Отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттің қазіргі жүргізіп отырған саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 18:57, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Біз өмір сүріп жатқан қоғамда «отбасы» ең маңызды рөл атқаратындықтан әр мемлекет өз отбасы саясатын қалыптастырған.Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет болғандықтан, ондағы отбасы саясатының әлеуметтік мазмұнын ашып қарастыру- бүгінгі күннің өзекті мәселелердің бірі. Мемлекеттің отбасы саясаты мәселелері дамыған елдерге тән жалпы әлемдік даму бағыты ретінде бүгінде республикамыз бастан өткеріп отырған даму кезеңінің де басты ерекшелігі ретінде айқындалады.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………..................................3
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДА САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Мемлекеттің отбасы және балаларды әлеуметтік қорғау саясатының мәні мен анықтамасы....................................................................................................5
1.2 Отбасы және балаларды әлеуметтік қорғаудың маңызы мен түрлері....................................................................................................................13
2. МЕМЛЕКЕТТІҢ ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
2.1.Отбасы және балаларды әлеуметтік қорғау саясатының қалыптасуына әсер ететін факторлар..........................................................................................19
2.2. Отбасын қорғаудағы жүргізілетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектер.................................................................................................................27
3. ОТБАСЫ МЕН БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ПЕН ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Халықты әлеуметтік қорғаудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін жетілдіру бағыттары ......................................................................................35
3.2. Мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы мен балалар мәселелерін шешу жолдары.........................................................39
Қорытынды............................................................................................................46
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................

Работа содержит 1 файл

- Отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғау мемлекеттің қазіргі жүргізіп отырған саясаты.docx

— 155.75 Кб (Скачать)

    Некеге  отыру адамды үлкен бақытқа жеткізуге, барлық мәселені шешуге кепілдік бола алмайды. Бұған қоса, кейбір жағдайда әйелдердің отбасындағы рөлі туралы кейбір отбасыларындағы көнерген ұғым мен әйелдердің әлеуметтік мәртебесі  қарама-қайшылықта болады. Мұның бәрі отбасы міндетін бөлгенде, әсіресе, көптеген жауапкершіліктердің әйелдерге  міндеттелуіне тығыз байланысты. Яғни, бұл ерімен, балаларымен, туысқандарымен арадағы қатынасты құру жұмысы деген сөз. Бірақ, бұл "жұмыс", ғалымдардың көрсеткеніндей, отбасында шынайы бақытты болғысы келгендерге арналған, ол адамның басты құндылықтарының бірі болып қалады.

       Қазақстанда кейінгі уақытта  некеге отырмаған жалғыз басты  адамдар саны көбейді. Бұлар,  негізінен, балаларын дербес тәрбиелеп  жатқан ажырасқан әйелдер мен  ерлер. Кейбіреулер мұндай тандауға  саналы түрде барса, басқа біреулері  амалсыздан мәжбүр болып отыр. Кейбіреулер шын мәніндегі некеге  отырса, әлде біреулері өзінің  жеке өмірін басқаша құрады. Кейбіреулер  отбасы міндетінен бос болу, ұнататын  ісіне өзін арнау мүмкіндігі, өмірлік маңызды шешім қабылдауда  еркін болуы, ал кейде, бала  тәрбиесі міндетінен бас тартқан  артықшылығы бар өмірде адамдар  көбінде бақытсыздыққа ұшырайды, қиын уақыттарда достары да  әлдебірсебептермен жанында болмайды.

      Негізінде, біз көп нәрсені  білеміз, түсінеміз, бірақ, көптеген  жағдайда жігерсіздікке не эмоцияға  берілуімізге байланысты шынайы  өмірдегі біздің мінез - құлқымыз  өзіміздің біліміміз бен іскерлігімізге  жиі сай келмейді. Кейде отбасылық  құндылықтар арасынан дұрыс таңдау  жасаудың өзі қиынға түседі: бір  жағында – бала - шаға, әйелі не  ері, отбасының амандық - саулығы  болса, екінші жағында - достар, жұмыс, әр түрлі әуестенушілік болады. Егер кімде-кім бақытты отбасын қажет етсе, отбасы бақытына кедергі болатын өзіндегі ескіліктің қалдығын жойып, әрқашан жақын адамдарымен өзара қарым-қатынасы туралы ойлануға, отбасы ортасына қолайлы әсер ететін қасиеттерді дамытуға, отбасы саясатының әлеуметтік - психологиялық мәселелерін шешуге тырысуы керек.

    Бүгінгі ерлі-зайыптылар арасындағы қатынас  қиындығы олардың отбасы тұрмыс қалпына, жұбайлық өзара қатынасына деген  әр түрлі көзқараста болуына байланысты. Сондықтан да, отбасында тұлғаның, оның жеке өзіндік ерекшелігінің  рөлі алдыңғы қатарға шықты. Әсіресе, осы кезеңде отбасының бақытты  жұбайлардың өзін - өзі меңгеруіне, отбасылық борышын орындауына, адамгершілігін үздіксіз өздігінен жетілдіруіне тікелей  байланысты.

    Біздің  қоғамдағы отбасының болашағы қолайлы, келешегі жарқын, К.Маркстың көрсеткеніндей: "Отбасы қоғам дамуына қарай  дамуы қажет және де қоғам қалай  өзгерсе, ол да солай өзгеруі керек. Ол қоғамдық жүйенің жемісі болып  табылады". Біздің қоғам барлық адамның  жеке және отбасылық бақытын бұрын  бірде - бір қоғам жүйесі білмеген қамқорлыққа бөлейтін өз болашағын  құруда. Ал өзі сүйіп, өзін де сүюге тұрарлықтай еткен адам өте бай рухани өмір сүреді, сүйіспеншілік сезімі оның өз іс - әрекеті мен қылықтарына жауапкершілігін оятып, арттыра түсіп, өте күшті де терең сүйген адам өзі сүйген адамы үшін үлкен кұрбандыққа барады.

    А.Н.Острогорский бір кездері: "Отбасын лайықты  деп мойындау үшін әке мен ананың болуы жеткіліксіз, олардың өзара  қатынасы да сырластықты адамзат  одағының бірі ретіндегі осы идеяға сәйкес болып, балалардың сезімін қорлайтындай ешнәрсе болмауы керек. Оларға әке  де, ана да қымбат әрі қажет болғандықтан, олар ата - аналарының өзара сүйіспеншілігі мен сыйластығын сезіп, көріп өсуге тиісті" деп айтып кеткен болатын. Бұл тағы да отбасы оның барлық мүшелерінің құштарлық, сүйіспеншілік, сыйластық және ынтымақтастығының қайнар көзі екендігін дәлелдейді. Қазақстандық адамдар тек отбасында ғана жеке тұлғалық үқсастық, сенім, берілгендік, риясыз сүйіспеншілік құндылықтарына жете алады. Адамдар бір - біріне көмектесіп бірге өмір сүруі үшін, балаларды тәрбиелеп, бірге рухани өсуі үшін некеге тұрады. Шынайы отбасы бақыты - куанышта да, қайғыда да сенімді, ең жақын, туысқан адамының, досының әрқашан қасынан табылатынын білуде.

    Мейірімділік, тілектестік сезімі, басқа адамға деген сыйластық, адамдармен тікелей  араласу дағдысы, өнегелілік, ренішін  іште сақтай білу, өз беделін түсірмей кешірімді болу – жақсы әйел мен  жақсы ерінің қасиеттерінің сипаттамасы  болып табылады.

    Ерлі - зайыптылар, ата – ана  мен  балалар, аға – іні  мен апа  – сіңілілер, кіші, орта және аға  буын арасындағы сүйіспеншілік байланысы  қоғамның өмір сүру негізін құрып, әрбір  жеке тұлғаның бағыт - бағдарын қалыптастырады. Кез келген отбасы оның мүшелерінің  өзара қарым-қатынасының мәні мен  сипатымен айқындалады. Тұрақты  отбасының бүтіндей бір бөлігі бола отырып, әрбір қазақстандықтар өзіндік  бірегей ерекшеліктеріне ие болады.

    Қазақстандық  отбасы өз балаларына өздерінің өмір сүру бейнесімен, сондай – ақ, отбасының  ересек мүшелерінің, ең алдымен, әке-шешесінің  ой елегінен өткізіп, мақсатты бағытталған  іс - әрекеттерімен ықпал жасайды. Қазіргі күндері отбасындағы  әке беделі біраз төмендеп кетті. Біз бұл құбылысты отбасының "феминизациялануы" мен әйелдердің қоғамдық-саяси өмірге қатысуымен түсіндіреміз.             

       Көптеген отбасыларында ер адамдар  отбасы басшысы бола алмайды,  бұл міндет әйелдерге ауысқан.  Бұған себеп аз емес: өндірістік, қоғамдық жұмысбасты болуына  қарамастан, әйел – ана  үнемі  отбасының тұрмыстық ісін жүргізеді,  баланы тәрбиелеп, күнделікті  қамқорлық көрсетеді, сөйтіп, біртіндеп  отбасын басқарудан ерін ығыстырады. Кейде отбасындағы басшылықты  өзіне алуға ерінің ішкілікке  салынуы да мәжбүр етеді.

Әйел  отбасындағы ауыртпалықты өзіне  екі есе артық алады. Осыдан барып, шаршап – шалдығу, жүйке тозуы, ашушаң болуы бала тәрбиесіне, отбасылық  өзара қатынасқа кері әсерін тигізеді.

    Сондықтан да, әйелдерге барлық отбасылық ауыртпалықты өзіне алудың қажеті жоқ, оған ешкім  де алмастыра алмайтын аналық борышының  өзі де жеткілікті. Сол себепті, ерлерге  көбірек сенім артып, оны біртіндеп  үй шаруашылығындағы жұмысты орындауға, жауапкершілігін арттыруға тартуы қажет. Оның отағасы, күйеуі, балаларының  әкесі болуына көмектесуі керек. Егер әйел өз ерін біртіндеп балаға деген жауапкершілік сезіміне дағдыландырып, бала күтіміне "тартса", ер адам жақсы  әке бола алады. Әйелдер өз ерлеріне жақсы әке болуға көмектесуі керек. Міне, сондықтан да, әке беделі көбіне анаға байланысты болады. Егер балалар  анасы тарапынан әкесіне сыйластық қатынасты байқамаса, онда әке беделі туралы әңгіме де болуы мүмкін емес.

    Қазіргі кезеңде отбасын нығайту күштері  экономикалық – құқықтық қатынастар саласынан өнегелік – психологиялық  және интеллектуалдық салаға ойысуда. Өйткені, қайырымдылық, тілектестік  сезімі, басқа адамға деген сыйластық, адамдармен тікелей араласу дағдысы, өнегелілік, ашу - ренішін іште сақтай білу сияқты т.б. қасиеттер жұбайлардың  екеуіне де өте қажет.

Бірде-біртәрбие институттары отбасының орнын баса алмайды. Өйткені, әкенің де, ананың да қатынасының негізі олардың ұрпаққа деген ата-аналық сезімінде, туысқандық байланысында жатыр. Олар жеке адамға табиғи шағын орта ретіңде қажет. Екінші жағынан, ата-ананың өз табиғи талабын қанағаттандыруының көрінісі болғандықтан, ата-аналық сезім, балаға қамқорлық жасау, олардыөздеріне де аса қажет нәрсе. "Отбасы өзін шағын топ, әлеуметтік "ықшам әлем" – олбаланы біртіндеп әлеуметтік өмірге араластыру және оның тәжірибесі мен ой-өрісін сатылы кеңейту талабына анағұрлым жақындай түседі".

       Адамдардың білім мен мәдениет  деңгейінің жоғары сатыға көтерілуінен  отбасының ой-өрісі, рухани –  адамгершілік деңгейі, оның тәрбиелік  рөлі де арта түседі. Мәселен  қазақстандық отбасының отбасы  ұжымының негізгі рөлі, әсіресе,  өсіп келе жатқан ұрпақтың  азаматтық рөлі туралы болып  отыр. Осыған орай, өсіп келе жатқан  ұрпаққа қажетті азаматтық қасиетті  отбасы ұжымы арқылы сіндіруде  шешуші әрекет жасайтын отбасының  идеялық-өнегелік және саяси даму  деңгейінің, саяси мәдениеттің рөлі  ерекше маңызды. 

    Балалардың  дүниетаным, тұтынушылық, мүдде, әлеуметтік бейімделу мен ұстанымдар негізін  жетілдіруде ата - ана бірінші  әсер етеді, сондай - ақ, бұл ықпал  қоғамнан, оның проблемасынан, мақсаты  мен міндеттерінен, бақылауынан  тыс жүрмейтіндігін де ескерген жөн. Отбасының басқа тәрбие институттарынан  ерекшелігі сол, ол "адам өмірінің барлық кезеңінде және жан-жақты әсер етеді. Отбасындағы тәрбие қызметінің ауқымды, кең көлемде болуы, оның идеологиялық және психологиялық әсерінің ерекшелігіне сай болуы оны тек іс - әрекеттің  жоғарғы деңгейі етіп қана қоймай, сонымен бірге, жеке адамды, тұлғаны  қалыптастырудағы қажетті де негізгі  әсер етуші звено етіп жасайды".

    Отбасы  тарихи сабақтастықтың маңызды бастамасы  бола отырып, өсіп келе жатқан ұрпаққа  әлеуметтік, саяси, жалпыхалықтық тәжірибелерді  жеткізу негізінде танымының, мінез-құлықтың және іс - әрекеттің алғышарттарын  құрайды.

      Ер адам мен әйел адам арасындағы  терең адамгершілікті және тең  құқықты қатынасын бекітудегі  жетістігіміз сияқты, осы жолдакездесетін  қиындықтардың да әрбір қазақстандықтарға  қатысы болады. Сол себепті, қазақстандық  отбасының әрі қарай нығаюы, жас  ұрпақты тәрбиелеудегі оның рөлін  арттыру – шын мәнінде жалпы  халықтық іс және оның шешімін  табуда ешқандай құрал, күш-жігер, қайратты аямау қажет деп айту асыра көрсеткендік болмас еді.

    Сонымен қатар, оның адамгершілік, өнегелік негізін  орнатпай, оның азаматтық, моральдық  жетілуі мен еңбекке жарамды, қажетті, моральдық алғышарттарын  құрмай қазақстандық отбасын нығайту  мүмкін емес. Ал, бұл үшін өз отбасын  құрған қазақстандықтар, әсіресе, енді құратын адамдар жеке өмірдегі шынайы құндылықты жалған құндылықтан ажырата  білуі, өз бақытын ұзақ мерзімді болашағына жоспарлай алуы қажет, өйткені, көптеген "жастық шақтағы қателіктерді" түзету мүмкін болмай қалады.

    Адам  отбасына өзін толық арнамайынша, өзін құрбан етуге даяр болмайынша отбасы өмірі сәтті болуы мүмкін еместігі іс жүзінде дәлелденген. Жақсы отбасы - "алътруизмнің, адамгершіліктің, жанкештіліктің мектебі» және мемлекеттің дұрыс  отбасы саясатының нәтижесі.

    Басқа дәуірлерге қарағанда, өтпелі кезеңде  жақсы тұрмыс жағдайы отбасын  нығайтуға, оның әлеуметтік жарамдылығын арттыруда ерекше орын алса да, отбасы өмір сүруіндегі экономикалық және өнегелік-психологиялық  факторлар арақатынасы соңғысының пайдасына өзгеруде. Сондықтан, біздің мемлекеттің отбасы саясаты тек  материалдық қана емес, сонымен қатар, қоғам мен мемлекет үшін аса құнды  болып табылатын міндеті мен  құрылымындағы тенденциялардың  моральдық ынталандыруына да сүйенеді. Және де сол тенденцияның өзін ғана емес, оның көрініс табу шараларын  да ескеру қажет.

    Бұл мәселеде ата-аналардың жеке үлгісінің, олардың еңбектік және қоғамдық - саяси  белсенділігінің рөлі үлкен мәнге  ие болады. А,С.Макаренко ата-аналардың  назарын аудара отырып, "Сіздің жұмыстағы  не қоғамдағы белсенділігіңіз отбасында  да көрініс табуы керек, отбасы сіздің саяси және азаматтық бейнеңізді көруге және оны ата - аналық бейнеден бөлмеуге тиісті" деп көрсетті.

Бүгінгі таңда әрбір жас адамда жаңа саяси  ойлауды қалыптастырмай, өсіп келе жатқан ұрпақтың, жастардың саяси  әлеуметтену үдерісі болуы мүмкін емес. Сондықтан, біздің міндетіміз өсіп келе жатқан ұрпаққа белгілі мөлшердегі білім беру ғана емес, сонымен қатар, табиғат, қоғам және адам тұлғасының даму үдерісін дәйекті түсіндіре  алатын мақсатты ғылыми дүниетанымдық  жүйені қалыптастыру да қажет.

    Қазақстандық  отбасы күшпен емес, сүйіспеншілікпен, моральдық жетілуімен нығаяды, сондықтан, ерлі - зайыптылардың өзара тәуелділігі  мен болашақ балалары үшін түсініскен жауапкершілігі басым болатыны белгілі.  Көп жағдайларда неке бұзуға негізгі  себеп — ерлі-зайыптыларды бірінің  не екеуінің де отбасындағы жанжалды шешуге психологиялық дайындығының болмауы нәтижесі болып табылады.

       Өзінің берік отбасын құруға, оған кедергі келтіретін жағдайдың  бәрін жеңіп, қиюластыруға деген  саналы ұмтылысында адам ең  жақын болған, бірге өмір сүретін  басқа адамның жан дүниесін  ұғынуға деген қасиетін дамытуға  міндетті. Басқаның психологиялық  жағдайын ұғынуға тырысып, оның ең жақсы қасиеттерін аша білу керек, бұл жанжал туындағанда көмектеседі. Жастарды байланыстырған сүйіспеншілік көкіректің өткінші қысқа қанағаттануының салдарынан жойылатындығын есте сақтау қажет.

Қазақстандағы отбасының ыдырауына бейімдейтін, тіптен кейде ыдыратып жіберетін  жанжал мәселесі аса қиын да күрделі  мәселе болып отыр. Жанжал – адамдардың  көзқарас, мүдде не талаптарының сәйкес келмеуінен туындаған жағымсыз эмоциялық  жағдайлары: өмір жағдайында тұрақты  немесе уақытша пайда болған белгілі  бір мінез - құлқындағы жақын адамының ісіне деген кері (қарсы) реакциясы. Осы кезеңде қазақстандық отбасы тұрақтылығы толығымен оның материалдық  деңгейіне ғана емес, ерлі-зайыптылардың  өнегелік - этикалық қасиеттеріне де байланысты болуы жанжалдың туындау қаупін арттыра түседі. Бүгінгі таңдағы  қазақстандық отбасы эмоциялық сезімнің жоғарылығымен ерекшеленеді. Біз  жоғарыда атап көрсеткендей, көпшілік неке сүйіспеншілік негізінде құрылғандықтан, ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген  өнегелік - этикалық талаптары да жоғарылай  береді.

Информация о работе Отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттің қазіргі жүргізіп отырған саясаты