Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 18:57, курсовая работа
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Біз өмір сүріп жатқан қоғамда «отбасы» ең маңызды рөл атқаратындықтан әр мемлекет өз отбасы саясатын қалыптастырған.Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет болғандықтан, ондағы отбасы саясатының әлеуметтік мазмұнын ашып қарастыру- бүгінгі күннің өзекті мәселелердің бірі. Мемлекеттің отбасы саясаты мәселелері дамыған елдерге тән жалпы әлемдік даму бағыты ретінде бүгінде республикамыз бастан өткеріп отырған даму кезеңінің де басты ерекшелігі ретінде айқындалады.
Кіріспе………………………………………………………..................................3
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДА САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Мемлекеттің отбасы және балаларды әлеуметтік қорғау саясатының мәні мен анықтамасы....................................................................................................5
1.2 Отбасы және балаларды әлеуметтік қорғаудың маңызы мен түрлері....................................................................................................................13
2. МЕМЛЕКЕТТІҢ ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
2.1.Отбасы және балаларды әлеуметтік қорғау саясатының қалыптасуына әсер ететін факторлар..........................................................................................19
2.2. Отбасын қорғаудағы жүргізілетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектер.................................................................................................................27
3. ОТБАСЫ МЕН БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ПЕН ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Халықты әлеуметтік қорғаудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін жетілдіру бағыттары ......................................................................................35
3.2. Мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы мен балалар мәселелерін шешу жолдары.........................................................39
Қорытынды............................................................................................................46
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................
1 – СЫЗБА. Отбасы қызметтері
Көптеген
отбасыларында балалар ерекше
орында, ал, балаларды тәрбиелеуде
отбасының қызметі негізгі
Отбасының атқаратын негізгі қызметтерінің ішінде тәрбие қызметі ерекше орын алады. Ал, оның жүзеге асырылуына баланың болашағы, отбасының тағдыры және жұбайлар бақыты тікелей қатысты болады. Сол себептен де, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген еркіндіктер, құқықтар мен міндеттердің ішінде, балалардың тәрбиесіне қамқорлық жасау міндеті де қарастырылған.Конституциялық құқық әрбір адамның өзінің қабілетіне, қажеттілігіне, маңызына сай білім алуға, еңбек етуге құқықтарын белгілеп, отбасындағы тәрбиенің артуына мүмкіндік туғызып, тәрбиелік потенциалын көтеріп, тәрбие кызметіне зор мән береді.
Мемлекеттің отбасы саясаты – бұл қоғамдағы отбасы мен оның қызметіне әсер ететін саяси-әлеуметтік институттарға мақсатты бағытталған әрекет жиынтығы.
Бүгінгі таңда туып-көбеюдің төмендеуінен Қазақстанда бір балалы отбасы кеңінен таралған үлгіге айналды. 1999 жылы әлемдегі бүкіл халықтың 44%-ы тұратын 57 мемлекетте туып-көбеюшілік халықтың орташа өсіп-өну дәрежесінен де төмен болды. Ал, олардың 29мемлекетінде (51%) туып-көбеюінің өте төменгі деңгейде деп бағаланды. Бұл - көп аспектілі және көп мәнді құбылыс. Ал, бұл тығырықтан шығу үшін жаппай өріс алған аз балалықтан әрбір қазақстандық отбасында балалар санын арттыруға көшу жолы ғана қалды. Мұндай репродуктивтіккызметті орындауда қазіргі отбасы барлық уақытта жемісті нәтижеге жете бермейді. Сондықтан да, Қазақстан халқы жаңаруының сандық аспектісінің маңызы арта түсті. Аз балалықтың кеңінен таралуын отбасы институтының өзінің негізгі – репродуктивтікқызметін орындамауы деп қарастыруға болады.
Ерлі-зайыптылардың арасындағы жанжалдар мен ажырасулардың басты факторларының бірі – отбасындағы басшылық рөлін бөлісушілік болып табылады.
Әйелдердің тұрмыстағы теңсіздігі сәтсіз отбасыларында жиі байқалады. Көбінесе, мұндай отбасыларында ері балағакамқорлық жасауға да, олардың тәрбиесіне де, үй шаруашылықтарын басқаруға да қатыспайды не көңіл бөлмейді.Отбасындағы ерлі-зайыптылардың міндеттерін жаңа заманға сай түсіну тенденциясы жас отбасыларында жаңа үлгідегі үй жұмыстарын бөлуде көбірек байқалады, ал, үлкен буынды және ауылдық отбасыларында төмен. Бұл мәселелердің ең бастысы – отбасытұрақтылығын көтеру, ажырасу мен толық емес отбасыларының қатарын азайту, бала туу көрсеткіштерін арттыру, отбасыларының тәрбиелік мәнін жоғарылату және т. б.
Отбасы тұрақтылығының
Жаңа үлгідегі отбасында ерлі-зайыптылардың арасындағы өзара қатынас алдыңғы жоспарға шығып, некедегі өзара үйлесімділік тұрақтылықтың ең басты шартына айналды. Бұл шартты бұзушылық ажырасу құқын негіздеуде үлкен мәнге ие.Әрине, қазақстандық отбасын тұрақтандырып, нығайту үшін экономикалық, әлеуметтік-саяси, идеологиялық және тұрмыстық бағытта белгілі мемлекеттік, қоғамдық шаралар мен жағдайлар қажет.
Отбасының
тұрақтылығы мен тұрақсыздығын
ерлі-зайыптылардың қажеттілігін қанағаттандыру
арқылы қарастырамыз. Адамдардың материалдық
қажеттілігі "саяси, рухани және еңбек
белсенділігі негізінде жатыр". Біздің
пайымдауымызша, отбасының тұрақтылығы
ерлі-зайыптылардың тек материалдық қажеттіліктерін
қанағаттандыру ғана емес, эмоционалды-психологиялық
қажеттіліктерін де қанағаттандыруға
қатысты болады. Ал, отбасының эмоционалды-психологиялық
тұрақтылығы өзара көмек пен психологиялық
қолдау, өзара түсінісу, қанағаттану, өзінің
қасиет-қабілеттерін сезіну, өзінің қажеттілігі,
маңыздылығы сезімін қанағаттандыру деңгейіне
тікелей қатысты. Сол себепті, бірге өмір
сүруде әрбір ерлі-зайыптылар қандай да
болсын қажеттілігін қанағаттандыратын
тиісті деңгейге жетуі қажет, олай болмаған
жағдайда қолайсыз жағдайларға ұшырап,
жағымсыз эмоция мен сезім қалыптасып,
нығая түседі. Отбасындағы билікті бөлісу-қазіргі
отбасыларындағы басты қайшылықтардың
бірі. Әйелдердің әлеуметтік теңдігі олардың
отбасындағы теңдігін де көрсетеді. Бірақ,
қазақстандық отбасы оның жүзеге асырылуына
кез-келген уақытта дайын бола бермейді.
Отбасындағы басқару түріне қарай отбасын
авторитарлық,авторитарлы-
Авторитарлық үлгіге отағасына барлық басқарушылық және бақылаушылық қызметтері бекітілгені анық байқалатын отбасы түрі жатады. Жаңа отбасылық қатынастар, әсіресе, ондағы әйелдер жағдайының өзгеруі отбасы басшысын мойындау мен оның қызметін түбірімен өзгертті.
Демократиялық
және авторитарлы-демократиялық
Демократиялық үлгідегі отбасыларындағы отбасы мәселелері ерлі-зайыптылардың ақылдасуымен шешіледі. Авторитарлы-демократиялық үлгідегі отбасыларында өзара қарым-қатынастың қарама-қайшылықта болу сипаты байқалады, бұл жерде демократиялық стиль авторитарлық типтің сарқыншақтарымен сәйкес келеді. Мұндай отбасыларында негізінен әйел үй шаруашылығымен айналысады және, әдеттегідей, отбасы бюджетін басқара отырып, тұрмыстық-шаруашылық мәселесін шешуде оның рөлі арта түседі.
Көшбасшылық пен отбасындағы міндеттердің бөлінуіне байланысты отбасының топтары: дәстүрлі отбасы, дәстүрлі емес отбасы және эгалитарлы отбасы болып бөлінеді. Ал, құрамына қарай нуклеарлы және кеңейтілген отбасы болып жіктеледі.
Туыстық құрылым бойынша отбасы былайша бөлінеді:
1) нуклеарлы отбасы (балалары бар ерлі-зайыпты жұп);
2)кеңейтілген отбасы (балалары бар отбасы және отбасымен бірге күйеуінің не әйелінің туысы тұрады).
Жұбайлар арасындағы билікті бөлу құрылымы бойынша келесі отбасыларды бөлуге болады.
1) эгалитарлы – тең құқықтылыққа негізделген:
2) авторитарлы – басты шешімді күйеуі (әйелі) қабылдайды.
Балалар саны бойынша – көп балалы, балалар саны орташа, аз балалы, баласы жоқ отбасы болып бөлінеді.
Бос уақытты өткізу сипаты бойынша ашық отбасы (араласуға және мәдениет индустриасына бағдар алған) және жабық отбасы (бос уақытты үй ішінде өткізуге бағдарланған) болып бөлінеді.
Үй міндеттерін бөлу сипаты бойынша – дәстүрлі отбасы (міндеттерді көбінесе әйелі атқарады) және ұжымдық отбасы (міндеттер бірлесіп не кезекпен атқарылады) болып бөлінеді.
Дәстүрлі санаттағы
Аз қамтылған отбасы – жан басына шаққандағы табыс мөлшері тұтыну қоржыны көрсеткішінен төмен болса, онда ол кедей деп саналады, әлеуметтік көмек алу құқығына ие болады.
Аз қамтылған азаматтарды
Үкімет кедейшілікпен
Жұмыссыз азаматтардың отбасылары – жұмыссыздар қатарында кәмелетке толмаған балаларын асырайтын ата – аналардың көбісі, сонымен бірге бір және бірнеше мүшелері жұмыс істемейтін отбасылар да бар. Жұмыссыздар отбасына әлеуметтік көмек көрсету үшін мыналар теңестіріледі: бірінші топты толығымен жұмыссыз отбасылары құрайды (кәмелетке толған, еңбекке жарамды мүшелерінің бәрі де жұмыссыз болып табылатын); екінші топ – ішінара жұмыссыз отбасылары (кәмелетке толған бір ғана мүшесі жұмыс істемейді).
Көп балалы отбасы – деп үштен артық балалары бар отбасы танылады. Бала көп туылатын аудандарда ол одан көп болуы мүмкін, әсіресе ауылдық жерлерде екі және одан да асатын туыстарымен бірге тұратын күрделі отбасылары да баршылық. Оның басты себебі экономикалық дәрменсіздік болып отыр.
Аз балалы отбасылар – жаңа туған балалардың санының күрт төмендеуі жиі ұдайы өндірісті қамтамасыз ету үшін қажетті деңгейдің тез төмендеуімен көрініп отыр. Халықтың ұдайы өндіріс шегі бала туудың 2.1-2.2-ге тең жиынтық коэффициентік бірлігіне сәйкес келмейді (өлім деңгейіне байланысты).
Төмендегі
сызбанұсқадан отбасының
3– СЫЗБА. Отбасы түрлері
Егер өмір деңгейінің құрылымына қарайтын болсақ, онда ол мынадай көрініс береді:
кедейшіліктегі отбасылар (күнкөріс минимумы төмен) – 35 пайыз;
аз қамтылған отбасылар -27 пайыз;
жақсы қамтылған – 8 (солардың ішіндегі ауқаттылары -4-5 пайыз) (Жаназарова З.Ж. Социальная работа с семьей. – Алматы: Қазақ университеті, 2003).
Жағдайы жайсыз отбасылар- әлеуметтік - экономикалық және биологиялық себептермен пайда болатын жағдайы жайсыз отбасылар болып табылады. Оған мыналар жатады:
1) жанжалды отбасы – кеңірек тарағаны;
2) биморальды отбасы (маскүнемдік, төбелес);
3) педагогикалық дәрменсіз отбасылар – мәдениетінің жоқтығы;
4) асоциалдық отбасы – нормалар мен талаптарға сәйкеспейтін отбасы.
Айта кететін жайт, Қазақстандағы ажырасудың жоғарғы деңгейде болуы отбасының мәні мен оның құндылығының, жеке адам өмірінде де, қоғам өмірінде де төмендегенін, отбасының адамның сұраныс-талаптарын толық қанағаттандыра алмайтындығын көрсетеді. Оған қоса, қазақстандық отбасындағы некелік-отбасылық қатынаста қазіргі өмір және мәдениет үлгісі мен қарқынына сай емес қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің кері әсерін де ескермесе болмайды. Бірақ, барлық осы құбылыстар мен үрдістер орын алмай қоймайды деген пікір қалыптаспауы қажет. Оларды, біздің көзқарасымызша, танып-білуге, басқаруға (өзгертуге) болады. Міне, сол себепті, біз Қазақстандағы ажырасудың артуы мен туып-көбеюшіліктің қысқаруы сияқты жағымсыз тенденцияларға көп мән береміз.
Қазіргі жаңару кезеңіндегі Қазақстанның жағдайындағы негізгі міндет стратегиялық мақсаттың жетістіктеріне жету үшін теориялық және эмперикалық тәсілдерге сай келетін терең де кешенді жұмыстар жүргізу.