Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 12:50, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда қазақ елінің тәуелсіздік алып өткен-кеткенін түгендеп, тұлғалардың ғылыми салаларына қосқан үлесін зерделеу уақытында Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы еңбектерін, заманауи көзқарасына зерттемеу ұрпақ алдындағы қарызымызды өтелмеуі деуге болады. Сонымен қатар, Ж.Аймауытовтың психология әлеуметтік психология ғылымдарына қосқан үлесі, этикалық қазақ халқына тән көрсеткен ерекшелігі бүгінгі күнге дейін маңыздылығын жойған емес
Ғалымның ой тереңдігі мен көру кеңістігін бүгінгі жас ғалымдарға үлгі, сабақ, тәжірибе болады.
Адамның өмірдегі ісі - алған тәжірибесінің жемісі. Жанның тәрбиеленетін үш түрлі сыпаты бар: ақыл, сезім, қайрат. Адам жаратылыстан ақылды болып, осы үш сыпаты бірдей тәрбиеленген болса, ол кісі әрі данышпан болады. Ол адам ісінде байыпты, табанды болып көп қата жібермейді. Егер ақылы шамалы адамның үш жан сыпаты бірдей тәрбиеленген болса, ол адам өзіне өзі қанағатшыл, өміріне ырза, орташа тығынды кісі болады. Бұл кездегі оқығандардың алған тәрбиесі қандай? Үш түрлі жан сыпаты бірдей жетілген бе? Соны айтпақпын [25].
Қазіргі оқығандардың тәрбие негізі қазақ ішінде салынған. Қара қазақтың баласына беретін тағылымы белгілі. «Өтірік айтпа, қиянат қылма, адал бол, ақжүрек бол, өзің үшін оқыма, мен үшін де оқыма, ұлтыңа қызмет қылып, пайда тигізу үшін оқы!» деп үйреткен қазақ некен-саяқ шығар. «Шіркін, бәленшенің баласының қуы-ай! Кісі сыртынан сатып жіберетін», «кісіге ақыңды жібермейтін бол, закон біл, ақша тап, даражаға ілін» деген мақсатпен оқытады. Айтса да, айтпаса да, қазақтың бұл ойы белгілі. Осы тәрбиемен өспеген бұ жүрген оқыған да кем шығар; жасынан баланың ақылы, сезімі қулық, сұмдыққа, біреуден артылуға, дәрежеқұмарлыққа үйренеді, бұл – бір.
Ұлтымыз бар екенін, еліміз-жұртымыз бар екенін, жұртымыз қатарға кірмей, теңдік жоқ екенін, Николайдың қасқырлары қазақты ішіп-жеп құртып бара жатқанын сезгелі, «ұлтқа құрмет қылайық» дегелі бес-алты-ақ жыл болды. Әрине, бұл оянуға 1905-інші жылғы толқын, тағы әртүрлі түрткілер қамшы болған шығар; көбінесе ес кіргізіп оятуға, ұлтты танытуға себеп болған - «Қазақ» газетасы. Онан бұрын ұлт дегенді кім білген: көбіміз кеше өзгеріс болған күні ұлтымызды тауып алдық. Сондықтан оқығандардың кейбіреулері жан-тәнімен адал қызметін ұлтына көрсете алмай, пайдасын не дәрежесін сағалап кетуі ғажап емес, себебі, «ұлтшылдық», «адалдық», «қызмет» деген нәрселер сүйегіне сіңіп өскен дәреже емес. Сырттан жапсырылған жамау.
Оқығандардың жолдан тайып кетуіне себеп болатын - бар адамның табиғатына біткен жергілікті мінездер. Орын, атақ, дәреже, мұқтаждықтың жоқтығы адамды тастырып, көтеріп жібереді. Бұларды кісінің кісісі-ақ көтереді. «Қой көрмеген қуалап өлтіреді» дегендей, бұрын қолына билік тиіп көрмеген жұрт білікті жақсылыққа жұмсай алмай, жаман жаққа жұмсап, адыраңдап, «тағдырың қолымда» деген сияқты пікірге түсіп кетуі де мүмкін, бұны Николайдың шенеуніктерін көз алдыма елестетіп айтамын.
Кейбір оқығандар да қара халықтан бойын аулаққа салғысы келіп, қызыққа, салтанатқа салынғысы келетін салқындық, ірілік мінездердің ұшығы сезіледі. Адам шалдуар нықысының әнімен кетсе, өзін-өзі тергеуге алмаса, жаман мінезінен тыйылып, жақсы жағын тәрбие қылмаса, бұзылып кетуі оп-оңай. Меніңше, қара халықтан жиренгендік, ірілік - ұлтын сүюге, мұқтажын, сырын білуге жиһат қылмағандық деп білемін. Бұл мінез Николайдың шенеуніктеріне еліктеген болып табылады.
Орыстың білімін алуға, өнерін білуге, жақсы жағын жаттауға еліктеу - дұрыс та, кәпірлігін, мақтаншақтығын, рақымсыз, қызықшыл, қалташыл, антшыл «суық» шенеуніктігін еліктеу, ақсүйек болуға, салтанат түзеуге, тұрмысын, жүрісін, үй ішін жат түрге салып, қазақтан қашыртуға еліктеу - үлкен мін, кемшілік. Бұ жағынан оқығандар арына төрелетіп, сақ болуы керек. Осындай әдетті күшейтуге себеп болатын күншығыс халқының табиғатында тағы бір мінез бар. Ол: антқұмар, зиннатқұмар, әйелшілдік, адымын алыстатпайтын ұсақтық, қайратсыздық, жалқаулық. Көңілдегісі болмаса, біздің тұқымдар тез табаны қайтып, қажып қалады. Мақсатының жолына құрбан болуға шыдамайды. Бұ да есте болсын.
Ақтығында айтпағым: оқығандар өзін өзі тәрбие қылу керек. Қара халықтан жиренбей, жақын жүріп, сырласып, мұң-мұқтажымен таныс болып, өзі ұлтын сүюге, халыққа өзін сүйгізуге жиһат қылуы керек. Естеріңізде болсын: қара халықтың мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын, баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек. Орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайды. Қазаққа аюдай ақырған шенеунік табылуы оңай; ерінбей-жалықпай, бақырмай, шақырмай іс бітіретін, терісі қалың, көнбіс, табанды қызметкер табылуы қиын. Қазаққа зор кеуде ақсүйектің, ақша жегіш жалтырауық шенеуніктің, сұлу сөзді, құрғақ бектің керегі жоқ; адал күшімен өгіздей өрге сүйрейтін жұмысшы керек. Сол жұмысшы - оқығандар. Бекерге кеткен сағат, босқа өткізген минут - ұлт ісіне зор шығын [26].
3.3 Адам қылығының
халық ауыз әдебиеті мен
Жасау ағымындағы адам қызметінің мінезі жасау күшінің жай-жапсарына қарай тағайындалады. Бүл 2х=4 сықылды айқын иәрсе. Бұдан гөрі тұрмыстың санаға тигізетін белсенді ықпалы анайы тұқымдарда қандай болатындығын көрсету пайдалырақ болады; өйткені қарапайым, анайы адамдардың әлеумет өмірі, ақыл, ой дүниесі мәдениетті адамдардың өмірінен әлдеқалайда жабайы, анағұрлы сәл. Орталық Бразилия (Америкадағы ) деген жердің тұрғын елдері туралы Бондон-Штейнен деген кісі жазады. “Олардың өмір жүзіндегі тәжірбиесінің ең үлкені айуандарды бақылау арқылы ғана олар табиғатты таныған, дүниеге өздерінше көзқарас тапқан» дейді. Аңшылық тұрмыстың жағдайы жалаң дүние тануды емес, ол тұқымның адамгершілік (құлық) ұғымдарын да, олардың сезімін де, көркемділік пікірін де қалыптандырады. Мал бағушы жұрттардың да, акыл, ой, мінез-құлық жағыда шаруасына қарай, калыптанатынын көреміз. Бірыңғай мал өсірумен күнелткен жұрттардың «әңгімесін қарап отырсаңыз, 99 пайызы мал туралы, малдың ата-тегі, әдеті, жақсы-жаман сипаттары туралы болады» дейді. (Біздің қазақтың әңгімесінің көбі де мал туралы болады ғой) .
Аң аулаушы, мал бағушы жұрттардың тәжірибе кені айуандар болса, барлық дүниетану пікірлерінің іргесі сол тәжірибеге құрылса, олардың барлық ертегісі әуезесі, (мифология) әуезесі емес, өздерінше пәлсепесі, дін, құдай туралы ұғымдары, білім неден тумақ? Сөз жоқ, сол аңшылық, бақташылық тәжірибесінен тумақ, мазмұнды сол тұрмыстан алмақ. Мәселен, «Душмен» сықылды жұрттың ертегісінің мазмұыны ылғи мал жайынан болады-мыс. (Қазақтікі ше?) О жер-бұл жерде кылт етіп қалып отыратын бір кемпірден басқа (жалмауыз, мыстан кемпір қазақ ертегісінде де бар ғой) олардың ертегісіне адам қатынаса қоймайды — дейді. Аңшылық кәсібінен әлі арылмаған Австралия жұрттарының, бушмендердің құдайы, көбінесе құстар, айуандар болады.
Анайы жұрттардың діні әлі зерттеліп болған жоқ. Бірақ дін туралы біздің білетінімізді, онымыздың түзу екендігін Фейербах — Маркстардың қысқа сөзі анықтап отыр. Ол қай сөз десеңіз, «дін адамды жасаған жоқ, дінді адам жасайды» дейді. Тейлар айтады: «Барлық халықтарда құдайдың пішіні адам қоғамының құрылысы, оның өкіметі үлгі болып, сол үлгіге қарап, көк қоғамы, көк өкіметі жасалған» дейді. Бұл, әрине, дінге затшылдық көзқарас. Сен-симон бұл пікірге қарсы болған; ол бұрынғы гректердің әлеумет, саясат құрылысын дінге танудан шыққан деп түіндірген. Білім өрлеп келеді, өрлеген сайын анайы жұрттарда техниканың жетілуімен дүние тануы арасында жақын байланыс барлығын ашып келеді. Бұл әлі де айқын ашыларлық мәселе.
Алғашқы қоғамдардың сана жайынан жақсырақ зерттелген нәрсе — өнер. Бұл туралы дерек, мағлұмат көп жиналғаи. Тарихты затшылдық көзімен тексерудің дұрыстығына бұл мағлұматтар аяқты қия салғызбайтын, мойынды бұрғызбайтын мықты дәлел бола алады.
Өнердің қалай туғандығы туралы бүгінгі білім қандай түйінге келгенін соңғы сөздерден көресіз. Торнес айтады: «Нәрсеге түр салу білім кәсіп қызметіне ғана өркендейді; ол кызмет түр салудың зат тірегі; кәсіптен түк білмейтін халық ою, кесте, шимай, түр салуды да білмейді» дейді. Штейнен сурет салуды өзі пайда көздеуден, нәрсенің пішінін көрсетуден шыққан дейді. Бұл пікірдің дұрыстығы жабайы адамдар жұмыс қылғанда өлең айтатындықтан денесінің қимылына қарай әні де, әр түрлі болатындығынан байқалады. Дене қимылы қалай құралады десеңіз, нәрсе жасау қызметінің мінезіне қарай құралады. Сонымен өлең шығарудың «сыры» нәрсе жасау қызметінде жатыр деуге болады.
Алғашқы адамдарда сахна (алаң) бернесінің қалай туғаны жайынан болашаққа өз пікірін былай жеткізеді:
1) қаң аулау, соғыс, қайық есу (аңшыларда: айуанның өмірі, әдеті; айуанның ымдасуы, бердесі);
2) малдың өмірі, әдеті (мал бағушы тұқымдарда);
3) жұмыс (диқаншыларда: тұқым шашу, ұшыру, виноград - жүзім күту).
Сауыққа сол тұқымның бар адамдары келетін болған; бәрі қосылып өлең айтқан; мағынасыз сөздер де өлеңге қосылған: Мазмұнды сахна (берне) ымдасу берген. Сауықта жалпыға бірдей күнелту үшін керекті күнделік амалдар, қызметтер көрсетілген». Баллашек тағы айтады: алғашқы адамдар сондай сауыққа жиналғанда, өлеңді екі жақ болып қосылып айтқан; бір жағына бір жағы қарсы болған. Мәселен, алгашқы грек драмасының түрі осындай айтыстан шыққан, ол драманың өзі де айуанша ымдасудан басталған гректердің шаруа тұрмысында төрден орын алған мал «ешкі» болса керек («трагедия» деген сөздің түбірі «теке» болған мәнісі осы) [27].
Тапқа бөлінуді білмеген әуелгі қоғамда нәрсе жасау қызметі адамның дүние тануына да, көркемдік сезіміне де қолма-қол ықпал етеді. Түр салу себепті техникадан алады; ол қоғамдағы би билеу үлкен сауық болады; билеу дегеніңіз - ол кезде жасау қызметін қайта жаңғырту түрінен аспайды; жұмыс қылғанда дене қандай қозғалатын болса, билегенде де сол қозғалысқа салады. Бұл істі әсіресе, шаруасы төмен жатқан аңшылар өмірінен көруге болады.
Тапқа бөлінген қоғамда бұл қызметтің санаға ықпалы кемірек сезіледі. Ол солай болуға тиіс. Мәселен, Австралиядағы тұрғын жұрттың бір әйелі билегенде түбіршек жинағандағы дененің қозғалысын салса, өмірі жұмыстың не екенін білмеген француздың бір қанымына ондай би түк қызық болмас еді; «нәзік жүректің оқуына» берілген үлбірек әйелге қайдан қызық болсын! Австралия әйелінің биін ұғу үшін ол тұқымның тіршілігіне ол жемістің қандай керек екенін білу керек. Француздың жақсы биін ұғуға шаруасымен таныс болу жетпейді. Ондай бізге жұмыс қылмайтын жатып ішер таптың психологиясын көрсететін бимен таныс болуға тура келеді. Бұл таптың психологиясы не десеңіз, «Көргенді» қоғамның толып жатқан «әдебі, өркені, әдет-ғұрпы». Бұл ермексіздіктен шыққан бос ермек. Ендеше, мәдениетті елдің биін бақылағанда, шаруа «себепкерінен» де психология себепкері басым болады екен. Бірақ ұмытпау керек, қолы бос таптың тумағы оның шаруа жайының жемісі болмақ. Ендеше, өзгелерге орнын, беделін беріп, өзі шегінген болса да шаруа «себепкері» өзінің басым маңызын сақтап қалады. Қайта сондай кездерде оның маңызы артық сезіледі, өйткені басқа «себепкерлердің» ықпалы, ықпалының шегі, күші қандай екені, бар-жоқтығы анық көрінеді.
Ж. Аймауытұлының қоғамдық психологияға байланысты пікірлері оның тап, дін психологиясы туралы айтқандарымен де тоқайласып отырады. Автордың пікірінше, «жалпы адам» деген құр дересіз ұғым; адамның қылығы табымен өлшенеді, әрбір адам не ана таптың, не мына таптың адамы. Содықтан адамның қылығын оның табымен байланыстырып қарау керек. Ғалымның пікірінше, адамның қандай тапқа жататындығынан оның психологиясы туралы көптеген мағұлмат алуға болады. Өйткені адамның қылығы, белгілі таптың туынды қылығы. Автордың пікірінше, таптың екінші тап ерекшеленіп отырады. Еңбек жемісін үлесу жолындағы таптар арасының кәдімгі қатынасы – тартыс, тап – қоғамның тарихы, тап – тартысының тарихы.
Автор әр тап өкілдерінің тәрбие туралы көзқарастарының да түрліше болатының атап көрсетеді. Қазіргі кезде бізде әлеумет және ұлт психологиясының сан-салалы мәселелері жайында зерттеулер жариялана бастады. Осы мәселердің қыр-сырын зертеуге кезінде әміршіл – тоталитарлық жүйе қарсы болды [28].
Қазақтың аты орыстың атынан озса, балуанын балуаны жықса, шешенін шешені сөзден тоқтатса, мардамсып бар қазақ сүйсініп қалады. Қазақ жеңілсе, орыс та дардияды. Ноғай мен қазақ, сарт пен ноғай егессін, олар да солай. Бұл әр жұрттың қанына біткен өзімшілдік, тұрған жерін, өскен елін, өз тұқымын басқадан артық болса екен деген құрғақ тілек, құрғақ сезім ең төменгі дәрежедегі надан адамда да бар. Бұл қасиетті сезім емес; жерін, үйірін сағыну, жеріне тарту хайуанда да бар. Үйренген тамақ, жеген жерін жақсы көру - табиғаттың еріксіз каноны. Ұлт сүюдің ең төменгі дәрежесі осы.
Ақылы, сезімі ұстарған қазіргі мәдениеттің төрінде жүрген адам баласын алсақ, әр ұлт өзінің өскенін, өзінің көркейгенін, жетілгенін, өзінің қожалығын көксеп, жанын салып, қанын судай ағызып, дүние-мүлкін ортаға салып, алысып жатыр. Бұған қарағанда адам баласының өз мешелділігі мәдениет өрлеген сайын күшейіп келеді. «Өзіңе тілегенді біреуге де тіле», «адам баласын бауыр тұт» деген көркем тілек далада қалып, тұрмыс күресі, қанішерлік майдандап тұр. Ұлты үшін құрбан болуға шыдағандық - ұлтшылдықтың осы күнде ең берік ережесі.
Зорлық, қиянат, қанішерлік жоғалып, бір заманда адам баласы бірін бірі маңдайға шертпейтін, жер жүзіне ұжмақ орнайтын шақ бола ма? Жоқ па? Белгісіз болса, алыс. Өзі көксеу - тәтті қиял; заман көксететін емес. Ендігі мақсат - аяқ астында қалмай, тырбанып тырна-қатар ретке кіру, дүниежүзінен жоғалып кетпес қамын қылу.
Ұлтын шын сүйіп, аянбай қызмет қылған азаматы көп жұрт күшті, өнерлі, білімді жұрт болып, күресте тең түсіп, басқаларға өзін елетіп отыр. Ұлты үшін құрмет қылмай, бас қамын ойлап жүрген азаматтардың елі артта қалып отыр. Ұлтшыл жұрттар, әне, Германия, Япония, Англия, Түркиялар, олардың баласы жасынан «ұлтым» деп өседі. Есейген соң бар білімін, күшін өз жұртының күшеюіне жұмсайды. Олардың әр адамы - мемлекеттің керегі, қызметкері.
Қоғамдағы адам маңызы мен діни пәлсапалық шаруашылыққа байлансы
Әрбір дін – діннің неше алуаны бұрында болған, әлі де мыңдаған түрі бар, - әрбір мазһеп өзін ақиқат деп санайды. әйтседе техникенің (әдіс өнері) өсуіне дін сықылды бағытының техникемен діндей қабат жүретін ештеме жоқ, оны қазір шолып өтейік.
Табиғаттың күші техике (әдіс өнері) өзіне бағындырмай тұрғанда, қайта адады бір жола ноқталап, табиғпт мініп жүрген кезде, адам табиғаттың бергенін қару қылуды қанағаттанады, адамның өзі жасап шығаратын тіпті аз болды; адам табиғаттың күштеріне табынып жүреді, мәселен, күнге, аспанға, найзағайға, отқа, тауға, ағашқа, суға, айуандарға; қайсы адам тұқымынна өте керекті болса, соған табына береді. Тағы анайы халықтарда әлі де солай: мәселен, Жаңа Гвинея деген аралдың халқы әліде ағашқақұдайдай табынады; олар өздерін сол Савги Пальмо ағашынан тудық деп жориды.