Отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттің қазіргі жүргізіп отырған саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 18:57, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Біз өмір сүріп жатқан қоғамда «отбасы» ең маңызды рөл атқаратындықтан әр мемлекет өз отбасы саясатын қалыптастырған.Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет болғандықтан, ондағы отбасы саясатының әлеуметтік мазмұнын ашып қарастыру- бүгінгі күннің өзекті мәселелердің бірі. Мемлекеттің отбасы саясаты мәселелері дамыған елдерге тән жалпы әлемдік даму бағыты ретінде бүгінде республикамыз бастан өткеріп отырған даму кезеңінің де басты ерекшелігі ретінде айқындалады.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………..................................3
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДА САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Мемлекеттің отбасы және балаларды әлеуметтік қорғау саясатының мәні мен анықтамасы....................................................................................................5
1.2 Отбасы және балаларды әлеуметтік қорғаудың маңызы мен түрлері....................................................................................................................13
2. МЕМЛЕКЕТТІҢ ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
2.1.Отбасы және балаларды әлеуметтік қорғау саясатының қалыптасуына әсер ететін факторлар..........................................................................................19
2.2. Отбасын қорғаудағы жүргізілетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектер.................................................................................................................27
3. ОТБАСЫ МЕН БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ПЕН ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Халықты әлеуметтік қорғаудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін жетілдіру бағыттары ......................................................................................35
3.2. Мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы мен балалар мәселелерін шешу жолдары.........................................................39
Қорытынды............................................................................................................46
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................

Работа содержит 1 файл

- Отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғау мемлекеттің қазіргі жүргізіп отырған саясаты.docx

— 155.75 Кб (Скачать)

     - халықтың қажетттіліктеріне сәйкес  денсаулық сақтау саласының дамуы  және меншік нысанына байланысты  медициналық ұйымдар үшін тең  жағдайлар құру;

     - медициналық-санитарлық және медициналық-әлеуметтік  шаралардың ғылыми негізделуі  және профилактикалық бағытталуы;

     - міндетті және ерікті медициналық  сақтандыру мен көптәртіпті медицинаның  дамуы;

     - азаматтардың денсаулығын сақт  ауға жағдай жасайтын орталық  атқарушы органдардың, сонымен  қатар өкілетті және атқарушы  органдардың, жергілікті басқару  органдарының, жұмыс берушілердің, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі;

     - медициналық және фармацевтік  жұмысшылардың, сондай-ақ фармацевтік  қызметпен айналысуға құқылы  адамдардың денсаулығына зиян  шеккен үшін жауапкершілігі.

      2000 жылы 25 мамырда шыққан денсаулық  сақтау саласының әрі қарай  дамуының Концепциясына сәйкес  бұл саланың мақсаты 2000-2010 жылдар  кезінде денсаулық сақтау жүйесін  жетілдірудің стратегиялық позицияларын  анықтау және бекіту. Бұл азаматтардың  денсаулығын жақсартуға, халық сұранысының  медициналық қызметке қанағаттануына  бағытталған және саланың әрі  қарай тұрақты дамуына негізделген.

     4-ші кесте мәліметтерінен дәрігерлер  саны 2009 жылға қарағанда 92 пайызға,  орта медициналық персоналдардың  саны 85 пайызға өсіп, осы жылдар  арасында ауруханалардағы төсек  орны 82 пайызға қысқарған. 
 

Кесте 4    Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласы дамуының негізгі көрсеткіштері 

       
  жылдар:
2005 2006 2007 2008 2009
Дәрігерлер  саны, мың адам 54,5 53,2 50,6 49,0 50,1
Халықтың 10 000 адамына пайызбен 35,9 35,6 33,9 33,0 34,6
Орта  медициналық персоналдардың саны, мың  адам 129,5 120,4 110,4 106,6 109,4
Халықтың 10 000 адамына, пайызбен 85,3 80,5 74,1 71,8 73,8
Ауруханалық мекеме саны, бірлік 1006 991 917 938 981
Төсек орны саны, мың 134,4 123,5 108,2 101,6 110,2
Халықтың 10  000 адамына жатын орын санына пайызбен 89,8 82,6 72,6 72,1 74,4
Ескертпе  – Статистикалық жылнама, 2010 жыл  негізінде автордың есептеуі
 
 

          Концепция келесі қағидаларға  негізделген:

     - азаматтардың денсаулық саласындағы  құқықтарының қамтамасыз етілуі  үшін мемлекеттің жауапкершілігі;

     - әлеуметтік статусқа, табыс деңгейіне  және мекен жайына байланысты  емес медициналық көмектің халыққа  жол ашықтығы;

     - қоғам мен азаматтардың денсаулық  сақтауға белсенді қатысуы, сонымен  қатар денсаулық сақтау жүйесінің  дамуы;

     - азаматтардың өмір сүру салты  мен денсаулығын сақтау үшін  жауапкершілігі;

     - кепілді көлемдегі медициналық  көмектің тегін негізде қамтылуы;

     - денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың  көп арналылығы;

     - дәрілік қамтылу саласында қауіпсіздікті  сақтау және отандық медициналық  және фармацевтік өндірістің  дамуы;

     - медициналық ғылым мен тәжіри  бенің бірлігі.

     Қарастырылған сала адамдардың  денсаулығын сақтауға, аурудың профилактикасы  мен емделуіне, медициналық көмек  көрсетуге, адамдарды дәрімен  қамтамасыз етуге негізделген.  Бұл емханалар, ауруханалар, емдеу  орталықтары, институттары, жедел  көмек көрсету пунктілері, диспансаерлер,  перзентханалар, кәсіпорындардағы  денсаулық пунктілер, профилакторийлер. Дене шынықтыру мен спорт адамдардың  дұрыс өмір сүру салты мен  денсаулығын сақтау мәселесін  шешуде денсаулық сақтау саласымен  шектеседі.

     Әлеуметтік құрылыс пен оның  денсаулық сақтау жүйесінің ең  тамаша жетістіктерінің бірі  бұл аумақтағы барлық халықтың  кең спектірлі медициналық қызметке  құқығы. Денсаулық сақтаудың советтік  моделі бойынша құрылған құрылымдық  интегралданған емханалар, ауруханалар  және де басқа медициналық  ұйымдар тізбегі бүкіл аумақта  медициналық қызметтермен қамтылған.  Қатаң құрылымдалған санитарлық-эпидемиологиялық  станциялар жүйесі негізінен  қоршаған ортаның ластануынан  пайда болған ауруларға және  инфекциялық ауруларға қарсы  күреспен айналысқан. Бұрынғы қоғамдық  жүйе барлық экономикалық және  әлеуметтік мәселелерді шеше  алмағандықтан, радикалды реформаларды  жақтаушылар өтпелі кезеңнің  басында бұрын болған .

Жаңа  денсаулық сақтау жүйесін қалыптасрыу  үшін құқықтық, институционалдық және дқұрылымдық өзгертуден тұратын  реформалар жүргізілді. Қоғамдық денсауйлық сақтаудың жаңа инфрақұрылымының мемлекеттің  кепілденгени ақысыз медициналық көмек  көлемін сақтай отырып, медецинаны жеке меншік саласын қарастыруды  қарастырады.

     Денсаулық сақтау саласын жетілдіру  және  “Қазақстан Республикасының  азаматтарының денсаулығын жақсарту  бойынша алғашқы шаралар туралы”  Қазақстан Респукбликасының Призиденті  жарлығына сәйкес медициналық  жәрдем көрсетудің қазіргі заманғы  денгейін қамтамасыз ету мақсатында  “Халық денсаулығы ” мемлекеттік  бағдарламасы жасалды.

    Нарықтық экономика реформалары  жағдайында отандық денсаулық  сақтауды дамытуда Қазақстан  Республикасы Үкіметінің стратегиялық  мақсаты медицинаплық қызметтердің  қол жетерлілігін қамтамсыыз  ету  2001 жылы 16 Қарашада қабылданған  “Халық денсаулығы” мемлекеттің  бағдарламасында алғашқы медико—санитарлық  көмек, түберкулез және вирусты  инфекциялар және т.с.с. күрес  және профилактиканы күшейтуді  қарастырады. Сондай—ақ бағдарлама  қоршаған ортаның теріс әсерлерінің  адам денсаулығына келтірілген  зақымның орнын толтыру жүйесін  қалыптастыруға, халықты сапалы  ауыз суымен қамтамасыз етукді  жақсартуға, тегін вакцинацияны  жүргізуге бағытталған бір қатар  іс шараларды қарастырады. Бағдарламаның  маңызды мәселелерінің бірі салауатты  өмір сүруді уағыздау болып  табылады. Бұл бағыттың стратегиясы  профилактикалық іс шараларды  жасауда, дене шынықтыру және  спортты дамыту, дұрыс тамақтану,  гигиена және санитария ережелерін  сақтау, есірткі заттарын қолдану  және таратумен күресті қамтиды.

     “Халық денсаулығы” мемлекеттік  бағдарламасында қарастырылған  іс шаравлардың іске асуы елдіңң  экономикалық даму денгейімен, реформалардың  жүргізуінің анықталуымен анықталады, және материалдық және қаржы  ресурстарын тиімді қолдану бойынша  және Қазақстан халқына медециналық қызмет көрсетудің сапасын жоғарлату бойнша мемлекетпен жеке сектордың іс әрекеттерінің өз ара үйлесуін және сәйкестілігін талап етеді.

    Алға қойылған мақсаттарды іске  асыру барысында аз шығын талап  ететін, сәйкесінше медициналық  қызмет көрсету денгейін сақтай  отырып, халықтың кедей бөліктерінің  қолы жететі амбулоторлық—емханалық  жәрдем бойынша шаралар орындалуда.

     2009жылдың басында халыққа амбулаторлық-емханалық  қызмет көрсететін ауруханалық  мекемелердің санын 3247 болды,  бұл 2008жылмен салыстырғанда 9,1 пайызға артқан. Соңғы кезде денсаулық  сақтау саласының жеке секторы  белсенді дамуда. 2009 жылдың емдік  профилактикалық мекемелер жүйесі 817 мемлекеттік және 121 ауруханалық  ұйымдар. 2486 мемлекеттік және 764 мемлекттік  емес амбулаторлық профилактикалық  ұйымды қамтиды. Дәріханалардың  басым бөлігі жеке иелікке  өтіп, олардағы қызмет көрсетудің  сапасының өсуі байқалуда.

     Республика денсаулық сақтау  жүйесінің дәрі-дәрмек препараттарының  импортына тәуекелділігін төмендетілді  және қазіргі заманғы технологиялар  негізінде жаңа фармацептикалық  өндірістер құру мақсатында 2006 жылы  фармацептикалық және медициналық  өнеркәсіпті дамыту бойынша мемлекеттік  бағдарлама қабылданды.

     Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік  қызметтер болып санитарлық-гигиеналық  қызметтер, инфекциялық аурулардың  профилактикасы мен оларға қарсы  күрес, денсаулықты насихаттау, ғылыми  зерттеулер, кәсіби дайындықтар  табылады. Олар қоғамдық игіліктер  сипатына ие. Бірақ аталған қызметтердің  кейбіреулері қоғамдық игілік  ретінде тегін берілмей, коммуналды  қызмет ретінде сатылады. Сондықтан  да бұрынғы социалистік елдердің  алдында тұрған ең қиын мәселелердің  бірі – ол денсаулық сақтау  саласындағы әртүрлі игіліктер  мен қызметтер арасында шекті  жүргізу, әсіресе әртүрлі қарастырылатын  аралас игіліктер туралы мәселелер  туындаған.

  Облыстағы халық саны 2009 жылғы деректер бойынша 1691,5 мың адамды құрады, ал бұл көрсеткіш  2008 жылмен салыстырғанда ол 1,6%-ға өскен, мұның себебі  өлгендер санының  азаюымен байланысты болып отыр. 

  Кесте 5 - Алматы облысындағы халықтың табиғи қозғалысы 

Көрсеткіш Жылдар: 1000 адамға  шаққанда
2008 2009 2008жыл 2009 жыл
Туған балалар саны 36522 34732 23,3 22,2
Өлген адамдар саны 14248 13369 9,2 8,6
Табиғи  өсім 22274 21363 14,1 13,6
Некеге  тұрғандар саны 14522 14758 9,6 9,5
Ажырасулар  саны 3041 3256 2,0 2,1
Ескертпе  – статистикалық жылнама негізінде  автордың есептеуі
 

     «Қазақстан  Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы №1241 Қаулысының негізгі мақсаты мемлекет, жұмыс  беруші және қызметкер арасындағы жауапкершілікті  бөлу болып табылатын қаржылық тұрақтылық, экокомикалық тиімді, әлеуметтік әділ әлеуметтік қамсыздандырудың үш деңгейлі жүйесін құру болып табылады.

     Қазақстан Республикасының азаматтарына әлеуметтік тәуекел туған жағдайда аталған  Бағдарламаға сәйкес мынадай әлеуметтік қорғау кепіл болады:

     бірінші деңгей (негізгі) – бұл мүгедектігі немесе асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік бюджеттен берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, ал жұмысынан айырылған жағдайда жұмысқа орналасу, кәсіптік қайта даярлық және қоғамдық жұмыс беру жергілікті бюджет есебінен болады. Бүл халықтың осал жіктерінің барлық санатына еңбек еткен жылдары мен жалақыларына қарамастан, бірдей әлеуметтік қатер жағдайында, деңгейі бойынша ең төменгі төлемдер алуға тең құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етеді;

     екінші  деңгей (міндетті) – жұмыс істейтін (жұмыс істеген) адамдарды міндетті әлеуметтік сақтандыру есебінен жүзеге асырылатын әлеуметтік төлемдер. Жұмыс берушілердің және/немесе қызметкерлердің; міндетті сақтандыру жарналары әлеуметтік сақтандыру төлемдерінің көзі болып табылады. Бұл жағдайда, әлеуметтік қамсыздандыру деңгейі әр адамның сақтандыру жүйесіне қатысуының ұзақтығы мен мөлшеріне байланысты;

     үшінші  деңгей (қосымша) – әлеуметтік төлемдердің ерікті аударымдар есебінен жүзеге асырылуын пайымдайды. Бұл жағдайда, аударымдар жеке, жинақтаушы, ерікті немесе кәсіптік болып табылады.

     Әлеуметтік  қамсыздандырудың үш деңгейлі жүйесінің  негізгі сипаты мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасындағы жауапкершілікті  бөле отырып жүргізілетін қаржылық тұрақтылық болып табылады. Әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі деңгейі.

     Қазақстан Республикасының барлық азаматтары әлеуметтік қатерлер туындаған жағдайда, еңбек өтілімі мен жалақысына қарамастан, төмендегідей негізгі әлеуметтік жәрдемақыларды алу құқығына ие болады:

  • қартаюына қарай мемлекеттік негізгі зейнетақы төлемдері;
  • мүгедектігі бойынша мемлекеттік негізгі жәрдемақы;
  • асыраушысынан айрылуы бойынша мемлекеттік негізгі жәрдемақы;
  • жерлеуге берілетін мемлекеттік жәрдемақы.

Информация о работе Отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттің қазіргі жүргізіп отырған саясаты