Отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттің қазіргі жүргізіп отырған саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 18:57, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Біз өмір сүріп жатқан қоғамда «отбасы» ең маңызды рөл атқаратындықтан әр мемлекет өз отбасы саясатын қалыптастырған.Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет болғандықтан, ондағы отбасы саясатының әлеуметтік мазмұнын ашып қарастыру- бүгінгі күннің өзекті мәселелердің бірі. Мемлекеттің отбасы саясаты мәселелері дамыған елдерге тән жалпы әлемдік даму бағыты ретінде бүгінде республикамыз бастан өткеріп отырған даму кезеңінің де басты ерекшелігі ретінде айқындалады.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………..................................3
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДА САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Мемлекеттің отбасы және балаларды әлеуметтік қорғау саясатының мәні мен анықтамасы....................................................................................................5
1.2 Отбасы және балаларды әлеуметтік қорғаудың маңызы мен түрлері....................................................................................................................13
2. МЕМЛЕКЕТТІҢ ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
2.1.Отбасы және балаларды әлеуметтік қорғау саясатының қалыптасуына әсер ететін факторлар..........................................................................................19
2.2. Отбасын қорғаудағы жүргізілетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектер.................................................................................................................27
3. ОТБАСЫ МЕН БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ПЕН ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Халықты әлеуметтік қорғаудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін жетілдіру бағыттары ......................................................................................35
3.2. Мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы мен балалар мәселелерін шешу жолдары.........................................................39
Қорытынды............................................................................................................46
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................

Работа содержит 1 файл

- Отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғау мемлекеттің қазіргі жүргізіп отырған саясаты.docx

— 155.75 Кб (Скачать)

     Қазақстан Республикасы  «Балалы  отбасыларға  арналған  мемлекеттік   жәрдемақылар туралы» Заңына  сәйкес  3400 бала  35,0 млн.  теңге   көлемінде  мемлекеттік  жәрдемақымен   қамтылды. 

     Кірісі  кедейшілік  деңгейінен  төмен  6200 азамат  атаулы әлеуметтік  көмегіне (АӘК)  мұқтаж болды, оларға  жұмсалған  қаржының  көлемі 147 млн.  теңгені құрады.

     370 мүгедек  балаларды  үйде  тәрбиелеп, оқытатын отбасыларға  10,5 млн.  теңге  құрайтын  жәрдемақы   төлемі  қарастырылды.  Мүгедек   балаларды үйде  тәрбиелеп, оқытатын  отбасыларға төленетін жәрдемақы  және арнайы қалалық  жәрдемақы  бойынша нормативті-құқықтық базасын  жетілдіру жұмыстары  жалғасуда. 

     Жолдауда жұмыспен қамту саласындағы  әлеуметтік саясатқа, жұмыссыз қалған  азаматтарды еңбекке баулуға  және олардың еңбекке ынталарын  және талпыныстарын арттыруға  қажетті жағдай жасалуына үлкен  көңіл бөлінді. «Ең пәрменді  әлеуметтік саясат өнімді еңбекке  ынталандыру және жаңа жұмыс   орындарын жасақтау болып келеді, солай болып қала береді». Департамент  осы тапсырмалардың шешімін қалалық  Мәслихат бекіткен 2006-2008 жылдарға  арналған халықты жұмыспен қамту  Бағдарламасының шараларын жүзеге  асыру арқылы орындады. Қала бюджетінен  осы мақсатқа 204,0 млн. теңге   қарастырылды, жұмсалды.

     Табысы аз азаматтарды тұрғын  үй көмегімен толық қамту мақсатында  көмек  тағайындалатын  кезде  отбасының есептелетін кірісін  20%-дан 10%-ға азайту  туралы мәселе  қарастырылды.

     Биылғы жылғы Жолдауда Елбасы  әлеуметтік салаға көп мән  беріп, оны  жандандыруға, қазақстандықтардың  өмір сүру саласының өсуін  және әл-ауқатын арттыру барысында  әлеуметтік нормативтер – төменгі  күнкөріс деңгейін, еңбекақысының,  зейнетақы, жәрдемақы төлемдерінің  төменгі  мөлшерін өсіруге  негізделген нақты шаралардың  жолдары мен тәсілдерін  анықтап   көрсетті.

     Әлемдік дағдарыстың шарпуына  қарамай, еліміздің қарқынды дамуы  өткен  жылы сыр берген жоқ.  Қай салада да өсіп өркендеу  айқын байқалды. Ол жұмыстың бәрі  Елбасы Н.Назарбаевтың  «Дағдарыстан  – жаңару мен дамуға» атты  жолдауының негізінде іске асты  деуге болады. Президент  «Қазақстандықтардың,  Қазақстан қоғамының барлық жіктері  мен әлеуметтік топтарының  әлеуметтік  көңіл – күйін  ұдайы жақсарта  түсу мемлекет саясатының алдыңғы  сапында болып  келеді және  осылай болып қала береді»  ,  - дей  келіп, үш жылдық  бюджет аясында атқарылатын әлеуметтік  жұмыстарды нақтылап берді. Мысалы 2008 жылға қарағанда зейнетақылардың  орташа мөлшерін 2012 жылға қарай  2,5 есе, оның ішінде 2009 жылы 25 пайыз, 2010 жылы 25 және 2011 жылы 30 пайызға арттыруды  атап өтті. 2011 жылы арқаулық зейнетақылық  төлемдер мөлшерін ең төменгі  күн көріс мөлшеріне қарай  50 пайызға дейін, мемлекеттік  жәрдемақылардың мөлшерін 2010 жылдан  бастап жыл сайын орта есеппен  9 пайызға арттыруды, сәби бір  жасқа толғанға дейінгі күтіп  бағуға берілетін ай сайынғы  жәрдемақының  2010 – 2011 жылдары  кезең – кезеңмен өсіріп отыруды, 4 және оданда көп бала туғанға  берілетін бір жолғы жәрдемақылардың  мөлшерін 2008 жылға 2,5 еседен асыруды,  бюджет қызметкерлерінің  де еңбек  ақыларын әр жыл сайын 25-30 пайызға  көтеруді тапсырды.      

      Білім беру  саласын қаржыландыруға  арналған  шығыстарды  ұлғайту  көзделіп,  білім  берудің тиімді  инфрақұрылымын жасау тапсырылды. Өткен жылғы білім беруді дамытумен  қатар осы саланың халыққа  сапалы қызмет  көрсетуін негіздей  отырып, үстіміздегі жылы  68 мың  оқушы  орынға арналған  88 мектептің  құрылысын, ал 2009-2010 жылдары  69 мың  орынға арналған  тағы да 102 мектептің   құрылысы басталатыны  баса  айтылды.  2009 жылға  арналған  республикалық  бюджетте  білім   беруге  170 350 млн.   теңге   саласындағы шығыстар  көзделген, бұл 2008 жылғы жоспардан 12,333 млн. теңгеге көп.

     Халықты жұмыспен қамту және  нақты жұмыссыздар санын төмендету,  арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру  тәжірибесін кеңейту, халықтың  жұмыссыз бөлігін кәсіби даярлау  мәселелерін тиімді шешу үшін  мемлкет пен жеке секторлардың  ынтымақтастығын арттыру арқылы  жүзеге асырылуы  көзделді.

     Сонымен қатар халыққа медициналық  көмек көрсетуді жақсарту үшін  жұмсалатын қаржыны да ұлғайту  мақсатталды. Бұл ретте басымдық  қазіргі  заманғы медицина  техникасымен жабдықталған жаңа  денсаулық сақтау  нысандарын  салуға беріледі. Нысаналы трансферттер  есебінен денсаулық  сақтау  объектілерін салу үшін 2008 жылы 22 740,2 млн. теңге бөлінсе, 2009  жылы 52 041,8 млн. теңгеге қаржыланды. «Мемлекеттік жеке серіктестік негізінде 100 мектеп пен 100 аурухана салу» жобасының шеңберінде   денсаулық сақтау объектілерін салу үшін 17 410,2 млн. теңге бөлінді. Үкімет  тарапынан жасалатын жұмыстар тізіміне денсаулық сақтау нысандарын  қалпына келтіру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды жандандыру кірді.  Республикалық маңызы бар 9 денсаулық сақтау нысанының, жергілікті  маңызы бар 112 нысанның  құрылысы қолға алынды. Денсаулық сақтау саласын бір жүйеге келтіруде аурудың өзімен күресуге емес, оның алдын алуға айрықша көңіл бөлу қажеттілігі баса айтылды. Білім және ғылым министрліктеріне  бірлесе отырып ауруханалардың медициналық қызметкерлерінің, соның ішінде медицина қызметкерлерін қосымша даярлау мен қайта даярлау жолымен әзірлеу тапсырылды.

     Бүгінгі таңда елімізде тұрғын  үй мәселесі, әсіресе жас отбасыларының   баспанасыз екені өзекті мәселе. Азаматтардың жеке тұрғын үй  салуға  мүмкіндіктерін  кеңейту  мәселесін де шешу қолға алынып, жер телімдерін бөлу  процедураларының  ашық болуы көзделді. Тұрғын үйлердің  қымбаттығы мен Мемлекеттік тұрғын  үй бағдарламасы бойынша cалынатын  баспананың  жетіспеуіне байланысты  жалға берілетін тұрғын үй  сегментін дамыту қолға  алынды. Мемлекеттік қызметкерлерге және  бюджеттік саланың   еңбеккерлеріне  тұрғын үй құрылысының жинақ  жүйелері арқылы жылдық мөлшері  4 пайыздан  аспайтын  алдын ала  тұрғын үй зайымдары берілмекші. Тұрғын үйдің қол жететіндей  болуын қамтамасыз ету және  жылжымайтын мүлік нарығын дамыту  саласындағы  дәйекті саясаты  арқылы, құрылыс сапасы мен әлеуметтік  тұрғын үйдің әділетті бөлінуіне  бақылау жасау бойынша жұмыстар  қоғамның қолдауына ие болды.  Сонымен қатар, халықтың  өмір  сүру   сапасын жақсартуға ат  салысу барлық дәрежедегі әкімдердің  бірінші міндеті  болып табылатыны, тұрғындардың әлеуметтік әл –  ауқатын арттыру  да баса  айтылды.

     Осы тапсырмалар мен міндеттер  Елбасы айтқан мерзімде жүзеге  асарына  мүмкіндіктердің бар  екені  анық. Алдымен жоспарланып,  соңынан кезең-кезеңмен жүзеге  асырылып жатқан барлық шаруалар  тек қана мемлекетіміздің нығайуы  мен халықтың әл-ауқатының жақсаруына  бағытталған. Жолдауда  көтерілген  ортақ міндеттерді жүйелі орындау  үшін халықтың өзіне де жауапкершілік  жүктеліп, көпшілік болып жүзеге  асыруымыз керек деп ойлаймын. 

ҚОРЫТЫНДЫ

 Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі мемлекеттің отбасы және балаларды әлеуметтік қорғау саясатының өзекті мәселелерін ауқымды қарастыратын негізгі тұжырымдар мен қорытындылар оларды қалыптастыруға мүмкіндік берді.

    Мемлекеттің «отбасы және балаларды әлеуметтік қорғау» саясатыныңҚазақстандағы отбасы мен балалардың, некелік қатынастар ұғымын, оның мәселелері мен тәжірибесінің өзектілігі мен маңызын арттырады. Демократиялық, өркендеген қоғамда мемлекеттің «отбасы және балаларды әлеуметтік қорғау»саясаты жаңа сипат пен мазмұнға ие болады. Оның мәні – барлық Қазақстан халқының өзара қорландыруына, достығы мен өзара сенімінің жан-жақты дамуына бейімдейтін әрбір қазақстандық отбасының, балалардың өнегелік және мәдени құндылықтарының дамуы, оның барлық отбасы мүшелерінің өзара түсінісуі мен сыйластықта болуы.

    Қазақстан мемлекетінің «отбасы және балаларды әлеуметтік қорғау» саясаты саяси үдерістер, институттар және қоғамдық-саяси қатынастар жүйесінде барлық әлеуметтік қызметпен қатар отбасы қызметін де орындайтын және көптеген өзара әрекеттес институттар мен адамдардың ерекше мүдделері сияқты отбасының және балалардың өзіндік мүдделерін қорғайтын қоғамдық саясаттың бөлінбес бір бөлігі.

    Қазақстан Республикасының мемлекетік отбасы саясаты отбасының дамуын қамтамасыз етудегі әлеуметтік, экономикалық, демографиялық және басқа да мақсаттарды біріктіреді. Мемлекеттің отбасы саясатының мазмұны қоғамның негізгі тіршілік саласында мемлекет пен отбасы қатынасының ауқымды көрінісі болып табылады. Отбасын күрделі жүйе ретінде біртұтастық, жүйелілік отбасында орын алатын үдерістердің мазмұны мен бағыттарын ғана анықтап қоймайды, қоғамның негізгі саяси, әлеуметтік – экономикалық және мәдени сипатының осы үдерістерге қалай әсер ететіндігін де бақылайды. Бір жағынан, бұл үдерістердің әсерін анықтап, екінші жағынан, мемлекеттің саясатын мақсатты, ғылыми негізде қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

    Қазақстандағы «отбасы және балаларды әлеуметтік қорғау» мәселесінің туындауы мемлекеттің отбасы саясатын қоғамдағы барлық саясаттың ерекше бағыты және айрықша саласына айналдырды. Оның мәні - өзгеріп отыратын отбасымүдделерін қоғамның өз өзгерісінің бірі ретінде ұғынып мойындауына және жеке тұлға, отбасы, қоғам арасындағы тепе-теңдіктің сақталуына ықпал жасауда.

      Отбасындағы барлық тарихи жағдайлар саяси-әлеуметтік институттар ретінде оның дамуындағы ілгерінді ұмтылу мен қиындықтар, қарама-қайшылықтар қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде өзіндік мәнге ие болатындығын дәлелдейді.Отбасы мәселесін де осы ағымда бағалауға болады. Қоғамның жаңару кезеңінде белгілі жағдайда отбасы дамуының заңдылықтары Қазақстандағы қазіргі қоғамдық өмірдің басты экономикалық, мәдени, әлеуметтік, рухани белгілерін нақты түрде іске асырады.

    Сонымен бірге, баланы туып-көбейту мен отбасын нығайтуды жүзеге асыру барысында қала мен ауылда жұмыс істейтін әйелдер мәселесі туындап, шиеленісе түседі, алайда, осындай мәселелердің шешімін бірден табу мүмкін емес. Сондықтан да, ең алдымен, тұрмыс халі жақсы және нашар балалардың жағдайларын теңестіру және оларға бірдей жан-жақты тәрбие беру, денсаулығын нығайту, білім алу үшін әлеуметтік әділеттілікті жүзеге асыру қажеттілігі өзекті мәселе болып отыр. Баланың туып-көбеюін арттыратын және қазіргі жұмыс істеушілерді саны мен сапасы жағынан алмастыруға қабілетті (білімі, мамандығы, еңбек сүйгіштігі) және XXI ғасыр талабына сай келетін жас ұрпақты тәрбиелейтін ана мәртебесін көтеру – негізгі міндет.

    Жоғарыда  аталған міндеттерді шешуде отбасына көмек көрсету үшін олардың аймақтық ерекшелігі мен мүмкіндіктерін ескерген өнегелік және материалдық шаралардың терең ойлап қарастырылған жүйесі қажет. Бір сөзбен айтқанда, мақсатты отбасы саясаты жалпы мемлекеттік деңгейде аймақтар мен облыстарда жүргізілуі тиіс.

    Мемлекеттің отбасы саясаты мемлекет пен отбасы қатынасын реттеу негізіндегі қызметтің арнайы ұйымдастырылған жүйесі көмегімен жүзеге асырылады. Отбасы саясатының міндетіне жалпы әлеуметтік мәселелердің бәрі емес, тек саяси-қоғамдық институт ретіндегі отбасының өзіндік мәселелері ғана жатады. Мемлекет саясаты отбасына саяси-әлеуметтік институт пен мемлекеттік әрекеттің біртұтас объектісі ретінде бағытталған. Отбасы саясаты жүйелі, ауқымды сипатта болғандықтан, отбасы мен мемлекеттің өзара қатынастарының негізгі салаларын қамтиды. Біздің мемлекетіміз қазақстандық отбасының тәуелсіздігін сақтап, оның құқықтары мен міндеттерін толық жүзеге асыруына жағдай жасайды.

    Мемлекеттің жағдайы мен экономикалық мүмкіндіктерінің шектеулі екендігін талдай келе, Қазақстан халқының өсіп-өну үдерісінің тұрақтылығы мен отбасын нығайту бойынша мемлекеттің отбасы саясатында белгіленген мынандай ауқымды шараларды дайындау мен іске асыруды мақсатты деп санаймыз:

    Біріншіден, қазіргі жағдайдағы мемлекеттің  отбасы саясатының, демографиялық саясатының басты міндеті отбасының ыдырауы мен халықтың даму қарқынының төмендеуіне себеп болатын жағымсыз факторлардың әсерін әлсіретіп, қалыпқа келтіру.

    Екіншіден, Қазақстан мемлекетінің отбасы саясаты тұжырымдамасының (концепциясының) қажеттілігі.Бұл тұжырымдама қоғамдық дамудың кез-келген басқа мүмкіндіктері мен экономикалық, саяси және демографиялық үдерістердің өзара байланысын жан-жақты және қысқа мерзімді болжамның артықшылығына ерекше көңіл қоюымен бірге (өйткені, тұрақсыздықтың артуы жағдайындағы ұзақ мерзімді болжамдар – тек бағалау-болжамдық емес, өзінің сапалық – концептуалды мәнін де жоғалтады), жалпы адамзат құндылығының айрықша артықшылығынан туындауы керек. Стратегиялық мақсатты анықтауда халық дамуын аймақ бойынша немесе олардың өзіндік өзгешелігіне қарай талдап тексерген мемлекеттің бағдарламасын жете қарастыру қажет.

    Үшіншіден, мемлекеттік саясаттың ерекше бағытына табиғи емес себептерден (кездейсоқ жағдай, жарақаттану, улану, т.б.) болатын өлім деңгейін төмендету мен халық денсаулығын сақтауға байланысты арнайы шараларды жатқызамыз. Қазақстан халқының денсаулығын сақтау мәселесін әлеуметтік – экономикалық жағдайға тиімсіз әрекеттерді жою мәселесімен қатар жүргізуді қамтамасыз ету керектігін атап кеткен жөн. Әйелдің жүкті болу жағдайында мәдени – ескерту шараларын, жасанды түсік, оны жоспарлаудың тағылық әдіс деңгейін жою, жалпы әйелдер денсаулығына зиян келтірмейтін бала туу қызметін реттеуді, әйелдердің заңсыз және қолайлы сақтану әдістерін кеңінен қолдануын енгізу керек.

    Төртіншіден, еліміздегі демографиялық жағдайды және оның даму қарқынын нақты бағалауға, халықтың өркендеуінің іс жүзіндегі нақты стратегиясын таңдауға мүмкіндік жасайтын әлеуметтік – саяси және демографиялық жағдай белсенділігі қазіргі жағдайда ерекше мәнге ие болуда. Жалпы аймақтық дағдарыс жағдайында демографиялық даму қарқыны туралы ғана емес, сондай-ақ, демографиялық құрамы әр түрлі отбасының тіршілік жағдайы жөнінде, ең алдымен, жас отбасы, көп балалы отбасы және жалғызбасты қарт адамдар өмірі жайынан да шұғыл мағлұмат алуға мүмкіндік туындатып, демографиялық үдерістерді бақылайтын мониторинг жүйесін енгізу қажет.

Информация о работе Отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттің қазіргі жүргізіп отырған саясаты