Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 12:50, дипломная работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда қазақ елінің тәуелсіздік алып өткен-кеткенін түгендеп, тұлғалардың ғылыми салаларына қосқан үлесін зерделеу уақытында Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы еңбектерін, заманауи көзқарасына зерттемеу ұрпақ алдындағы қарызымызды өтелмеуі деуге болады. Сонымен қатар, Ж.Аймауытовтың психология әлеуметтік психология ғылымдарына қосқан үлесі, этикалық қазақ халқына тән көрсеткен ерекшелігі бүгінгі күнге дейін маңыздылығын жойған емес
Ғалымның ой тереңдігі мен көру кеңістігін бүгінгі жас ғалымдарға үлгі, сабақ, тәжірибе болады.

Работа содержит 1 файл

Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы.doc

— 420.50 Кб (Скачать)

Моральдық істерді  меңгеруде ерік процесінің әр түрлі  қасиеттерін, мақсатқа талпынушылықты, өз беттілікті,табындылықты т.б.тәрбиелеудің үлкен маңызы бар. Еріктің осы қасиеттерін тәрбиелеу өзінше бөлек жұмыс деп түсінбей, оны оқу-тәрбие жұмысының әр түрлі салаларын жүргізу үстінде қалыптасады деп қараған дұрыс. Бірақ  еріктің бұл қасиеттерін тәрбиелеудің өзіндік ерекшеліктері кездеседі. Мысалы, баланың мақсатсыз, пайдасыз істермен шұғылдануын болдырмау үшін, әр істі оған қандай жолмен, қандай амалмен орындалатыны жөнінде нұсқалар беріліп отырылуы тиіс. Мақсатқа талпынушылық тек іспен шұғылдану, бір нәрсемен әуре болу емес, осыны орындауға терең берілу деп түсіну керек.

Мұндай қасиетке ие болу оқушыны берілген тапсырманы қалай орындау жөнінде терең  ойландырып, іске пассивті түрде кірісуге жол бермей, мұны белгілі бір мақсатпен  орындауға талпындыру керек [19].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Адамның қылығының тәуелділігін дәлелдеу

 

3.1 Адам қылығының  әлеуметтік шаруашылық негіздері

 

Географиялық жағдайдағы адам қылығына сүреңі. Ауаның жылы, суықтығы, жауын-шашын, жарық сауле – осының бәрі адам қылығына сүрең береді. Қыстыгүні, жаздыгүні, жауында, құрғақшылықта, ашық күні, бұлтты күні, түнде, күндіз адам қылығының өзгеретіндігі недәуір көрініп тұрады. Күндіз ояу жүру, түнде ұйықтау күн жағдайынан туғандығы мәлім, күн мен түн тгілі, ай жаңалануының да адам мінезіне әсері бар. Ал, жыл жаңалаудың ықпалы. Жаңа жылдың ықпалын өспірім жастарды бақылап, оңай білуге болады. Мысалы, жаз – өсетін шақ,  күз – салмақ қосылатын,  қыс- арып-азатын, жазғытұры – шағылыс тілейтін мезгілдер. Жуын-шашынды, бұлтты, ылайсаң күн адамды жабырқатады, шуақты, шағыл күн қоздырады. Жөбішеңді салқын денені шығыршақ аттырып, қимылдауды тілейді; өте суық немесе өте ыстық тынысты тарылтады, қызметті тоқтатады.

Адамның қылығына ауа  райының ықпалы осы айтылғандардан көрінеді. Мәдениет неліктен аса суық темір қазық жақта күшеймейді?   Себебі о жақтың адамдары суықпен жағаласады. Диқанщылық кәсібі, тамақ табу қиын болды, әуесі әлде тым құрғақ, әлде тым ылайсың болатын жердің белдеуінде неғып күшеймейді?   Шөл болды, аңызғақ пен алысты, егін салу қиын тиді, еңбегң өңбеді. Ал тым жауынды дерлерде неше түрлі сансыз аңдармен, хайуандармен арпалысу диқаншылдықты кәсіп ете алмау, терісі арқылы адам демді дұрыс ала алмау бөгет болады. Әйтседе адмның қылығына ауа райынан гөрі артықрақ жүргізетін ауа райын байлаулы сол жердің өсімдігі, жәндігі адам тамағын, киімін, бас қалқасын, үй-сайманын, қару-аспабы төңірегенідегі өсімдік, жандық дүниесінен алынатын болғандықтан әр жердің халқы маңайындағы табиғатпен арласып, астасып кетеді, бірге өсіп, бірге қайнасады.  Сондықтан төңіректегі табиғат шарттары оған зор сүрең береді. Мәдениеттің өркендеуіне мейлі күйедегі жұғатын нәрсе: жерінің аусуы мен топырағы ( құйқасы) ; егін салуға, мал өсіруге қолайлы, жерінде темір кені болуы; адам баласының ілгері басып дамуына зор себептің бір қатынас жолы. Адам атаулыны тұтас алып қарасақ, солтүстік жақтағы жұрттар араласып, дәйім қатынасып жатса, оңтүстік жақтағы көбінесе бөлек-бөлек бытырап жатады, бірін-бірі білмейді; міне оңтүстік жақтың халқы жетіле алмай кенже қалған себебі сол. Осындай себеппен таулы, орманды жердің халқы да мәдениеттен мешеу  қалады. Ал енді сулы жердің халқын қарасаңыз, суында кеме жүретін болса, мәдениеттің ұйытқысы болғанын көресіз. Сонымен жағрапия жағдайын адамның қылығына ықпал береді екен , адам лажсыз сол жағдайға түседі екен. Бірақ адамның жағрапия жағдайы жанасуы, арпалысқан белсенді қызмет тілейді. Ыстық, суықпен алысып, адам киімді шығарады, үй салуды тапты, тозған жаман дердіңқыртысын өңдеп, суарып егінге қолайлы ететін болды; диқаншылдық мал өсіруді барған сайын жаңа түрге түсіріп келеді, жылдан-жылға құралын, сайманын кемлділікке жеткізіп, жолды қолдан жасауға айналды. Бір жағынан жағырапия жағдайы адамға сүрең берсе, екінші жақтан адам ол жағдайға өзі де ықпал жүргізіп, түзетіп, өзіне қолайлап келеді, мұны адамның қожалық қызметі деуге болады. Өз еркімдегі нәрсені пайдалану үшін өзіме қолайлы етіп меңгер бастасам, мен қожалық еттім деймін, адам да сондай табиғатқа қожалық етеді. Сондықтан жағрапия жағдайы, басқаша айтсақ, табиғат адамға қолма-қол жүргізетін ықпал жоқ, адамның қожалық қызметі арқылы ықпал етеді екен. Не туралы адамның қожалық қызметі күшті болса, соғұрлым жағрапия жағдайына адам мойын ұсынбайды. Қарапайым, тағы адам «табиғаттың құлы» , мал бағушы да, диқаншы да табиғат құлдығынан жуырда шыға алмайды. Ал, өндіру кәсібі, машина әдісі адамның табиғатты жеңіп, ілгері басқанын көрсетеді, сөйтіп, адамның жағрапия жағдайына бағынуы бір қалыпта тұрмайтын, өзгермелі нәрсе екен; бұл бағынудың түрі де, мөлшері де адамның қожалық қызметіне байлаулы екен.

Қашаннан бері өмір ағымы қоғам қызметін. Дара денелердің,жеке адамдардың ерсілі-қарсылы қызметін тілейді. Өмір дара денелердің жұмысы болуы мүмкін емес. Жануарлардың тамақтану қызметін, жоғары түрде барлық серпілу әлпеттерінен алыңыз. Осының бәрінде де денелер арасында біріне-бірі байланыстық,көмектестік, өмірлестік бер. Азырақ қоғам дегеніміз – жеке-жеке өсіп, жетілген адамдардың бір жерге жиналу нәтижежесі. Әр адамның денесін алсақ, о да жеке- жеке шілтерлердің өз бетімен жетіліп бірігу нәтижесі. Өсіп-өнетін заттардағы жұмбақ — бір түрлі заттардың бірігіп жасауында емес, даралардың бөлшектеніп бытырауында. Адам қоғамы — айуандар қоғамының жетілген түрі. Алдымен қоғамдасу айуандарда болып, содан кейін адамдарға жайылған. Айуандардың қоғамдасу негізі күнелтуге соқыр сезімдерді (тамақтану, бас қорғау, өсіп-өну) болса, адамдар қоғамының негізі де күнелтуге тіреледі. Осы үш түрлі соқыр сезімнің негіздірегі — тамақтану (ырықсыз қозғалысы — рефлекс), тамақ аулайтын мекен айуандардың басын қосады; тамақ іздеп жүріп біріне-бірі ыңғайласады — қоғам тұрмысының негізі салынады. Тамақтану соқыр сезімнің бір кезеңі -— бас қорғау, тамаққа шабуыл жасау деп қарау керек; өйткені, көбінесе айуандар арасындары шекісу тамақ үшін, я ашаршылық салдарынан болады.. Өсіп-өну соқыр сезімі екі түрлі соқыр сезімнен құралады: бірі шағылысу, екіншісі түқым (үрпақ) қалдыру, шағылысу соқыр сезімінің ата-аиалық соқыр сезімімен қатынасы жоқ; ата-аналық соқыр сезімінің негізі — бала асырау, тамақ табу соқыр сезіміне тіреліп, шаруа істеу жұмысы өркен-деп, адамның қоғамына негіз салынған. Адамның өзге-шелігіне қарай, ту бастан оның қоғамдасуы да айуаннан өзгеше болған. Адам екі қолы бос, икемді, үлкен болған, Бармағы жетілген, тік жүретін айуан қолымен қару ұстап, қарумен пайдалануға дененің, бүлай құрылуымен тым ыңғайлы. Тарихын қарасақ, қару дегеніміз — қолдың жетілуі, қарудың түп атасы — жұдырық, таяк, тас, Адам қару арқылы түрлі қиын, күрделі, тетікті жүмыстарды істейтін айуан. Сөйтіп, адам қоғамы — өз арасында көмектестігі, неше түрлі күрделі жүмыстары бар белгілі шаруа ұйымы, шаруа одағы. Әрине, жалаң адам емес, көмектестіктің нышаны айуандарда да бар, бірақ анық жетілген көмектестік адамдарда ғана, өйткені жіктелудің, күрделі қызметтің ең айқын түрі адамдарда болған. Әлеуметтік тұрмыста біреуге-біреу ыңғайласудың жоғары түрі көмектестік адамдар арасындағы көмектесті, бірін-бірі тез ұғатын болғандықтан жеңіл күшейген. Өйткені адамдай әлпетті қозғалыс пен құбылысы бар, адамдай қол сермесі, ымдасу, дыбыс құралы бар, сөйлеу дарыған ешбір айуан жоқ. Кісі қозғалмайтын жадағай нәрселерге емес, қызметі өзгергіш қозғалмалы, белсенді адамдарға серпіледі. Жас бала екінші айдан былай шешесінің жұғысқанын айырып, оның ісіне өзінше жауап бере бастайды. Адамдармен араласқан сайын баланың нәрседен айырмасы: балаға адам бір қозғалмалы, бір қалыпта тұрмайтын зат болып көрінеді. Сондықтан бала адамға көбірек жұғысуды, ыңғайласуды тілеп тұрады. Соның аяғы бала «мен» нен бұрын «сен», «ол» деген сөзді (жас бала өзін үшінші кісі тәріздендіріп сөйлейді), «меннің» өзі де адамдармен қатынасу, үйір болу арқылы туады. Жас бала бір есе өзін алға қоюға аңсап, бәрін қиратуға, жоюға бейім болады, біресе кенет өзгеріп, «қозымен қатар жатқан арыстандай» болады. Оның тілегі орнықсыз келеді. Әр уақыттағы тілегі — оның қоғамдық күйінің нәтижесі... жалпы айтқанда, адамның тілегі дегеніміз — бүкіл әлеуметтік күйінің қызметі; баланың тілегі — оның қоғамдық қызметі, қоғамдық тәрбиесі.

Адамның «мен» деген қоғамдық «мен» өзгелердің ортасында әр адам өзін айыру үшін «мен» деген ат тағылады. Адам — әлеуметтің жұмысы; адам әлеуметтің дерексіз бір мүшесі емес. Әлеуметтен шьіғады да, жеке - дара зат емес, адам адамдардың өзгергіш төңірегі сүрең беріп, жентектеп илеп шығарған толық деректі табысы; ол төңірекке әр адам не өзі ыңғайласып, ұқсап (еліктеп) серпіледі, не өзіне өзгелерді еліктетеді, ертеді, орайластырады.

Әлеумет — көмектестік.

Жануарлардың қозғалыс негізі ұстаудан, тұтудан (аузымен) дән, тамаққа ұмтылудан шыққан. Берірек келген соң, ол қозғалыс жетіліп, мақсатты қозалыс, мақсатқа орайлы ырықсыз қозғалыс болған. Сонымен, ырықсыз қозғалыстың түбі, тамақ аулау, тамақтану соқыр сезімінен туады екен. Адамның шаруашылық, қожалық қызметінің түп атасы — тамақ аулау. Адамның мақсатқа орайланған еңбегі, дүние табуға орайланған еңбегі, алдымен несібе іздеу үшін, басқаша айтсақ, нан жеу үшін бағытталады.

Адам қолы епті, майырық, үлкен бармағы жетік жандық болған соң, кез келген тамақты місе тұтпайды, тамақты құралмен, қарумен табатын болады; кейде аң аулайды, болмаса үзбей, тынбай жерді жыртып, тамақтық өсімдіктер өрбітеді. Жүйелі шаруаның ең бастапқы, түбегейлі түрі тамаққа жағымды өсімдік егу болады. Адам баласы көп замандар жапа-тармағай диқаншылық құрған, әлі де қүрып келеді; диқаншылық кәсібі оның мінезіне, қылығына белгілі сүрең берген.

Диқан еңбегі табиғат шарттарына мықтап бағынады. Мысалы, ауа райына, жер құйқасына, жылдың мезгіліне, жауынға, құрғақшылыққа, шағылға деген сықылды. Егін салу еңбегінің уақытын, әдісін, күшін сыртқы шарттар билейді. Диқаншының барлық дүние тану пікірі; ақыл, ой ауданы табиғатқа бағынуына, әйтпесе табиғатқа қожа болуына қарай шамаланады. Сол тәрізді үрдіс емес, оқта-текте істелетін қауырт жұмыста диқаншылықтың қылығына реңк береді.

Диқаншылық еңбегі көп қолды тілейді, аңшылық та солай; бір кісінің қолынан келмейді. Жалғыз кісі істейтін қызмет, жалпы айтқанда аз. Еңбек көптікі болмақ, еңбек дегеніміз — көмектестік. Аңшылық пен аушылық бірнеше адамның жәй бірлесуі (бірлесіп шөп шабу, егін ору, ұшырау, жол түзеу, арық ағызу, орман отау, абамен аң аулау, балық аулау, там соғу, киіз басу, құдық аршу...).

Диқаншылықтың алғашқы әлеуметтігі, көмектестік бірлігі — бірнеше  үй ішінің қосылып, бір басшыға бағынып еңбек етуі. Жер жыртуды кәсіп еткен қоғам ру-руға бөлініп (ақсақал — феодал дәуірін жасап) жерге таласумен күні өтеді.

Адам қылығына одан соңғы күшті реңк беретін кәсіп темірден құрал жасау. Қолдағы темір құрал жалаң жанды табиғат емес, жансыз табиғатқа да ықпал жүргізуге жол ашады; шеберлік өнері, ұсталардың қолдан қару құрал соғып жасауы, «темір қол», «темір саусақ» жүре-бара өркендеп кемелдікке жетті. Бұл өнер, кім болса соның қолынан келе бермейді; бұл кәсіп, мамандық қызметке айналды. Шеберлік, кездеме тоқу кәсібі еңбек үйлесуді тілейтін болды; диқаншылықтан әлдеқайда күрделеніп, тетігі молайып қиындады. Соңғы түрлі кәсіп адам қоғамын неше түрге түсіреді. Өйткені шеберлік (техника) қарапайым еңбек емес, айрықша білім, оңтай, қабілет тілейтін еңбек. Сондықтан әр адам әр түрлі қызметке жетік, маман болу керек; мәселен, шаруашылдық, саясатшы, үй басылық, отан басылық, салт-саналық, еңбек үлесу, мамандық, әлеуметтік өндірме шеберлік — қоғамның негізгі белгілері.

Еңбек үлесу сауданың, айырбастың кабындауына зор қолғабыс етеді.

Сауда кәсіп ордалары — қалалар (кенттер) жасалады. «Темір қолды» саудагердің темір қаруы нәрсе табады; нәрсесін қорғайды, қара шаруаны бағындырады, қысқасы саудагер — әрі әскер, әрі кентті билеуші. Сөйтіп сауда — кәсіп ордасы, әкімшілік, әскерлік ордаға айналады.

Адам тамақ табу үшін өсімдік егеді. Адам көк темірден қару, құрал жасап қолына төмір киеді. Енді бұған үшінші кезең машинамен пайдалануды қосу керек. Машине жұмысшының қолын көбейтуге емес, қайта адам еңбегінің орнына тетікті қолданып, адамды сыртқы тебуге арналады. Мұнда еңбек үлесу адамдар арасында болмайды, машинелер арасында болады. Әрбір машине белгілі бір затты іс қылып жасап шығаратын болады, жұмыскердің қызметі — машиненің ғана жұмысын бақылау. Сөйтіп, машине шыққаннан кейін, адам бұрынғы қалпына қайтқандай; өнер адамдары арасында болмайды, машинелер арасында болады; адам топастана береді. Аяқтап келгенде, бұл кәсіп мамандықты, шенді жоғалтып, жеке адамның жетілетін түріне шығып, қайтадан әуелгі ортақшылдыққа көшіреді.

Машина адамның шалымын ұлғайтады; машине еңбегінің дүкені дәулескер зор болады; олардың арасындағы байланыс дүниежүзіне құлаш ұрады; табиғат шарттарына бағыну өте кемиді; табиғатты өзгертуі шектен асады. Осының бәрі адамның қылығына, санасына сүрең береді. Адам табигаттың, жағырапиялық жағдайынан құтылғандай болады; адам табиғаттың патшасы, қожасы болады; құдайлардан безеді; дүниежүзіне жететін көмектестік ұйым жасайды [20].

Автор әділдік, мейірімділік, мәдениет, тіл, салт, ертегі, өнер дейтін тақырыптарды сөз етіп, бұларды қазақ ұлтының  өмірінен алынған мысалдар арқылы баяндайды. «Адамның жүрегінің, - деп жазды ол, - сырлы табиғатпен жалғасса, қиялы күшейіп, мінезі көркейіп, сезімі нәзіктеле бермек». Этностық псхологияның осы іспеттес негізгі түйіндерін бұдаг сексен жыл бұрын – сонды кездеспеген кейбір теріс мінез – құлықтарының біртіндеп жұрттың сүйегіне «сіңе» бастағанын, мұны кезінде ұлы Абайдың да сынағанын еске салады. Расында да, Абай өз замандастарының басында осындай келеңсіз  қасиеттердің де он бестей түрі кездесетінін өзінің қара сөздерінде көрсеткен еді.

Отарлау саясатының салдарынан қазақ  халқының басында қалыптасқан жаман қасиеттер жөнінде Ж.Аймауытұлы былай дейді: «Қазақтың мінезіне, қылығына тиген зиян мынау: ұрлық, зорлық, қорлық, өсек, өтірік, алдау, қулық, сұмдық, айдату, байлату, кісі өлу, рақымсыздық, жалған, мақтан, ынсапсыздық, тұрақсыздық, масылдық, жалақорлық, деген нәрселерді шайтанның ұясынан артық болмаса кем болған жоқ». Автор осы жерде адамға кездесетін барлық жаман қасиеттерді туған халқының басына үйіп төккенімен, бұған жаны ашып құлдық психологиядан қалайшажол тауып шығуға болатыны жайында тебіренеді. Ол көшпелі қазақ жұртының өскелең ұрпаққа үлгі - өнеге тұтар асылдарыда өлшеусіз көп болғанын нақты мысалдар арқылы дәлелдеп, оларды ұрпақ тәрбиесінде пайдалануға ұсынады. Ұлт психологиясы жайындағы тоғаныстарын әрмен қарай былайша жалғастырады: « Адамның өзбасы көгергенімен, ұлты көгермейді. Ұлт көркейсе – ол бақыт, ол ұлт ішіндегі адамдарға ортақ.  Ұлтын, отанын көркейту, қандас, діндес, тілдес бауырларының қамын жеу».

Осы айтылғандар оның ұлт псхологиясына  байланысты түйіндерінің іргетасы. Ғалым  өзінің ұлттық мінез туралы айтқан тұжырымдарында әр этностың, әр ұлттың өзіне тән мінез – құлқы секілді қасиеттердің біршама тұрақты да, тұрлаулы болатынын, сондай-ақ олардың біртіндеп қалыптасуына оның тұрмыс – салты, әдет – ғұрпы (тіл,дін, өнер, табиғат т.б.) әсер ететінін, ұлттық қасиеттердің бір қалыпты тұра бермейтінін, олар баяу болса да, өзгеріп отыратынын, қазақ өмірінен нақтылы мысалдар келтіріп, бажалай баяндайды. Мәселен, ол «Комплекспен оқытужолдары» (Алматы, Қазақ баспасы, 1929) деген еңбегінде қазақ шәкірттерінің сұлулық талғамдарының өзіндік ерекшеліктері туралы айта келіп, былай дейді: «Жеріне, тұрмыс жағдайына қарай әр елдің сазы, ән-күйі де әр алуан. Түркістан елінің әні бұлтарасы жоқ, тіке тартар айқай, қайырмасы жоқ, келте немесе бірыңғай текірек болып келеді, түйеге, атқа, есекке мінген адам болсын, ауылдан былай шыға беріп, «Ауылдың сенің белді еді, ариайдай», - деп қозғайды. Арқаның әні толқынды, ырғақты, айқайлы, зарлы, қайталамалы, қайыруы ұзын болып келеді. Теріскейдің, батыстың әні мұңды, зарлы, шерлі, желдірме, көй-көй болып келеді». Автор мұнда әр жердің этностық ерекшелігі ғана емес, мекендеп отырған географиялық жағдайы да адамдардың тұрмыс-тіршілігіне, салт – дәстүріне тіпті өнерінеде тікелей әсер ететінін көрсеткен [21].

Әлеумет, қоғам – адам психологиясының негізгі қозғаушы күші. Адамның мақсатқа, дүние табуға бағытталған еңбегі алдымен кәсіп іздеу үшін былайша айтсақ, нан табу үшін істеледі. Ал бұл басқа адамдармен қарым – қатынаста, басқа адамдармен байланысқанда солардың көмегімен жүзеге асады. Мәселен, диқан еңбегі табиғат жағдайына тікелеі байланысты. Автор бұл жерде «адамның күні адаммен» дегендей, жалғыз істейтін қызмет жалпы айтқанда аз, тіпті болмайды деп отыр. Еңбек көптікі болмақ. Аймауытұлының пікірінше, еңбек дегеніміз көмектестік, аңшылық пен аушылық, бірнеше адамның жай бірлесуі, бірлесіп шөп шабу, егін егу, жол түзеу, арық қазу, орман отау, аң аулау, балық аулау, там соғу, киіз басу, құдық аршу – барлығы адамдардың бір – бірімен бірлескен әрекетінің нәтижесі. Автор бұл жерде әлеуметтік психологияның негізгі мәселелерінің – бірі адамның әр түрлі бірлестігі туралы (топ, ұжым, қауымдастық т.б.), олардың бір-бірімен байланыстары туралы қазақ топырағындағы ілкі сөзқозғаған ғұлама ретінде көрініп отыр. Ол қоғамдық психология туралы айтқан пікірлерінде еңбектің бөлінісіне қарай, адамда өзгеше психологиялық қабілет туындайтынын да сөз етеді. Мәселен, ол сауда, кеңсе ісі, түрлі қара жұмыс, диқаншылық, өнеркәсіптің әр түрлері, тағы сондай мамандық иелерінде түрліше психология қалыптасады, осының нәтижесінде әр адам әр түрліқызметке жетік, маман бола алады дейді. Яғни ол, біреу шаруа иесі, екінші біреу саясатшы, үшінші біреу – сот, төртінші біреу - әскери қызмет, тағы басқа мамандық иесі бола алатынын, мұның барлығы сайып келгенде, белгілі ұжымдардың әсерінен қалыптасып отырғанын ашып көрсетеді [22].

Информация о работе Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы