Отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттің қазіргі жүргізіп отырған саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 18:57, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Біз өмір сүріп жатқан қоғамда «отбасы» ең маңызды рөл атқаратындықтан әр мемлекет өз отбасы саясатын қалыптастырған.Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет болғандықтан, ондағы отбасы саясатының әлеуметтік мазмұнын ашып қарастыру- бүгінгі күннің өзекті мәселелердің бірі. Мемлекеттің отбасы саясаты мәселелері дамыған елдерге тән жалпы әлемдік даму бағыты ретінде бүгінде республикамыз бастан өткеріп отырған даму кезеңінің де басты ерекшелігі ретінде айқындалады.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………..................................3
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДА САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Мемлекеттің отбасы және балаларды әлеуметтік қорғау саясатының мәні мен анықтамасы....................................................................................................5
1.2 Отбасы және балаларды әлеуметтік қорғаудың маңызы мен түрлері....................................................................................................................13
2. МЕМЛЕКЕТТІҢ ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
2.1.Отбасы және балаларды әлеуметтік қорғау саясатының қалыптасуына әсер ететін факторлар..........................................................................................19
2.2. Отбасын қорғаудағы жүргізілетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектер.................................................................................................................27
3. ОТБАСЫ МЕН БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ПЕН ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Халықты әлеуметтік қорғаудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін жетілдіру бағыттары ......................................................................................35
3.2. Мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы мен балалар мәселелерін шешу жолдары.........................................................39
Қорытынды............................................................................................................46
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................

Работа содержит 1 файл

- Отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғау мемлекеттің қазіргі жүргізіп отырған саясаты.docx

— 155.75 Кб (Скачать)

   Атаулы әлеуметтік көмек айлық  отбасы табыстарын әр адам  басына шаққанда, орташа табысы  кедейлік мөлшерден төмен отбасына  тағайындалады. Атаулы әлеуметтік  көмек азаматтардың өтініш жазуы  арқылы беріледі, осы көмекті  алушылардың саны тұрмыс деңгейі  төмен тұрғындардың санымен әрқашанда тепе-тең келмейді.                                                                                     

   «Нұр  Отан» ХДП балаларға, көп балалы аналар мен мүгедектерге берілетін  атаулы әлеуметтік көмекті бақылауға  алуды, сондай-ақ, ҰОС ардагерлері  мен 

тыл еңбеккерлеріне, Чернобыль атом электр станциясындағы апат зардаптарын жоюға қатысушыларға, қарулы күштер мен құқық қорғау органдарының ардагерлеріне көрсетілетін әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге басымдық береді. Осы бағытта Парламент қоржынында жатқан «Ардагерлер туралы» заң жобасын қарау мен қабылдауды жеделдететін болады.

   2009 жылы ең төменгі өмір сүру деңгейінің артуына байланысты мүгедектігіне, асыраушысынан айрылуына және жасына байланысты берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері еліміз бойынша орташа алғанда 18,7%-ға артты, ал алдымызда бұл көрсеткішті одан да жоғарлату межесі тұр. 
 
 
 
 
 
 
 

2-кесте. Арнаулы жәрдемақылар 

Атаулар 2005 ж 2006 ж 2007 ж 2008 ж 2009 ж
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды алушылардың  саны (мың адам)  
 
1008,3
 
 
998,6
 
 
988,0
 
 
1107,8
 
 
1124,0
Мемлекет  тағайындаған арнаулы жәрдемақыларды орта айлық есебі бойынша беру    (мың адам)  
 
6584
 
 
7352
 
 
7352
 
 
7768
 
 
9270

   Дереккөзі: Статистикалық ежегодник2008 

   Яғни, бұл  кестеде мемлекеттік жәрдемақыларды  алатын адамдардың саны көрсетілген. Сондай-ақ, бұл жерде де халықтың басым көпшілігі жылдан жылға арнаулы жәрдемақыларды алу құқығына ие болуда. Бұл дегеніміз әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің даму жолында екені анық болуда.

   Атаулы әлеуметтік көмек айлық  отбасы табыстарын әр адам  басына шаққанда, орташа табысы  кедейлік мөлшерден төмен отбасына  тағайындалады. Атаулы әлеуметтік  көмек азаматтардың өтініш жазуы  арқылы беріледі, осы көмекті  алушылардың саны тұрмыс деңгейі  төмен тұрғындардың санымен 

әрқашанда тепе-тең келмейді.Ел экономикасының жақсаруына байланысты,                                                                                                           өйткені Қазақ халқының әл – ауқатын жақсартуға деген қаражаттың жеткілікті екеніне көз жеткізуге болады.

      Мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру  жүйесін дамыту және оларды  әлеуметтік қолдауды күшейту  үшін әлеуметтік қамсыздандыру  жүйесін дамытудың негізгі әлеуметтік  стандарттар жүйесіндегі өзгерістер  енгізу және ең төменгі күнкөріс  деңгейіне базалық әлеуметтік  норматив рөлін бекіту қажет.  Сонымен қатар ресми сектор қызметкерлері үшін әлеуметтік қатер туындаған кезде әлеуметтік қамсыздандырудың үш деңгейлі жүйесін қарастыру. Мысалы, І деңгей -  бұл мемлекет кепілдік берген, мүгедектігі бойынша берілетін базалық мемлекеттік жәрдемақылар. ІІ деңгей – бұл  міндетті әлеуметтік сақтандыру есебінен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүзеге асырылатын әлеуметтік төлемдер және сақтандыру ұйымдарынан еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық құқықтық жауапкершілігіне міндетті сақтандыру есебінен төленетін сақтандыру төлемдері. ІІІ деңгей  әлеуметтік қатерлерді сақтандыру ерікті және кәсіптік схемаларына  көзделген.

2. Мемлекеттің отбасы және балаларды әлеуметтік қорғау саясатының қалыптасуы мен дамуы 

2.1.Отбасы және балаларды әлеуметтік қорғау саясатының қалыптасуына әсер ететін факторлар 

Еліміздің қазіргі жағдайдағы саяси - экономикалық себептерге байланысты отбасы мәселесі менің курстық жұмысымның негізгі объектісінің бірі болып отырғандықтан, бұл тақырыптада отбасы және отбасы қатынастарын әлеуметтік - психологиялық мәселелелердің шиеленісінің күшеюімен түсіндіре кетеміз. Еліміздің болашағы отбасында болғандықтан, көбінесе осы жағдайда, осы мәселелер шешіміне тәуелді болу арқылы, бұл мәселелерді толық шешуде немқұрайлылық көрсетпей, шынайылықпен барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет.

    Отбасындағы рөлдер мен қарым – қатынастардағы өзгерістер, отбасында күшті күйзелісті шиеленіс тудырып, белгілі бір уақытқа  оның беріктігі мен тұрақтылығын әлсіретіп, отбасының негізгі қызметтерін  орындауын да қиындататыны анық. Отбасының  сыртқы әлеуметтік ортамен қатынасы бұрынғыдай болмайды. Барлық мемлекеттердегі  сияқты Қазақстанда да отбасының  жаңару тенденциясы, жеке тұлға мен  отбасы тәуелсіздігінің артуы, дербес және отбасы қалауының ұлғаюы тоталитарлық саяси және идеологиялық орныққан тәртіппен, орталықталындырылған экономикамен, патерналистік - мемлекеттік отбасы саясатымен көптеген қарама -қайшылыққа келді. Қоғамда отбасы тіршілігінің төмен деңгейіне, тұтыну базарының кедейлігіне, әйелдердің экономикалық белсенділігінің аса  жоғарылау дәрежесіне, денсаулық  ахуалының нашарлығына, бала түсу және алдырудың артуына және тағы басқа  факторларға сыни көзқарастар арта түсті.

      Бүгінгі таңда отбасының рухани  потенциалын, оның физиологиялық  және адамгершілікті денсаулығын,  материалдық жетістігін сақтау  және толық, жарамды ұрпақ тәрбиелеу  осы мәселені қарау отбасының  әлеуметтік - психологиялық проблемаларын  ғылыми, философиялық, саяси, демографиялық,  әлеуметтік тәсілдерді біріктіру  ауадай қажет. Бүгінде әрбір қазақстандықтың отбасынан тірек іздеуіне оның материалдық қажеттілігі мен мүддесі, отбасындағы біріккен еңбек қана емес, оған қоса психологиялық себептер: тұрақсыздық пен белгісіздік сезімі, жұмыссыздық алдындағы қорқынышы, әлеуметтік қорғансыздықты сезіну, мүлкі мен өмірі үшін қауіптенуі, сондай-ақ, қарым-қатынас талабы, жеке бағасын білу, өзіндік  бірегейлігін мойындауды қажет етуі сияқты сезімдер де итермелейді. Бұл қажеттілік өзіндік бағасына әсерленушілік, өзгелердің, ең алғашқы орта – отбасы  тарапынан аяныш сезімі негізінде, сезім үйлесімділігімен қосылып эмоционалды сипатта болады. Өзін отбасы бақытының бір бөлшегіндей сезінетін жерде ғана нағыз берік отбасы құрылады. Қазіргі жағдайда отбасы сырт дүние үшін жабық топ ретінде адам үшін сыртқы ортамен қақтығыстарда психологиялық пана, оның стресс жағдайында эмоционалды тепе-тендігі мен рухани күшін қалпына келтіретін орта немесе орын болып саналады.

    Осылайша, қазақстандық жеке тұлғаны қалыптастырып  қана қоймай, адамның өз отбасында, одан тыс жерде өзін танытуға да мүмкіндік беретін, оның саяси, өндірістік, шығармашылық белсенділігін ынталандыратын, физиологиялық және психологиялық  сезімін сақтап нығайтуға, өзіндік  жеке қасиетін ашуға бейімдейтіндіктен, мемлекет пен қоғам өмірінде казақстандық отбасы рөлі өте жоғары дәрежеде болады.

    Қазақстан Республикасының отбасы саясатын қалыптастырудың  әлеуметтік-психологиялық аспектілеріне  кеңінен көңіл қою – отбасын  танып - білу бойынша қазіргі бағыттардың  қарқынды даму қажеттілігінен туындайды.

    Қазақстаңдағы мемлекеттің отбасы саясатының қалыптасуының  әлеуметтік-психологиялық мәселелердің өзектілігі оның саяси, әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайының өзгеруі өз - өзінен көп балалылыққа немесе аз балалылыққа  әкелмейтіндігіне де байланысты. Саяси, әлеуметтік-экономикалық факторлар  репродуктивтік нормалар мен отбасы түрлерін, некелік - отбасылық қатынастарды өзгертуге жағдай жасайды, ал, бұл  өзгерістерді жеке тұлғаның ішкі өзіндік  ерекшеліктерін ескермей ұғыну мүмкін емес. Ауқаттылықтың, білім мен мәдениеттің  артуы қалайша аз балалықты туындатып, неге адамның қажеттіліктерінің  өсуі мен олардың құрылымын қайта  бөлу тек бір-екі баланың мұқтаждығын  ғанақанағаттандыруға әкеледі деген  сұрақтарға жете мән беріп, қарастыруымыз  қажет.

        Сонымен қатар, мемлекеттің отбасы  саясатының әлеуметтік-психологиялық  аспектісі жалпы халықтың өсіп - өнуінің жақтарын да қарастырады.  Халықтың өсіп-өну саны мынандай  әлеуметтік-психологиялық сұрақтарға  байланысты: туып - көбею адамдардың  қажеттілік (материалдық және рухани) деңгейіне қаншалықты қатысты,  шындығында жеке тұлғаның қанағаттандыру  мүмкіндігіне қарағанда жылдам  өсетін сұранысы ерлі - зайыптыларғақанша  балалы болу шешімін қабылдауына  қысым жасай ма, туып - көбеюді  жоспарланған, қоғам мүмкіндіктеріне  сай материалдық және рухани  сұраныс деңгейін қамтамасыз  ету арқылы реттеуге бола ма?

      Әлеуметтік-психологиялық тұрғыда  Қазақстан халқы мен отбасының  өсіп-өну сапасын болжау мына  сұрақтар жауабына байланысты: отбасындағы  бала саны жеке тұлғаның қалыптасуына, адамның мінез-кұлқын, өмір шындығына  деген ұжымдық қатынас қағидаларын  қалыптастыруға ықпал жасай ма  немесе бала тәрбиелеу сапасы, негізінен, отбасы өмір сүруі  жағдайы мен ерлі-зайыптылардың  ерекшеліктеріне қатысты ма?  Қазақстан Республикасындағы туып-көбею  мен мемлекеттің отбасы саясатындағы  негізгі әлеуметтік-психологиялық  мәселелердің мазмұны осындай.  Жоғарыда аталған көптеген сұрақтар  қазіргі кезеңде тек ғылыми  тұрғыдан ғана қарастырылып, әлі  толық шешілмеген мәселелер болып  табылады. Алайда, оған деген қызығушылық  өсуде, әсіресе, еліміздің жаңа  өнеркәсіп орталықтарының халықшаруашылық қажеттіліктеріне байланысты арта түсуде.

    Қазіргі қазақстандық отбасының әлеуметтік-психологиялық  мәселесінің өзектілігі диссертанттың  – туып-көбею мен көп балалы отбасы санының төмендеуі; некесіз  және қайталанған некеде туып тәрбиеленетін  балалар санының артуы, балалар  мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың  артуы туралы әр түрлі ғылыми және практикалық мәселелерді қарастыруын  негіздеді.

    1999 жылғы санақ бойынша Қазақстан  Республикасында жыл сайын 85,9 мың некеге отырғандардан 25,6 мыңға  жуық отбасы ажырасады. Осыған  орай, отбасына әсер етіп, оның  ыдырауына әкелетін факторлар  ең өзекті мәселеге айналды.  Біздің көзқарасымызша, бірін-бірі  толықтыратын, бағасы мен шешімінің  нақтылығына және дұрыстығына  әсерін тигізетін осындай жоғарыда  айтылған мәселені әр түрлі  бағытта қарастыру мақсатты түрде  жүргізілуі қажет.

    Отбасындағы көптеген қиындықтар кеше ғана туындаған  жоқ. Жартылай  отбасы, ажырасу, ерлі - зайыптылар арасындағы дау-жанжал, жалғыздық  мәселелері бұрын да болған, бірақ, оған оншалықты көңіл бөлінбеген. Оған қоса, адамның өзінің жеке өміріне, некеге,   сүйіспеншілікке, рухани жақындық және өзара түсінушілігін  қанағаттандыруға  деген талабы күшейе түсті.

    Қазақстандық  отбасындағы нағыз адамгершілікті микроахуал ерлі-зайыптылардың өзара  сүйіспеншілігі, олардың бір-біріне сенімі, өзара сыйластығы, балалар  тәрбиесінде үйлесімділігі негізінде  құрылады. Бірақ, әлбетте, неке мен отбасының  сәтті болуының негізі махаббат, шынайы достық, балалар мен ерлі-зайыптылардың  психологиялық қатынастарының берік  болуына негізделуі тиіс. Сондықтан, отбасылық микроахуалдың сипаты, сөзсіз, отбасының өзінің барлық міндет - қызметтерін нәтижелі орындауына әсерін тигізеді.

Әркімнің  жеке бақытқа жету жолы әр түрлі. Ең бастысы, казақстандықтардың кез келген тандауының пайдалы да, зиянды да жақтары  бар екендігін атап көрсеткен  жөн. Отбасында болатын кез келген қиындықты бір-біріне шексіз сенген, барлық отбасы қиындықтарына бірдей көзқараспен қараған жағдайда ғана жеңуге болатыны бәрімізге де мәлім. Шынайы өмірде бір қарағанда өте  қарапайым болып көрінетін осындай  жағдайларды жузеге асыруда жиі  қиындыққа ұшыраймыз. Кейде Қазақстандағы  некенің жасаруы жастардың некеге отырғанда бір - бірінің алдарындағы, болашақ балалары мен қоғам алдындағы  өздерінің жауапкершілігін әлі  толық түсінбегендігін жиі байқатады.

Информация о работе Отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттің қазіргі жүргізіп отырған саясаты