Отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттің қазіргі жүргізіп отырған саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 18:57, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Біз өмір сүріп жатқан қоғамда «отбасы» ең маңызды рөл атқаратындықтан әр мемлекет өз отбасы саясатын қалыптастырған.Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет болғандықтан, ондағы отбасы саясатының әлеуметтік мазмұнын ашып қарастыру- бүгінгі күннің өзекті мәселелердің бірі. Мемлекеттің отбасы саясаты мәселелері дамыған елдерге тән жалпы әлемдік даму бағыты ретінде бүгінде республикамыз бастан өткеріп отырған даму кезеңінің де басты ерекшелігі ретінде айқындалады.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………..................................3
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДА САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Мемлекеттің отбасы және балаларды әлеуметтік қорғау саясатының мәні мен анықтамасы....................................................................................................5
1.2 Отбасы және балаларды әлеуметтік қорғаудың маңызы мен түрлері....................................................................................................................13
2. МЕМЛЕКЕТТІҢ ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
2.1.Отбасы және балаларды әлеуметтік қорғау саясатының қалыптасуына әсер ететін факторлар..........................................................................................19
2.2. Отбасын қорғаудағы жүргізілетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектер.................................................................................................................27
3. ОТБАСЫ МЕН БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ПЕН ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Халықты әлеуметтік қорғаудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін жетілдіру бағыттары ......................................................................................35
3.2. Мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы мен балалар мәселелерін шешу жолдары.........................................................39
Қорытынды............................................................................................................46
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................

Работа содержит 1 файл

- Отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғау мемлекеттің қазіргі жүргізіп отырған саясаты.docx

— 155.75 Кб (Скачать)

    Ажырасу дегеніміз – жалпы  адамзаттың әлеуметтік-психологиялық мәселесі.Бұл - адам мен олардың отбасындағы  үлкен өзгерістің жаңғырығы, ірі  саяси-әлеуметтік қозғалыстардың пайда  болуы. Ғасырлардың жылжуымен адамдардың әлеуметтік-психологиялық сипаты да өзгереді. Онда көбіне өзіндік қасиеттері өседі, адамдардың бұл жекеленуі  соңғы жүз жылдықта тіптен арта түсуде. Адам құндылығы көрсеткішінің бағанасындағы  адамдардың жеке өзіндік сезімі, көзқарасы, әдеті, мүддесі, әуестігі сияқты бар  қасиеттерінің рөлі артуда.

    Ажырасу мәселесі – қазіргі  қазақстанның қоғамдағы некелік - отбасылық қатынасының  ең басты мәселелерінің бірі болып  саналады. Ал, ажырасудың артуы –  отбасы қатынасының беріктігін қажет  ететін қазақстандық отбасының тұрақтылығына  төнген қауіп. Отбасы тұрақтылығы ерлі - зайыптылардың, сондай-ақ, олардың  балалаларының өмір жағдайының тұрақтылығымен де тікелей байланысты. Отбасы тұрақты  болса, оның ынтымақ бірлігі де басым  болады, ол баланың тууы мен тәрбиеленуін де жақсы жағдаймен қамтамасыз етеді.

    Қазақстандағы отбасы мен некенің тұрақтылығы  мәселесі миллиондаған адам үшін, олардың  жеке бақыты мен сәттілігі, толықбақытын сезінуі және өмірге қанағаттануы үшін де өте манызды болып отыр.Ажырасудың ең басты әлеуметтік-психологиялық  себебі ерлі-зайыптыларда сезімталдық, жігерлік, бағалау - бейімделу бірлігінің болмауы, өздерінің маңызды бағыты мен мақсатының сәйкес келмеуі болып  табылады. Осындай үйлесімдіктің  болмауы некедегі қанағаттанушылыққа кері әсер етіп, жанжалдың артуына  негіз болады. Осыған орай, отбасындағы  келіспеушілік факторы мен жанжая жағдайы туады.

    Жас отбасында ажырасу санының артуына  бейімдейтін басты факторлардың бірі – ерлі-зайыптылардың келіспеушілік  пен жанжалды жеңуге, оның шешімін  табу жолдарына мән бермеуі, некеге жеткілікті дайындығының болмауы болып  табылады. Осының нәтижесінде көптеген отбасындағы қарама-қайшылық пен келіспеушілікті шешу жолының ең көп тараған түрі – ажырасу дәстүрлі үлгіге айналып барады.

    Осындай жағдайларды жанжалдасу кезіндегі  ерлі-зайыптылардың жағымсыз да орынсыз  қылықтары тереңдете түседі. Осыған орай, отбасы, оның дамуы мен қалыптасу  зандылықтары және неке дамуындағы үйлесімдік процесі жөніндегі ілімді жастар арасында кең көлемде насихаттаудың  мәні ерекше маңызға ие болады.

    Олай  болса, Қазақстан Республикасының  отбасы саясатын қалыптастыруда ажырасудың әлеуметтік-психологиялық, саяси және әлеуметтік - экономикалық аспектілерін қарастыру маңыздылығы мен өзектілігі күннен - күнге арта түсуде.

    Сонымен қатар, отбасының тұрақтылығына  кері әсерін тигізетін басты жағдайдың  бірі - маскүнемдік. Тұрмыстық ішімдікке  салыну мен маскүнемдік Қазақстаңда, сондай-ақ, дүниежүзінде ажырасудың классикалық  мотиві болып саналады. Ішімдікке  салынушылық пен маскүнемдік  отбасында қосымша шығындарды арттырып, оның тұрақтылығына кері әсер етеді. Оған қоса, бірге өмір сүрген кезеңдегі  ерлі-зайыптылар арасында қалыпты өзара  қарым - қатынас орын алғанның өзінде де, кейбір қаржылық келіспеушілік  болып тұрады, ал, жүйелі маскүнемдікке  салынудың салдарынан оның өте шиеленісіп кетуі де ықтимал.

      Сондай-ақ, ерлі-зайыптылардың бірі  ішімдікке салынған отбасының  өмір деңгейі ішпейтін отбасындағы  өмір деңгейімен салыстырғанда  күрт төмендеуі - занды құбылыс.  Егер отбасында  ата - ананың  бірі үздіксіз ішетін болса,  онда баланы жан - жақты тәрбиелеуге  қажет дұрыс өнегелік және  психологиялық жағдайдың қалыптасуы  мүмкін емес. Мұндай жағдай, сондай-ақ, балалардың психикасы мен мінез-құлқын  қалыптастыруға да кері әсер  етеді. Қазақстандағы криминалистік  зерттеу нәтижелері маскүнемдік  салдарынан жеке тұлғаға қарсы  қасақана ауыр қылмыс жасауға  70% адам (адам өлтіру, зорлау, дене  зақымы, т.с.с.), бұзақылық қылықтарды  жасауда 90%-ға дейін, төрттен  үш бөлігі ұрлық пен тонауға,  жартысынан көбі жеке мүлікті  тонауға, т.с.с. қатысқандығын  көрсетеді. Қазақстан бойынша,  орта есеппен әрбір тоғызыншы  қылмыскер маскүнемдік жағдайда  қылмыс жасайды. Заң бұзушылар  арасындағы жасөспірімдерді тексерген  кезде олардың жартысынан көбі  үнемі ішімдікке салынған, адамгершілікке  жат өмір бейнесіндегі отбасында  өскендігі анықталған.   

2.2. Отбасын қорғаудағы  жүргізілетін мемлекеттік  атаулы әлеуметтік  көмектер 

     Халықтың тұрмыс хал-ауқаты мен  өмір сүру деңгейінің жоғары  болуы халықты әлеуметтік қорғауды  басқарудың тиімді жүйесінің  қалыптасуына байланысты. Мемлекетке  әлеуметтік қатынастар жүйесінде  әлеуметтік саясат моделін жасау  мен оны іске асыруда маңызды  рөл беріледі, оның стратегиялық  мақсаттары халықтың жұмыспен  қамтылуын қамтамасыз ету, халықтың  сапалы өмір сүру деңгейіне  қол жеткізу, еңбек, денсаулық  сақтау, білім беру, тұрғын үймен  қамтамасыз ету, еліміздегі демографиялық  жағдайды жақсарту аясында азаматтардың конституциялық құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету табылады.

     Нарықтық экономика жағдайында  ұлттық экономиканың және одан  бөлінбейтін әлеуметтік саясаттың  дамуының өзіндік жолын табу  халықты әлеуметтік қорғау шараларын  іске асырудың механизмдерін,  жаңа формаларын жасаумен,әлемдік  үлгілерге бейімделуімен сипатталады.

     Әлеуметтік мемлекеттің басты  міндеттерінің бірі - әлеуметтік  нарықтық шаруашылық құру. Ол  экономикалық және қоғамдық дамудың  әр кезеңінде нарықты өзін-өзі  реттеу мен мемлекеттің араласуы  арасында әлеуметтік саясатта  қайшылықтар болады, өйткені онда  мүдделердіңкөпшілік дау-дамайы  туу мүмкін.Әлеуметтік саясаттың  әр кезеңіндегі басымдылықтарын,  мақсаттарын дұрыс анықтау –  қоғамның жетістіктерге жетуінің, дамуының маңызды жағдайларыныңбірі  болып табылады. Осы орайда, тиімді  әлеуметтік саясатты құрумен  оны іске асырудың шарты болып  елдегі әлеуметтік, экономикалық  және саяси жағдайларды кешенді  талдау болып табылады.

     Белсенді әлеуметтіксаясатты жүзеге  асыруда мемлекеттік реттеудің  маңызды басымдылықтарына:

     -тиімді еңбек нарығының қалыптасуы, еңбекақы бағасын жөнсіз қысқаруын  төмендеті, еңбек өнімділігінің  деңгейін көтеру;

     - жұмыспен қамтудың ұлғаюына  жәрдемдесу, халықтың өмір сүру  деңгейін көтеру негізі ретінде  жұмыссыздықты қысқарту;

     - әлеуметтік кепілдіктер жүйесідеңгейлерін  қалыптастыру (еңбекақы, зейнетақы,  жәрдемақы, стипендия);

     - әлеуметтік сфера салаларының  тиімді жұмыс істеуін қалпына  келтіру, дамыту және жоғарылату  жатады.

     Нарық өзгерістерінің басталуымен  әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың  басты қағидасы шиеленіскен әлеуметтік-экономикалық  проблемаларға жедел әсер жасау  табылады (кедейлер мен жұмыссыздар  санының өсуі, босқындар мен мигранттардың  пайда болуы, жалақы мен зейнетақыны  кешіктіріп төлеу және т.б). Нәтижесінде  халықты әлеуметтік қорғаудың  түрлері кеңейтілді: республикалық,  аймақтық және жергілікті деңгейлерде  әлеуметтік жәрдемақылар мен  жеңілдіктердің жаңа түрлерінің  пайда болуы. Көп жағдайда әлеуметтік  қолдау алу құқығын анықтайтын  белгісі болып жеңілдіктер категориясына  жатқызу табылады (соғыс ардагерлері,мемлекеттік  қызметкерлердің жекелей категориялары,  мүгедектер және т.б.).

     Табыстары төмен халықты әлеуметтік  қорғау жүйесін реформалаудың  басты мақсаты оның атаулығын  көтеру болып табылады. Әлеуметтік  саясаттың атаулы моделі мемлекеттің  нақты ресурстарын және мүмкіндіктерін  есепке ала отырып жүзеге асырылады  және халықтың әлеуметтік мұқтаж  тобын қолдауға бейімделген. Халықтың  аса мұқтаж категорияларына табысы  күнкөріс минимунан төмен балалары  бар отбасыларды, қарт адамдарды,  мүгедектерді және жұмыссыздарды  жатқызады.  

Кесте  3 - Алматы облысында халықтың жан  басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 

Жылдар: Атаулы ақшалай  табыс 2009 жылалдыңғы  жылдарға пайызбен
2006 12534 235,5
2007 16838 175,3
2008 22218 133
2009 29523  
Ескертпе  – статистикалық жалнамаға сәйкес автордың есептеуі
 

       Кестеден көріп отырғанымыздай, облыста 2009 жылы халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 29523 теңгені құраған, бұл 2008 жылғы осы көрсеткішке қарағанда 23,1%-ға жоғары болған, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 17,3%-ға өскен.

2009 жылы  бір қызметкердің орташа айлық  атаулы жалақысы 51010 теңгені құрады  және оны 2008ж.  салыстырғанда  16,9% өсті.

        Жалдамалы жұмыспен қамтылған  қызметкерлер еңбекақысының артуы  2009 жылғы 2008 жылмен салыстырғанда  балық шаруашылығы, құрылыс, көлік  және байланыс, қаржы қызметін  қоспағанда экономикалық қызметтің  барлық түрлерінде белгіленді. Еңбекақы  төлеудің ең жоғарғы деңгейі  өнеркәсіп, қаржы қызметінде және  саудада сақталды (кесте 4 ). 

Кесте 4- Алматы облысының 2009 жылы жалдамалы  жұмыспен қамтылған еңбеккерлердің еңбекақысы 

  Орташа  айлық атаулы жалақы, теңге Орташа  облыстық деңгейге пайызбен 2008 жылға  пайызбен
Атаулы  жалақы индексі Нақты жалақы индексі
1 2 3 4 5
Барлығы 510110 100 116,9 111,3
Ауыл  шаруашылығы 29050 56,9 108,2 103,0
Балық аулау, балық өсіру 36136 70,8 92,5 88,1
Өнеркәсіп 73245 143,6 112,2 106,9
Құрылыс 76815 150,6 115,5 110,0
Кестенің  жалғасы
1 2 3 4 5
Көлік және байланыс 64620 126,7 106,7 101,6
Мемлекеттік басқару 49303 96,7 119,1 113,4
Білім беру 36862 72,3 122,1 116,3
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету 43236 84,8 169,0 160,9
Өзге  де коммуналдық қызметтер 34789 68,2 121,1 115,4
Алматы  облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы негізінде автордың құрастыруы
 

      Атаулы әлеуметтік саясат моделінің  негізгі мақсаты сипаттарына  келесілерді жатқызу қажет:

     - халықтың әр түрлі топтарына  қатысты мемлекеттік әлеуметтік  саясатын саралау;

     - әлеуметтік көмек алушылардың  категориясын белгілеу;

     - халықтың аса мұқтаж топтары  үшін әлеуметтік көмекті бөлу  тәсілі ретінде атаулы қағиданы  қолдану;

     - әлеуметтік көмек беру формалары  мен оны анықтау көлемдері  бойынша өкілеттің қомақты бөлігін  аймақтық және медициналық деңгейге  ауыстыру;

     - әлеуметтік сантандыру жүйесін  әлеуметтік қатерді ерікті әлеуметтік  қағидасына ауыстыру;

     - әлеуметтік саясатты іске асырудағы  өкілетті бюджет жүйесінің барлық  деңгейлері арасында айқын айыру  болып табылады.

   

 Сурет 4  - Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.

 Ескертпе  – Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму негізінде автор құрастырған 

       Алматы облысының халықына  атаулы  әлеуметтік  көмек көрсету 2009 жылы 2006 жылға қарағанда 28,6 пайызға  кемігенін 4 суреттің мәліметтері  айғақтайды.

   1997 жылы 19 мамырда жарық көрген  «Қазақстан Республикасының азаматтарының  денсаулығын сақтау туралы» ҚР-ның  заңының пәні ҚР-сы азаматтарының  денсаулық сақтау құқығын жүзеге  асыруға байланысты пайда болатын  қоғамдық қатынастар болып табылады. Бұл Заңға сәйкес азаматтардың  денсаулығын сақтау саласындағы  ҚР-ның мемлекеттік саясаты келесі  қағидаларға негізделген:

     - денсаулық саласында мемлекеттік  кепілдерді қамтамасыз ету және  азаматтардың құқытарын сақтау;

     - мемлекеттік денсаулық сақтау  ұйымдарымен көрсетілетін кепілді  тегін көлем шегіндегі медициналық-санитарлық, медициналық-әлеуметтік және дәрілік  көмектердің халыққа тиімділігі  және оларды жүзеге асырудағы  жауапкершілік;

     - денсаулығын доғалтып алған  жағдайда азаматтардың әлеуметтік  қорғалғандығы;

     - кепілді медициналық көмек шегінде  медициналық көмекті алудағы  әлеуметтік теңдік және әділеттік;

Информация о работе Отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттің қазіргі жүргізіп отырған саясаты