдыру, тіпті оларды орыс, шет ел тілдеріне аудару — кезек күттірмейтін шұғыл шаралардың бірі болуға тиіс. Ж. Аймауытұлы эксперименттік психологияны сына,  Блонский қағидаларына сүйенгенді мақұлдайды. Ол жан деген ұғымның орына сана, жан қабілеттерін, жан құбылыстарын алуды дұрыс санайды. Ол Американың атақты психологы Джеймстің пікірімен санасады. Джеймс те сол Дж. Уотсон бихевиоризмінің кейбір жеріне келіспегенімен, соның төңірегінен табылатын ғалым еді. Джеймс психологиясыеың мәселелерін жөнінде былай дейді:   «Субстанция ойдан шығарылған нәрсе. Бірақ деректі затта болатын ой дегеніміз нәрсе не заттан жасалса, ол да заттан жасалуы керек». Джеймс те Уотсон айтқандай психология жансыз болуы керек дейді. Ал сонда жансыз болғанда, психология нені зерттейді. Олардың пікірінше, психология адамның санасын емес, мінез – құлқын, яғни мінез – құлықтың сырттан байқалатыг реакцияларын, атап айтқанда, қолдың, аяқтың, дененің, организмнің қозғалысиарын, оның тағы басқа әр түрлі көріністерін зерттейтін ғылым. Ал жан деген құрғақ дерексіз ұғым дейтін пікірді екеуі де қуаттайды. Ж. Аймауытұлы бұлардың айтқан тұжырымдарын ой елегінен өткізіп, өзінше талдап, осы айтылғанға орай жәндіктердің қылығының неден пайда болатынын, неден құралатынын, негізгі қимыл түрлерін, олардың ерекшеліктерін көрсеткен.

Қоғамдық психология әлеумет жүйесін танып – білу үшін аса қажет. Тарихшы - өткен замандағы  адамдардың іс-әрекетін, қылығы мен  тыныс-тіршілігін ұғуы керек. Әрбір  істе біз неліктен олай етпей, былай  ететінімізді анық білсек қана, қазіргі өмірімізді де жақсы біліп, тіршілігімізді қызықты етіп өткіземіз. Психология неғұрлым терең білім – ілімге сүйенетін болса, ол сол ғұрылым адам қылықтарының егжей – тегжейін, шын пәлсапасын тани білуге жол ашады. Бұл жерде Аймауытұлының Блонскийді қайталап тұрғанын аңғарамыз.

Тәлім – тәрбиелік  сипаты басым әлеуметтік (қоғамдық) психология туралы Ж.Аймауытұлы жасаған  тұжырымдар сүбелі де сыңдарлы. Ғалымның пікірінше, жеке адамның тәрбиесі - әлеумет қылығының айнасы. Заман  озған сайын әлеумет те өзгеріп отырады, содан адамның қылығы да өзгереді. Міне, осынау тұжырым Блонский мен Аймауытұлының бұл мәселеде бір арнадан тоғысқанын көрсетеді. Осы айтылған орай, ол жеке адам қылығының өсіп жетілу жолын, оның тарихын зерттеу керек дейді. Мұндай түсінік Блонский ұстанған психологияның генетикалық принципімен орайласады. өйткені қай кезде де адамның жан – дүниесінің қалыптасу жолын, шығу тегін зерттеу психологияның негізгі көздеген мақсаттарының бірегейі. Бұл жерде Блонский де, Аймауытұлы да адам табиғаттың тірі заттардың бір бөлігі, сондықтан ғылыми психология оның арғы тарихын қозғап, өсіп, жетілуін, өшіп – сөнуін қарастырса, бұл сонда ғана нағыз психологиялық зерттеу болады дейді.

 Адамның қылығы уақытқа, ортаға, нақты әрекетке қарай өзгеретінің айта келіп, Блонский де, Аймауытұлы да адамды бір жағдайда әлеуметтік тұлға ретінде қарастырса, енді бірде оныбиология ғылымына телиді, яғни псхологияны биология ғылымының бір саласы ретінде қарастырғысы келеді. Әрине, мұндай тұжырым, қазіргі ғылыми псхологияға сәйкес келмейді. Бірақ Блонский де, Аймауытұлы да Уотсон сияқты сананы жоққа шығармайды, оның жасампаздық сипатына ерекше мән береді. Сайып келгенде, Блонский мен Аймауытұлы психологияны биологиядан әлеуметтікке қарай бой ұратын ғылым деп түсінгенін байқаймыз. Ал мұндай түсініктің шындыққа бір табан жақын екені белгілі. Әрине, бұл тұжырымдардың бұдан сексен жыл бұрын, сонау жиырмасыншы жылдардың деңгейінде айтылғанында ескермесе болмайды [10].

 

2.Адамның қылығына  ғылыми-теориялық түсініктеме

 

2.1 Адамның  қылығына ғылыми-теориялық түсініктеме

 

Адам – бұл, бір  жағынан, биологиялық құбылыс, санасы бар жануар, қоршаған дүниені тануға және оны белсенді өзгертуге қабілетті. Жоғары ұйымдасқан жануар ретіде адамға денесімен тік жүру, дүниені тану және өзгерту құралы ретінде қолдың дамуы, ерекше дамыған ми сияқты дене ерекшеліктері тән.

Психологияда «адам» және «жеке тұлға» ұғымдарымен қатар  «даралық» ұғымдарыда қолданылады. Әрбір адамның мәні, оның өмірі  мен қызметі жағдайларының өзіндік  қайталанбайтын ерекшелігі бар, сондықтанда тіптен екі бірдей жеке тұлға болмайды және болуы да мүмкін емес.

Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешелігі айтылады.

Жеке тұлға – тек  тарих, философия, социология, этика, эстетика, педагогика, психология және т.б. сияқты қоғамдық ғылымдардың зерттеу нысаны.

Жеке адам – қоғамдық дамудың қайраткері, қоғамда белгілі  жағдайда тұратын саналы индвид және белгіліқоғамдық рөлді атқарады.

Жеке адам дегеніміз – саналы индивид. Жеке адамның қоғамдық ролін оның психологиясын талдамай тұрып түсіну мүмкін емес: іс- әрекетпен айналысу себебін, қабілеті мен мінез – құлқын ал кейбір жағдайларда тіпті дене құрлысын мысалы нерв жүйесінің типін тексеруге тура келеді.

Психологияның басқа  ғылымдардан ерекшелігі (философия, этика, заң ғылымдары және т.б.) жеке тұлғаның рухани бейнесін, оның қылықтары  мен мінез- құлқын зерттейді. Психология ең алдымен жеке тұлғаның себептерін, сезімін, қажеттілігін, қызығуын зерттейді. Психология іс-әрекетті ойдайдағыдай орындаудың психологиялық алғышарттарын және темпераменті мен мінез-құлқының психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Сонымен қатар психология жеке тұлғаның қалыптасуы мен даму үрдісін зерттейді.

Адамның дара психологиялық ерекшеліктеріне байланысты және жеке тұлғаның өзіне тән құрылымын белгілеуге болады.

Психикалық үрдістердің  негізінде психикалық қасиеттер  ұйымдасады. Жеке тұлғаның психикалық қасиеттері бұл ндвидке тән психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың белгілі сандақ-сапалық деңагейін қамтамасыз ететін тұрақты қрылым.

Психикалық үрдістердің  жу сипаты, қасиеттердің көрінуі жеке тұлғаның психикалық белсенділіінің жаайына  байланысты.

Психикалық қалып дегеніміз  жеке тұлғаның көтеріңкі немесе түсіңкі  белсенділігі түрінде көрінетін психологиялық іс-әректтің трақтыдеңгейін айтады. Кез-келген оқиғаны бейнелеу – күрделі құылыс. Ол өз құрамына ірнеше үрдістерді кіргізеді: түйсіну мен қабылдау, қайта жаңғыру, ойлау, сезім және т.б. қоғамдық және жеке мәнібар ықпал мен ой түйінін түсіну, соған сәйкес сезім туғызады, оның сипатына қарайжеке тұлғаның жалпы белсенділік деңгейін төмендетеді немесе арттырады. Психикалық іс-әрекеттің қалыптасқан деңгейі белгілібір уақытқа жағасуы сақталады.

Барлық кейінгі психикалық белсенділігі пайда болған жағдайға сәйкес жүріп отырады.

Информация о работе Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы