Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 12:50, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда қазақ елінің тәуелсіздік алып өткен-кеткенін түгендеп, тұлғалардың ғылыми салаларына қосқан үлесін зерделеу уақытында Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы еңбектерін, заманауи көзқарасына зерттемеу ұрпақ алдындағы қарызымызды өтелмеуі деуге болады. Сонымен қатар, Ж.Аймауытовтың психология әлеуметтік психология ғылымдарына қосқан үлесі, этикалық қазақ халқына тән көрсеткен ерекшелігі бүгінгі күнге дейін маңыздылығын жойған емес
Ғалымның ой тереңдігі мен көру кеңістігін бүгінгі жас ғалымдарға үлгі, сабақ, тәжірибе болады.
Совет өкіметінің алғашқы жылдарында, жаңа мен ескі арасындағы идеология саласындағы күресте жастар санасы, астар көзқарасы үшін талас күшті жүрді. Адам жаны үшін бұл күреске ұстаз Ж. Аймауытұлы батыл араласты. Ол ерте-ақ жастарды еңбекші елге қызмет етуге, жоқ – жұқаналарға қамқор, дос –жарандарға адал болуға шақырған [4].
Ж. Аймауытов – жастар жанашыры, балалар тәрбиешісі ғана емес, жалпы елдің дежалықпаған ұстазы. Ол қоғамдағы кесір – кесапаттан тазартып, адам рухын биіктету жолында сатира қаруында қажетіне жаратқан. Пайдалана білмесе қолды кесіп кететін, екі жағыда өткір жүзді пышақтай бл құралды қолдануда аузына жанына әрін қаратқан. «Сегіз қырлв, бір сырлы» Жүсіпбектің қызық қыры да – осы сықақшылдығы.
Әдетте өмір ауыртпалығы, тұрмыс тақсіреті, асқа түскен қиындықтар адамның жан жүйесіне әсер етеді, оның сезімін қозғайды, буырқандырады, брсандырады. Бүкіл жан-тәнімен тебірентіп, оны не адуынды ақын етеді, не шиыршық атқан, кеудесін кек кернеген, кесіп түсер сатирик етеді. Жүсіпбектің де сықақшылдық қырын қалыптастырған - өмір қиыншылығы, тұрмыс тапшылығы, езілген етікшілік, жарымаған жалшылық.
1.2 Ж. Аймауытовтың педагогикаға қосқан үлесі
Ж. Аймауытов «Ұзақ жылдар бойы ұлтшылдық» әдебиеттің өкілі деген айып тағылып, жазықсыз жапа шеккен, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті қайраткерлерінің бірі Ж. Аймауытов жазушылығымен қоса қазақ топырағында тұңғыш педагогика, психологая, көркемөнер ғылымдары саласында қалам тартып, құнды -құнды ғылыми - зерттеу еңбектерін жазуымен бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы болуымен дараланған ірі тұлға.
1911—1914 жылдар арасында Баянауылда бала оқытады, кейінгі жылдары әр түрлі қызмет атқарады. Осы жылдары бала оқыту арқылы қазақтың бала тәрбиесінде оның ілімінің әлі де толық жетілмегеніне көз жеткізген қазақ ағартушы Ж.Аймауытов Абайдың еңбектері арқылы бала тәрбиесіне оқу – ағарту саласына еңбек етуді мақсат етеді.
Қазақтың көрнекті ағартушыларының
бірі Ж. Аймауытов өзінің тәлім-тәрбие
саласындағы бағыт-бағдарын 1918 жылы ақпан
айында Семей қаласында шыққан әдеби және
ғылыми-қоғамдық «Абай» атты журналдың
бас мақаласынан аңғартады. Онда Аймауытов:
«...Қазақ сахарасында ммен жалғыз алынып,
жапа шеккен ұлы ағартушы Абайдың көздеген
мақсаты халқын өнер-білімге, оқуға, отырықшылыққа,
мәдениетті ел дәрежесіне жеткізу еді»—
деп жазады. Ол Абай ұстаған ағартушылдық
жолды тыныс-тіршілігінің негізгі арқауы
етіп алады.
Осы журналдың 1918 жылғы 1 – 2 басылымдарында
Аймауытовтың «Тәрбие» атты келесі мақаласында
тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер ғылыми тұрғыдан
терең баяндалған.
Мақала «Адам мен хайуанның өмір сүруінің айырмашылықтарын көрсете келіп адамдық қасиет саналы өмір сүру, қауым болып бірлесіп, тіршілік ету» дейді. Ол сондай-ақ адамның қоғамдық еңбегінің жемісті, нәтижелі болуы тәрбиеге байланысты», деп қорытынды жасайды. Ғалым өзінің осы тұжырымын ертедегі римдіктер, афиндіктер өмірінен мысалдар келтіріп дәлелдейді.
Ж. Аймауытов «Адам мінезінің,
ақыл-қайратының әр түрлі болуы тәрбиешінің
түрлі-түрлі болуынан... Адам баласының
ұрлық істеуі, өтірік айтуы, кісі тонауы,
өлтіруі сықылды бұзақылықтарды жасауы,
тәрбиенің жетіспегендігінен» дейді.
Ол тәрбиенің екі түрлі болатынын: дене
тәрбиесі және жан (рух) тәрбиесі болып
бөлінетіндігін атап көрсетеді.
Аймауытов балаға әсер ететің
нәрсе медрес мектеп және тәрбиеші (мұғалім)
деп санайды. Кейде – деп жазды ол,— белгісіз
себептермен күшті ықпал ететін, әсер
туғызатын жағдайлардың да болуы мүмкін.
Ол замандастары (құрбы-құрдастары), туған
аулы, өскен ортасы, оның діні, тілі және
басқа да нәрселер» деп, тәрбие мәселесіне
ықпал ететін факторларды тізбектеп талдайды.
Ж. Аймауытов өнегелі үйелменнен бұзық мінезді баланың шығуы немесе тәрбиесі нашар отбасынан да тәрбиелі, өнегелі баланың өсуі мүмкін дей келеді де, бұл айтылғандар өскен ортанын, замандас, жолдас-жора, құрбы-құрдастың ықпалынан, соларға еліктеуден болатынын дәлелдейді.
Тәлімгер - ғалым бала тәрбиесіне туған елдің әдет-ғұрпы мен салт-санасының да белгілі мөлшерде әсер ететінін ғылыми тұрғыдан дәлелдей түскен.
Ойын-сауық, өлең-жырды естіп өскен елдің баласы өнерге бейім болады, діндар елдің баласы діншіл келеді. Жастайынан кемдік, жоқшылық, қағажу көріп өскен ауылдың баласы жасқаншақ, бұйығы болады —деп қоғамдық салт-сана, әдет-ғұрыптың тәрбиеге тигізетін ықпалына тоқталады.
Ж. Аймауытов «Тәрбиенің негізгі мақсаты мінез – құлықты түзеу, адамшылыққа қызмет ету, адал еңбек ете білуге тәрбиелеу» деген қағиданы қуаттай келіп, баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуларын қалайды.
Себебі бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегісі келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек»—дейді.
Ж.Аймауытов сол кездері орыс оқымыстыларының тәрбие жөніндегі еңбектерімен адам тәрбиесіне қоршаған ортаның әсері жөнінде жақсы таныс болуы ықтимал. Өйткені оның жазбаларынан орыс жазушысы Л.Н.Толстойдың «Тәрбие дегеніміз бір адамның екінші адамға жасайтын ықпалы» немесе заңғар педагог А. С. Макаренконың “Адамдарды қоршаған орта тәрбиелейді. Адамдар тұтыну заттары, табиғи құбылыс т. б. бәрі тәрбиеге белгілі әсерін тигізеді. Соның ішінде ең әсерлісі адамдардың қарым-қатынасы, әсіресе ата-аналар мен ұстаздардың ықпалы ерекше. Анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін әуелде дұрыс тәрбие беруге тырысу керек» деген секілді таныс пікірлер жиі ұшырасады.
Мақаласының соңында адамның тән сырқатын емдейтін дәрігер мамандығы мен адам жанын сауыктыратын, ақыл-есін, мінез-құлқын тәрбиелеп жетілдіретін тәрбиеші - ұстаз еңбегін салыстыра отырып, бұл екі мамандықтын да, тәні сау, рухани байлығы мол, жан-жақты жетілген абзал жанды, сергек қоғам мүшелерін тәрбиелеудегі өлшеусіз мол еңбегінің маңыздылығын өте орынды атып өткен.
Ж.Аймауытов педагогика ғылымы саласындағы жүйелі ой-пікірлері оның 1924 жылы Орынборда басылған «Тәрбиеші жетекші» атты еңбегінен жақсы байқалады. Бұл еңбекте Аймауытов «Баланы оқытудың белгілі ереже заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін таңдап, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогиканың негізгі бөлімі — дидактикаға ғылыми анықтама берген. Ғалымның (Ж. Аймауытовтың) пікірінше: "Мұғалімнің айналысатыны — үнемі қозғалып, өзгеріп, өсетін, өркендейтін тірі адам (тұлға) болғандықтан, біркелкі әдіске табан тіреп шектеліп қалуға болмайды... Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын (туындайтын) өнер» деп тұжырымдайды.
Дидактика мұғалімге жалпы жол-жоба
көрсетіп, жетекшілік етеді, сыннан өткен
тиімді деген жолдарды ғана нұсқайды—
деп оқыту, білім беру әдісінің қатып-семіп
қалған догма емес, үнемі
ізденуден туатын іс-әрекет
екенін дұрыс атап өтеді.
Ж. Аймауытовтың бұл пікірі қазіргі қазақ педагогикасын оқытудың мазмұнын қайта құру жөнін жалпы орта білім беру тұжырымдамасында айтылған педагогикалық процестің сапасын көтерудің маңызды бағыты—сабақты өткізу тәсілдерін одан әрі жетілдіру. "Балаларды оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру үшін мұғалімнің ұстаздық шеберлігі жоғары болуы және оның профессионалдық еркіндікке ие болуы керек" деген идеямен астарласып жатқанын байқау қиын емес. Ғалым білім алуды күнделікті өмір тәжірибесімен ұштастыра білудің қажеттігін, мектепте алған білімнің келешек өмірдегі мамандыққа қазық болатынын жақсы айтқан.
Ж. Аймауытов білім негіздерінің ана тілі арқылы меңгерілетінін айта келе: «Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып өзге пәндерді түсінуі мүмкін емес Ана тілі халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы болып, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы мол халықтың тілі»—деп оның қоғамдық рөлін, адамзат баласы жасаған бар рухани-мәдени байлықты меңгерудің басты құралы екендігін, оны жан-жақты және терең меңгерудің кажеттігін баса көрсетеді. Бұл пікірдің ұлт тілінің абыройын көтеру жөніндегі бүгіндер жүргізіліп жатқан шаралармен үндес, өзінің актуальдылығын жоймаған, жаңара-жандана түскенін дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат.
Тәлімгер-ғалым баланың тіл
Адамның жан қуаттарының өсіп-жетілуіне тарих пәнінің алатын орнын былайша сыпаттайды: «Осы заманғы ғылымның көбі тарихпен тікелей байланыста жатыр. Тұрмыс жүйесі, әлеумет заңы", заң, пәлсафа, әдебиет, мәдениет, өнер — бәрі тарихтан туындайды. Әр ғылымның тарихы бар. Осы тарихтың бәрі —жалпы азамат тарихымен байланысты». «Тарихты оқып білу арқылы шәкірттерге қазіргі өмір мен өткен заманның байланыс заңдылықтарын ажырата білерлік сана туғызамыз»,— дейді.
Ж. Аймауытов «тарихты оқытуды қай сыныптардан бастау керек?» деген мәселесіне талдау жасап, тарихи мағұлматтар балалар әр тараудан білім алып, әзірленгенен кейін жазуға, оқуға әбден төселген соң, тарихи жеңіл әңгімелерді ұғынып айтып берерлік дәрежеге жеткен кезде, төңіректегі тұрмыс пен табиғаттан, геогрофиядан тәуір білім алғаннан кейін үйретілетін болсын дейді. Осы пәнді тарихи әңгімелер есебінде 4- сыныптан бастап оқыту дұрыс деген тұжырымды қуаттайды.
Мектепте «қандай тарихтың түрін оқытуды алғаш қолға алу керек?» деген мәселені сөз етеді де, «Бірден жалпы тарихты немесе КСРО тарихын оқытудан гөрі алдымен балалардың өздеріне күнделікті өмірден жақсы таныс өз жұртының тұрмыс-салты, тыныс - тіршілігмен байланысты тарихын оқытудан бастаған жөнг басқа жұрттың тарихынан жергілікті тарихқа керекті, һәм қазіргі заманға қатысы бар жерлерін ғана алу керек»,— деп тұжырымдайды [6].
Ж. Аймауытов бөтен жұрттың тұрмысында өзгешелік, жаттық бар: киімі, ойы, әдет-ғұрпы, кәсібі, өнері балаларға жаттық етеді, оны ұғыну бірден қиындық келтіреді,— деп өз пікірін дәлелдей түседі. Ж. Аймауытов осы еңбегінде туған өлкені геогрофиясын оның тарихынан бөлек қарауға болмайтынын да айтқан.
Осы орайда қазіргі заманғы ғалымдардың пікірінше ерте замандағы «половец», «печенег» тәрізді көшпелі жұрттың шаруашылығы мен тұрмысын білуде геогрофия пәні үлкен рөл атқарады дей келіп, оны қазақ халқының ертедегі тарихымен байланыстыра жүргізуді меңзейді.
Көшпеді жұрттың өткендегі салт-сана, әдет-ғұрпы, шаруашылық кәсібі және мәдени өмірінен хабардар болу үшін 4 - сыныпта әдебиетті, тарихты және геогрофияны біріктіріп яғни интеграциялап «Біздің Отан» деген атпен оқыту қажет деген пікір ұсынады.
Ж. Аймауытовтың бұдан 82 жыл бұрын айтқан осы пікірлері бүгінгі жалпы орта білім беру жүйесіне де терең өзгерістер енгізуді ұсынып отырған ұлт мектептерінің тұжырымдамасында айтылғандай білімді әрмен қарай интеграциялап оны гуманизм идеясымен нәрлендіре берудің принципіне дәлме-дәл келіп отыр. Әрине, осы айтылғандар ұлт мектептерінде оқылатын пәндерге жаңа бағдарлама мен оқулықтар жасауда шешімін табуға тиіс.
Ж. Аймауытов адам баласының мәдениет тарихынан өнердің көрнекті орын алып келгенін өнерсіз қоғамның дамуы, рухани байлықтың молаюы мүмкін емес екендігіне тоқталып, ұлт мектептерінде әуелі кескін эддо
әуез өнерін яғни сурет салу, ән-күй
өнерін үйретуге негіз салу керектігін,
әрбір баланың өнерге деген ынтасын қозғап,
өнерпаздық қабілетін тәрбиелеудің қажеттін
баса айтады.
«Білімге деген ынталанушылық,—