Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 12:50, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда қазақ елінің тәуелсіздік алып өткен-кеткенін түгендеп, тұлғалардың ғылыми салаларына қосқан үлесін зерделеу уақытында Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы еңбектерін, заманауи көзқарасына зерттемеу ұрпақ алдындағы қарызымызды өтелмеуі деуге болады. Сонымен қатар, Ж.Аймауытовтың психология әлеуметтік психология ғылымдарына қосқан үлесі, этикалық қазақ халқына тән көрсеткен ерекшелігі бүгінгі күнге дейін маңыздылығын жойған емес
Ғалымның ой тереңдігі мен көру кеңістігін бүгінгі жас ғалымдарға үлгі, сабақ, тәжірибе болады.
Ж.Аймауытұлы «Әдет заңы» атты еңбегінде тәлім-тәрбие иірімдеріне, халықтық дәстүр-өнерлердің психологялық астарына үңілді. Мәселен, ол әдеттің жақсы (батылдық, қанағатшылдық, шыдамдылық, т.б.), жаман түрлерін (арақ ішу, насыбай ату, т.с.с.) атап көрсетеді. Автордың пікірінше, оқытушының міндеті – балаларыңа алдынғы өміріне пайдалы әдеттерді сіңіру болады. Істің табан тірейтін дерегі не десеңіз - әдет, - деп жауап береді. Ол бұдан басқа еңбектерінде де адамгершілік мәселелерін әр кезеңдегі көзқарас, мысал, деректер арқылы дәлелдеп, бұларды қалыптастыруда өмір, еңбек тәжірибе тағылымдарына да ден қояды. Мәселен, жас өспірім тәрбиесіне байланысты төмендегідей кеңес береді: « күнін босқа өткізбей, таза пайдаланған жас жігіт тәрбиесі танымды жеміс беруіне күдіктенбесін, еңбекпен алған тәрбие, қай түрлі болса да берік болмақ. Ерінбей еңбек еткен жас күндердің күнінде замандастары ішінен жетік кісі болуына сөз жоқ. Бұл шындықты жастар жасынан тоқығаны дұрыс». Біздіңше, аталмыш мәселелер сол кезеңнің ғана шындық, сәулесі емес, бүгінгі күннің де, және ұлттық тәлім-тәрбиенің басты талаптарын да құрайды.
Ж.Аймауытұлы еңбектерінде адам мен хайуанның жаратылысы, іс-әрекеттері әр түрлі нақты мысал деректермен көрсетілген. Тәрбиеекі түрлі – деп жазды автор, - дене тәрбиесі және жан (рух) тәрбиесі. Хайуан көбінесе денесін рбиелейді. Адам баласына дене тәрбиелеудің үстіне жанын (рухын), ақылын, сезімін, жігерін, мінезін тәрбие қылуы керек. Денесі мен жаны бірдей тәрбиеленбеген кісі сыраңжақтау бола береді. Мінездің ақыл-қайраттың әр түрлі болмағы тәрбиенің түрлі-түрлі болмағанынан. Расында, дене және ой тәрбиесі, оның бірлігі мен пайдалытұстарын бүгінгі өмірде жоққа шығармайды. Оқу мен тәрбие бірін-бірі толықтыратын біртұтас әлем.
Ж.Аймауытұлы тәрбиенің шын мағынасы мен мақсатын – адам табиғатымен, тұрмысымен, өмірімен айланыстырады. Бұл ретте ес түрлі сипат айрықша аталады. Олар: дене сезімдері зат; жан қайраты бар зат; адамгершілік сапа; әлеуметтік – мемлекеттік зат; шеберлік, суретшілік зат. Ол аталмыш сипаттар адам тәрбиесіне, қоғам, мемлекет ісінеде айрықша орынға ие.автор оттан да ыстық Отанды адамшылдықтың биік елесі, ал оған құрмет пен сезім өзгеще болу керектігін айрықша айтады. «Адам тек адамдар арасында ғана адам бола алады» (И.Бехер) деген қағиданы бетке ұстап, әр адам қоғам, заман уақыт беделдерімен ғанабиіктей түседі, ең негізгісі, тәрбие тәлімі белгілі бір ортада қалыптасып, дамып отыратына автор ерекше мән береді.
Ол тәрбиенің бастымақсаты мен қуатына зор маңыз береді. Автор адамды бұзатын да, түзейтін де тәрбие екендігін айтады. Жеке адам, оның өмір, қоғамдағы орнын оның ұлтқа, Отанға үлес-салмағы, адамгершілік, әділдік жолындағы іс-әрекеттерін кең көлемде сөз етеді де, осы бағыттағы ғылым, тәжірибе әсерінің мәні терең түсіндіріледі. Ж.Аймауытұлы: «...... адамның өмір сүруіне бір мақсат бар болса, тәрбиеде де мақсат болуға тиіс. Ол мақсат жалпыға пайдалы, іске асарлық болуы тиіс» дегенді баса көрсетіп, бөлекше айтады.
Ғалым – ұстаздың әрбие шарттары жөніндегі ой-пікірлерінің де бүгін де мән-мағынасын жоймағанын байқар едік. Автор әрбір адамның туу, қалыптасу, жетілуінде тәрбие шарттарының, атап айтқанда жаратылыс (дүние), үй-іші, өскен орта, замандастар, туған жұрт, оның діні мен тілін блекше атап, бұларға ерекше мән береді.
Ж.Аймауытұлының педагогикалық психологияға қатысты түйінді ойы мынада: «ақылды адам көбейсе, Отанның күзетшісі, қорғаны..... тәрбиешігі Отанның келешек өмірі тапсырылады». Тәрбие жұмысы болашақтан – болашаққа желісі үзілмей жалғаса бергені нұр. әлемдік мәдениет пен халықтың рухани байлықтарының қоғамға, оның іс-әрекеттеріне қажетті тұстарын танып, тазалау пайдалы болмақ. Тәрбие талғамы, өнегесі ретінде бабалар (би, шешендер, жыраулар т.б.) сөзін отбасында, өмірде үлгі ету қажет-ақ. Осы айтылғандардың ең негізгісі, әрбір отбасы шаңырақтағы буынды өмірдің жалғасы, қоғамның тірегі, ұлттың болашағы деп танып, оларға деген берік сенім мен дұрыс көзқарасты жоғалтпауға, төмендетпеуге тиіс [7].
Ж. Аймауытұлының оқыту мен тәрбие мәселесіндегі ой – пікірінде ана тілінің адам жан танымының қалыптасуында ерекше орын алатыны жеріне жеткізіле айтылған. Ол туған тіл – ана тілінің ұлттық иірімге толы қыр-сырын меңгеріп, тыныс – тіршіліктің алуан саласындағы қызмет орнын танып – түстемей, өзге тілдерді оқып – үйрену қиынның қиыны дейді. Автор ана тілін оқытудың негізгі мәнін «халық болып жасағанан бергі жан-дүниесінің айнасы» деп біледі. Оның жас ұрпақ тәрбиесіндегі орнын; «Бала оқуды тілден бастайды. Бастауыш мектептің көбінесе айналдыратын оқуы – тілдің мүшелерін анық білдіріп, баланың тілін байыту» деп сипаттайды. Бұл ретте жас буынның дұрыс ойлап, сөйлеуіне ата-ана мен мекиеп ұжымы, осы саланың оқушылары бірден-бір жауапты екенін, ең негізгісі «Сөз – ойдың айнасы, ойсыз сөз жоқ» деген түйінді тұжырымдайды. Қысқысы, бұл айтылғандарды іс-жүзіне қалай асыруға болады? Бұл Ж. Аймауытұлының ең көкей тесті сұрағы еді.
1.3 Ж.Аймауытовтың жалпы психологиялық көзқарасы
Жүсіпбек Аймауытұлының
Ж.Аймауытов қазақ халқының ана тілінде психология саласында да алғашқы төл туындысын дәріптеп көптеген еңбек етіп, артына көл мұра қалдырып кетті. Оның екі кітабы: «Психология» (376-бет, 1926 ж.), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (80-бет, 1926 ж.) осы ғылым саласынан жазылған тұңғыш төл туындылар. Ж. Аймауытов «Тәрбие жетекші» .(1924), «Комплексті оқыту жолдары» (1929), «Жаңа ауыл» (1930) дейтін еңбеқтерінде психологиялық мәселелерге ерекше мән берген.
Мәселен, оның «Тәрбиеге жетекшісінде» дидактика мен педагогикалық психологияның ғылыми астарлары, ұлт тіліндегі тәлім-тәрбиелік терминдер жүйесі сөз болады. Еңбек төрт бөлімнең, 29 параграфтан тұрады. Осы кітаптың «Дидактика» бөлімінде оның психологнялық негіздері (ынталы оқыту, үйрету әдістері, машықтану жолдары, оқытудағы көрнекілік, оқыту түсіндіру т.б.жиырмасыншы жылдардағы қазақ мектептерінің өмірінен алынған нақтылы мысалдармен терең талданады.
Еңбектің төртінші бөлімінде де педагогикалық психологияның кейбір мәселелері сөз болады. Олар: ұстаз бен шәкірт ынтымақтастығының басты белгілері, қазақ мектебінің өзіндік ерекшеліктері, мұндағы еңбек тәрбиесі білім беру ісі.Кезіндегі осы еңбек жөнінде жұртшылық жылы лебіз білдірген еді: Жүсіпбектің «Тәрбиеге жетекші кітабы — жыл құсы».Бұл кітаптың тілі өте жеңіл әрі жаңа сарынмен жазылған. Бұл кітап әр оқытушы столының үстінде жатуы керек және мектептің кітапханасында болуы керек («Еңбекші қазақ», 1925, № 410). Қітапқа берілген осы баға күні бүгінге дейін өзінің құнын жоғалтқан жоқ.
Ж. Аймауытовтың психологиялық мұрасы туралы айтқанда, оның "Психология» атты төл оқу құралын толығырақ сөз етуді қажет етеді. Өйткені бұл психология саласында төл тілімізде жазылған ғылыми мәнін күні бүгінге дейін жоймай жалғасып келе жатқан құнды дүние екендігі даусыз.
«Психология» — деп жазды автор осы кітаптың «Бет ашарында»—терең ой, терең білім, терең пәлсапа соған тән пән:.. өзге білімдер затшылдыққа (материализм — Қ. Ж.) табанын тіресе де, психология әлі тіреп, аяғын нық басқан жоқ. Қарапайым адамға жұмбақ сықылды көрінетін талай нәрселер психологияда қаралады... Себептері, сырлары айқындалады, бұлардан хабардар болу, ақыл-ойына ерік беру кімге де болса керекті. Бұл кітапты алдымен бала оқытушыларға ұсынамыз. Қала берсе, кімде-кім әлеуметпен, қоғаммен қатынасып, қызмет ететін болса, соның бәріне де психология пайдалы кітап деп ойлаймыз. Хат танитын жай қазақ та арындамай оқи алса, недәуір білім алар деп сенеміз. Қиын жерлерін шалғайнан ұкпаса оңай жерлерін оқып көрер, сөйте-сөйте біріне тіс батар». Оқырманына осылайша ой сала келіп, Жүсіпбек «Психология нені сөйлейді?» дейтін бірінші тарауда осы ғылымның екі жарым мың жылдық тарихынан біраз мағлұмат береді. Бұл жерде рациондалистік (ақыл-ой), эксперименттік (тәжірибе) психологияның жай-жапсарын баяндайтын беттері өте тартымды.
Кітаптың екінші тарауында адамның жан-дүниесін, мінез-құлқын зерттеуді қайтып ұйымдастыруға болатындығын айта келіп, (бақылау, анкета, әңгімелесу, тәжірибе әдістерінің мән-жайын) тәптіштеп түсіріледі. ( Адамзат дүниеснің заңдылықтарын зерттейтін математиканы, оның вариациялық статистика дейтій саласын қалайша пайдалануға болатындығын қазақ топырағында алғаш рет сөз етеді.
Кітаптың үшінші тарауында тірі заттардың қылығын жалпы мінездеу (қазіргі кезенде «Психика және сана») деп аталады. Мұнда психофизикалық және психофизиологиялық құбылыстар атап айтқанда, организмнің тітіркенушілік пен сезгіштік қасиеттерінің ерекшеліктері, жануар мен адамның дағды, инстинктері (соқыр сезімдері) бұлардың бір-бірінен айырмашылықтары, өсімдіктер дүниесіндегі тіршілік белгісі (тропизмдер) ғылыми талдауға алынады. Осы тарауда академик И. П. Павловтың шартты рефлекстер туралы ілімінің негізгі қағидалары сөз болады; осылайша адам санасының даму жолын тарихи-қоғамдық тұрғыдан дұрыс көрсете келе, қоғамдық (әлеуметтік) психологияның негізгі мәселелерінің бірі (топ, жұртшылық, қоғам, парасат, әдет т. б.) мәнін қазіргі психологиялық түсініктердің төңірегінде тәптіштейді.
«Денедегі кейбір мүшелер, олардың қызметтері» деп аталатын төртінші тарауында жан куаттарының анатомиялық - физиологиялық механизмдері, яғни жүйке саласы мен оның атқаратын кызметі, қозу, тежелу, жүйке процестері, ми бөліктері, олардың қызметі, негізгі, сезім мүшелерінің (көз, құлақ, иіс, дәм, тері т. б.) анатомиялық құрылысы жөнінде мағлұматтар беріледі. Мәселен, адам тәнінің шамшырағы көздің психофизиологиялық механизмдері өте тартымды, шебер тілмен, дәйекті баяндалған.
Бесінші тарауда эмоция мен сезім, бет пен денедегі түрлі мәнерлі құбылыстардың (келбет, көз әлпеті, ым-ишарасы т. б.) казақ өмірінен алынған қызғылықты да нақтылы дерекгер аркылы.түсіндіріледі.
Адамда жиі ұшырайтын сезім, көңіл күйлері (махаббат, таңсыққойлық, қорқыныш, тентектік, бәсеке т. б.) және бұларды қалыптастыру жолдары сөз болады. Түйсік пен қабылдау, перне іліктестігі ассоциация мен апперценций, ынта мен ілтипат, ес пен елес, қиял мен шығармашылық мәселелері алтыншы, сегізінші тараулардың басты тақырыптары. Бұларда классикалық психологиялық негізгі қисындары түйсік — Бебер-Фехнер тұжырымдаған физикалык заңы, Г. Гельмгольдің резонанс (жаңғырық) теориясы. Беркли қисыны т. б. төл тіліміздің өзіндік нақышымен жақсы түсіндіріледі.
Ал психологияның басты проблемаларның ішіндегі жойалатың ойлау мен сөйлеу, ұғым мен сөз, елестеу мен ұғым, ойлау формалары (ұғым, пікір, ой корытындылары) сияқты күрделі ғылыми категориялардың мән-мәнісін логика, психология ғылымдары тұрғысынан өз дәрежесінде талдау тапқан. Тоғызыншы тарауда ерік - жігер, қажыр - қайрат бұларды тәрбиелеу жайлы әңгіме болса, оныншы тарауда — ұйқы, түс көру, көз, байлау (гипноз) парапсихологиялық құбылыстар жайлы айтылады.
Он бірінші, он екінші тарауларда әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүр, түрлі оң, теріс қылықтардың табиғаты, адам психологиясын әлеуметтік, қоғамдық тұрғыдан қалыптастыруы, сондай-ақ мәдениет пен өнердің ішіндегі пәлсапаның, геогрофиялық ортаның (қазіргі терминде экологиялық — Қ. Ж.) Тіл мен ауыз әдебиетінің адамның жан дүниесіне қалайша әсер ететіндігін нақты, әрі тартымды мысалдар арқылы түсіндіреді.
"Психология» оқу құралында сурет, таблица, схема т. б. түрлі безендірулерге ерекше мән берілген. Бұл айтылғандардың бәр-бәрі оқу кітаптарының ажарын кіргізетін, олардың дидактикалық пәрменділігін арттыратын мәнді өлшемдер. Мұнда классикалық психологиядан түпкілікті орын тепкен, күні бүгінге дейін қолдану мәнін жоймаған түрлі аспап - құралдардың (спиморграфия эстезиометр, кимограф, пиевмограф, камертон т. б.) сондай-ақ көптеген схема, таблицалардың суреттері (жүйке саласының бөліктері, ми жарты шарларының құрылысы, есту, сипап - сезу мүшелері — көз - құлақ, тері, жүйке талшықтары т. б.) орын тепкен.
Ж.Аймауытовтың психология саласында жазған екінші төл еңбегі «Жан жүйесі мен өнер таңдау» (Мәскеу 1926) ерекше назар аудартады. Мұнда автор ғылыми психологияда кең тараған анкета, байқау әдістері арқылы кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қыр қазақтарының ұлт, әлеумет ерекшеліктерін ескере отырып, олардың мамандық таңдау жолындағы талпыныстарын тәжірибе арқылы анықтағысы келген. Зерттеудің басты мақсаты: Қазаң төңкерісінен кейінгі жаңа заманның кезінде жастарға мамандықты дұрыс таңдай білуге жәрдемдесу. Кітап мысалдарынан сол кездегі қазак жастарның қолөнері, зая, сот т. б. осы секілді әкімгерлік қызметтер, сондай-ақ мұғалімдік, журналистік, сауда, медицина т. б. мамандықтары ерекше қызықтырғанын аңғарасыз. Автор мамандықтың жаманы жоқ, тек оған керегі икемдік қажет, бұл жай күнелту жолы ғана емес, үлкен өнерді, шеберлікгі қажет ететінін айтады. «Әлеумет тұрмысындағы зор кемшіліктің бірі — деп жазды ол,— әлеуметтің мүшесі — әр адам өз ортасына қызмет етпеу... Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен жүріп қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек, өз орнында істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ әр өнер, әр қызмет мемлекетке, әлеуметке керек. Әлеумет те, мемлекет те әр адамның еңбегі берекелі, пайдалы болуын тілейді: «неғұрлым әр мүшесінің еңбегі жемісті болса, соғұрлым әлеумет тұрғысы да тез оңалмақ», «...басты мақсатын біржола ұмытып, әлеумет қызметіне біржола берілетін адам болуы мүмкін емес, ондай адам кемде-кем. Біреу әлеумет үшін еңбегін көп жұмсайды, біреу бойын тежеп, жеке мақсатын көбірек бағалайды. Айырма жалғыз осында.... Қайткенде әрі жеке адамның, әрі әлеуметтің пайдасы бірден табылады? Қай уақытта әлеумет тілегі мен жеке адам тілегі тоғысады?— Әр адам табиғатына біткен қабілетіне, ыңғайына, зеректігіне қарай өз орнында қызмет етсе, сонда табылады». Бүгінгі нарық экономикасының талап-тілектері мамандық таңдау мәселесіне басқаша бағыт-бағдар беріп отыр. Қазіргі заманда қандай мамандық иесі болмасын – өз ісіне жеңіл-желпі қарай алмайтыны белгілі. Мұны Ж. Аймауытов та сол кездің өзінде қатты ескерткен: «Оқыған азаматтың қызметке тұрлаусыздығы, тез қызып, тез суығыштығы, білімі аз, шалалығы, құр даурық боямалылығы, еліктегіші, мансапқорлылығы, кеңсешілдігі, пайдакүнемдігі, негізгі мақсат, мұраты жоқтығы, берік жол тұтына алмайтындығы осының бәрі шын әлеумет қызметкерінің піспеген, шынықпағандығын көрсетеді».