Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 12:50, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда қазақ елінің тәуелсіздік алып өткен-кеткенін түгендеп, тұлғалардың ғылыми салаларына қосқан үлесін зерделеу уақытында Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы еңбектерін, заманауи көзқарасына зерттемеу ұрпақ алдындағы қарызымызды өтелмеуі деуге болады. Сонымен қатар, Ж.Аймауытовтың психология әлеуметтік психология ғылымдарына қосқан үлесі, этикалық қазақ халқына тән көрсеткен ерекшелігі бүгінгі күнге дейін маңыздылығын жойған емес
Ғалымның ой тереңдігі мен көру кеңістігін бүгінгі жас ғалымдарға үлгі, сабақ, тәжірибе болады.
Ұят, әдетте, адамды масқара, әшкере ету сезімімен бірге жүреді. Бұл сезім тұлға әрекетін басқалар көзімен бағалауға негізделген.
Кінә сезіну - әр адамның өз айыбын өз бағалауымен іштей күйзеліске түсуі. Адам өз жазасын өзі береді, ал мұны қадағалау әр тұлғаның өз ар-намысына байланысты.
Американ психологі Ч.Кули бала санасы мен оның өзіндік санасының қалыптасуында сол баланы қоршаған бастапқы ұжымдардағы өзге адамдар (ата-аналар, туыстар, көршілер, достар және т.б.) пікірлері мен түсініктерінің маңыздыболатынына назар аударады.
Қоршаған орта адамдардың пікірлері тұлға үшін соншалықты маңызды да мәнді, себебі солардың ықпал-әсері арқасында тек өкілінің «Мен» сезімі дамиды. Ч.Кули бұл құбылысты «айналы Мен» деп атаған.
Өзге адамдар – тек өкілінің көрінісін беретін айна іспетті, осы өзге адамдармен ұдайы қарым – қатынасқа келуден баланың өз «Мені» қалыптасады, яғни адам «Мені» әрбір тек өкілінің басқалармен ықпалдасты байланысынан туындайды.
Шышында да «айналы Мен»
баланың өзіндік санасының
Уақыт өтумен, бастапқы ұжымдардағы әлеуметтік ықпалды байланыстардың кеңеюімен субъективті «Мен» нығайып, тұрақтана бастайды: қоршаған адамдар ықпалымен тек өкілінің өзіндік қадағалау, бақылау қабілетті артады, әлеуметтіктоп қалыптары мен құндылықтарын жоғары дәрежеде игеруге қол жеткізеді [15].
Ч.Кули теориясының ұнамды тарапы – адам «Мен» қалыптасуында әлеуметтік қарым-қатынастарға үлкен мән беріп, кіші әлеуметтік топтардың «ата-аналар, жақын-жуықтар, көршілер және т.б.) ықпалын жоғарыбағалауында. Дегенмен, ол бала өміріндегі «Мен» дәрежесінің кемелденуіне бастапқы ұжымдардың ролін әсерлей отырып, әлеуметтік мекемелер (оқу, білім, тәрбие орындары) ықпалына ақау түсірді. Мемлекеттік тапсырыс және арнай тәрбие болмаған жерде болымды «Мен» қалыптаспайтынын Ч.Кули ескермеді.
Әлеуметтену – бұл белгілі әлеуметтік шартармен үйлескен тұлғаның белсенді түрде өзін-өзі қалыптастыруы. әлеуметтенуден тұлға қоғамның толықанды мүшесі ретінде танылды.
Адамның сән көрінісі, талғам, қажетсіну бағдары ауыспалы болса, ал дүниетанымдық көзқарастары, жалпы адамзаттың мәдени құндылықтары тұрықтылау келеді. Әр әулет өкілінің өмірге араласуы өз проблемаларын пайда етеді. әлеуметтену – бұл жаңа әулетті өткен салт-дәстүрлер мен құндылықтарға бағындыру емес. Егер бұлай болса, тарихи үдерісі өз дамуымен қалады, әке мен баланың айырмашылығы жоғалды. Әлеуметтену - әрбір ұрпақтың өз дәуіріне сай жасай білуі, өз қоғамына орай әлеуметтік – психологиялық ұстанымдарды түсініп, тіршілік қызметін орындау.
Әміршіл - әкімшіл қоғамдағы әлеуметтену – жас әулеттің ересектер ұстанымын бұлжытпай қайталап, орындауы. Ал өркениетті демократияшыл қоғамдағы әулеттер арасындағы қатынастар теңдік пен қызметтестік негізінде болып, жаңа әулеттіңң жалпы адамзаттық құндылықтар шеңберінде дамуына жол ашуы басты шарт.
Тек өкілінің әлеуметтік мүраға ортақтасуы – оның қоғам мәдениетін қабылдауы.
Мәдениет – бұл рухани және материалды құндылықтарда, әлеуметтік және тұлғааралық қатынастарда көрініс берген адамзат табысы. Адамдардың әрқилы өмір саласындағы (еңбек, тұрмыс, қоғамдық және саяси тірішілік т.б.) қажетті әрекет-қылық, қалып, талаптарының бәрі – мәдениетте көрінеді. Тек өкілінің әлеуметтену нәтижесі оның әлеуметтік құнды деп таныған ерекшеліктерінде: ақыл, мінез, іс-қимыл әрекеттерінде, тәрбиелілігі мен оқымыстылығында, қоғамдық бейімдесе білуінде байқалады.
Тек өкілінің әрқилы жас даму кезеңдеріндегі психикасы белгілі сапалардың дамуына бейім келеді. әлеуметтену үрдісінде тұлғаның өмірлік ұстанымдары мен мінез бітістері, жалпыланған әрекет – қылық әдістері мен принциптері қалыптасады.
Сонымен, әлеуметтену – бұл әлеуметтік мекемелердің арнайы бағытталған жағдайларын да немесе тұлғаға болған әр түрлі өмірлік шарттардың кездейсоқ ықпалынан туындайтын әлеуметтік құндылықтар мен әлеуметке бейімдескен әрекет – қылық әдістері жүйесін игеру үрдісі (сонымен бірге нәтижесі).
Әлеуметтену сапасы мен сипаты көп жағдайда нақты қоғамның әлеуметтік құрылысымен анықталады.
Әлеуметтенген тұлғаны психикалық қалып шеңберінде көрініс беретін бірнеше ерекшеліктерін атауға болады.
Тұлға өз дамуында әлеуметтік
бейімділікпен бір қатар
Әлеуметтенудің келесідей кезеңдерін ажырата көрсетуге болады:
2.2 Бала іс-әрекет қылығын қалыптастырудағы тәрбиенің әсері
Ғылымсыз білім сыңар жақ: ғылым білімді ұлғайтады; ғылымсыз білім тым құрғақ, білімді орнына жұмсау керек. Білімді орнына жұмсайтын не? Ол – тәрбие. Білімнің адамзат игілігіне жұмсалуы, жұмсалмауы тәрбиеге байланысты. Тәрбиесіз білімді адам сол білімнің адамзаттың игілігіне де, сорына да оңды-солды жұмсай беруі мүмкін. Тәрбиелі адам, яғни иманды адам, толық адам ондайға бармақ емес, ол білімін өз орнына, игілікке, адамзаттың гүлденуіне жұмсайды. Жүсіпбек Аймауытов
Тәрбие сөзі
«тәрбие» араб-парсы тілдерінен енген,
қазақ тіліне аударғанда «негіз»
деген мағынаны білдіреді. Тәрбие деп
үлкендердің кішілерге
Сондықтан оның көкейіне не
жазам десең, соны жазуға болады.Баланың
келешекте кім болатынын
Екінші пікір бойынша, баланың көкейіне не болса, соның бәрін жазуға болмайды. Біреуді біреу тәрбиелей алмайды, әркім өзін-өзі тәрбиелеп, азамат қатарына жете алады. Соңғы пікір мына сияқты дәлелге сүйеді : ешкім баланың басына өсиеттерді енгізіп, оның рұқсатынсыз ісін, қылығын сол өсиеттерге бағындыра алмайды. Бала үлкендерді тыңдағысы келсе, тыңдайды, тыңдағысы келмесе, тыңдамайды, - өз еркі. Дәлелдің бұл түрі орынды сияқты. Бірақ бірінші пікірді жоққа шығаруға болмайды. Себебі тәрбиеші баламен тіл тауып, жақын қатынаста бола алса, онда баланы өзінің сөзіне көндіріп, біразға дейін жетелеп, оны тәрбиелеуде едәуір дәрежеге жете алады. Біз осы екі пікірдің әрқайсысына тән қолайлы жағын алып, тәрбиеге ұмтылатын баланың өзі, оның келісімінсіз бұл салада нәтижеге жетуге болмайтынын мойындай отырып, егер тәрбиеші баланың «кілтін» таба алса, онда тәрбие саласында үлкен нәтижеге жете алады дейміз. Осыған қарағанда тәрбиенің ең негізгі мәселесі баламен әңгімені қандай тақырыпта жүргізуде емес, онымен байланысудың «кілтін» тауып, тіл алдыра білуде.
Ал тіл алу не алмау неге байланысты? Баланың тіл алуы мынадай екі түрлі себептерге: біріншіден, балаға айтылған кеңестің мазмұнына, екіншіден, сол кеңеске ол қаншалықты құлақ асатынына тәуелді келеді.Мұны С. Л. Рубинштейн детерминизм (латын сөзінен «acterminare» – белгілеу) деп атаған болатын. Бұл принцип бойынша, баланың тәрбиеге көніп тіл алуы тек үлкендердің өсиетіне ғана байланысты емес, сол кездегі оның көңіл – күйіне де тәуелді. Егер тәрбиеші балаға ұсыныс жасап, бәлендей тапсырманы орындау туралы қанша дәлел келтіргенімен, осыған оның көңілі болмаса немесе қасақаналықпен орындағысы келмесе, онда сол сөздерден нәтиже шықпайды.
Сонымен балаға тіл алдыру – қиын мәселенің бірі. Бала қайткенде тіл алатынын зерттеп, осы жөнінде тәсіл ойлап шығаратын – тәрбие педагогикасы. Бірақ тіл алудың не алмаудың психологиялық тұрғыдан себептерін зерттеп, осы жөнінде ұсыныстар енгізіп отыратын – тәрбие психологиясы туралы ілім. Бұл мәселе оңай емес және оның өзіндік ерекшеліктері кездеседі. Тәрбие психологиясы сол ерекшеліктерді қандай тәсіл қолданғанда кеңес пен ескертпені жете ұғынып, өзінің ішкі ниетіне айналатынын тексеріп, тәрбие жұмысының қазіргі өскелең заманның талабына сай тәжірбиенің өріс алуына көмектеседі. Тәрбие психологиясы жаңағы детерминизм принцін басшылыққа ала отырып, оны тәрбие процесін дәлелдеуде қолданады. Мысалы, үлкендер тарапынан оқушыға арнап айтатын сөз оның тәрбиеге көнуіне себеп болса, ол оның ішкі ниетіне айналып, соған сәйкес барлық ісін, қылығын т. б. бағындырады. Ал мұның өзі соның нәтижесі болып табылады. Сондықтан тәрбие жұмысын зерттеуде психологтар әр себептің қандай нәтижеге апарып соғатынын тексеріп, осының өзіндік сырын ашып беруге ұмтылады.
Ал кеңестер мен ескертпелердің баланың тәрбиеленуіне әсер ете алуы неге байланысты?
Мұның себебі айтылатын сөздер мазмұнының тереңдігінде жатыр. Бірақ күнделікті сөздердің бәрі бірдей балаға ықпалын тигізе алмайды. Мұны айтылатын мәністің оқушының, сол кездегі жағдайы мен көңіл – күйімен санаса отырып, соған сәйкестендіріп, айта білмеуден кездеседі. Осыдан шығатын қорытынды тәрбиелеуге не қайта тәрбиелеуге көнбейтін баланың ішінде ешқандай жасырын сыр жоқ. Сондықтан тәрбиеге көнгісі келмеген кейбір балаларға «қиын» деп ат беру – қате. Мұндай бала кездескен жағдайда да бұл – сол баланың кемшілігі емес, әлеумет ортасының (соның ішінде ата – анасының, мектептің) кемшілігі [17].
Ұлы адамдардың тәрбие жайлы жазған тағылымдарына тоқталсам, Х1 ғасырдың ақын, философ, қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұнның тәрбие тағылымының бастауы боларлықтай бір пікірін келтіруге болады: «Тәрбиенің барлық ұждағаттылығы, саласы мен түрі… Өзара ұйымдасқан, ұйымшыл тату да тәтті адамдар құрамының, тобының – жетелі адамдар тобының , зерделі адамдар құрамын толықтыратындай биікке көтерілуі қажет. Тәрбие өз кезегінде, әсері мен ықпалында – мирасқорлы», пайдалы еңбектің көзі болуы шарт – деп ой түйеді. Бұл үлкен өсиет. Бүгінгі педагогикалық тұрғыдан алғанда үлкен ұжым тәрбиелейтін, педагогиканың бала тәрбиегісіндегі басты мақсаты мен міндетін айқындайтын әдіс еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың негізі десе болады.
Ғұлама Низами – адамды жетілдірудегі тәрбиенің рөліне ерекше мән берді. Ол - өз кездеріндегі болып жатқан ағартушылық, тәрбие мен оқу процесінің көріністеріндегі орын алып келген баланың дами отыра, жетіле алатын мүмкіндіктеріне сенбестік туғызатын көзқарастарға қарсы шықты.
Низамидың тәрбие тағылымдарында – халықтық тәрбиенің әсерлі құралы ретінде халықтың ауыз әдебиеті мен ана тілі, жазба әдебиеті мен өз халқының тарихы негізгі оқу пәні болуға тиіс деді. Ол өз шығармаларында, поэма мен дастандарында – тәрбиенің негізі жалпы адамгершілік деп есептеді. Адамгершілік – ақыл мен еңбектің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің жемісі мен нәтижесі деп уағыздады. Жас- тар махаббатын жырлау арқылы адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің негізін салды. «Ләйлі –Мәжнүндегі» жеке адамдардың бас бостандығы, әйел теңдігі мен оның бостандығы, махаббат тақырыбы – бүгінгі адамгершілік, ақыл – ой, еңбек пен еңбек тәрбиесі нің бастауы – негізгі сілемі.
Жүсіпбек Аймауытов өзінің «Тәрбие» деген мақалаларында адамның хайуаннан айырмашылығы жайында әңгіме қозғай отырып, адам бойындағы ұнамсыз мінез – қылықтарының барлығы тәрбиенің кемдігінен деп қорытынды жасайды. Оның айтуынша, адам табиғаттың емес, тәрбиенің құлы болу керек. Адам өміріндегі тәрбиенің рөлін зор бағалаған ол тарихтағы ірі құбылыстардың бәрін тәрбиемен байланыстыра отырып, былай деп жазды: «Алғашқы екі ғасырдай афиняндар мәдениетті, ғылымды күшті жұрт болған, неге? Данышпан Солонның жасаған ережесімен тәрбиеленгендіктен. Рим халқын атақты еткен, күшті қылған кім? Тәрбие.
Ескендірді данышпан хакім қылған кім? Аристотельдің тәрбиесі.
Тәрбиешіге қоғамда өте үлкен маңыз берген жазушы оны дәрігермен ғана салыстырады, тіпті, одан да жоғары қояды: «Адамдық көзбен тереңнен тексерсе, дәрігерден де тәрбиешінің көп болғаны артық. Дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады» дейді. Тәрбие мәселесін мемлекеттік дәрежеге көтеру қажеттігін жете түсініп: «Тәрбиешіге Отанның келешек өмірін тапсыруға болады, себебі тәрбие нәтижесінде ақылды адам көбейсе – Отанның күзетшісі, қорғаны», - деп атап өтті.
Мағжан Жұмабаевтың пікірінше, « тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету» деген сөз. Ал енді адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі.
Адамзат дене хәм жан аталған екі бөлімнен тұрғандықтан,бұл екі бөлімнің соңғысы, яғни жан, адамзат үшін аса қадірлі болғандықтан, дұрысын айтқанда, адамға шын мағынасымен «адам» деген атты осы жан ғана беретіндіктен, адам баласын тәрбие қылу дегенде, әрине, адам баласының әсіресе, жанын тәрбие қылу керек деп ұғу керек.
Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда, адам баласы туғанда өте әлсіз, зағып, осал болып туады. Малдың төлі туа сала аяқтанады. Тауықтың балапаны жұмыртқадан жарылысымен жүгіріп кетеді. Ал адам баласы – туғанда іңгалаған айғайы мол бір кесек ет.