Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 12:50, дипломная работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда қазақ елінің тәуелсіздік алып өткен-кеткенін түгендеп, тұлғалардың ғылыми салаларына қосқан үлесін зерделеу уақытында Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы еңбектерін, заманауи көзқарасына зерттемеу ұрпақ алдындағы қарызымызды өтелмеуі деуге болады. Сонымен қатар, Ж.Аймауытовтың психология әлеуметтік психология ғылымдарына қосқан үлесі, этикалық қазақ халқына тән көрсеткен ерекшелігі бүгінгі күнге дейін маңыздылығын жойған емес
Ғалымның ой тереңдігі мен көру кеңістігін бүгінгі жас ғалымдарға үлгі, сабақ, тәжірибе болады.

Работа содержит 1 файл

Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы.doc

— 420.50 Кб (Скачать)

Оқушы бойында рефлексиялық сапалардың қалыптасуы білім беруді ізгілендірудің нәтижесі болып табылады.Оқушының өзін тану үшін және өмірлік проблемаларын  шешудің бірден-бір тәсілі - рефлексиялық басқаруды жүргізе алуы. Ол үшін төмендегі басты ерекшеліктерді дағдыға айналдыруың маңызы зор: 
 - өз тәжірибесін пайдалана отырып, жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік түсінік пен танымды қалыптастыру; 
 - өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай алу; 
 - өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан өзі үшін нәтиже шығару 
 - өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табу. 
 Рефлексиялық әрекеттер барысында оқытудың жолдары талданады, өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызылады.Сөйтіп, бала өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алады.Өз ерекшелігі мен деңгейін таниды. 
 Сонымен бірге оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру мұғалім тарапынан әр оқушының өзіндік жақын даму аймағында дербес қабілетін дамытуға түрткі болу,оларды оқыту мен оқу құндылықтары жүретін практикалық әрекеттерге баулу, баланың қолынан келетін істерін қолдау арқылы қиын проблемаларын шешуге көмектесу болып табылады.

Оқушы тұлғасына шоғырланған  білім берудің мәні неде? 
 1.Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру – адамның қалыптасуы,тұлғаның өз мәдениетінің субьектісі болуына көмектесу, шығармашылық өмірге үйрету. 
 2.Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру сырттан келетін тәрбиелеу емес, адам бойынан адамдықты табу,оны қолдау және дамыту негізінде өзін-өзі реттеуге, тәрбиелеуге әкеледі.Сол арқылы өзіндік болмысы, санасы бар тұлғалық бейне  қалыптасады. 
 3.Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру – адамның дене және рухани денсаулығы, адамгершілігі, бостандығы.Ол – тұлғаны түсіну,өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатынастың, салауатты өмір мен парасаттылықтың, өзіндік қатынастың негізін қалау. 
 4.Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыттлады.Сондықтан оның мазмұны баланың өзін тұлға ретінде дамыту үшін, өз өмірінің субьектісі болу үшін жағдай туғызуға негізделеді. 
 Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беруде мұғалімнің құзырлылығы қандай? 
 «Тәрбиелеу үрдісі оқушыны тәрбиелеуге емес, оқушы өзін өзі тәрбиелеуе әкелетін үрдіс болуға тиіс» - деп көрсетеді Л.С.Выготский. 
 Оқыту процесіне соңғы кездері жаңа жобалар мен озық технолоиялар енгізіліп жатыр.Оның мәні – тұлғаны өзінің әрекеттеріне талдау жасауға,өзі үшін маңызды мәселелерді анықтай алуға және шешу жолдарын таба білуге бағыттау.Осы орайда Д.Дьюи философиясының идеясын айтар болсақ, яғни өмірлік тәжірибеге негізделген өз білімін оқушының да, оқытушының да пайдалана білуі жүзеге асырылады.Сондықтан жаңа үрдісті тәжірибеге енгізуде мұғалімдердің сыртқы форманы ғана басшылыққа алмай, оның философиясын ұғыну маңызды шарт.Өйткені оқытудағы басты мақсат – алдындағы оқушыларға таза білімнің өзін бере білу емес, бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай қолдана білуге үйрету.  
 Осыған сәйкес оқыту мазмұны құндылықтық, танымдық, әрекеттік- шығармашылық және тұлғалық қызметтерді қамтиды:

құндылықтық қызмет: тұлға үшін мәнді бағдар жүйесін, өзіндік даму траекториясын таңдап алуы;

танымдық  қызмет: тұлғаның рухани дамуының негізі ретінде ұлттық мәдениет, дәстүр, жан-жақты ғылыми білімдерін игеруі;

әрекеттік-шығармашылық қызмет: тұлғаның оқу, еңбек ету, ғылыми, көркемдік және басқа да әрекет түрлерінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруы, шығармашылық қабілетін қалыптастыру және дамытуы;

тұлғалық  қызмет: өзіндік санаға бағытталған рефлексиялық қабілетті дамыту арқылы өзінің өмірлік мұратын дұрыс қалыптастыруды қамтамасыз етуі.

Білім беру үрдісіндегі  демократиялық және гуманитарлық қарым-қатынастар оқушының танымдық қабілетінің дамуына, өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуына, өзін үнемі жетілдіріп отыруына ықпал етеді.Оқытудың осы тұрғыда ұйымдастырылуы әр оқушының жеке тұлғасындаағы өзіндік ерекшеліктері, өзіндік өмір тәжірибесі мен өзіндік құндылықтрын ескеру арқылы өзіндік және өзара бірін-бірі дамытуға жол ашады.

Осылайша қарастыру  негізінде білім беру үрдісінде оқушының өзіндік сана, өзіндік таным, өзіндік білім алу, өзара қарым-қатынас, өз өмірінің субьектілігі сияқты педагогикалық рефлексиялық сапалары пайда болады және одан әрі дамиды деген тұжырым жасауға болады [34].

«Баланы тәрбие қылу – тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз.Қалса өзін, асса барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз.Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолда құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару.Баланы мұндай адам қыла алу үшін тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу керек».

Былдырлап тілі шыққанан-ақ сәби ананы-мынаны сұрап, назарына іліккендердің атын, затын білгісі келеді. Бұл кезде сәбиге көңіл қойып, сұрақтарына жауап беріп отыру абзал. Балалар бақшасына аяқастынан бастап тәрбиешінің игі қасиеттерінен тәлім-тәрбие алады. Тәрбиешінің парасаттылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі балаға қаншалықты әсер ететінін ескерсек, сол межеден көріне білу әр тәрбиешіге міндет еткенін де білген жөн.Мектепке дейін жас жеткіншек шағын өлеңдер, ертегілер, қысқа әңгімелер үйреніп алғашқы пайымдауларын жасап та үлгереді. Мектеп табалдырығын аттау балдырғанға қаншалықты қызық та қуанышты болса, ата-анаға баласының алғаш мектеп табалдырығын аттау да теңдессіз қуаныш, үлкен “Тіл ашар” тойы. Бастауыш сынып мұғалімі ата-ананың өзіне сеніп тапсырған әр балдырғанға мұқият көңіл қойып, олардың зейінін дамытуға үлкен күш салады. Себебі, білім нәрі бастауыштан қаланады. Біз білімді ешқашан да тәрбиеден бөліп қарамаймыз. Ақын-жазушы Міржақып Дулатовтың: “Мектептің мақсаты… жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен қоса жақсы тәриені қоса беру” дегенін лайым жадымызда ұстауымыз керек. Баланың көкірек көзін ашып, әдептілікті, еңбекқорлықты, имандылықты баланың бойына сіңіре білуіміз қажет. Оқушы бастауыштан орта буынға өткен кезде бір белестен өткенде сезінеді. Бастауышта бір ғана ұстаздан дәріс алса, орта буында әртүрлі ұстаздан білім алады. Әр ұстаздың білім беру тәсілі, әдістемесі әр қилы. Оқушының оған бой үйретуі оңайға соқпайды. Баланың психологиялық ерекшеліктеріне әр пән мұғалімі көңіл қойып, оқушы өзін еркін қалыпты жағдайда ұстап, орта буынға төселіп кетуіне әрбір ұстаз ықпал етуі керек. Бұл ретте мектеп пен жанұя тығыз байланысты болып, көкейіндегі сұрақтардың жауаптарымен алмасып, отырады. Себебі, біз қашанда “білім мен тәрбие - егіз” дейміз. Жүсіпбек Аймауытов “Тәрбие” аты мақаласында: “Тәрбие әсер ететін нәрсе - өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғырып, не түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі. Отбасының жылуын көрмеген, ата-ананың махаббатына бөленбеген бала жаны қатыгезденіп, қылмысты жолға бейімделетінін мұғалімдерге түсіндіру артық болар” - дейді. Иә, бұл сөзді ата-анаға үлкен жүк артылатынын білдіреді. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” деген сөз де осыған меңзейді. Мықты тірбие сапалы білімге ұштасып, ұстаз атаулысы өз жүрек жылуын әр оқушының көкірегіне ұялатса, оқушы сеніміне кіре білсе, жетістіктерін бағалап, мадақтай білсе, шәкірт те алдағы жарқын өміріне нық сеніммен қарар еді.

 

 

    1.  Адам қылығын қалыптастырудың  тренинг әдістері

 

1. Тренинг «Көріпкелдік»

Мақсаты:  Адамның сырт келбеті арқылы танып білу және оның ерекшелігін назарда қадағалау.

Қолданылуы: талқыланған

1. Осы жаттығуды орындау  барысында ойыншылардың біреуі  өзгелеріне қаншалықты ой түйіндегенін  тексереді. Топта нағыз көріпкелдік орнықпаған кезде жаттығуды қолданып, сабақ барысында өткізген жөн. Ойыншы кез келген жағдайда басқалар үнемі қасында екенін және ол құлауды бастаған кезде оны ұстап алатынын білуі керек. Бір-бірлерінен арасы қолдарының қашықтығындай болатындай топ мүшелері қарама-қарсы дәліз құрап тұрады. Өз еркімен шыққан ойыншы дәліз бойымен жүреді және бір мезетте артқа қарай құлайды. Қалғандары кез келген сәтте оны ұстап алуға әзір тұру керек.

2. Көзі жұмулы немесе  ашық қалпында жүре ме, оны  әркім өзі шешеді.

Талдау:

- Құлауға бастауды  өзімді мәжбүр ету жеңіл болды  ма?

- Тым ауыр болып  көрінемін бе деп қорықтым  ба?

- Топ көңіл аудармайды  деп қорықтым ба?

- Құлау сәтінде мен  өзімді қалай сезіндім?

- Мені ұстап алған  кезде, мен қандай сезімді сездім?

Жаттығуды орындау кезінде кенеттен болған жайлар болда ма?

Ескерту.

Қорқатын және жолдастарына сенбейтін қатысушылар тапсырманы бірнеше рет орындауларына болады. Кейбіреулері аяқ астынан құлап  топты таң қалдырғысы келеді. Өзгелері топ мүшесі дайындалып алсын деп, баяу құлайды.

Тренингтің  ұзақтығы: (20 минут)

Өткізу кезеңдері:

1. Дайындық (2-3 минут) 2. Негізгі  (12-15 минут) 3. Қорытынды (1-2 минут) 

Қорытынды:  «Көріпкелдік» 28 баланың 28-сі қатысты. 53,5%  көрсеткішпен 15 бала достарына деген көріпкелдік, олардың сырт келбетінен мінез -құлқын танып біледі, 46,4 % көрсеткішпен 13 бала қорып немесе достарына сырт келбетіне қарап оның қандай жағдайда екенін наза аудармайтының байқатты.

2. Тренинг «Жанасу арқылы білу»

Мақсаты: Өзара жақындасудың дамуына ықпал ету, әріптесінің бағалауына әсер ету.

Қолданылуы: талқыланған

Қатысушылар шеңбер бойымен  отырады. Ортада бос орындық тұр.

Жүргізуші: «Сіздердің біреулеріңіз шеңбердің ортасына шығады да, орындыққа  отырады және көзін жұмып, алақанын жоғары қаратып қолын тізесіне қояды». Бәріміз кез-келген ретпен оған жақындаймыз да, өзіміздің қолымызды оның алақанына қоямыз. Орындықта отырған ойыншы кімнің қолы екенін табу керек. Егер дұрыс тапса, онда мен «иә» деймін, ал егер қателессе, онда «жоқ» деймін. Естеріңізге саламын, біз өз еркімізде қолымызды ортадағы ойыншының алақанына қоямыз және біреу бірнеше рет қолын қоюы немесе тіпті бір де бір рет жоламауы да мүмкін».

Талдау: Жанасқан кім және қалай сезілді? Кім қалай тапты?

Тренингтің  ұзақтығы: (20 минут)

Өткізу кезеңдері:

1. Дайындық (2-3 минут) 2. Негізгі  (12-15 минут) 3. Қорытынды (1-2 минут)

Қорытынды:  «Жанасу арқылы білу» 28 баланың 28-сі қатысты. Оқушылар тренингке барлығы белсене ат салысып, берілген тапсырманың барлығын жоғары деңгейде орындап шықты.

3. Тренинг «Мен неден қашамын»

Мақсаты: Өзара сенімділік пен топтың ашық қатынасын туғызу.

Бұл вербальді жаттығу, ол өзара сенімділікті және топтың ашық қатынасын туғызады.

Қолданылуы: талқыланған

1.Әр қатысушыға қарындаш, парақ және 5 минут уақыт беріледі. «Мен неден қашамын» тақырыбына тізім жазу керек. Ол әңгіме тақырыбы, сенім, жеке тұлға мен әрекет, көзқарас пен пікір болуы мүмкін. Оны өзіңді айыптамай және кімде-кім бұл туралы не айтады екен деп ойламай істеуге тырысу керек. Барлық адамдар бір нәрсені ұнатпайды және одан қашады, ол қалыпты жағдай екенін топқа айтыңыз. Бұл жаттығу өз өмірімізге қаншалықты риза екенімізді ойлауымызға мүмкіндік береді. Қатысушы 12 минут ішінде үлгергенінше тізімдерді жалғастыруға болады.

2. Қатысушылардың бәрі  жұпқа бөлінеді және әркім өзінің тізімі бойынша жұбымен әңгімелеседі. Алайда, бұл әңгіме қатысушыларды өз мінез-құлқын өзгертуді және сол сияқты қандай да бір заттардан қашпау керектігін міндеттемейді. Біз неден қашатынымызды білген кезде, бізге жағдайды өзгерту жеңіл болады. Егер адам нақты кедергіні сезінсе, оның қайдан шыққанын оңай түсінеді. Қатысушылар жұпта 15 минут көлемінде сөйлеседі.

3. Осыдан кейін қысқаша  ортақ әңгімеде жұппен болған  әңгіменің қандай болғанын білуге  болады.

Тренингтің ұзақтығы: (20 минут)

Өткізу кезеңдері:

1. Дайындық (2-3 минут)

2. Негізгі (12-15 минут)

3. Қорытынды (1-2 минут)

Талдау: Тізім жазу қиындық келтірген жоқ па? Әңгімелеу барысында өзіңізді қалай сезіндіңіз?

Қорытынды:«Мен неден қашамын» 28 баланың 22-сі қатысты. 54,5%  көрсеткішпен 12 бала кедергілерден тез жол таба білсе, 31,8 % көрсеткішпен 7 бала кедергілерді табуда қиындықтар кездесті. Ал 13,6% көрсеткішпен 3 бала кедергілердің қайдан шыққанын мүлде таба алмады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Аймауытов Жүсіпбек (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетің қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.

Жүсіпбек аз ғана ғұмырында  әдебиеттің әр түрлі жанрларында  өнімді еңбек етіп, қүнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында  оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.

Сонымен, еліміздің тәуелсіздік  алуының арқасында кезінде отаршыл сұрқия саясаттың құрбаны болған есір еріміз, қазақ халқының ұлы перзенттерінің бірі Аймауытұлы Жүсіпбектің «Психология» аталатын құнды туындысы өз оқырманымен қайта табысып, қазақтың жан  туралы ұғымына өз ана тілінде зор үлес қосқан еңбектің бірі.

Тәлім – тәрбиелік  сипаты басым әлеуметтік (қоғамдық) психология туралы Ж.Аймауытұлы жасаған  тұжырымдар сүбелі де сыңдарлы. Ғалымның пікірінше, жеке адамның тәрбиесі - әлеумет қылығының айнасы. Заман  озған сайын әлеумет те өзгеріп  отырады, содан адамның қылығы да өзгереді. Міне, осынау тұжырым Блонский мен Аймауытұлының бұл мәселеде бір арнадан тоғысқанын көрсетеді.

Адам – бұл, бір  жағынан, биологиялық құбылыс, санасы бар жануар, қоршаған дүниені тануға және оны белсенді өзгертуге қабілетті. Жоғары ұйымдасқан жануар ретіде адамға денесімен тік жүру, дүниені тану және өзгерту құралы ретінде қолдың дамуы, ерекше дамыған ми сияқты дене ерекшеліктері тән.

Психологияда «адам» және «жеке тұлға» ұғымдарымен қатар  «даралық» ұғымдарыда қолданылады. Әрбір адамның мәні, оның өмірі мен қызметі жағдайларының өзіндік қайталанбайтын ерекшелігі бар, сондықтанда тіптен екі бірдей жеке тұлға болмайды және болуы да мүмкін емес.

Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешелігі айтылады.

Жеке тұлға – тек  тарих, философия, социология, этика, эстетика, педагогика, психология және т.б. сияқты қоғамдық ғылымдардың зерттеу нысаны.

Жеке адам – қоғамдық дамудың қайраткері, қоғамда белгілі  жағдайда тұратын саналы индвид және белгіліқоғамдық рөлді атқарады.

Жеке адам дегеніміз  – саналы индивид. Жеке адамның қоғамдық ролін оның психологиясын талдамай тұрып түсіну мүмкін емес: іс- әрекетпен  айналысу себебін, қабілеті мен мінез  – құлқын ал кейбір жағдайларда  тіпті дене құрлысын мысалы нерв жүйесінің типін тексеруге тура келеді.

Ғылымсыз білім  сыңар жақ: ғылым білімді ұлғайтады; ғылымсыз білім тым құрғақ, білімді  орнына жұмсау керек. Білімді орнына жұмсайтын не? Ол – тәрбие. Білімнің адамзат   игілігіне жұмсалуы, жұмсалмауы тәрбиеге байланысты. Тәрбиесіз білімді адам сол білімнің адамзаттың игілігіне де, сорына да оңды-солды жұмсай беруі мүмкін. Тәрбиелі адам, яғни иманды адам, толық адам ондайға бармақ емес, ол білімін өз орнына, игілікке, адамзаттың гүлденуіне жұмсайды Жүсіпбек  Аймауытов.

Информация о работе Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы