Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 18:41, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамдағы ұлт саясатын жүзеге асыру және қазіргі жаңаша ойлау мен әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру ісі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.
Ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып ежелден келе жатқан халықтық педагогикасы жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына, ұлттық тәрбиесінде жалпы білім беру саласында, оқу тәрбие үрдісінде тәлім–тәрбиелік мәні зор.

Работа содержит 1 файл

Кабденова Раушан.doc

— 689.50 Кб (Скачать)

Халық педагогикасын  дамытуда қазақтың асқан ақыны, педагогы Мағжан Жұмабаев үлкен үлес қосты. Ол бала тәрбиесі жөнінде көп өлеңдерде (« Бесік жыры», «Ана» т.б.) өзінің терең педагогикалық ойларын ортаға салады. Балалық шақ әлемінде өмірді қызықты өткіз, білім алуға тырыс, білімді адам ел басшысы және мейрімді, көреген азаматы бол деп тілегін білдіреді.

Мағжан Жұмабаевтың  «Педагогика» атты кітабын 1923жылы Ташкент қаласы «Түркістан баспасөз махкамасы» шығарды. Бұл М.Жұмабаевтың ғылыми–педагогикалық зерттеу жұмысының алғашқы бастамасының бірі болды. Кітапта педагогика пәні беске бөлінді:

1.Жалпы педагогика. Адамның дене һәм жан күштерін тәрбиелеудің жолдарын көрсетеді.

2.Дидактика. Оқытудың негізгі жолдарын көрсетті.

3.Методика. Оқытудың негізгі жолдарына негізделіп, белгілі бір пәнді қалай оқыту жолын көрсетеді. Мысалы, мектепте қазақ тілін қандай жолмен оқыту керек екендігін үйрететін пән қазақ тілінің методикасы деп аталды.

4.Мектепті басқару. Мектеп қалай салынуға, қалай басқарылуға тиісті, сыныптарға шәкіріттерді бөлу, оқу уақытын белгілеу, осылар сияқты мектеп құрылысы жолдарын көрсетті.

5.Педагогика тарихы. Түрлі заманда түрлі тәрбиеге адамзат қалай қараған, қандай жолдармен жүрген, тәрбие дүниесінде қандай білімпаздар өткен, олар қандай жолдар тапқан–педагогика тарихы осыларды баяндайды.

Педагогика  пәнінің құрылымына қарағанда Мағжан Жұмабаев тәрбие, дидактика және әдістемелік  мәселелеріне ерекше мән берген. Әсіресе, ұрпақ тәрбиесінің мақсатын айта келіп, былай деді: «...тәрбие мақсаты–адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару». Жасөспірімдердің тәрбиесін халық өмірі және іс–әрекеттерімен үйлестіріп жүргізу қажет деді. М.Жұмабаев педагогиканы ұрпақ тәрбиесінде пәрменді құрал деп атады.

Соңғы жылдары  Қазақстан ғалымдары профессор Құбығыл Жарықбаев, профессор Серғазы Қалиев тағы да бірсыпыра педгогтар халық педагогикасы жайлы зерттеу жұмыстарына мән беріп, өздерінің үлестерін қосуда.

Қ.Жарықбаев  төңкеріске дейінгі және кеңес өкіметі  жылдарында Қазақстанда педагогикалық  ойлардың даму тарихы жайлы жазылған бірқатар ғалымдардың зерттеу жұмыстарына  сүйеніп, қазақтың халық педагогикасы жөнінде өзінің ой–пікірін жазған. Оның шағын кітапшасында қазақ халқының ұзақ тарихи өмірінде жастарды тәрбиелеуде жазылған бай тәжірибесі, әдет–ғұрыптары мен салт–дәстүрлері, адам мінез–құлқының ережелері, тәрбие принциптері, тәсілдері, құралдары баяндалған. Көшпелі қазақ елінің әлеуметтік–экономикалық, тарихи–мәдениеті, табиғи–климаттық жағдайында оқыту және тәрбие ісінде балаларға, жасөсіпірімдерге қойылатын психологиялық–педагогикалық талаптар жөнінде автор сөз еткен. Қазақтың халық педагогикасында адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесі, әсіресе, ер және қыз балалар арасындағы тәрбиенің ерекшелігі, мазмұны, ата–аналар және ересек үйелмен мүшелерінің беделі, сонымен бірге тәрбие жүйесінде мақал–мәтелдердің алатын орны жайлы Ж.Жарықбаев өзінің пікірін, көзқарасын байымдаған.

Ж.Жарықбаев пен С.Қалиевтің бірлесіп жазған «Национальные аспекты обучения и воспитания в Казахстане» (Алматы, 1990ж.) атты кітапшасында қазақтың ұлттық тәрбиесі жөнінде бірсыпыра мәселелер қарастырылған. Солардың ішінде қазақ даласында әлеуметтік және табиғи–климаттық жағдайларға байланысты әрбір жеке адамның бойында қандай қасиеттер болу керек, оған қандай талаптар қойылады. Міне, осындай мәселелердің, сонымен бірге халық педагогикасында жұмбақ, мақал–мәтел, терме сияқты халық тағылымдарының тәрбиелік мәні жайлы құнды пікір айтылған.

Қазақ халқының сан ғасырдан бері тәрбие жқніндегі  өнегелі істері мен сөздері, тұрмысы, мәдениеті, өнері, өмір тәжіибесі халық  педагогикасының асыл қазынасы болып  келеді. Қай заманда болмасын ұрпақ  тәрбиесі адамзаттың парызы болады. Әрбір халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғасытратын жас түлектерді ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбексүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қабілеттерді олардың бойына екті. Осылардың бәрі адамзат тәрбесінде халық педагогикасының қандай роль атқаратындығын көрсетті.

Әрине, жастарға тәлім–тәрбие беруде тек ұлттық дәстүрлермен шектелуге болмайды. Сондықтан тәрбие ісі тиімді және нәтижелі болу үшін халық педагогикасына кешенді қараған жөн.

Халықтың даналық  ойлары халық педагогикасының шам–шырағы болған. Халық даналығы мақал–мәтел, ертегі, өлең–жыр түрінде, ақын–жыраулардың, шешендердің сөздері толғау, өсиет  өлеңдері арқылы баяндалып отырған. Осы тұрғыдан халық педагогикасының кең өрісі, қайнар көзі–ауыз әдебиеті, оның ішінде тәрбиелік мәні зор. ХІ ғасырдан ХХғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын–жырауларының шығармалары болады.

Бұл жөнінде  көптеген мына мысалдарды еске алайық.

Мінезі жаман  адамға,

Енді қайтып жуыспа.

Тәуір көрер  кісіңмен

Жалған айтып  суыспа.

Ғылымым жұрттан  ассын деп,

 

Кеңессіз сөз  бастама.

Жеңемін деп  біреуді

Өтірік сөзбен қостама.

Асан Қайғы (Хасан  Сәбитұлы)

Жаманмен жолдас болсаңыз

Көрінгенге күлкі етер.

Жақсымен жолдас болсаңыз

Айырылмасқа сер  етер.

Ер жігітке  жарасар

Қолына алған  найзасы,

Би жігітке  жарасар

Халқына тиген  пайдасы.

(Бұқар жырау)

Ақын–жыраулардың  даналық сөздерінің этикалық, философиялық маңызы өте зор. Олардың өсиет өлеңдерінде адам баласының мінезіне психологиялық, этикалық сипаттама берілген. Өнер–білімді игеру, ел қамын, оның келешегін ойлау мәселесі де баяндалған. Халықтың даналық сөздерінің мазмұнын ашу, жастардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру, адамгершілік сезімін ояту ұрпақ тәрбиесінде басты мәселе екені сөзсіз.

Халық педагогикасының құрамды бөліктері қазақтың ұлттық ойындары, мақал–мәтелдер, жұмбақтар, ауызша есеп т.б. ерте заманнан бастап, жасөспірімдердің ой–өрісін, зерекетігін дамыту және тапқырлығы мен шешендігін анықтау үшін тәрбие құралы түрінде қолданып келеді.

Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық, жеткіншек, жасөспірімдік шақтағы балалар тәрбиесінде пайдаланылды. Ал қазіргі кезде ұлттық ойындардың көпшілігі тәлім–тәрбие саласында зор педагогикалық құралға айналды. Бүкіл халқымыздың ұзақ өмірінде өздері қызықтырған алуан ойын өнері болды. Ойын тек қана көңіл көтеру, көңілін шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ халқының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамып жетілуіне, қалыптасуына әсер етуші факторлардың бірі болған. Қазіргі қайта өркендеу ұлттық мәдениет пен салт–сананың жаңғыру кезеңінде баспа беттерінде ұлттық ойындар туралы жазылған бірсыпыра мақалалар, құнды еңбектер пайда бола бастады. Солардың ішінде Е.Сағындықовтың «Қазақтың ұлттық ойындары» деген кітабын атауға болады. Кітапта ұлт ойындарының шығу жолдары, мазмұны және ұйымдастырып жүргізу тәсілдері жақсы баяндалған. Оларды оқу тәрибе саласында үлгі түрінде шебер пайдаланып, бүгінгі және болашақ ұрпақтың игілігіне айналдыру қажет. Кітапта ұлт ойындары өзінің мазмұнына байланысты үш топқа бөліген: ойын сауық, тұрмыс–салт ойындары, дене шынықтыру, спорт ойындары, оймен келетін ойындар.

Ж.Ж.Руссо баланың  табиғатпен байланыста жетілетінін жақтады. Оның пікірінше тәрбие, «Баланың табиғи ерекшелігіне араласпай, оның өсуіне ерік беруі қажет» деді. Оның айнала қызығушылығын, еліктеушілігін, дарындылығын табиғи тұрғыда зерттеуді ұйғарады. Руссо тәрбиедегі қаталдықты (ұрып соғу, зомбылық), сүйіспеншілікпен ұштастыруды ұйғарады. Тәрбиедегі жоғары идеалықты жақтады.

Жан–Жак Руссоның педагогикалық теориясы негізінен  көркем шығармасы «Эмиль» атты романында баяндалады, бірақ бұл әдеби мұра болуына қарамастан, онда ағартушы өзінің тәрбие жөніндегі пікірлерін жүйелі теория дәрежесіне жеткізеді, тәрбиенің тым нәзік проблемаларына жете көңіл бөле отыра зерттеп, заманының арасынан шығып жатқан топшылаулар жасап, ұсыныстар айтты.

Руссоның педагогикалық  концепециясының негізінде феодалдық  әдет–ғұрыптардан арылған, бостандықтағы, толық адамгершілігі бар адамды өсіру талабы жатады. Әрине, Руссоның педагогикалық теориясының шеңберінің кеңдігі терең адамшылығы осындай жаңа адамды тәрбиелеу талабын ұсынуға болады.

Осындай келелі міндеттерді шешудің жолдарын қарастыра келе феодалдық қоғамдағы бала тәрбиесі табиғатқа қарсы қойылған, сондықтан дамуын ескеріп, оның жас ерекшеліктеріне лайықтап жүргізілуі тиіс. «Табиғат балалардың кәмелетке жеткенше болуын талап етеді»,–дейді Руссо.

Тәрбие бағыты жөніндегі Руссоның негізгі педагогикалық талаптары–баланы қадірлей отыра, оның қызығушылықтары мен тікелей талаптарын зерттеу. Еріктілік, баланың табиғатына айналуға тиіс. Ал тәрбиеші баланың дамуын ұқыпты түрде дұрыс бағыттайтындай, ойланып, толғауларына жөн сілтейтіндей жағдайлар жасай білуі ғана тиіс.

Г.И.Песталоццидің  дүниеге көзқарасы демократиялық  сипатта болды. Оқыту және тәрбие барлқ адамға берілу керек дей  отырып, Песталоцци қоғамды қайта  құрудың негізгі негізгі құралдарының бірі–мектеп деп есептеді. Адамды дамытудың,тәрбиелеудің ең басты құралы еңбек деп санады.

Тәрбиенің міндеті–адамның  барлы табиғи күштерін, қабілетін  дамыту дұрыс бағыт беруі тиіс, дұрыс бағытталған тәрбие ғана баланың жан–жақты дамуына негіз болады деп көрсетті. Баланың тәрбиесін дұрыс ұйымдастыруда отбасының, әсіресе ананың рөлін өте зор бағалады. Баланы тәрбиелеу алғашқы күннен басталуы керек. Сондықтан, педагогика тәрбиелеудің әдістерімен әр ананы қаруландыруы қажет деп санады. Семьядағы тәрбие мектепте ары қарай жалғастырылуы қажет.

Өзінің жалпы дидактикалық пікірлеріне сүйене отырып, Песталоцци бастауыш білім берудің әдістемесінің негізін салды. Ана тілін оқытудың міндеті баланың сөйлеуін дамыту және сөздік қорын байыту деп анықтады. Тәрбиенің мақсаты адамның барлық табиғи күшін, қабілетін жан–жақты дамыту деп есептеді. Оқуды өнімді еңбектен ұштастыруға көп көңіл бөлді. Бастауыш мектепте берілген білімнің көлемін кеңейтпек болды, оны халыққа жақын етуге тырысты. Н.Крупская: «Пестолоцци халық қажетін өтей алатын, халықтың көңілінен шығатын және халықтың өзі ұйымдастыратын мектеп ашуды арман етті»–деп жазды.

Неміс педагогі Адольф Дистервегтің пікірінше, «Адам алған тәрбие, өз мақсатына сонда ғана жетеді және біткен болып есептелінеді, оның күшін және еркін билеп, өзі әрі қарайғы өмірінде туыдатып, жаңартып жинай білсе және оның әдісімен құралын меңгере білсе, осылай айнала ортамен дұрыс қарым–қатынас жасай білсе, міне тәрбие күші осында».

«Нағыз тәрбие–дамудың табиғатқа ұқсас түрін және оның күнделікті өсіп–жетілуіне ұдайы ұмтылады». Егер талант ерте оянса немесе шамадан тыс шаршаса соның салдарынан, оның қызметімен іс–қимылы әлсірей бастайды немесе мезгілсіз тоқтайды. Егер талант кеш оянса, ол қандай қабілет болса да ешқашан ойлаған мақсатына жете алмайды «Тым ерте» және «Тым кеш»–бәрібір екеуі де тәрбие үшін зиянды сөздер.

К.Д.Ушинский есімі  ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы орыс ағарту–ісінің көрнекті қайраткерлерінің қатарынан бірінші орын алады. Ол Ресейдегі педагогика ғылымының және орыс халық мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі.

К.Д.Ушинский педагогикалық жүйесінде оқытудың принциптері мен мақсаттары, тәрбиенің мәні мен маңызы көрнекті орын алады. Ол қарапайым, заңдылық–парадоксті қамтитын тәрбие. Егер ол адамға бақыт сыйлағысы келсе, онда ол бақыт үш Егер ол адамға бақыт сыйлағысы келсе, онда ол бақыт үшн тәрбиелемей, өмірге және еңбекке баулу керек.  «Тәрбиені жетілдіре отырып, адамдардың дене, ақыл–ой, нравтық күшін белгілі деңгейден ары жалғастырып, көтеріп тастауы мүмкін» –деп жазды.

К.Д.Ушинский мектептегі қоғамдық тәрбиенің орталығы, ол мұның  ең маңызды тұлғасы мұғалім деп  бағалайды. Білім беру мен тәрбие ісі көптеген жағдайларға байланысты. Олар: мектептің өзінің ішкі жағдайы, мектепте қалыптасқан дәстүрлер  мен тәртіптер, оқу бағдаламалары, оқулықтр мен құралдары т.б. Ал, осылардың ішіндегі ең негізгісі–мұғалім, оқу мен тәрбие сол мұғалімнің сапалы сабағына байланысты болады деген.

Қазақ ағартушы–педагогтарының оқушыларға ұлттық тәрбие беру және болашақ мұғалмдерді даярлау туралы ой–пікірлері қазіргі кезге дейін ерекше құнды болып келеді. Мәселен, А.Байтұрсынов өзінің «Қазақ» газетінде жарияланған мақалаларында, «Тіл туралы», «Әдебиет танытқыш», «Баяншы» «Тіл ашар», «Әліпби», «Сауат ашқыш», «Әліппе астар», «Оқу құрал» (хрестоматия) тәрізді еңбектерінде жан–жақты айтып, өзі тікелей оны іске асырып отырады. Сол еңбектері арқылы ол Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесінің негізін қалады. Бұл жүйенің элементтері: ұлттық жазу жүйесі, ұлттық негіздегі бағдарламалар, оқулықтар, оқу–әдістемелек құралдары, ұлттық мектепке керекті заттар, мектеп ісін жандандыратын ұлтжанды мұғалімдер мен тәрбиешілер.

Осы жүйенің  барлық элементтерінде қазақтың тілін, ауыз әдебиетін, мәдениетін, тарихын, әдет–ғұрпын, салт–дәстүрлерін қазақ мектептерінде оқытып, оқушыларға ұлттық тәрбие беру мақсатында пайдалану жолдарын екшеп көрсетті. Ахмет Байтұрсыновтың «Әліпбиі»–қазақтың алғашқы ұлттық сипаттағы әліппесі.

Бұл–араб графикасымен жазылған нағыз ұлттық «Оқу құрал». Бұл оқулықты жазудағы оның алға қойған мақсаты–бастауыш сыныптарда балаларды оқыту және сауатын ашу. Кітапта автор әрбір әріпті жеке–жеке түсіндіріп, бұлардың жазылу және айтылу кезіндегі ерекшеліктеріне тоқталады.

Информация о работе Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері