Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 18:41, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамдағы ұлт саясатын жүзеге асыру және қазіргі жаңаша ойлау мен әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру ісі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.
Ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып ежелден келе жатқан халықтық педагогикасы жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына, ұлттық тәрбиесінде жалпы білім беру саласында, оқу тәрбие үрдісінде тәлім–тәрбиелік мәні зор.

Работа содержит 1 файл

Кабденова Раушан.doc

— 689.50 Кб (Скачать)

Қонысың өрісті болсын,

Еккенің жемісті  болсын!»

Немесе:

«Алтыннан болсын жаған,

Күмістен болсын тағаң,

Тасқа тары өнгенше,

Таршылық көрмеңдер!

Мұзға бидай  өнгенше

Мұңшылық көрмеңдер!

Жүздерің жайнап

Толған айдай  өрісті болыңдар».

Осы бірер бата–тілектің  өзінен–ақ көңілге көп жайды  түйіп, оның халық тіршілігіндегі, тұрмысындағы орны мен рухани салмағын толық түсінгендей  боламыз. Мазмұны жағынан сан түрлі болып келетін бата–тілектер халық арасында кеңінен тарған. Халық ақындарының белгілі бір өмір жайына, тіршілік сабағына ой тоқтатып, бата –тілек арнамағаны кемде–кем.

Бата–тілекпен осы өзектес де көркемдік, мазмұндық жағынан олардан қай жағынан да олқы түспейді. Өсиеттің өрісі кең, ойы терең, айшық–ажары астарлы және төгілмес екпінді, ұзақтау болып келеді.

Халық өсиетті  айрықша ынта қойып тыңдаған. Оны  ұлағатқа, ақыл парасатқа балаған, өміріне қажет өнеге жолы деп қабылдаған. Мұндай ойлы өсиет өміршең, ол халық тіршілігімен терең астасып–бірге жасайды.

«Саясы жоқ  бәйтерек,

Саздауға біткен талмен тең.

Жақсы ағаңыз бар  болса,

Алдыңда сары белмен тең

Ағайының көп  болса,

Ұлы шеру қолмен тең

Ақылсызға сөз  айтсаң,

Алты тұйық  жармен тең.

Молдадан сабақ алсаңыз.

Алуа –шекер балмен тең

Пайдасы жоққа  жалынсаң

Семіз, жемқор малмен тең...»–деп төкпелеп айтқан Шал ақынның шабытты шумақтары өмір–тіршіліктің сабақтарын алдымызға тартқандай болады.Ақынның көрген көзі, ояу көңілі өмірлік жәйттерді көріп қана қоймай, адам мен тіршіліктің мән–мағынасына толғақты түйіндер жасайды.

«Енесі жүдеп  нашарлап,

Ауадан жауын  кем болса,

От шықпай қалса, жер ғайып

Басшысы нашар  жолығып,

Ынтымақ кетсе, ел ғаріп

Қатарынан кем  тартып,

Қуаты кеткен ер ғаріп

Жастайыңнан кесілген

Он саусақ ойнап  секірген

Ақ домбыра,сен  ғаріп

Өлеңдетіп әндеткен

Айналаны сәндеткен.

Уақытым кетсе, мен ғаріп»,–деп жырлаған Құлыншақ ақын өсиеттерінен де қорғасындай құйылыр салмақтылық, ойлылық, пайымдылық пен парасаттылық еседі, өсиет пен өмірлік тәжірибе шендесіп шымырлап–ақ жатыр. Халқымыздың қадірлі ақын–жыраулары Асанқайғы, Қазтуған жырау, Бұхар жыраудың ел ішіне кең тараған шығармаларынан мұндай өнеге, адамгершілік қасиеттердің астарына терең бойлаған өсиеттер көптеп кездеседі.

Ғұлама жазушы М.Әуезовтың «Ел болам десең, бесігіңді  түзе»деген ұлағатты сөзінің мән–мағынасына ой салсақ,тәрбие ұрпақты дүниеге  келтіруден басталады, сол тәрбиенің  дәстүрлік, ұлттық, салт–саналық бастаулары мен бағдарламаларын жан–жақты пайдаланып, даналықпен дамыта білу керек деген өсиеттің мәнін ашамыз.

«Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл»–демекші, бала оқытуда халқымыздың тиімді пайдаланып, баланың шешендігін, үлгі–өнегесін, зейін –зердесін, даналығы мен дарындығын, тапқырлығын оята алатындай етіп көздейміз.

Ата–бабаларымыздың дәстүрлі халықтық тәрбиесінің тәжірибелеріне көз салсақ, тәрбие беру ісі жан–жақты тіл үйрету, ақыл–ойын өсіру, денесін жетіліру, еңбекке баулу, ең бастысы адамгершілік ізгі қасиеттерді сіңіру бағытында жүргізілгенін көреміз.

Ұлттық тәрбие идеялары–бұл адамды белгілі бір ұлттың өкілі, ұлттық дәстүрді, халықтық тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші ретінде  сипаттайтын адами сапа (қасиет) болып табылады, ол ұлттық тұлғаның таным-білімімен, сана-сезімімен және алынған білімді іс жүзінде жүзеге асыра алу дәрежесімен–мінез-құлқымен өлшенеді. Демек, бұдан шығатын қорытынды: бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілігі (ұлттық тұлғаның қалыптасуы) өз кезегінде кіріктірілген біртұтас тұлғалық құрылым болып табылатын когнитивті, эмоциялық және мінез-құлықтық компоненттерін қамтиды. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының жас және дербес ерекшеліктеріне, психикалық және даму деңгейіне сүйене отырып, ұлттық адами сапаларының қалыптасуының өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалды (Сурет 6).

Аталмыш өлшемдер мен  көрсеткiштер негізінде бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілігінің үш деңгейі (төмен, орта, жеткiлiктi) белгіленді.

Төмен деңгей -ұлттық тұлғаның адамгершілік және жағымсыз қасиеттері туралы білім сапасы төмен, үстүрт, қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін атай алмайды, ұлттық тәрбиенің көзі халықтық педагогика құралдарының мәнін түсінбейді, ұлттық намыс, ар-ұят, абырой-ождан туралы түсінігі шамалы, қоғам ұлттың алдындағы жауапкершілігін сезінбейді, этникалық-мәдени сәйкестіліктің қалыптасуы төмен, ұлттық мәдениеттің мәнін саналы түсінбейді, қазақ халқының әдептілік ережелерін толық білмейді, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ұлттық ар-ождан сезімдері мен ұлттық сенімдері қалыптаспаған, өз ұлтының тағдыры алдындағы жауапкершілікті сезінбейді, өз ұлттық тіліне, дініне беріктігі, басқа ұлттардың ұлттық сезімдеріне сыйлы қатынасы, толеранттық, патриоттық сана-сезімі толық қалыптаспаған, өзінің мінез-құлқын толық басқара алмайды, ұлттық-мәдени шараларға, үйірмелерге, тәрбиелік жұмыстарға белсене қатынаспайды, Отанына, өз ұлтына, оның мәдениетіне, әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне сүйіспеншілік сезімі толық байқалмайды, ұлттық мәдени қарым-қатынас жасай білу, адамдармен ізгілікті ќатынас жасау дағдыларын меңгермеген, оқу және оқудан тыс уақытта саналы тәртіп пен жауапкершілік танытпайды, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті төмен.

Орта деңгей -ұлттық тұлғаның адамгершілік және жағымсыз қасиеттері, қазақ халқының ұлттық дәстүрлері туралы алғашқы білімі болғанымен, ол бір мақтаныш, ұлттық намыс, ұлттық ар-ождан сезімдері мен ұлттық сенімдері қалыптасқан, өз ұлтының тағдыры алдындағы жауапкершілікті сезінеді, өз ұлттық тіліне, дініне беріктігі, басқа ұлттардың ұлттық сезімдеріне сыйлы қатынасы, толеранттық, патриоттық сана-сезімі қалыптасқан, өзінің мінез-құлқын басқара алады, ұлттық-мәдени шараларға, үйірмелерге, тәрбиелік жұмыстарға қатынасады, Отанына, ұлтына, оның мәдениетіне, әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне сүйіспеншілік сезімі бар, ұлттық мәдени қарым-қатынас пен адамдармен ізгілікті қатынас жасауға тырысады, оқу және оқудан тыс уақытта.

тәртіпті, бірақ толық  жауапкершілік танытпайды, ұлтаралық  қарым-қатынас мәдениетін игерген

Жеткілікті деңгей–ғылыми білімнің біршама барлығымен сипатталады, ұлттық тұлғаның адамгершілік және жағымсыз қасиеттері, қазақ халқының ұлттық дәстүрлері, еліне, Отанына, табиғатқа, халқына сүйіспеншілік, елжандылық, ұлттық намыс, ар-ұят, абырой-ождан мейірімділік, адал болушылық туралы ұғымдарды толық түсінеді, қоғам алдындағы әрбір ұлттың жауапкершілігін



 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

толығымен сезеді, этникалық-мәдени сәйкестілігі қалыптасқан, ұлттық мәдениеттің мәнін саналы түрде түсінеді, қазақ халқының әдептілік ережелерін біледі, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ұлттық ар-ождан сезімдері мен ұлттық сенімдері биік, өз ұлтының тағдыры алдындағы жауапкершілікті терең сезінеді, өз ұлттық тіліне, дініне берік, басқа ұлттардың ұлттық сезімдеріне сыйлы қатынаспен қарайды,  толеранттық, патриоттық сана-сезімі жоғары, ұлттық-мәдени шараларға, үйірмелерге, тәрбиелік жұмыстарға белсене қатынасады.

 

 

2.2 Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесінде халық педагогикасының қолданудағы эксперименттік тәжірбие нәтижелері

 

Зерттеу барысында біз бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілік деңгейлерін бағалап, сараптау туралы мәселені шешу және оны қалыптастырудың эксперимент жүйесін жасаудың маңызды алғышарты ретінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісін қарастырдық.

Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру мұғалімдерден де, оқушылардан да осы әрекеттің түпкі мақсатын саналы түрде ұғынуды талап етеді. Мұның өзі осы зерттеу аумағы бойынша нақтылы бағыт болуын айғақтайды. Біз осының барлығын және үлгі құрудың ерекшеліктерін ескере отырып, зерттеу барысында жалпы жетекші теориядан туындайтын талаптарға сәйкес бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық үлгісін жасадық (Сурет 7).

Педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында оқушы  және оқушылар ұжымы бір жағынан  тәрбие объектісі, екінші жағынан тәрбие субъектісі болады. Мұның өзі оқу-тәрбие процесінде мұғалімдер мен бастауыш сынып оқушыларының ынтымақтастығына, олардың шығармашылықпен жұмыс істеулеріне ықпал етеді. Тәрбиенің субъектілері мен объектілері арасында әртүрлі байланыстар болатыны белгілі. Мысалы, мұғалімдер мен бастауыш сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынас жасау арқылы ақпарат алмасу, шығармашылық ынтымақтастық немесе бірлескен өзара іс-әрекет, т.б. Мұндай байланыстар педагогикалық процестің табысты болуын қамтамасыз етеді.

Тұтас педагогикалық  процестің өзіне тән компоненттері  бар. Олар оқыту мен тәрбиенің  мақсаты, мазмұны формалары мен  әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей  байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана татымды нәтиже береді.

Біз үлгі құру барысында  тәрбие процесінің ерекшеліктеріне де сүйендік. Тәрбие процесі–күрделі динамикалық жүйе. Қазіргі теориялық педагогикада тәрбие процесі жүйесінің төмендегідей өлшемдер бойынша құрылған моделі белгілі: тәрбие процесінің мақсаты мен міндеттері, мазмұны, процестің жүру шарттары, тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара іс–әрекеті, қолданылатын әдістер, формалардың, процестің даму сатыларының, т.б. өзара байланысы.


Сурет 7. Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісі

Айқындау экспериментiнің  негiзгi мақсаты–бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбиелілік деңгейін анықтау болды. Бұл мақсатты жүзеге асыруда мұғалімдермен, ата-аналармен, мектеп әкімшілігімен сауалнамалар, әңгiмелесулер жүргізілді, оқушыларға тест, бақылау әдiстерi, арнайы тапсырмалар жүйесi қолданылып, олардың ұлттық тәрбиелілік деңгейі нақтыланды.

Психологиялық-педагогикалық  зерттеулерде негізінен белгілі  бір тұлғалық сапаларды анықтауға  қатысты диагностикалық мағлұматтар болады. Осы мағлұматтарды есепке ала отырып, ұлттық тәрбие жұмысын жоспарлау жолдары талданды. Бірақ педагогтар оқушы жеке тұлғасының дербес ерекшеліктерінің сан қырларын оқып-үйренуде әртүрлі қиыншылықтарды бастан кешіріп отыр, мұның өзі бастауыш сынып оќушыларымен ұлттық тәрбие беру жұмысын ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруға кедергілер келтіруде.

Экспериментік жұмысты зерттеу әдістерінің  жүйесін қолдану арқылы бастауыш сынып оқушысының тұлғасын оқып-үйренуден  бастадық.

Бастауыш сынып  оқушысының тұлғасын оқып-үйрену жұмысы дербес құрылуы керек. Оның өзіндік ерекшелігі, тума қасиеттері, қабілеттері, қызығушылығы мен бейімділігі, білім дәрежесі, қарым-қатынасы, өзіндік танымы тек нақты өмір жағдайында ғана айқын көрінеді.

Біз бастауыш сынып оқушысының әрқайсысының тұлғасын оқып-үйрену барысында Л.И.Божовичтің зерттеулеріне сүйендік.

Оқу іс-әрекеті  бастауыш сынып оқушысы ең алғаш  нақты кіріскен қалыпты әлеуметтік іс-әрекет болып табылады. Әрине, өйткені  оның ары қарай дамуы «бала  мектеп оқуына қандай дайындықпен келгендігіне және екіншіден, оған әсер отырған педагогикалық ықпалдардың жүйесіне» байланысты, оқуға, жаңа әлеуметтік рольді орындауға деген қарым-қатынастың өзі осы кездегі баланың жеке тұлғасы дамуының басты және аса маңызды көрсеткіші болып табылады.

Тұлға дамуының тағы бір көрсеткіші бастауыш сынып оқушысының ұлттық сана-сезімінің дамуы, оның моральдық нормаларға сәйкес ұлттық мінез-құлқын оқу іс-әрекетінде және одан тыс уақытта, айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жүйесінде жүзеге асыру қабілеті болып табылады.

Бастауыш мектеп жасында  жеке тұлғаның қалыптасуы тәрбиенің  басты факторы болып табылатын  құрбы-құрдастарының арасында өтеді. Сондықтан бастауыш сынып оқушысының жеке тұлғасының дамуының маңызды үшінші көрсеткіші балалармен қарым-қатынасының сипаты болып табылады.

Сонымен бастауыш сынып оқушысының жеке тұлғасының дамуын оқып-үйрену жекеленген жақтарды-оқушының оқу іс-әрекетіне деген қарым-қатынасын, оның адамгершілік сапаларын, сондай-ақ сыныптағы құрбы-құрдастарымен, басқа құрдастарымен және ересектермен тіл табысуын зерттеуді көздейді.

Біз зерттеу  барысында оқу-тәрбие беру процесі  жағдайында өтетін диагностикалық жағдаяттардан  құрылған жеке тұлғаны зерттеу әдістерінің  негізгі тобын айқындадық. Әрбір  оқушыға психологиялық-педагогикалық  бақылау картасы ашылды, оны толтыра отырып, әрбір оқушы туралы жалпы мағлұмат алынатын мынадай сұрақтарға жауап алуға тырыстық: Қалай оқиды? Оқудың мотивтері қандай? Оқушының ұлттық сана-сезімі, эмоционалдық жағдайы қандай? Ұлттық мінез-құлқының ерекшелігі неде? Өз ұлтының салт-дәстүрлеріне қалай қарайды? және т.б.

Нақты оқушы туралы мағлұматтарды–оның қалауларын, қызығушылығын, достарына, оқуға деген қарым-қатынасын біртіндеп анықтай отырып, оның жеке тұлғасының дамуының адамгершілік ұлттық бағыттылығын айқындауға мүмкіндік туды. Сонымен бірге олардың ұлттық мінез-құлқындағы қарама-қайшылықтарды да есепке алып отырдыќ.

Оқушылармен бірге сабақта, қоңырауда тұрақты байланыс негізінде жүргізілетін жұмыстар ғана әрбір оқушыны терең түсінуге және онымен дұрыс қарым-қатынас жасауға септігін тигізеді.

Бастауыш сынып  оқушысының тұлғасын зерттеу жұмыстары  кең және жан-жақты болғанда ғана олардың ұлттық тәрбиелілігін қалыптастыруға болатыны анық.

Информация о работе Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері