Отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттің қазіргі жүргізіп отырған саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 18:57, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Біз өмір сүріп жатқан қоғамда «отбасы» ең маңызды рөл атқаратындықтан әр мемлекет өз отбасы саясатын қалыптастырған.Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет болғандықтан, ондағы отбасы саясатының әлеуметтік мазмұнын ашып қарастыру- бүгінгі күннің өзекті мәселелердің бірі. Мемлекеттің отбасы саясаты мәселелері дамыған елдерге тән жалпы әлемдік даму бағыты ретінде бүгінде республикамыз бастан өткеріп отырған даму кезеңінің де басты ерекшелігі ретінде айқындалады.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………..................................3
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДА САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Мемлекеттің отбасы және балаларды әлеуметтік қорғау саясатының мәні мен анықтамасы....................................................................................................5
1.2 Отбасы және балаларды әлеуметтік қорғаудың маңызы мен түрлері....................................................................................................................13
2. МЕМЛЕКЕТТІҢ ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
2.1.Отбасы және балаларды әлеуметтік қорғау саясатының қалыптасуына әсер ететін факторлар..........................................................................................19
2.2. Отбасын қорғаудағы жүргізілетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектер.................................................................................................................27
3. ОТБАСЫ МЕН БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ПЕН ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Халықты әлеуметтік қорғаудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін жетілдіру бағыттары ......................................................................................35
3.2. Мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы мен балалар мәселелерін шешу жолдары.........................................................39
Қорытынды............................................................................................................46
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................

Работа содержит 1 файл

- Отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғау мемлекеттің қазіргі жүргізіп отырған саясаты.docx

— 155.75 Кб (Скачать)
 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
 

Т. РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ  ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 

«ӘҚжБ»  факультеті 
 

  «Нарықтық инфрақұрылым» кафедрасы 
 
 

Курстық жұмыс 

Тақырыбы: Отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттің қазіргі жүргізіп отырған саясаты  
 
 
 

Тексерген:  Абенова Г.А. 

Орындаған:             2-курс,

201 топ  студенті

Екейбаева.А 
 
 
 
 
 
 
 

Алматы, 2011 жыл

 

 

МАЗМҰНЫ 
 

Кіріспе………………………………………………………..................................3 

1. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДА САЯСАТЫНЫҢ   НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1  Мемлекеттің  отбасы және балаларды әлеуметтік  қорғау     саясатының     мәні мен анықтамасы....................................................................................................5

1.2  Отбасы  және балаларды  әлеуметтік  қорғаудың маңызы мен түрлері....................................................................................................................13 

2. МЕМЛЕКЕТТІҢ  ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

2.1.Отбасы және балаларды әлеуметтік қорғау саясатының қалыптасуына әсер ететін факторлар..........................................................................................19

2.2. Отбасын қорғаудағы  жүргізілетін мемлекеттік атаулы  әлеуметтік көмектер.................................................................................................................27 

3.  ОТБАСЫ  МЕН БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК   ПЕН  ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖЕТІЛДІРУ  ЖОЛДАРЫ

3.1 Халықты  әлеуметтік қорғаудың әлеуметтік-экономикалық  тиімділігін жетілдіру бағыттары  ......................................................................................35

3.2. Мемлекет  тарапынан әлеуметтік  көмекті   қажет  ететін  отбасы мен  балалар  мәселелерін  шешу  жолдары.........................................................39 

Қорытынды............................................................................................................46 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................49 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

     Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігіБіз өмір сүріп жатқан қоғамда «отбасы» ең маңызды рөл атқаратындықтан әр мемлекет өз отбасы саясатын қалыптастырған.Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет болғандықтан, ондағы отбасы саясатының әлеуметтік мазмұнын ашып қарастыру- бүгінгі күннің өзекті мәселелердің бірі. Мемлекеттің отбасы саясаты мәселелері дамыған елдерге тән жалпы әлемдік даму бағыты ретінде бүгінде республикамыз бастан өткеріп отырған даму кезеңінің де басты ерекшелігі ретінде айқындалады. Осы мәселеге байланысты көптеген отбасы мәселелері бүгін ғана туындап отырған жоқ, толымсыз отбасы, ажырасу, ерлі - зайыптылар жанжалы, сондай - ақ,жалғызбастылар мәселесі бұрын да болған, бірақ, оған жете мән берілмеген.

      Отбасы  дегеніміз – туысқандықбайланыста болатын,бірлесіп әлеуметтік тұрмыста өмір сүретін адамдартобы.Отбасы шын мәнінде тату-тәтті болса,одан рухани адамгершілік,қайырымдылық көрінісі туады.Отбасы–ол алғашқы және негізгі қоғамдық орта,онымен адамзат байланысады және ол моральдық баға жүйесін, тәртіп нормасын қалыптастырады,сонымен қатар қоршаған орта және өмір жолында кездесетін құбылыстың маңызы туралы білімді жетілдіреді және өзінен кейінгі ұрпағына жеткізеді. Отбасылық қатынас бүгінгі таңдағы аса маңызды қоғамдықсаяси мәселенің бірі.Отбасы–халықтың өсіп-өркендеуіне, өсіп келе жатқан ұрпақтар тәрбиесінде, ата-бабаларымыз мұра еткен саяси-әлеуметтік тәрбие мен мәдени құндылықтарды жеткізуде өте маңызды рөл атқаратын қоғамның құрамдас бір бөлігі. Отбасының тіршілік әрекеті экономикада, саясатта және мәдениетте жүретін үдерістермен байланысып, саяси-әлеуметтік шынайылықпен астарласып жатыр. Сол себепті, отбасы жағдайы және мемлекеттік отбасы саясатын жүзеге асыру дәл біздің қоғамымыздың дағдарыс кезеңінде өте қиындап, күрделене түсті.

      Бүгінгі күні бұл мәселе мемлекетіміздің  басты міндеттерінің бірі болып  отыр. 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап баланың тууына байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы 2 есе арттырылып, баланы бір жасқа толғанға дейін күтуге төленетін ай сайынғы жәрдемақыны көбейтті.Жаңа қадамдар әлі де үлкен жағымды өзгерістер әкелетініне күмәніміз жоқ. Сонымен қатар жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілікті, босануды және сәбиді күтіп баққан кезінде төленетін міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілді. Отбасын нығайту ешқандай да қаражатты аямастан жұмсауды қажет ететін қадірлі де игілікті мақсат. Әр жыл сайынғы халыққа жолдауында әлеуметтің әлеуетін арттыру жөніндегі Президенттің нақты тапсырмалары жоғарыдағыдай шешімін тауып, халықтың тұрмыс-тіршілігін, күн көріс қарекетін жақсартуға септігін тигізетініне сенімдіміз.

     Курстық жұмыстың мақсаты– ғылыми саясаттың жүзеге асырылуында көрініс тапқан нақты материалдарға сүйене отырып, қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы мемлекеттік отбасы саясатының қалыптасу және даму ерекшеліктерін, оның мазмұны мен қарастыратын мәселелерін анықтап, талдау жасау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттер белгіленеді:

  • еліміздегі мемлекеттік отбасы саясатының әлеуметтік мәселелерін қарастыру;
  • «отбасы және балаларды» мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғау жұмыстарын қарастыру;
  • отбасы саясатының қалыптасуына әсер ететін әлеуметтік факторларды негіздеу;
  • халықтың әлеуметтік «әлжуаз» топтарына қажетті көмектерін  бағалау және ұйымдастыру;
  • қазіргі кезеңдегі мемлекеттің тиімді отбасы саясатын Қазақстан халқы дамуының айқын жолы ретінде қарастыру.
  • мемлекеттің отбасы саясатының ауыл мен қаладағы қалыптасу ерекшеліктерін негіздеу;

      Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабында «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы, кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата- анасына қамқорлық жасауға міндетті»,-деп көрсетілген.

Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың дәл атап көрсеткеніндей: «Егер біз адамгершілігі мол қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда-еліміз үшін алаңдамауға да болады».

      Мемлекеттің ғылыми мәні бар отбасы саясаты күйзеліс пен қарама-қайшылыққа  толы қазіргі отбасының өзгеріс дағдарысы саяси- экономикалық дағдарыспен астарласып, қабаттасқан қазіргі тұста ерекше маңызға ие болуда. Сондай-ақ, біздің еліміздегі отбасы саясаты мақсатты мемлекеттік жүйе ретінде әлі қалыптаспаған, қабылданған саяси-әлеуметтік тәжірибедегі шаралар мәселенің қажетті жиынтығын толық қамтымаған, сондықтан да, олар қысқа мерзімді сипатта болады. Осының нәтижесінде отбасы институтының көздеген мүддесі жеткіліксіз орындалуда деген пікір туындайды. Қазақстан Республикасындағы белсенді сипаттағы отбасы саясатын талдау, оны жүзеге асыру міндетті және өзекті мәселеге айналуы қажет.Осыған орай, мемлекеттің отбасы саясаты теориясы мен тәжірибесін терең қарастырып, оның жүзеге асырылуындағы қағидалары мен бағыттарына талдау жасалды.

     Жұмыстың  құрылымы.Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімі үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.  
 
 
 

1. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДА САЯСАТЫНЫҢ   НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

1.1 Мемлекеттің отбасы және балаларды әлеуметтік қорғау саясатының мәні мен анықтамасы 

Қоғамның  негізгі институттарының бірі, адамның  саяси   әлеуметтенуінің ең алғашқы сатысы ретіндегі отбасы, кез келген қоғамдық ұйым сияқты, заман қыспағына өзінше төтеп беріп, ұлттық қоғамдық мүшелерге сай қызмет ете және оларды объективті қажеттілік ретінде қалыптастыра отырып, қоғаммен бірге дамиды.

    Отбасы  өз мүшелерінің физиологиялық, әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін, сондай-ақ, жас балалар, қарт, науқас адамдарға қамқорлығын, балалар мен жастардың әлеуметтік жағдайларын қамтамасыз етуі қажет. Бүгінгі таңда ғылыми әдебиетте әлі де толық зерттелмеген мемлекеттің отбасы саясатының мәні мен анықтамасы тұрғысынан алғанда отбасы сүйіспеншілік, сыйластық, ынтымақтастықтың қайнар көзі болып табылады. Ол, "Неке және отбасы туралы" Заңда көрсетілгендей, XXI ғасыр басында "отбасының барлық мүшелерінің салауатты тұрмыс" құруы мен құқығы жүйесі ретінде өз қызметін атқарады.

    Отбасында ұлттық, қоғамдық өмірдің негізгі жетістіктері, қиыншылықтары мен қайшылықтары өз көрінісін табады. Солай бола тұра, отбасының халық, қоғам өміріне ықпалы зор, ол адамның өзін-өзі үздіксіз дамытуында және адамзатты жалғастырушы ретінде шешуші рөл атқарады, оған "бала және жасөспірім тәрбиесіндегі, жеке тұлғаның физиологиялық әрі рухани дамуындағы үлкен міндеттеме жүктеледі"

    Отбасының даму бағытын тек терең танығанда  ғана мемлекеттің отбасы саясатының тиімділігін арттыруға болады. Міне, сол себептен отбасы мен мемлекеттің отбасы саясатын қалыптастырып дамыту әлеуметтік-саяси ғылымының негізгі өзекті мәселесіне айналып отыр.

    Отбасы  адамдар мен мемлекет және басқа  саяси-әлеуметтік институт пен мекемелер арасындағы түпкілікті байланыстырушы болып саналады. Отбасының өз қызметін толық атқаруы дегеніміз – ұрпақтыңтарихи жалғасу жағдайын, бүтіндей қоғам, ұлт, жеке тұлғаның дамуын, әлеуметтік-қоғамдық тұрақтылық пен ілгері дамуын сақтау қажеттілігі. Әлеуметтік-экономикалық реформа тұсында отбасы адам мінез-құлқының қалыптынормасы мен жаңа кұндылығын қалыптастыруда негізгі институттардың бірі болады.

    Қазіргі заманғы отбасы, оның ерекшеліктері  еліміздің қазіргікезеңдегі ерекшеліктерімен, яғни, қоғамның реформалану және жаңару кезеңімен негізделеді. Сондықтан, ол бүгінде жаңа мәселелерге тап келіп, адам, халық, қоғам үшін қажетті көптеген өмірлікмаңызды қызметтерін атқару қабілетінен белгілі дәрежедеайырылып, елеулі жағдайларда басқа саяси-қоғамдық институттармен ұзаққа созылған үйлесімсіздікте болып, шын мәнінде, XXI ғасыр басында жаңа дағдарысқа ұшырап отыр.

Біздің  еліміздегі мемлекеттің отбасы саясатының ғылыми негізін қалыптастыру үдірісіндегі негізгі мәселе "Отбасы саясаты" терминінің мәнін ашатын ұғым анықтамасы болып табылады. Бұл термин Отандық ғылыми әдебиеттерде 80-жылдар соңында ғана қолданыла бастады, бірақ, кең көлемде өз жалғасын таппады. Тек халықаралық отбасы жылының өту кезеңінде ғылыми әдебиеттерде "отбасы саясаты" терминінің жиі қолданыста болуы өзінің бекітілуінде маңызды рөл атқарады.

    Отбасы  саясаты, бұл мемлекеттік институт ретінде қоғамның ұзақ мерзімді мәдени-тарихи дамуында жойылған оның өзіне тән табиғи әлеуметтік қызметін қайтару, отбасы мен оның тұрмыс қалпының қайта дамуына, оны нығайтуға бағытталған топ.    

        Оның мәні – үздіксізалмасып отыратын отбасы мүдделерін қоғам мен мемлекеттің өздерінің жеке өзгерістеріндей қабылдап, жеке тұлға, отбасы, этнос, қоғам арасындағы жаңа тепе-теңдік ізденісіне көмегін тигізу.

Мемлекеттің отбасы саясатының мәні мен мақсаттарын негізгі отбасылық міндеттердің мейлінше дұрыс орындалуы үшін әрбір отбасын оның еркін дамуына қажет қолайлы әлеуметтік, экономикалық, өнегелік жағдайлармен камтамасыз ету деп айқындауға болатындығы баса айтылады. Олай болса, мемлекеттің отбасы саясатының объектісі – отбасыныңөзі, сондай-ақ, басқа да саяси-әлеуметтік: институттар мен қоғамдық жүйенің тармақтары (мысалы, экономикалық, саяси, т.б.), олардың әрбір жеке адамның, отбасының өмір сүруіне ықпал жасаушы қызметтері.

    Бүгінгі таңда отбасының негізгі қызметі  балалардың дүниеге келуі мен  саяси әлеуметтендіру қызметіне  тікелей қатысты репродуктивтік және тәрбиелеушілік қызметі болып отыр. Осыған қоса, біртұтас ішкі отбасы қызметін дамыту үшін отбасы институтын тұрақтандыру, отбасы мүшелерінің біріккен еңбек қызметінде экономикалық міндеттің болуы өте маңызды.

    Отбасының негізгі қызметтеріне (бала туу және тәрбиелеу, шаруашылық-тұтынушылық, бос уақытты өткізу, т.с.с.) саяси талдау жасау біртіндеп олардың барлық мәдени-эмоционалдық аспектісін қамти алады деп тұжырымдауға мүмкіндік берді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттің қазіргі жүргізіп отырған саясаты