Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 18:41, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамдағы ұлт саясатын жүзеге асыру және қазіргі жаңаша ойлау мен әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру ісі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.
Ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып ежелден келе жатқан халықтық педагогикасы жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына, ұлттық тәрбиесінде жалпы білім беру саласында, оқу тәрбие үрдісінде тәлім–тәрбиелік мәні зор.

Работа содержит 1 файл

Кабденова Раушан.doc

— 689.50 Кб (Скачать)

Халық өміршең  әдет–ғұрып, салт–дәстүрлері арқылы жастарды тәрбиелеу бір ғана адамның, бір ғана мезгілде атқарар міндеті  емес екенін, жалпы жұртышылықты жұмылдыра қолға алып, кейінгі ұрпағына ұлттық, халықтық, тарихи, мәдени мұраны жеткізу арқылы ғана халық, ұлт өз ошағының отының өшпеуін қамтамасыз ететінін, әрбір саналы азамат жете түсініп, ойластырылуы тиіс. Ата–бабаларымыздың рухани байлықтары мен тәжірибелерін, әдет–ғұрып, салт–дәстүрлерін бойларына берік сіңірген ұрпақ қана отанына абырой әперетіндігі әркез есімізде болуы қажет.

Сонымен зерттеу  барысында қол жеткен нәтижелер  мынадай қорытындылар жасауға мүмкiндiк бередi:

1. Қазақ халқының ұлттық дүниетанымын, санас-сезімін, адамгершілік, ізгілік сапаларын балалардың бойыңа сіңіру үшін бастауыш сыныптан бастап оқушылардың ұлттық тәрбиесін қолға алу, оның теориялық негіздерін айқындау және іс-тәжірибеде іске асырылуын қамтамасыз ету педагогика ғылымының көкейкесті мәселесі болып табылады.

2. Бастауыш сынып  оқушыларына ұлттық тәрбие беру  мәселесінде айқындалған негізгі бағдар тәрбиеге ізгілендіру тұрғысынан мән беру, соның аясында тұлғалық-аксиологиялық қатынасты жүзеге асыру болды.

3. Педагогика  ғылымының теориясы мен практикасында  оқушыларға ұлттық тәрбие беру проблемасының зерттелу деңгейі мен жай-күйін талдау халықтық педагогика идеяларының ұлттық тәрбие беруде мүмкіндіктерінің жоғары екендігін дәлелдеді: біріншіден, олар бастауыш сынып оқушыларының ұлттық сана-сезімін, сенімін қалыптастырады, адамгершілік-этикалы, моральдық-этникалық, психологиялық-эмоциялық қасиеттерін, ұлттық мінез-құлқын тәрбиелейді.

4. Бастауыш мектепте  оқушыларға ұлттық тәрбие беру  процесінің нәтижелілігі бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісін қолданумен қамтамасыз етiлдi. Бұл модель когнитивті, эмоциялық және мінез-құлықтық компоненттерiнің бірлігінде байқалады және нақты өлшемдер, көрсеткіштермен сипатталады.

5. Ғылыми педагогикалық  әдебиеттерге жасалынған талдау негізінде біз өз зерттеуімізде бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогика идеялары арқылы ұлттық тәрбие берудің мазмұнын, әдістері мен ұйымдастыру формаларын педагогикалық шарттар ретінде айқындап, оны іске асыруды әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз еттік: 1) бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогика идеялары арқылы ұлттық тәрбие беру бағдарламасы; 2) бастауыш мектептің оқу процесінде оқушыларға халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру бойынша мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар;

6. Зерттеуде негізделіп  отырған педагогикалық шарттар бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілік деңгейін арттырады. Бұл тұжырым эксперименттiк және бақылау топтарындағы тәрбиелілік деңгейлерiн салыстырудың негiзiнде жүргiзiлген эксперимент қорытындыларымен нанымды түрде дәлелдендi.

7. Диагностикалық нәтижелерден оқушылар мынадай тұрақты тұлғалық ұлттық сапаларды көрсетті: ұлттық білімге құштарлық, ұлтжандылық, ұлттық дүниетаным; ұлттық мәдениет; ұлттық сана-сезім; ұлттық дәстүрлерге сыйлы қатынас, ұлттық мінез-құлық мәдениеті. Мұның өзі бастауыш сынып оқушыларымен педагогикалық іс-әрекет барысында тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

8. Оқу сабағын  және тәрбие жұмыстарын өткізу  кезінде бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымы, сана-сезімі мен мінез-құлық деңгейлері айқындалды. Бұл мақсатты дұрыс қою жақын даму аумағына сәйкес оқушыларға халықтық педагогика идеялары арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттарын құруға мүмкіндік берді. Эксперименттік топқа қатынасқан бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тұлғалық сапаларының қалыптасу деңгейін анықтау олардың мінез-құлықы дамуы негізінде құрылды.

9. Зерттеу тақырыбының  келешекте әрі қарай дамуы  жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаумен, мектепте оқыту процесінде басатуыш сынып оқушыларының ұлттық мінез-құлқын тәрбиелеудің тиімді технологиясын таңдап алумен, оқушылардың этникалық толеранттығын қалыптастыру үшін үнемі оқушылардың ұлттық мінез-құлқының ерекшеліктерін анықтап отырумен, бастауыш сыныптан бастап оқушыларды қайта тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеуге үйретумен тығыз байланысты.

10. Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесінде халықтық педагогика идеяларының нәтижелі болуы үшін өзін-өзі тәрбиелеу маңызды болып табылады. Сондықтан ата-аналармен, басқа да әлеуметтік институттармен бірлесе отырып, оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін қадағалап, оның тиімді іске асырылуы көзделеді.

Жасалынған  қорытындылар негізінде мынадай ұсыныстар айтуға болады:

-халықтық педагогика идеялары бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесінде мұғалімнің табысты іс-әрекетін қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды;

-анықталған педагогикалық шарттар бастауыш мектепте оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарын жоспарлауға негіз болуы тиіс;

-бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен жұмыс істеу барысында ұлттық тәрбие берудің ерекшеліктеріне баса назар аударған жөн;

-ұсынылып отырған бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогика идеялары арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттарының жүйесін оқушыларды қайта тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу процесінде пайдалану қажет.

Зерттеу проблемасы күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын қамтып шығу мүмкін емес. «Қиын жасөспірімдерді», жоғары сынып оқушыларын этнопедагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбиелеу мәселелерін зерттеу келешектің ісі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Қ.Бөлеев «Қазақ мектептерінің оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері» Этнопедагогика//. №3. мамыр –маусым. 2008
  2. М.Есекешева. «Ұлттық тәрбие беру–өзекті мәселе». Қазақстан мектебі//. №11.2009. 69-72б.
  3. Г.Р.Бахтиярова «Қазақ отбасы тәрбиесіндегі дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің көрінісі».Этнопедагогика//. 4 шілде-тамыз .2009
  4. «Этнопедагогика және этнопсихология». Алматы. «Республика». 1995
  5. З.Әбілқызы «Қазақ халқының этнопедагогикасы» Қазақстан мектебі//. №9. 1993
  6. Ә.Дайырбаев. «Халық педагогикасы деген не?» Қазақстан мұғалімі. №5. 1997.
  7. Қ.Жарықбаев. «Тағы да халық педагогикасы мен этнопедагогикасы немесе қазақ тәлім–тәрбиесі туралы». Ұлағат//. №3–6. 1997.
  8. Т.Қоңыратбай «Ұлттық білім ұлaғаты хақында». Қазақстан мұғалімі//.№11.1998
  9. Б.Ж.Жиентаева «Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру» Автореферат. 2004.
  10. Ә.Усманова. «Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасын негізінде тәрбиелеу». Ұлт тағылымы//. №1. 2001.
  11. Л. Жумадуллаева «Халық педагогикасы–тәрбие өзегі». Ұлт тағылымы//. №4–5. 2001.
  12. Б.Тойлыбаев «Ұлттық тәрбиеде жеке тұлғаның қалыптасуы». Ұлағат//.

 №5.2007

  1. К.Ж.Қожахметова «Рухани–адамгершілік құндылықтар негізінде жастардың этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру» Этнопедагогика//. №3. мамыр–маусым. 2008
  2. Ж.Әбиев. Педагогика тарихы. «Дарын» 2006. Б 471
  3. Ж.Әбиев. «Педагогика» 2004.
  4. Ш.Қ.Беркімбаева, К.Ж.Қожахметова, Қ.К.Кунантаева, С.Қ.Қалиев, Л.К.Керімов, Ш.М.Майғанарова, Ш.Т.Таубаева, С.Т. Имамбаева «Педагогика тарихы» Алматы 2007.
  5. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика.Б 377
  6. Л.Бөлетова. «Халқымыздың әдет–ғұрып салт–дәстүрлері арқылы жастарды тәрбиелеу». Ұлағат//.№ 9.2008
  7. Б.Матаева «Халықтық педагогикалық идеялар негізіндегі қыздар тәрибиесінің кейбір мәселелері.»
  8. Ұ.Жамирова «Халықтық педагогика мәселелерінің бүгінгі жағдайы» Ұлағат//
  9. М. Қалибекқызы. «Халықтық педагогика–даналық педагогика». Ұлағат//.
  10. Б.Көлбаева «Халық педагогикасындағы ауыз әдебиеті үлгілері негізінде оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу». Этнопедагогика// №4. шілде–тамыз. 2008
  11. Қ.Бөлеев, Л.Бөлеева, П.Бөлеева, Ә.Оразова. «Қазақ ағартушы–педагогтарының мерзмді баспасөздің оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі рөлі туралы ой–пікірлері». Ұлағат//. №3. 2007
  12. Ж.Бөрібек «Сәулелі жұлдыз іздеген адам». Бастауыш білім//. №1. 2009.
  13. Ж.Ж.Наурызбаев «Ұлттық мектептің ұлы мұраты». Алматы «Ана тілі» 1995
  14. Ә.Табылдиев «Ы. Алтысаринның этнопедагогикалық еңбектері». Бастауыш мектеп//.№11. 2001.
  15. А.Тоқсанбаева «Этномәдениеттің тәрбие процесіндегі әлеуметтік сипаты» Ұлт тағылымы//. № 1. 2001.
  16. Ұ.Әбдіғарппарова «Халықтық педагогиканы енгізудің тиімді жолдары». Қазақ тілі мен әдебиеті//.№1. 1995
  17. Н.Әубәкіров «Халық педагогикасы негізінде». Бастауыш мектеп. № 5. 1995
  18. Ш.Ахметова «Халықтық педагогика ілімі». Қазақстан мектебі//.№2001.
  19. «Халық педагогикасы». Педагогикалық Жоғарғы Оқу Орындары бағдарламасы. Павлодар. 2004.
  20. Б.Абдуллаева «Білім мен тәрбие берудің ұлттық үлгісі». Тәрбие құралы//. №1. 2003.
  21. Ж.Шакерова. «Халық педагогикасы–халық қазынасы». История Казахстана в школе и ВУЗе//.№6. 2002.
  22. С.Әбдешова. «Халықтық педагогика–тәрбие сағатында».
  23. Т.Ибадуллин «Халық педагогикасының негізі–халықта». Сарыарқа самалы. 18 желтоқсан. 1995.
  24. А.Сәлімова «Халық педагогикасы элементтерін пайдалану». Бастауыш мектеп//. №11–12. 1997
  25. Алтынсарин Ы Таза бұлақ/ Ы Алтынсарин – А.: Білім.: 1990
  26. Елекбаев Н. Ұлттық психология/ Н. Елекбаев–А.: Білім.:1992
  27. Ушинский К.Д. Дидактика 2т/ К.Д. Ушинский– М.:Педагогика, 1983
  28. Қоянбаева Г. Халқын сүйген–салтын сүйер / Г. Қоянбаева // Бастауыш мектеп, 1996, №2-18
  29. Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие/ С. Ұзақбаева - А.: Білім, 1995
  30. Тұрманжанов Ө. Қазақтың мақал-мәтелдері / Ө. Тұрманжанов–А.: Мектеп, 1987
  31. Төреқұлов Н. Нақыл сөздердің тәрбиелік мәні / Н. Төреқұлов– А.: мектеп, 1971
  32. “Шаңырақ” энциклопедия.–А.: Ғылым, 1989
  33. Әбiлова З. Этнопедагогика оқулығы / З.Әбiлова: А.: 1999
  34. Аңламасова З. Халықтық дәстүрмен сабақтастық/ З. Аңламасова // Бастауыш мектеп, -1991, -№3
  35. Мамырханова Л.Н Оқушылардың пәнге қызығушыларын арттырудағы халықтық педагогиканың ролi / Л.Н Мамырханова // Педагогический вестник, 2003, -№2
  36. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң оқу бағдарламасы / 1-4 сыныптар/.–А.:1997
  37. Бастауыш мектепте оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдалану // Шоқан тағылымы–13: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  материалдары. Т.2.–Көкшетау, 2008. –Б.101-104.
  38. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. Алматы: Рауан, 1998.–23б.
  39. Наурызбаева Р. Бастауыш мектепте халықтық тәлім-тәрбие берудің шығармашылық жолдары. –Алматы: Білім, 2006.–37б.
  40. Әлімбаев М. Халық–ғажап тәлімгер.–Алматы.–Рауан, 1994.–24-29 б.
  41. Алтынсарин Ы.Таңдамалы педагогикалық мұралары/ Алматы:1991.–78б.
  42. Ахметов Ш. Қазақ балаларын халық дәстүрлері арқылы тәрбиелеу /Алматы: 1966.–45б.

 


Информация о работе Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері