Отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттің қазіргі жүргізіп отырған саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 18:57, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Біз өмір сүріп жатқан қоғамда «отбасы» ең маңызды рөл атқаратындықтан әр мемлекет өз отбасы саясатын қалыптастырған.Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет болғандықтан, ондағы отбасы саясатының әлеуметтік мазмұнын ашып қарастыру- бүгінгі күннің өзекті мәселелердің бірі. Мемлекеттің отбасы саясаты мәселелері дамыған елдерге тән жалпы әлемдік даму бағыты ретінде бүгінде республикамыз бастан өткеріп отырған даму кезеңінің де басты ерекшелігі ретінде айқындалады.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………..................................3
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДА САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Мемлекеттің отбасы және балаларды әлеуметтік қорғау саясатының мәні мен анықтамасы....................................................................................................5
1.2 Отбасы және балаларды әлеуметтік қорғаудың маңызы мен түрлері....................................................................................................................13
2. МЕМЛЕКЕТТІҢ ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
2.1.Отбасы және балаларды әлеуметтік қорғау саясатының қалыптасуына әсер ететін факторлар..........................................................................................19
2.2. Отбасын қорғаудағы жүргізілетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектер.................................................................................................................27
3. ОТБАСЫ МЕН БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ПЕН ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Халықты әлеуметтік қорғаудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін жетілдіру бағыттары ......................................................................................35
3.2. Мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы мен балалар мәселелерін шешу жолдары.........................................................39
Қорытынды............................................................................................................46
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................

Работа содержит 1 файл

- Отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғау мемлекеттің қазіргі жүргізіп отырған саясаты.docx

— 155.75 Кб (Скачать)

    Қандай  мемлекеттің болмасын отбасы саясатын жетістікке жеткізгізі келсе, отбасында болатын үдерістерге төзімділікпен қарап, өте икемді де күрделі ой-өрісіне негізделуі қажет.Біздің еліміздегі отбасы саясаты аса нәтижелі емес. Оның нәтижелі болуы Қазақстандағы саяси-әлеуметтік шындықтың мәнін қаншалықты ұғынуға байланысты.

    Қазақстан жағдайында "отбасы дағдарысы" ұлттық жаңару мен адамзат құндылығы және терең ойластырылған мемлекеттің отбасы саясаты арқасында жеңетіндігіне үміт артамыз. Қазақстандықтар XXI ғасырда ынтымақты отбасын дамытып нығайту үшін жеке адам, қоғамдық, ұлттық қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын отбасының әр түрлі үлгілері ғылыми түрде сараланып, зор мән беруіқажет. Ал, ол үшін біз отбасы саясатының саяси үдерістер мен институттар жүйесінде алатын орнын қарастырып, оған саяси талдау жасауымыз керек. 
 
 
 
 
 
 

1.2  Отбасы және балаларды   әлеуметтік қорғаудың  маңызы мен түрлері 

Бүгінгі таңда,қоғамда экономикамен,саясатпен  және мәдениетпен қатар кепілдік пен әлеуметтік қорғау жүйесінің  қызметі бар, оған қазіргі таңда  көп көңіл бөлініп жатыр.Бұл  әлеуметтік институт кепілдік беруде, көмек көрсетуде және қорғауда адамдардың мұқтажын қанағаттандыру үшін пайдаланылады.

Әлеуметтік кепілдемелер жеңілдіктер және төлем жүйелері заң нормаларының жинағын құрайды, олар:

- ең  төменгі еңбек ақы төлемі және  қосымша төлемдер;

- әлеуметтік  жеңілдіктер (еңбекке жарамсыздық жәрдемақысы, стипендия, қартайған шағы және мүгедектігі бойынша зейнетақы, демалыс төлемі және т.б.);

- жұмыс  істейтін аналарға, жеткіншектерге, мүгедектерге жеңілдіктерді, сондай-ақ  балаға жәрдемақыны,  асыраушысынан  айырылуына байланысты зейнетақы,  халықтың басқа категориясына  берілетін зейнетақы;

- еңбекті қорғау және жағдай саласындағы кепілдікті, жұмысбастылық саласындағы кепілдік;

- денсаулық сақтау, білім беру мен мәдениеттің тегін және жалпы қолданылатын қызметінің ең төменгі жиынтығын анықтайды.

     Әлеуметтік көмек көрсету - әлеуметтік  қорғау институты қызметінің  негізіне құрайды.

     Әлеуметтік қорғау институты:

-  теңдік, жалпылық, қол жетерлік әдістері мен білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік сақтандыру жалпы ұлттық жүйесін қамтуменнегізделген әлеуметтік кепілдікпен;

- халықтың әлеуметтік неғұрлым нашар, ең алдымен, еңбекке жарамсыз жігіне әлеуметтік көмекпен;

-әлеуметтік  сақтандырумен: міндетті түрі – жұмыс берушілердің және қызметкерлердің жарнасы есебінен елдегі барлық еңбекке жарамды халықты, өз еркімен – жұмыс беруші мен қызметкердің өз ықыласы тәртібімен халықтың еңбек ететін бөлігін – қамтамасыз етеді.

     Еліміз егемендік алған соң  ең алдымен халықты әлеуметтік  қорғаудың құқықтық, заңнамалық  негізін қайта қарау қажеттілігі  туындады. Осыған орай ең алдымен  1991 жылы «Халықты жұмыспен қамсыздандыру»  және «Семей полигоны зардабынан зиян шеккен адамдарды әлеуметтік қорғау» (1992 ж.) туралы заң қабылданды.

     Бұлардан басқа 1992 жылы «Көп  балалы отбасын әлеуметтік қорғау  шаралары» туралы Қазақстан Республикасы  Президентінің бұйрығы жарыққа  шығып, сол негізде халықты  еңбекпен қамтамасыз етудің Мемлекеттік  қоры (1991 ж.), зейнетақы қоры (1991 ж.), мемлекеттік  халықты әлеуметтік қорғау қоры  құрылды.

     Ең алғаш қабылданған «Халықты  еңбекпен қамтамасыз ету» заңы негізінле жұмыссыз қалған адамдарға бағытталған көмек беруде оның бұрынғы еңбек өтемі, оның еңбекақысына қарап отырғандар саны, жұмыс істеу мерзімінің ұзақтылығы не қысқалығы ескерілді. Мұнда штатқысқаруына және жұмыс орнының жабылуына байланысты жұмыссыз қалғандарға ерекше мән берілді.

     Одан кейінде 1993-1995 ж.ж. халықты әлеуметтік қорғаудыңтұжырымдамасын жасау жұмыстары жалғасып жатты. Соның ішінде «Әлеуметтік қорғау туралы заң (1996ж.) да бар болатын. Ол бойынша Қазақстан үкіметі азаматтарына мынадай кепілдіктер берілді:

зейнетақымен  қамтамасыз ету;

уақтылы еңбекке жарамсыздығына байланысты, жүктілігіне байланысты босатылуы;  

- денсаулығын  қалпынакелтіруіне байланысты;

- жұмыссыз  қалған кезде әлеуметтік қорғау;

-  міндетті  медициналық сақтандыру;

-  бала  тууына байланысты жәрдемақы;

- қайтыс  болуына байланысты жәрдемақы.

     Тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен бастап Елбасымыздың бастауымен біз еліміздегі демографиялық мәселесіне мән бере бастадық. Өтпелі кезеңнің аса ауыр қиыншылықтарына қарамастан, халықтың әл-ауқатын арттыру, ана мен балаға қамқорлық жасау күн тәртібінен түскен жоқ. Халқымыздың санын көбейту мақсатында бір кезде тағдыр тауқыметіменен жан-жаққа шашырап кеткен қандастарымызды елге шақырдық, дүние жүзілік қазақтар құрылтайын өткіздік. Осы жылдары елімізге жарты миллионға жуық қандастарымыз елге оралды. 

    Өтпелі кезеңнің аса ауыр дағдарыс  жылдарында қабылданған «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында:  «Уақыт өтіп, қазына кірісі өскенде  мемлекет үшінде, қолайлы нысанда  аналар мен балаларға мемлекеттік  қолдау көрсетуге қаржы табамыз» деп атап өтілді. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев еліміздің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін нығайту үшін 2015 жылға дейін халық санын 20млн. адамға жеткізу міндетін қойды.

     Әлеуметтік сала бойынша Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмалары осылайша өз жемісін беруде.Мәселен, дүниеге келген әрбір сәбиге бір реттік материалдық көмек бұрын 35040 теңге болса, енді 38190 теңгеге көбейген. 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне бюджеттен ай сайын 6365 теңге,екінші балаға – 7007 теңге,үшінші балаға 7638 теңге,төртінші балаға 8275 теңге төленетін болады.

     2010- шы жылдан бастап көп балалы  отбасыларға мемлекеттік көмек  мөлшері артады. «Мемлекет балалы  отбасыларды әлеуметтік жағынан  қолдауға ерекше көңіл аударады, Менің тапсырмам негізінде , 2010 жылдан бастап 4-ші және оданда  көп туғандарға берілетін бір  реттік жәрдемақы 30 айлық есептік  көрсеткіштен 50 айлық есептік көрсеткішке  көтеріледі» – деді   Н.Назарбаев.

     Таяуда  өткен әйелдердің республикалық форумында Елбасы айтқандай «Бұл 68 мың нан асады деп нақтылады ол келесі жылы баланы күтуге берілетін жәрдемақы мөлшері орта есеппен 20 % -ға артады.Сонымен қатар біз қазіргі қиын кезеңде 16- жасқа дейінгі мүгедек баласы бар отбасыларды қолдауымыз қажет» - деді елбасы.Оның айтуынша 2010- шы жылдан бастап жеті және одан көп баласы бар аналарға батыр ана атағы беріледі. «Көп балалы аналарды қолдау мақсатында мен үкіметке аналарға құрметті атақ беру тәртібін қайта қарауды тапсырдым. 2010 – шы жылдан бастап 10 емес , 7 бала тәрбиелеп отырған аналарға «Алтын алқа», ал 6 бала бағып отырған аналарға «Күміс алқа» берілетін болады.

     «Көп  балалы аналар ай сайын 8 мың теңге  мөлшерінде арнайы өтемақы алып отырады. Осы мақсаттарға арнап бюджеттен 30 млрд теңге астам қаржы бөлінеді деді ол.Бір айлық есептік көрсеткіш  қазіргі кезде – 1273, былтыр АЕК  – 1168 теңге болатын. Сонымен қатар Президент «неке және отбасы институтын нығайту қажеттілігіне тоқталды. Әсіресе жетім балаларды асырап алу туралы шешім қабылдаған азаматтарға қолдау жүйесін құру қажеттігін атап өтті.

     Президенттің Жолдауында медицина қызметінің нәтижелігі мен саласын арттыру, еліміздегі экологиялық-санитарлық жағдайларын жақсарып, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету арқылы адамның орташа өмір жасының ұзақтығын арттыру, ана мен бала өлімін төмендету, туберкулезбен сырқаттану және АҚТҚ-ЖҚТБ дертіне шалдығудың етек алуын тежеуге бағытталған бағдарламаларды іске асыру керек екендігі туралы айтылған.    

Жас отбасыларды  нарық талаптарына сәйкес тұрғын үймен қамтамасыз ету, оларды жұмысқа  орналастыру, ана мен балаға медециналық  көмек көрсету, балаларының сапалы білім  алуы мен тәрбиеленуіне  жағдай жасау ең бірінші кезектегі мәселе есебінде қаралуы керек. Халық санының өсуіне тікелей ықпал ететін мәселе-баспана мәселесі.

    Осы көкейтесті мәселелерді шешу үшін елбасымыздың тікелей бастамасымен 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй бағдарламасы қабылданып, осы бағдарлама аясында 3 жылда 12млн. шаршы метр үй салыну жоспарланса, екі жылда 11млн. шаршы метр үй берілді. 2007 жылы 7млн. шаршы метр тұрғын үй берілді. Сонда үш жылда 12 млн. шаршы метрдің орнына 18 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, бағдарлама 150 % орындалмақшы.

    Ал алдағы үш жылда 2008-2011 жылдары 27 млн. шаршы метр үй салынбақшы. Бұл жағдайда 300мың отбасы немесе 1,5 млн. адам жаңа пәтерге ие болады екен. Сонда 2005-2010 жылдар аралығында 500 мың отбасы, немесе 2,5 млн. қазақстандық жаңа үйлерде тұратын болады. Бұл- республика халқының 16,4% -ы немесе алтыдан бірі 6 жыл ішінде жаңа пәтерге ие болады деген сөз. Бұндай құрылыс Қазақстан тарихында бұрын сонды болған емес.

    Ауылдарда, қалаларда үй салуға  берілетін жер учаскелерін бөлуде  қатаң тәртіп болу керек. Көптеген  жерлерде жер учаскесін заңсыз  алып, қымбат бағаға сату фактілері  кездеседі. Осыған қатаң тыйым  салынуы шарт.

   Мемлекет  басшысы айтқандай, басқа елдердің демографиялық    саясат саласындағы  тәжірбиесін үйреніп ,бұл мәселеде жалпы ұлттық әдістер әзірлеу  қажет. «Біз Қазақстандағы демографиялық  және адами даму мәселелерінде жалпы  ұлттық әдістерді қолдануымыз керек.Әйелдер  ісі жөніндегі ұлттық әдістерді  комиссияға қоғамдық бірлестіктерден, халықтық ұйымдармен ғылыми қоғамдастықтардан ұсыныстар жинап, демографиялық саясат саласындағы халықтық тәжірбиені үйрену туралы тапсырма беріледі.Сонымен қатар ол демографиялық саясаттың негізгі басымдықтары Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стртегиялық даму жоспары енгізілді.

   Тағы  да шешімін табуға ерекше көңіл бөлетін  маңызды мәселелердің бірі мұғалімдердің, дәрігерлердің және бюджет саласындағы  басқа да қызметкерлерінің лауазымдық жалақысын 2 есеге көтеру болып табылады. Оған елбасымыздың халыққа жолдауында: «бюджет саласы қызметкерлерінің  жалақысы 2012 жылы 2 есе деңгейге, оның ішінде 2009 жылы – 25%, 2010 жылы - 25%, 2011 жылы – 30 %-ға арттыру қамтамасыз етілуі тиіс», деген сөздері себеп бола алады. «Нұр Отан» партиясы жергілікті атқарушы органдарға өмір сүру деңгейінің мөлшері орташа республикалық көрсеткіштен төмен аймақтарда тұратын мұғалімдер, дәрігерлер мен бюджет саласының басқа да қызметкерлеріне бірыңғай белгіленген сомалар төлеу құқығын беру туралы бастама көтеріп отыр және оның жүзеге асуын бақылауға алмақ.

   Заңдардан өзге барлық қайнар көздер заңға сәйкес актілер болып табылады, олар: ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, министрліктер мен ведомстволардың  нормативтік бұйрықтары, ҚР Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қаулылары және тағы басқалар.

   Әлеуметтік  қамсыздандыру құқығы қайнар көздерінің жүйесінде ҚР

«Қазақстан  Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру  туралы» заңы асамаңызды орынға ие. Бұл акт әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесіне кіретін қоғамдық қатынастардың бүкіл кешенін реттейді.     

   Қысқасы, мемлекет әлеуметтік қорғау жүйесіне жеке секторды тарту үшін барынша  қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі  мәселенің шешімін табуға баса көңіл  аударып, мүгедектерді, қарияларды қамқорлыққа  алу іс-шараларының жүзеге асуына жетекшілік жасауды өз мойнына алады.  

1- сурет.Мемлекеттік  базалық зейнетақы және зейнетақы  мөлшерінің өсуі 

Дереккөзі: Президент және халық баспасы

      Елбасымыз биылғы жолдауында атап өткендей еліміздегі ең төменгі зейнетақы биылғы 1 қаңтардан бастап өсті десек , жоғары зейнетақы 26733 теңгеге жетті. Бұрын бұлар 7900, 21900 теңгені құраған еді. Сол секілді қосымша төленетін базалық зейнетақы 4810 теңгеден 5388 теңгеге артты.Сонымен, ел көлемінде базалық төлемді қосқанда төменгі зейнетақы мөлшері 15263 теңгені, ал жоғарғы зейнетақы 32121 теңгені құрады.Тиісінше орташа зейнетақы көлемі де базалық төлемді қосқанда 23146 теңгеге көтерілді.Студенттердің шәкірт ақысы 25 пайызға өссе, өзгеде әлеуметтік топтарға жасалатын қамқорлық әр жыл сайын арту үстінде.

Қазақстан Республикасы Президенті  Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын, Қазақстан  Республикасының “2005-2007 жылдарға арналған әлеуметтік реформаны одан ары тереңдету” бағдарламасын, Қазақстан Республикасының  “Жұмыспен қамту”, “Атаулы әлеуметтiк  көмек” туралы және тағы басқа заңдарын басшылыққа ала отырып,жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы біраз жұмыстар атқарды.

   Зейнетақыларды  төлеу жөніндегі мемлекеттік  орталық Қазақстан Республикасының  жұмыс істейтін барлық азаматтарына жарналарды есепке алу және жеке зейнетақы  шоттарын жүргізу үшін қажетті әлеуметтік жеке кодтарды (ӘЖК) беруге міндетті. Сонымен  қатар, зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық мәліметтер қорын құрады және жұмыс берушілердің зейнетақы жарналарын уақытылы аударуына бақылау жасау үшін салық органдарына мәліметтерді беріп отырады.

Информация о работе Отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттің қазіргі жүргізіп отырған саясаты