Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 12:50, дипломная работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда қазақ елінің тәуелсіздік алып өткен-кеткенін түгендеп, тұлғалардың ғылыми салаларына қосқан үлесін зерделеу уақытында Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы еңбектерін, заманауи көзқарасына зерттемеу ұрпақ алдындағы қарызымызды өтелмеуі деуге болады. Сонымен қатар, Ж.Аймауытовтың психология әлеуметтік психология ғылымдарына қосқан үлесі, этикалық қазақ халқына тән көрсеткен ерекшелігі бүгінгі күнге дейін маңыздылығын жойған емес
Ғалымның ой тереңдігі мен көру кеңістігін бүгінгі жас ғалымдарға үлгі, сабақ, тәжірибе болады.

Работа содержит 1 файл

Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы.doc

— 420.50 Кб (Скачать)

Техника ілгері басып, диқаншылық кәсібі туып, әскер мен абыздар  өкіметті де, бар дәулетті де меңгерген кезде, үстем болушылар, бағынушылар, сонымен бірге таптар пайда болған дәуірде, әмір иесі адамдар, адам болғанда зорлар болған заманда, солдәуірлерде табиғатты нағыз құдіреттеу жойылып, ол құдайлар өзгеріп, құдай адамның күштілері тәрізді болуы керек деген ойлар туған. Ескі грек ақыны Гомер айтатын құдайлардың түрі айбынды патшалар. Міне, - осы құдайлар – бұрынғы табиғат құдайлары; адам табиғат құлдығынана құтыла бастаған соң, табиғат құдайларын күшті адамдарға ұқсастырып алған. Техника адамдарға күш береді, құдайлар күшті адамдарға айналады.

Білім үдеп, кемелдікке жеткен сайын, білім арқылы өнерлі жұрттар  жерлерін сүйіп, жол мен суларын  кемелермен жиі шарлап, су өлкелеріне қалалар салып, сауда, кәсіп өркендеп, - қысқасы, сауда қамы пайда болған заманда, қоғамның бар несібіесі жері, табысы, қару – құралы, кемесі, арбасы, сауда – саттық затына айналған заманда, мұндай қауымға күн, от, дария, тау, я ағаш сықылды нәрселер түк кереметті, құдіретті, жасырын сыры жоқ бірдеме болып қалды: бұл қауымдар табиғатқа өздері қожалық құрып, мұрнын тесіп мініп алды. Адамның күші, өнері, ерлігі, көркемдігі Гомер тұсындағыдай құдай сынды боп көрінген жоқ. Бәсекеге, таласқа негізделген әлеуметтте табиғаттың қасиеттері бұрынғыдай маңызды болмады. Бірақ оның есебіне бұл қоғамдабұрынғы құдайлардан бәрінен күшті, бәрінен кереметті, қоғамға өте керекті бір құдай керек болды, бұл құдай – рух, адамның рухы болды.

Гректің жер мүлікттенген қоғамның алғашқы данышпандары Сократ, Платондар ашық айтады: табиғат бізді  қызықтырмайды, бізід ойдың, жанның құбылыстары қызықтырады дейді.

Ол кезде бүкіл дүние  шаруа, саясат жүзінде бір бүтін  табар қоғамы бола алғандықтан, мәдениетжүзінде  әр халық әр басқышта жүргендіктен бұрынғы көп құдайлар да, табиғат  құдайлар дажоғала қоймайды, кей жерлерде сақталып қалды.

Галли, Герман сияқты мәдениетсіз (варвар) бөгде халықтар табар жасаушы  қоғам болаберген сайын, бірте –  бірте өз діндерінен де айырыла берді, бар күшті бір ғана рухта деп  ұқтыратын христиан дініне қарай  бейімдей береді.

Бірақ христиан діні алғашқы ғасырлардағы қалпында қалған жоқ. әуелде христиан діні бір таптың діні болса, бара – бара бар таптың діні болуға айналды; жасау жұмысы табиғи шаруаға айналған соң, жұрттың бәрі бір үлкен жасаушы бірлік болды. Ондай біріккен қоғамға дүниені түсіну үшін бір құдай, бір рух та жетерлік көрінді: жұрт бірнеше дербес нәрсе жасайтын қауымдарға бөлінді. Орта дәуірдің қоғамы өзгерген сайын дінінң мазмұны да өзгеріп отырды. Орта дәуірдің қауымы жер иемденетін қауым болған: ол қауымның адамдары бір –біріне сатыланып бағынатын, бағынушылар жасаған нәрсесін сыртқа бере алмайтын, өз қожасына беретін. Басыбайлы мұжықтар бодамдар табыстарын, қожаларына, ақсүйектерге, дін басыларына нәрседей әкеліп тапсыратын. Жоғарға қоғам басына патша, одан төмен князьдар, одан да төмен ірі бектер, ақсақалдар, оның қол астында төменгі ақсүйектер: ақ сүйек қол астында жалпақ жұрт, басы байлы құлдар, әйтпесе жай бағынатын бодамдар болатын.

Христиан діні де дәл  осы қоғамнан аумай – талмай құрылды. Енді көкті бір ғана құдай меңгерген жоқ. Рухтар өз алдына бір қалың қол тәрізденіп, аспанды мекендейтің болды. Сол қалың әскердің бәрін билеп – төстеп тұратын жалғыз баласы бар, қасында әулие рухы бар құдай болады, ол құдайбәрін құшағына сыйғызушы, бәрін кешуші боп саналады. Құдайдан төмен сатылап төрелер, атарман – шабармандар кете береді, неше түрлі қызмет атқаратын неше алуан періштелерболады: құдайға қарсы келіп, жазықты болған періштелер ібіліс атанып, қарғалып, жауыздыққа атбекеттік құрады. Патшаның, дін басыларының нөкері қандай болса, құдайдың да сондай нөкері болады деп жориды. Періштеден төмен әр біреуінде арнаулы қызмет бар, әрқайсысына бір кішкене құдай тәрізді әулиелер келеді; оның себебі әлеуметтің көпшілігі ол кезде табар жасаушылық, саудагершілік кәсібіне емес, өз табысын шикі күйінде тұтынатын табиғи шаруаға негізделген болатын; содықтан еңбегінің өнімді - өнімсіздігі табиғаттың құбылысынан. Мәселен, құрғақшылықтан, жауынан болатын әулиелердің көбейген мәні осы. Бір әулие арақшылардың қамын жейтін болған, бір әулие шыбынды (шөп) қамын жеген, енді бір әулие баланы өмірге әкелетін аналарға көмекші болған деп санаған. (Шаруасына қарай қазақтың да әулиесі аз емес), жылқыны «Жылқышы ата», қойды «Шопан ата», сиырды «Зеңгі баба», түйені «Ойсыл қара» бағып жүреді [29].

Дін – қоғамның айнасы екендігіне еш уақытта, бізге белгілі ешбір заманда мұндай айқын болып көрген жоқ. Рух жердегі қоғамның көктегі суретін жаратқан. Табиғат адамның бұрынғыдан да айқын ашылды: табиғатта бар құбылыстардың заңға бағынған бөлімі, бұрынғыдан да терең тексерілді. Табиғаттан тысқара зат табиғат ішінен қуылып, ығыстырыла берді, аяғында барын бір жола жоқ қылды.  Сол кезде қоғамды ұғу, оны тереңдету де ең алғаш шегіне жетті. Тарихта бұрынғы замандар зертелді, жазылған тарихты жақсы ұғу күшейді, санақ білімі туды; ең алғаш адамдардың амалында белгілі табиғи жағы жақсы ұғылған сайын, табиғаттан тысқары керемет деп саналған жақтары адамнан да, әлеумет ішінен де арыла берді, табиғат төңірегінде осылай арылып еді. Сонымен бұлкүнгі капиталшылдық адамды дүниеге жете түсінетін қылып, дінді дүниеге, нағыз өмірге үйлеспейтін жат бірдеме қылып жіберді.

Дін туудың түп себебі: ұғымсыз күштердің үстем болуы  екені біз аштық. Табиғатта жоғалатын, әлеуметте жоғалатын күштерді адам ұқпағандықтан, оларды керемет деп  таниды, құдайдеп табынады, өйткені олардың әмірін адам сезеді.

Зор капитал тетігінің  жуан ортасында жүрген қала жалшыларының дінге көзқарасы қалайболып жүр? Қалай болмақ.

Табиғаттың күші ұғымсыз  күш еместігін жалшыларға фабрика  айқын көрсетеді. Табиғаттың қатерлі асау күштерін біліп, адамның бағындырған жері фабтик, дін пәлсапасы. Білім жүзінен табиғат күштерімен жалшылар таныс болмағанымен, іс жүзінде ол күштерді қолы билеп, өзіне бағындырып жүр, сондықтан олар біледі.

Мұқтаждыққа себеп болатын  әлеумет күштері қандай екенін бұл күнгі жалпы өте жақсы біледі. Капитал талқысы тап тартысының түйінін шешті, бұл тартысқа белсене еіріп отыратын таптың бірі – жалшылар. Бұл тартыста жалшылар сорлы болғандығын капиталға жегізуден, дербес меншіктен екенін үйренеді; тегістік тұрмысқа жеткенде ғана көзі ашылатынын да үйренеді. Қоғам оған көзін ашарлық жағдай бермесе де олар табиғатта да, әлеуметте де ұғымсыз ешнәрсе жоқ екенін іші сезеді. Бұл күнде өз табы әлі жеңе алмай тұрған нәрсе, үнемі солай жеңілмей тұрмайды, оған да зауал бар екенін де сезеді. Тап тартысы, жалшылар бірлігі ол бөгеттерді жоятынын да біледі. Жеңілмейтін, ұғымсыз күш жоқ деген сезім қай жерде болса, ондай жерде дін тумайды, бұрын бар болса, ол дін өледі. Сондықтан әлеуметшіл жұмысшы дінге қарсы емес-ау, олар дінсіз, олар құдайды білмейді [30].

Ескі діндердің қалмайтындығы

Бұрынғы жасау қатынасы қаусап, олар шегініп жаңасына жол  беріп жатқанда, ескі діндердің қалқақтап  қалмайтыны қалай?

Бұған жауап беру керек, өйткені бізге қарсылар діннің сақталуын  бізге қарсы дәлел қылғысы келеді. Жауап онша қиын емес.

Бірінші, жасаудың ескі әдісі, бір күнде, бір жолажоқ болмайды. Ондай жоғалу бұрын тіпті шабан  жүріп келген, ол түгілі ірі кәсіп  ескі техниканы тез ығыстырып  келе жатқан бұл күнде де, уақ  кәсіптер жоғалғанша талай заман өтеді. Ендеше, ескі дін сақтала тұруға кең орын бар.

Екінші, адам рухтың бір  қасиеті: өлі сүйек, жуырда селт етпейді. Дене еңбектің жаңа жағдайында жүрсе  де, жаңа түрлі ой жылдам қабылдап ала  алмайды. Ескі әдет, дәстүр, ел аңызы  тірілердің миын тұншықтырып, басып жатады. Мұны төңірегіндегі адамдарды көріп жұмысшы бақыласа керек. Бір фабрикте екіжұмысшы бар, екеуінің мұңы да, кедейлігі де бірдей: алайда бір әлсіз, доғал адам, тартысты қаламайды; ол ойына ерік бере алмайды, саясат жүзінде де, дін жзінде де, кәсіпшілер одағынан да ол топтың соңына ереді. Ал енді біреулер бар – жанып тұрған от, көксегені тартыс; ол мәңгі сөйлейді, мәңгі үгіттейді, мәңгі қоздырады. Құдай да, қожа да жоқ, міне оның ұраны.

Мінез айырмасы бар басқа, мұнда бір жағынан, ескі әдет озып, дәстүр ықпал етеді. Жаңа түргеқанша құбылғанымен католик діні – ескі жағдайға лайықты дін. Әйтсе де, затқа, пікірге, біткен өлі сүйектің бойынша, катлоик діні қасарып сақталып келеді. Жасаудың ескі әдісі қаусаған соң да, кейде семіп қалған ескі гүлдер көп ұшырайды.

Үшінші басын көтеріп  келе жтқан жаңа тап пен қаусауға айналған ескі тап бір – біріне сондай амал етеді, көпке шейін олардың  ескі ой құрылысы сақталып жүреді. Ерте заманда тап тартысы дінді  жамылып, дін ұранымен көтерілген кездерде, билеп тұрған таптардан гөрі көтеріліп келе жатқан әлеуметтің жаңа құрылысына талпынған тапта жаңа дін болған: өздері нені жақсы көріп, нені әділ, нені ақиқат деп таныса, соған лайықтап, дін жасап алатын болған. Мәселен «Калбенизм» дейтін дін әуелде көтерілісшілердің діні болған. Көтерілген тап ескі тапты құлатып, қожалық құра бастаса, өз дінін үстем дін қылған; ол өз дінін өзгелерге таратпақ, алдырмақ болған, сөйтіп жүріп төңкерісшіл бағытын кері тартқан. Ол дін таптың жаңақұрылысына, жаңа қатынасына айна болған. Мәселен, христиан діні бір кезде жарлылардың діні болып, келе-келе шіркеудің ықпалы күшейген заманда, неше алуан шарт (қырық парыз) шығарып, әдет – ғұрып туғызып, елдің еңбегін жейтін сатылы «ұлықтардың» діні болуға айналды: әуелгі негізін мүлде жоғалтты. Өкіметті қолына алған тап, жаңа қатынасқа кіріскен соң, діннің асылын өзгертіп, бұрын дінді тартыс құралы қылса, енді қысымшылдық құралы қылады.

Мұны бұл күнде де байқап отырмыз.

Христиан діні ләззатты өз еншісіне алған үстем таптың діні болғанан былай, үстем тап жапшылғандарға қарсы оны құрал қыла бастады, жаншылғандарға опашылдық, момындық, көнбістік  деген уағыздарды айтып, Айса оқуының  осы жағына ғана үндеді. Ауқатты таптар өздері төңкерісшіл болған кезде өздеріне олар тартысу керек деген уағызды сөйлейді. Оларға қарсы тап шығып, бұл тап көнуді, шыдауды керек қылмай, қашан жеңгенше алысамыз деген кезде, барлық үстем таптар, оның ішінде бұрынғы төңкерісшіл мәзһептер де бар, тағы да дінді құралқыла бастайды. Көтерілген таптардың кейбір бөлімі тартыстан жырмалап алып, шетте ұстау үшін тағы да діннің шыдау керек деген уағызымен пайдаланады.

Осының бәрін салыстырып келгенде, ескі жасау қатынасы, ескі дәстүр, ескі таптар сақталып, солар бірігіп ықпал беретіндіктен ескі діннің сақталуы, оның қалмауы түк ғажап емес. Солай болуға тиіс. Ескі дінде бұрынғы терең, мол мағына, бай өмір қалмаған болса, ескі дін азып – тозып бір қатқан сірі, не тап сол кеткен ескі жануар тәрізді болса о да бізді түк таңдандырмайды; өйткені дін әлеуметтен туған, әлеумет баласы екенін біз жақсы білеміз [31].

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Әлеуметтік орта шаруашылығы арқылы адам қылығын қалыптастыру

         

4.1 Адам қылығын  қалыптастырудың тәжірибелік әдістері

 

Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарды қалыптастыра оқыту

Қазақ топырағында бала жанының ерекшеліктерін ғылыми тұрғыданалғаш  сараптаған көсемсөз зергерлері  Жүсіпбек Аймауытов пен дүлдүл ақын Мағжан Жұмабаев еді. Бұл екеуі жантану саласының кәсіби маманы болмаса да балажанының, әсіресе, көшпенді қазақ баласының психологиясын жазбай тануда алдына қара салмайтын білімпаздар болды.

Ж. Аймауытов өзінің «Психология» атты кітабына (1926) осы мәселе жайлы  аз айтпаған. Ол бала психологиясының сомдалуына әке-шешенің рөліне айырықшамән береді. «Нашар жанан осыл мінез туады» деп келіп, бала жақсы өнегелі тәлім-тәрбиені біртіндеп, тамыздықтап жинйды, яғни баланың жаман қылығыоның атасынан жұғатының еске салады. Бала өсетін ортада (киім – кешек, көрпе-төсек, үй мүліктері) қалай болса солай ыбырсып жатпай, тап-тұйнақтай жинақы болған жерде бала да сондай болады. Өйткені оның жас күнінде көрген үлгі-өнегесі есіндемықтап сақталады. « Бала үсті-басына ,айналасына қарап өседі, баланың үстіндегі кимі, ойнайтын ойыншығы тіршіліктін талап-тілегіне сай болуңы тиіс. Баланы іспен үйретпей, тек құрғақ ақылмен үйреткен адам зорлы». Баланы қарғап-сілемей, құрғақ сөздерден гөрінақтылы істер арқылы үйретіп, оны миына тоқуына әсер етіп, есіне мықтап сақтауына көмек беруге болады. Қазақ отбасындағы кейбір әке-шешелердің балаға «ақыл» айтып құлағын жауыр ететінін Ж. Аймауытов жеріне жеткізе шенеп-мінейді. Бала психолгиясының дұрыс қалыптасуында ойын әрекеті жайлы айтқандары да көңіл аударарлық. Баланың ойыны- кең тақырып. Ойын баланы ер көңілді, әділ боуға тәрбиелейді ойын кезінде баланың шығармашылық ептілігіне оның көбірек ойнайтын ойындарына көңіл бөлу қажет. Ойын әрекетін жоспарлау, жүйелі түрде ұйымдастырмаса, оған жетекшілік етпесе бала берекесіз іске жақын тұрады.

Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен  өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін  сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну [32].

Ұлттық тәрбие деп  жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен  мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.

Ұлттық мәдени құндылықтар  дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар – белгілі  бір ұлтқа, ұлт азаматына тән  зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар.Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалды құндылықтарға жатады. 
 Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру – ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару.Өз ұлтын қадірлеп-қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын.Оны үзе алмаймын.Үзу қолымнан келмейді» - дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін:бірі -өзім, екіншісі-халқым» - дейді.                                               
 Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық рухани және материалдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа.  
 Қоғамдағы адамдар жасаған рухани, материалдық, мәдени құндылықтардың алмасуы оқыту процесі арқылы жүзеге асырылады.Соның ішінде сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқыту – саналы процесс екенін айтқым келеді. Интеллектуалдық деңгейі жоғары тұлғаны қалыптастыру үшін, оны оқытып қана қою жеткіліксіз. Оны тұлға ретінде жан – жақты дамытуға қолайлы, оқытудың шығармашалақ түрін жасау қажет, яғни шығармашылық оқу әрекетін туғызу қажет. Бұл баланы, берілген оқу материалын жаттап алу ғана емес, керісінше өз бетімен білім алу үшін ізденуге үйретеді. 
 Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет: 
 - белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы; 
 - индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам  алдындағы жауапкершілігінің болуы; 
 - өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту; 
 - шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.  
 «Адам мен адамның бір-бірімен араласу,өзара қарым-қатынасында ғана адамның адамдығы өзі үшін де,өзгелер үшін де ашылады»,-дейді философ М.М.Бахтин.Оның пікірінше, диалог тұлғаны қалыптастырудың құралы ғана емес,оның адамдық болмысын да көрсетеді.Тұлғаның белсенділігі,өзін-өзі дамытып отыруға ұмтылуы өзгелерден бөлек жағдайда емес,өзге адамдармен диалогтық қатынастарға түсу кезінде жүзеге асырылады.Бірлескен қарым-қатынас негізінде оқушы-оқушы, мұғалім-мұғалім, оқушы-мұғалім арасында өзара құрметтеу, мойындау, түсіне білу және сыйластық әрекеттері пайда болып, толеранттық пен мейірімділік көзқарастары қалыптасады. Сонымен бірге сыни ойлау арқылы тұлға бойында рефлексиялық сапаларды қалыптастыру. Рефлексиялық сапа дегеніміз білім мен тәрбиені өзіндік сана арқылы қабылдап, тұлғаның рухани дамуы, ғылыми ақпараттарды игеруі болып табылады [33].

Информация о работе Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы