Отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттің қазіргі жүргізіп отырған саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 18:57, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Біз өмір сүріп жатқан қоғамда «отбасы» ең маңызды рөл атқаратындықтан әр мемлекет өз отбасы саясатын қалыптастырған.Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет болғандықтан, ондағы отбасы саясатының әлеуметтік мазмұнын ашып қарастыру- бүгінгі күннің өзекті мәселелердің бірі. Мемлекеттің отбасы саясаты мәселелері дамыған елдерге тән жалпы әлемдік даму бағыты ретінде бүгінде республикамыз бастан өткеріп отырған даму кезеңінің де басты ерекшелігі ретінде айқындалады.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………..................................3
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДА САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Мемлекеттің отбасы және балаларды әлеуметтік қорғау саясатының мәні мен анықтамасы....................................................................................................5
1.2 Отбасы және балаларды әлеуметтік қорғаудың маңызы мен түрлері....................................................................................................................13
2. МЕМЛЕКЕТТІҢ ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
2.1.Отбасы және балаларды әлеуметтік қорғау саясатының қалыптасуына әсер ететін факторлар..........................................................................................19
2.2. Отбасын қорғаудағы жүргізілетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектер.................................................................................................................27
3. ОТБАСЫ МЕН БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ПЕН ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Халықты әлеуметтік қорғаудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін жетілдіру бағыттары ......................................................................................35
3.2. Мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы мен балалар мәселелерін шешу жолдары.........................................................39
Қорытынды............................................................................................................46
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................

Работа содержит 1 файл

- Отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғау мемлекеттің қазіргі жүргізіп отырған саясаты.docx

— 155.75 Кб (Скачать)

3.2. Мемлекет тарапынан әлеуметтік  көмекті қажет ететін  отбасы мен балалар мәселелерін шешу  жолдары 

Халықты әлеуметтік қорғау және оларды әлеуметтік көмектермен  қамтамасыз ету мәселесінеқазіргі кезде ерекше басымдық беріліп отыр.  Елбасы Жолдауында  «Біздің стратегиямыздың маңызды мәселесі – қоғамның ең  бір әлсіз қорғалмаған мүшелерінің – яғни, балалардың,  аналардың және аға   ұрпақтың   өмірін лайықты  қамтамасыз ету. Мемлекет  бұл мәселелерді шешу  үшін қаражат аямайтын болады» деп атап көрсетуі республикамыздағы  экономикалық және әлеуметтік процестердің тығыз өзара байланысын  анықтайды.

     Қазақстанда жүргізіліп жатқан  түбегейлі экономикалық және саяси  реформалар қоғамда терең өзгерістер туғызады. Алғашқы кезде терең  әлеуметтік наразылықтардың қауіпті алғы шарттары пайда болып әр түрлі шиеленістер қалыптасты. Осындай жағдайда халықты әлеуметтік  жағынан қорғау  мен оларға  әлеуметтік көмек көрсетудің  тиімді  жүйесін жасау қажеттілігі туындады.  Жалпы адамзаттық   құндылықтар ең  өзекті   әлеуметтік  мәселелердің біріне  айналып,  жеке  дербес  ерекшеліктерінің көрінуі   ерекшелене  бастады.

     Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан  – 2030» стартегиясында  әлеуметтік  қорғау  міндеттері  қойылған.  Қазақстан мүше  болып табылатын халықаралық еңбек ұйымының анықтауы   бойынша әлеуметтік   қорғау  жүйесі  мынадай шаралар кешенін   қамтиды:

     -  тұрақты   ақылы еңбекке   ынталандыру; 

     - негізгі әлеуметтік  қателердің  алдын алу,  ол  туындаған   жағдайда  әлеуметтік сақтандыру  тәсілдері  арқылы  сол  қатердің  салдарынан  айырылған    табысының   бір  бөлігін  қалпына   келтіру; 

     - халықты   әлеуметтік  сақтандыру  жүйесіне  қатыспай   әлжуаз  топтарына  арналған әлеуметтік  көмек  тәсілдері; 

     -  азаматтардың білім, медициналық  көмек сияқты негізгі  құқықтар  мен қызметтерге қол жеткізу. 

     Қазір  халықты  әлеуметтік  қорғау  мен оларға әлеуметтік  көмек  көрсетудегі  тиімді  үнемі  дамуда  болатын өзінің  құрылымдық білімдерін  халыққа   қызмет  етуді жақсарту мақсатында  тез де,  икемді  қайта құрып  отыратын  жүйесін   құру,  оның  тиімділігінің  негізгі  шарттарының   бірі болып табылады.

     Қоғамдағы  әлеуметтік  жұмыс   органдары мен  мемлекеттің   өзіне тән  негізгі  әлеуметтік  қызметтері бар. Олар халықты  әлеуметтік қорғау жүйесінің  құрылымдық элементтер арасында  орындалып белгілі нормалармен реттеліп  отырады.

     Қоғамда жасалынып жатқан реформалар қоғамның  басқару механизмдеріне  ғана емес,  жеке адам  мен еңбек ұжымдарының,  топтардың   әлеуметтік  және  кәсіптік  өміріне жан-жақты терең әсерін  тигізеді.

    Осындай  жағдайда   жеке  адам  мен қоғам арасындағы  жарасымдылық адам мүддесін  оның құқығы  мен бостандығын қорғауға кепілдік беретін   факторлар  бар. Соның ішінде  мемлекеттің  әлеуметтік  саясаты  мен халықтың   түрлі  топтарымен  жүргізілетін  әлеуметтік жұмыс құрылымдарының  алатын орны  ерекше.

     Мемлекеттің  әлеуметтік  саясатының  мәнін  түсінуде   әлеуметтік   топтардың  мүдделерінің   қажеттіліктері,  олардың қоғамдағы  орны мен  рөліне тікелей  байланыстылығы    туралы   қоғамдық  ғылымдар  жинақтаған  қорытындылар  шешуші  рөл атқарады.

     Әлеуметтік топтардың, тұтас   қоғамның мүддесі  мен  еркін    жинақтап,  қорытындылау  формасы   ретіндегі  көрінісі  саясаттың   негізгі  маңызды белгісі   болып табылады.  Саясат  өзінің   құрылымы  жағынан өзара  тығыз   байланысты күрделі екі  бағытқа  сыртқы  және ішкі  саясатқа  бөлінеді.

     Қазіргі  таңда  мемлекеттің   құрамы  көптеген  көрсеткіштерден  тұрады. Оған мемлекеттің жер  көлемі,  адам саны,  табиғи  байлықтары,  мемлекеттік  құрылымының   сипаты,  әлеуметтік,  саяси, ғылыми, рухани,  мәдени  даму  дәрежесі  тағы басқа  кіреді. 

     Әлеуметтік  саясат -  мемлекеттің   ішкі  саясатының   құрамдас  бөлігі. Ол халықтың  негізгі   топтардың  мүддесіне  деген  қоғамдық   көзқарастарды  реттеп,   әлеуметтік   бағдарламалар   мен  тәжірибені  жинақтайды. Әлеуметтік  саясат  өзінің  пайда болу  жағынан барлық  әлеуметтік  мәселелерді   шешудің  материалдық  негізі  болып  табылатыны  экономикадан  кейін  тұратыны  белгілі. 

     Әлеуметтік саясат дегеніміз  – мемлекет пен партиялардың,  адамдардың қоғамдық, топтық жеке  мүдделерін  үйлестіру және  экономикалық, әлеуметтік саяси,  идеологиялық  жағынан қамтамасыз ету жөніндегі саяси қызметі:

     -  елдің әлеуметтік  экономикалық  дамуына ықпал жасау; 

     - жұртшылықтың  еңбек  және қоғамдық  белсенділігінің  артуына көмектесу; 

     -  қоғамдағы   қатынастарды  үйлестіру; 

     -  қоғамдық құрылыстың   тұрақтылығын  қамтамасыз  ету;

     -  мүмкіндігі шектеулі топтарды  әлеуметтік қорғау.

       Осыған байланысты  2030 стратегиясындағы  әлеуметтік  саясаттағы  басты  мақсаттары:

    -   кедейшілік  пен  жұмыссыздыққа  қарсы күрес; 

          -  ішкі  саяси  тұрақтылық  пен  қоғамның  бірлігін  нығайту   жолымен      экономикалық  өркендеуге жету;

    -   барлық   әлеуметтік-экономикалық   реформаларды  аяқтау  ең алдымен   бюджет   саласындағы   реформаларды  сақтау,  оның  нәтижесінде   зейнетақыларды,  жалақыны және  әлеуметтік    жәрдемақыларды  толық   көлемінде   уақытылы  төлеу; 

    -   үкімет  пен мемлекет  қызмет  реформаларын  жеделдету.

     Кедейшілік,  жұмыссыздыққа қарсы   күрес  стратегиясы: 

    -   кіші  несиелер жүйесін  енгізу;

    -   шағын  және  орта бизнесті  дамыту;

    -   еңбекті   көп қажет ететін   салаларды  басымдықпен  дамыту;

    -  шарттар мен  контракттар және  бюджетті  алу кезінде  жұмыспен 

    қамту  мәселелеріне  қатаң  тұрғыдан  келу.

     Әлеуметтік  көмек  жүйесін   жетілдіру  саласында  кедейшілікті  жеңуде атаулы  әлеуметтік  көмектің  маңызы   зор  екені белгілі.  Атаулы  әлеуметтік  көмек   енгізілген  сәттен  бері  (2002 жылдан  бастап)  осы  көмекті  көрсетуге   арналған   шығыстар 30 млрд.  теңгеден  асты. 2006 жылы 339 мыңнан   астам   адам 3,4 млрд. теңге  сомасында   әлеуметтік  көмек  алған. 

     2006 жылы  ана мен баланы  қолдауға  баса  назар  аударылды.  Қазіргі   кезде бала  тууына  байланысты   берілетін  біржолғы  жәрдемақы   мөлшері  балалардың  санына  қарай  саралап   белгіленетін  бала бір  жасқа   толғанға  дейін   бала  күтіміне  берілетін   жәрдемақы,    табысы  аз отбасылардағы  18 жасқа  дейінгі  балаларға   арналған ай сайынғы  жәрдемақы   түрлері  жүзеге  асырылуда.

     2006 жылы мемлекеттік  бюджеттің  осы жәрдемақыларды  төлеуге   арналған  шығыстары 14 млрд.  теңгеден  асты. 

     Мемлекет  басшысының Жолдауында  айтылған  азаматтардың   басқа   санаттарын әлеуметтік қорғау,  2006 жылы  1 шілдеден  бастап арнаулы  мемлекеттік  жәрдемақылардың   мөлшерін арттыру  жөніндегі   міндеттер  орындалды. «Қазақстан 2030» стратегиясында халық   арасындағы  экономикалық  дағдарыс, жастар мәселесі, жалпы  халықты   жұмыспен  қамту  оған қарасты   мекемелердің  материалдық,  әлеуметтік  көмек  көрсетілуі айтылған  болатын.

     Әлеуметтік  саясаттың басты   мақсаты – ұйымдастырушылық қызметі.  Терең экономикалық  ғылыми-техникалық,  құқықтық жағдайлар  жасай  отырып,  қоғамдық  қатынастарға  жарасымдылық  табу,  оларды реттеп  отыру  әлеуметтік  саясатты  жүйелі   жүргізу  қоғамдағы   саяси  тұрақтылыққа  қол жеткізеді. 

     Мемлекеттің  әлеуметтік  саясатын  ретке  келтіріп  отыратын халықтың  тұрмыс  жағдайы,  ғылыми-техникалық   процесс  мәселелерімен  адамның  еңбек   әрекеті  саласын   өзгерту  мәселесі  де тығыз   органикалық  байланыста болады.  Мемлекеттің  әлеуметтік  саясаты,  әсіресе  адамның еңбек   әрекеті  жағдайы  мен   сипатында болатын   өзгерістерде  айқын  байқалады. Саясаттың   гумандық жағдайы  осы  жерде  ерекше  көрінеді.

     Мемлекеттің  әлеуметтік  саладағы  саясатты  адамдар,  топтар арасындағы  мемлекетпен  қарым-қатынас жасаудың  әр түрлі  формалары  мен  құралдары  тиянақталады.  Әлеуметтік  саясат  мемлекеттің  басқару   институты  ретінде  белгілі  бір  мазмұнға, бағытқа,  функцияға   шоғырланған. Қазақстан  мемлекетіндегі  әлеуметтік  саясат  егеменді  тәуелсіз  мемлекетіміздің  саяси   жүйесінің  бір шешуші  компоненті.

     Мемлекеттің әлеуметтік   саясатының  мазмұны  мен бағыттылығы мазмұндық   жағынан  ғана емес  әлеуметтік  жұмыста әдістемелік қызмет атқара  отырып,  оның ұйымдастыру   негізі болып табылады.  Әлеуметтік  саясатта  өзара байланысты бір-біріне  әсер етуші  екі түрлі   жағдайда бөліп  қарауға болады. Олар  ғылыми танымдылық  және  практикалық  ұйымдастырушылық  жақтары.  Әлеуметтік  саясаттың  ғылыми   танымдық бөлігі  мемлекеттің   әлеуметтік  саясатқа  осыған  дейін  жүргізген  бағытының   жинақталған  нәтижелерімен,  қоғамдағы  қажеттіліктермен  әлеуметтік  даму  процестерінің  нәтижесі  ретінде  көрінеді.  Ол халықтың әр түрлі  жіктерінің   әлеуметтік тұрақтылық  деңгейін  қоғамдық  пікірмен   көңіл-күй дәрежесін   танытып отырады.  Аналитикалық  мәліметтер мемлекеттің  басқару  органдарының  әлеуметтік  саясат  тұжырымдамаларын  жасап,  оның негізгі  міндеттері мен бағыттарын  анықтауға  мүмкіндік туғызады.

     Мемлекеттің  әлеуметтік саясатының   практикалық  ұйымдастырушылық  жағы   әлеуметтік  саясаттың   стратегиялық  міндеттерімен   тұжырымдамалық   жағдайларын   тікелей  жүзеге асырумен байланысты  болады. Мемлекет  басқару  органдарының  халықпен әлеуметтік жұмыс   жүргізу  жүйесінің,  мемлекеттің  әлеуметтік  саясатының   міндеттері   бағындырыла  ұйымдастырылған   ғылыми негізделген   халық   мүддесімен   үндес келетін   мемлекеттің  әлеуметтік  саясаты   әлеуметтік мазмұнына  аса  маңызды  негізін құрып, оның  мақсаттылығын қамтамасыз  етеді  де, ол жұмысты ұйымдастырушылардың  практикалық  қадамына  сенімін   арттырады. 

     Әлеуметтік  жұмысты басқару   халықтың  әлсіз қорғалған   қабаттары мен топтарындағы  адамдарға  көмек  көрсетуге  бағытталған.  Әлеуметтік  жұмыстың  басқару   объектісі - әлеуметтік  қызметкерлер,  жұмыскерлер,  халықты әлеуметтік  қорғау  процесіндегі  адамдар  арасындағы  қарым- қатынастың  барлық  жүйесі кіреді.  Әлеуметтік  жұмыстың  басқару субъектісіне–басқару  қызметтерін  бөлген  басқару  органдары  мен әлеуметтік  қызмет көрсету  жетекшілері  кіреді.

     Халықты әлеуметтік қорғау  жүйесінің   маңыздылығы - әлеуметтік жұмыс  басқару  органының құрылымдық  іс-әрекетін   жетілдіруде  әр түрлі  деңгейлерін атап көрсетуге болады. Бірінші деңгей жоғарғы- институционалды Қазақстан Республикасы.  Екінші деңгей орта – аймақтық, аудандық,  қалалық әлеуметтік   қорғау  органдары.  Үшінші   деңгейі  төменгі -   әлеуметтік  ұйымдар, әр түрлі   қайырымдылық ұйымдар нысанасы  арасында байланыс әлеуметтік қорғау мен көмек көрсетуде қолданылады.    

     Қазақстан  Республикасының   Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан   халқына «Дағдарыстан – жаңару  мен дамуға» Жолдауы халықтың  әл ауқатын жақсартуға арналған  негізгі құжат болып  табылады.  Елбасы өз  Жолдауында еліміздің  сыртқы және  ішкі   саясатының   негізгі  бағыттарын  және елімізде  болып жатқан  жағдайды баяндай  отырып алдағы  онжылдыққа арналған  Қазақстанның Даму бағдарламасын  ұсынды. 2005 жылы қабылданған халықты  жұмыспен қамтамасыз етудiң арнайы  бағдарламасы жүзеге асырылды. Осының  негiзiнде 7000 жұмыссызды жұмысқа орналастырып, 2000 адамды ақылы қоғамдық  жұмысқа шақырады, кәсіби оқыту курстарына 2100 жұмыссыздар жiберiлдi. Қосымша әлеуметтiк қорғау арнаулы топтағы адамдарға көрсетiлдi, оларға жұмыс орнын тауып беру  қарқынды жүрдi. Азаматтарды жұмысқа орналастыруды жеделдететiн арнайы жұмыс iздеу клубы қызмет етедi, соған байланысты вакансиялар жәрмеңкесi, жұмыс және  оқу орындарының аукционы  құрылды.  
     Департаменттiң жұмысының басты бағыты әлеуметтiк серiктестiкке, үш жақты келiсiм (кала Әкiмi, Алматы қаласы бойынша кәсiподақ кеңесi және жұмыс берушiлердiң Кеңес палатасы) орнатылды, мұнда келiсiмшарттар  орнатылды. 

2-сурет. 2007 жылдың  4 тоқсанында меншiк  нысаны бойынша жалданған   қызметкерлердi бөлу

 
     Мұқан Б.Ғ. Нарықтық  қатынастар жағдайындағы әлеуметтік  саланы реттеу.- Алматы, 2007 жыл   
 

     Әлеуметтiк  бейiмделу орталығында басында үйi жоқ адамдарға ақысыз ұйықтап шығатын үй және тегiн тамақ берiледi. Орталықтың  жұмысына мүгедек адамдарға көмек көрсетушi волантерлар мен әлеуметтік жұмысшылар қызмет көрсетедi. Сонымен қатар бұл орталыққа ауру, басында үйi жоқ адамдар тола бастады. Әрине оларға медициналық көмек пен күтiм қажет.  
     ҚР-ның «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтiк медико-педагогикалық коррекциялық  көмек» Заңына байланысты Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң ұсынысы бойынша әлеуметтiк қызмет көрсетудiң екi территориялық орталығы  және әлеуметтiк қорғау мен аудандық  еңбек орталықтарында мүгедек-жасөспiрiмдердi қорғауға арналган 10 бөлiм құрылды, онда мүмкiншiлiгi шектеулi 800 балаға қызмет көрсетiледi.

Информация о работе Отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттің қазіргі жүргізіп отырған саясаты