Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 12:50, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда қазақ елінің тәуелсіздік алып өткен-кеткенін түгендеп, тұлғалардың ғылыми салаларына қосқан үлесін зерделеу уақытында Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы еңбектерін, заманауи көзқарасына зерттемеу ұрпақ алдындағы қарызымызды өтелмеуі деуге болады. Сонымен қатар, Ж.Аймауытовтың психология әлеуметтік психология ғылымдарына қосқан үлесі, этикалық қазақ халқына тән көрсеткен ерекшелігі бүгінгі күнге дейін маңыздылығын жойған емес
Ғалымның ой тереңдігі мен көру кеңістігін бүгінгі жас ғалымдарға үлгі, сабақ, тәжірибе болады.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда қазақ елінің тәуелсіздік алып өткен-кеткенін түгендеп, тұлғалардың ғылыми салаларына қосқан үлесін зерделеу уақытында Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы еңбектерін, заманауи көзқарасына зерттемеу ұрпақ алдындағы қарызымызды өтелмеуі деуге болады. Сонымен қатар, Ж.Аймауытовтың психология әлеуметтік психология ғылымдарына қосқан үлесі, этикалық қазақ халқына тән көрсеткен ерекшелігі бүгінгі күнге дейін маңыздылығын жойған емес
Ғалымның ой тереңдігі мен көру кеңістігін бүгінгі жас ғалымдарға үлгі, сабақ, тәжірибе болады.
Еліміздің егемендік алуы, тарих пен тұлғаларға жаңа тұрғыдан қарап, баға беріп, өзіндік орындарын айқындауға жағдай жасалында. Жүсіпбек Аймауытовтың ғылыми шығармаларына тарихи әдіснамалық сараптама жасау, оның терең ғұлама, ғалым екендігін өз заманының ғылыми жетістіктерін, соның ішінде жан тану жаңалықтарын жетік игергенін көруге болады: өзіндік ғылыми көзқарасының қалыптасқанының тұжырымға келгенін көреміз.
Еңбектерінің құндылығы жалпы психология білімі қазақтың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып қарастыруы болады.
Қазақ халқының мінез – құлығының тәуелді болушы факторларын дәлелді жеткізген.
Мақсаты: Ж.Аймауытовтың психологиялық еңбектеріндегі адам қылығының әлеумет пен шаруашылыққа тәуелділігінің дәлелденгенін көрсету.
Міндеттері:
1 Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығын зерттеу;
2) Ж.Аймауытовтың психологиялық көзқарасы мен психологиялық еңбектерін сараптау;
3 Психология ғылымындағы
«Адам қылығы» туралы
4) Ж.Аймауытовтың «Адам
қылығы» туралы зерттеулерін
саралап, тарихи
5) «Адам қылығын» қалыптасырушы
әдіс-тәсілдерді қолданудың
Ғылыми болжамы (гипотеза): Егер, Ж. Аймауытовтың адам қылығын әлеумет және шаруашылықпен байланыстылығын дәлелдеуші тұжырымдамаларын ғылыми, заманауи тұрғыдан сарапталып, қарастырылса, отандық әлеуметтікпен тұлға психологиясы ғылыми салалары теориялық және тәжірбиелік жағы айқындалып, толыға түседі.
Зерттеу пәні: Ж. Аймауытовтың адам қылығы туралы тұжырымдары.
Зертту нысаны: Адам қылығ оның қалыптасуы мен тәуелді жағдайлары.
Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы: Тақырып осы аспектіде қаралмаған. Адамның қылығы тұлға психологиясында, Жүсіпбек Аймауытовтың психологиялық көзқарастары деп жалпылама не тарихи жүйесімен қарастырылып кеткен. Диплом тақырыбы мен жаңашылдығы тарихи даму үрдістерінде зерттелуі: өткен, қазіргі, болашақ уақыттарға, тарихи, саяси байланыстылығы. Сонымен қатар ғылыми аралық байланыстылығы тұлға психологиясы, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогикалық ғылымдар. Жұмыстың маерталдарын жоғарғы оқу орындарында дәріс және өзіндік жұмыс сабақтарында қолдануға болады. Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығын зерттейтіндерге көмекші құрал бола алады.
Дипломдық жұмысқа ғылыми теориялық негіз болған психология, әлеуметтік психология, этнопсихология саласындағы отандас және шетел ғалымдардың еңбектері, Ж.Аймауытовтың төл шығармалары және Ж.Аймауытовты зерттеген ғалымдардың ізденіс жұмыстары, Ж.Аймауытов тұрған заманына, көзарасы мен шығармасына ықпалын тигізуші күштерді қарастырған тарихи-әлеуметтік шығармалар, адам қылығын қалыпастыратын тәжірибелік жианақтар.
Дипломдық жұмысқа тәжірибелік негіз болған тарихи деректермен жұмыс жасау, салыстыру адам іс-әрекеттерін қалыптастыру жолдарын қолданған практикалық, әдістемелік жұмыстар.
Жұмыста қолданған ғылыми зерттеу әдістер: құжаттар, шығармамен жұмыс жасау, тарихи зерттеу, сараптама, анализ, синтез, тест сауалнама, диалог т.б.
Дипломдық жұмыстың маңыздылығы: Жұмыстың мазмұны оқу- тәрбие үрдістерінде қолдануға болады, тәжірибелік сабақтарда зерттеу әдістері мен тәсілдері мысал және үлгі ретінде ұстанымға жарайды. Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармалаына қызығушылық білдіргенерге қосымша материал бола алады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Кіріспе, төрт тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымша материалдардан тұрады.
1. Ж. Аймауытұлы – ғалым, психолог
1.1 Ж.Аймауытовтың өмір жолы мен төл туындылары
Аймауытов Жүсіпбек (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетің қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.
Жүсіпбек жастайынан арабша хат танып, оқу үйренген. 1907 жылдан бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.
1911—1914 ж.ж. ауылда мұғалім
болып істейді. 1914 жылы Семейдегі
оқытушылар семинариясына
Кейін Алаш ордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919). Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады(1920). Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі(1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы қызметін атқарады [1].
Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады.
1929 жылы басталған
кеңестік қуғын-сүргін кезінде
Қазақстандағы ұлтшылдық
Ж.Аймауытов қаламынан туған мол мұраны М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты.
Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, қүнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.
Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші» (1924 ж.), «Психология» (1926 ж.), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж.), т.б. ірі ғылыми еңбектері бар.
Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Ж.Аймауытов шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ.
Аймауытовтың әдебиетпен әуестенуі 1910 жылы басталады. Оның алғашқы өлеңдері мен әңгімелері, мақалалары «Қазақ», «Сарыарқа» газеттерінде, «Абай» журналында жарияланып тұрады. 20-жылдар ішінде республикалық газет-журналдар бетінде шығармалары көп басылған. «Қартқожа» романы (1926), «Ел қорғаны» (1925), «Мансапқорлар» (1925), «Қанапия мен Шәрбану» (1926), «Шернияз» (1926) пьесалары, «Нұр күйі» поэмасы (1929) және бір топ аударма кітаптары жарық көрген. Аймауытовтың жаңа дәуірдегі қазақ прозасын, әсіресе, роман жанрын бастаушы есебіндегі орны үлкен [2].
Жүсіпбек Аймауытов — өз дәуірінің келелі мәселелерін көтерген көптеген мәнді мақалалардың авторы. Кезінде "Абай" журналында, басқа да басылымдарда жарияланған мақалаларында ол аласапыран өзгерістер заманының шындығын насихаттауға ұмтылды. Сонымен бірге, әдебиет мәселелері төңірегіндегі мәселелерді қозғап, бірқатар әдеби-сын мақалалар жазды. 1918 жылы М. Әуезовпен бірігіп жазған "Абайдан соңғы ақындар", 1923 жылы жазған "Мағжанның ақындығы туралы", 1925 жылы жазылған "Сұңқар жыры", "Аударма туралы" атты мақалалары арқылы ол әдебиет сыншысы ретінде танылды. Оларда Жүсіпбектің әдеби шығарманы жазушы өмір сүрген дәуірмен, тарихи кезең ерекшеліктерімен байланыстыра отырып талдау шеберлігі айқын байқалады.
Әдеби сын мақалар, публицистикалық еңбектер, аудармаларды былай қойғанда, Жүсіпбек таза ғылым саласына, оның ішінде педагогика, психологияға арналған күрделі, маңызды, терең еңбектер берген көшпелі ғалым, білікті зерттеуші. Бұл ретте әсіресе «Психология» кітабын ерекше бөліп айтуға болды. Оны екі бөлімнен тұратын оқу құралы үлгісінде жасалған бұл зерттеу – қазақ тіліндегі осы бағыттағы алғашқы жемісті ізденістердің, олжалы табыстардың қатарына жатады.
Ғалым дін тарихына,
пәлсапа тарихына терең бойлай отырып,
көптеген мысалдар деректер келтіріп,
сан алуан оқымыстылар
Психологияның сан алуан
түрлерін айта келе, дәлді зерттеу
үшін бақылаудың, анкетаның, сұраудың,
материалдық тәсілдердің
Екінші ғылыми еңбек « Жан жүйесі мен өнер таңдау» ( 1926) деп аталды. Мұнда ең алдымен адам қабілетінің табиғаты зерттеледі. « Ол (адам) туыла белгілі бір өнерге бейім болып келеді, басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғайлы қабілет зеректігі болады, мәселен, біреу әскерлікке, не жазушылыққа, болмаса дәрігерлікке. Яки саудаға, біреу даулы сөзге ыңғайланып жаралады» - деген оймен көптеген мысалдармен, деректермен, тұжырымдамалармен дәлелдеп береді. Барлық мамандықтың қажеттілігін айта келіп, табиғи икемділік, қабілетке, оның биологиялық, табиғи негізіне ерекше көңіл бөледі [3].
Зерттеуші адам мінездерін бірнеше топқа бөледі, олар:
1) күйгелек;
2) аяныш жанды;
3) ыстық қанды;
4) салқын қанды;
5) қызбалы;
6) құмартпалы;
7) ұйтқымалы;
8) сарыуайымшыл. Бұлардың
әрқайсысының психологиялық
Адам қабілеттерін айқындау үшін, кәсіптік бағдар беру мақсатымен Англия, Германия, Шотландия, Американың әйгілі университеттерінде жасалған тәжірибелер, түрлі бақылау әдістері, анкета, сұрау мүмкіндіктері көрсетіледі. Қабілеттің айқындалып ашылуына отбасы, мектеп, қоршаған әлеуметтік орта ықпалы орасан зор. Бұл орайда ғалым материалистік дүниетаным тұрғысынан тұжырым жасайды. Ғалым негізгі ойларын тұжырымдай келіп: «Алтын кездік қын түбінде жатпайды» деген мақал бар. Ол рас, алтын кездік – озат талант, көптің бәрі талант емес. Өмірде озат адам сирек, әлеумет өзі атқарып тауып алмаса, талай күміс, талай құрыш кездік қап түбінде жатап қалуы анық», - деп адам тәрбиелеуде, маман шығаруда жетекші ролді қоғамдық факторлар атқаратынына да ден қояды.
Сонымен, еліміздің тәуелсіздік
алуының арқасында кезінде
Ж.Аймауытов – бүкіл бітім табиғатымен, бар икемділігімен, алған мамандығымен, істеген қызметімен негізінен ұстаз адамы. Ол жасынаан-ақ ескіше білім алып, молдалық еткен. 1908 – 1910 жылдары бай-манап, барларға жалданып балаоқытқан. Кейінірек Семейдегі мұғалімдер семинариясын бітірген. Оқып жүріп те, жазғы демалыс айларында елге келіп те ұстаздық еткен.
1920 жылы Жүсіпбек Қазақстанның
үкімет құрамына еніп, Орынборға
шақыртылған («Қазақ тілі»
Ұстаздық етуде, педагогика, психологиядан дәріс беруде, жоғарыда аталғандай оқу құралдарын жазу барысында Ж.Аймауытов өз ұлтының салт – санасын үңіле зерттеген. Ел ішіне сіңірген әдет-дағдыларға сын тұрғыдан қараған.сонда олардың жөндісі де, жөнсізі де, естісі де, есірі де барына көз жеткізген. Жөн – жосыққа, адамгершілікке сыйымдыларын, өмір – тіршіліке тиімділерін заң ретінде, мораль ретінде, күрес құрал ретінде де айдаланған. Бұған бір ғана дәлел келтірейік. 1921 – 1922 жылдары Жүсіпбек Аймауытов аштараға жәрдем ұйымдастыру ісімен де айналысты.