Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 18:41, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамдағы ұлт саясатын жүзеге асыру және қазіргі жаңаша ойлау мен әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру ісі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.
Ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып ежелден келе жатқан халықтық педагогикасы жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына, ұлттық тәрбиесінде жалпы білім беру саласында, оқу тәрбие үрдісінде тәлім–тәрбиелік мәні зор.

Работа содержит 1 файл

Кабденова Раушан.doc

— 689.50 Кб (Скачать)

Бастауыш сынып  оқушыларында ұлттық педагогика идеясы арқылы тәрбиенің когнитивтік, эмоциялық және мінез-құлықтық компоненттерінің қалыптасуына мониторинг жүргізілді. Мониторинг бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілігінің деңгейін жүйелі түрде өлшеуді қажет ететіндіктен, біз қорытындыларды бір-бірімен өзара тығыз байланыста жасап отырдық. Алынған нәтижелердi талдау және оларды айқындау экспериментi барысындағы және баќылау тобындағы көрсеткiштермен салыстыру эксперименттiк жұмыстың бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілік сапасына тиiмдi ықпал еткенiн аңғартты (кесте 4).

 

Кесте 3. Бастауыш сынып оқушыларында ұлттық педагогика идеясы арқылы тәрбиенің мінез-құлық компонентінің қалыптасу нәтижелері

 

Бастауыш сынып  оқушыларында ұлттық педгогика идеялары арқылы тәрбиенің мінез-құлық компоненті

 

Эксперимент басында

 

Эксперимент соңында

 

Бақылау тобы

(28 оқушы)

Экс.тобы (26 оқушы)

Бақылау тобы

(28 оқушы)

Экс.тобы

(26 оқушы)

Төмен деңгей

48,4%

49,2%

57,8%

27,7%

Орта деңгей

23,4%

32,3%

28,1%

33,8%

Жеткілікті деңгей

28,2%

18,5%

14,1%

38,5%


 

Кесте 4. Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық педагогика идеяларының тәрбиелілігінің өзгеру қарқыны

 

Топ

Төмен деңгей

Орта деңгей

Жеткілікті  деңгей

 

Экс. басы

Экс. соңы

Экс. басы

Экс. соңы

Экс. басы

Экс. соңы

Бақылау

56,2 %

51,6%

21,1%

20,3%

22,7%

28,1%

Эксперименттік

51,5%

35,4%

26,1%

33,8%

22,3%

30,8%


 

Эксперименттік  жұмыс нәтижелері бастауыш сынып  оқушыларының ұлттық тәрбиелілігінің қалыптасуында халықтық педагогика құралдарының ерекше мәнге ие болатындығын көрсетті. Ең бастысы, әрбір оқушыны табысты іс-әрекетке жеткізу үшін мұғалімнің өзі іс-әрекетін табысқа жететіндей құра білу керек. Оқушыларға дұрыс тұлғалық қатынас жасау, әрбір тәрбие жұмыстарын ізгілендіру қағидаларына негізінде құру, жүйелілікті басшылыққа алу  принциптері мұғалімнің бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру тиімділігін қамтамасыз етеді. Әрине, бұл жерде материалдық, әдістемелік, психологиялық жағдайлар да негізге алынуы қажет.

Экспериментке дейін және эксперименттен кейін бастауыш сынып оқушыларының ұлттық педагогика идеяларының тәрбиелілік деңгейлерiнiң қалыптасу диаграммалары 8-9-шы суреттерде сипатталады.

 

 

Сурет 8. Эксперимент тобындағы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық педагогика идеяларының тәрбиелілік көрсеткіштері

 

 

Сурет 9. Бақылау тобындағы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық педагогика идеяларының тәрбиелілік көрсеткіштері

 

Бастауыш сынып  оқушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары мен оны іске асырудың әдістемесін эксперименттік түрде тексеру оның барлық кезеңдерінде нәтижелі екендігін, бастауыш мектепте пайдаланудың тиімділігін көрсетіп, біздің зерттеуіміздің ғылыми болжамының дұрыстығын дәлелдеп берді.

 

 

Сабақтың тақырыбы: «1001 мақал, 101 жұмбақ»

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды білімділікке, өз ойларын жеткізе білуге үйрету; Халықтық шығармашылықты бойына дарыту.

2. Ойлау (логикалық)  қабілетін арттыру, толықтыру.

3. Алғырлыққа, шапшаңдыққа,  ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Белгі беру қағаздары, мақтау грамоталары, тақырып жазылған плакат, қатысушыларға лента, алқа.

Сабақтың түрі: сайыс

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Таныстыру, ойын шарты.

Ә) Әділқазы алқасын  сайлау

II.Негізгі бөлім:

1-кезең: Жаттығу,  ой қозғау.

2-кезең: «Ойлан  тап!»

3-кезең: «Кім  жылдам?»

4-кезең: «Сөзжұмбақ»

5-кезең: «Көрермендер  көзайымы»

III. Қорытынды  бөлім

Марапаттау

–Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін біз «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысын өткізгелі отырмыз. Менің ойымша, балалар көп мақал біліп, жұмбақ шеше білуде тапқыр болулары керек.

Балалар, мақал-мәтел, жұмбақ ертеден жалғасып келе жатқан халқымыздың ауыз әдебиетінің керемет  мұраларының бірі.

Мақалды халқымыз, оның ішінде би-шешендер дау-жанжалды шешу үшін, стің қорытындысы, түйіні ретінде аз сөзбен көп ойды білдіруге тырысқан екен. Ал жұмбақ балалар үшін өте маңызды. Халық жұмбақты жасырғанда, жасырылатын бұйымның белгілерін тұспалдап, ұқсас нәрселерге теңеп жасырған екен. Сондықтан біз мақалды орынды айтып, жұмбақты шеберлікпен шеше білуіміз керек.

–Ендеше, мақалшылар мен жұмбақшылар сіздерді негізгі ойын шартымен таныстырайын:

1.Әр дұрыс жауап үшін 5 ұпай

2.Берілгенуақытты үнемдеу, уақыттан тыс шықпау.

–Ал, балалар, ойын шарты түсінікті болса, онда іске сәт!

  1. кезең: «Жаттығу, ой қозғау»

Шарты: Берілген мақалдың мағынасын ашу.

Жұмбақшылар:                        Мақалшылар:

Бірлік болмай, тірлік болмас.  Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

 

2-кезең: «Ойлан  тап!»

Шарты: Жұмбақшылар дайындаған жұмбақтарын жасырады, жауабына мақалшылар мақал айтуы тиіс.

  1. Аяғы жоқ жүреді,    1.Жақсының аты өлмейді,

Аузы жоқ  сөйлейді (хат)  Ғалымның хаты өлмейді.

    2.Қабат-қабат  қаттама,   2.Кітап – білім бұлағы,

     Ақылың болса аттама. (Кітап)   Білім -өмір шырағы.

    3. Жылма-жылмаң  етеді

       Жылмаңдап сайдан өтеді,

       Із-міз тастап кетеді. (Ине)         3.Оқу – инемен құдық қазғандай.

    4. Жағалай-жағалай  тас қойдым,         4. Тіл тас жарады,

        Жирен атты бос қойдым.(тіл)              Тас жармаса бас жарады.

  5. Жұрттың бәрі соны сүйеді,                 5. Жақсы –ай мен күндей,

        Бірақ қарағысы келмейді.(Күн)              Әлемге бірдей.

 

3-кезең: «Кім  жылдам?»

Шарты: Тағамдар туралы жұмбақ жасырылады. Жұмбақшылар шешеді. Ал мақалшыларға мақалдың басы айтылады, оны аяқтауы тиіс.

  1. Айдалада ақ отау,

Аузы мұрны  жоқ отау.

(жұмыртқа)

  1. Табаға салып жапқаным не?

( нан)

  1. Қардай аппақ,

Балдай тәтті-ақ.

(қант)

  1. Құрғақ жерде сақтайсың,

Менсіз тамақ  таппайсың.

(тұз)

5. Аласа талда,

Алуан алма,

алқызыл болмай аузыңа салма.

(қызан)

Мақалды жалғастыр:

 

  1. Доссыз адам,

Тұзсыз ас.

  1. Күлме досқа,

Келер басқа.

  1. Өнер алды – қызыл тіл.
  2. Көп біл- аз сөйле.
  3. Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.

 

4-кезең: «Сөзжұмбақ»

Шарты: Екі топқа  сөзжұмбақ беріледі. Уақыты -4-5 минут.

1.Құлағын бұрап,

   Тартқаным  не?

(домбыра)

2. Өткір жүзді  келеді,

Өте қажет құрал ол.

(пышақ)

3.Мен жүгірсем, ол жүгіреді.

(көлеңке)

4. Менің 3 көзім  бар:

Бір көзім: «Кідір!»  дейді,

Бір көзім: «Жүгір»дейді.

Бір көзім: «Абайла  »дейді,

«Қарап ал, маңдайға!»  дейді.

(Бағдаршам)

5.Қолы жоқ  сурет салады,

Тісі жоқ  тістеп алады.

(аяз)

  1. Құбеге құйып піскенім не?

(Қымыз)

  1. Табаға салып жапқаным не?

(нан)

  1. Шыр-шыр етеді,

Құлағыңнан  өтеді.

Ұстай алсаң,

Сөйлеп кетеді.

(телефон)

 

  1. Әжем оны иіріп,

Жылы бешпент  тігеді.

(жүн)

2. Жапырақтар  сарғайып,

Біз мектепке барамыз.

Ол қай кезде  болады?

(күз)

3. Үй үстінде  ұсақ тас,

Күндіз ешкім  таба алмас.

(жұлдыз)

4. Айдалада ақ  отау,

Аузы мұрны  жоқ отау.

(жұмыртқа)

5. Отқа жанбайды,

Суға батпайды.

(мұз)

6. От басында  құмған,

Екі көзін жұмған.

(мысық)

7. Жерге қазық қақтым

Басына айдар  тақтым.

(сәбіз)

8.Аяғы бар, басы бар,

Арқалаған тасы бар.

(тасбақа)

  1. Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың  тоңады.

(қар) 

4- кезең: «Көрермендер  көзайымы»

1. Үй үстінде  ақ аю билеп тұр.

(түтін)

  1. Ыстықты суытпайды,

Суықты жылытпайды.

(термос)

  1. Сүрткен киімі тазарып,

Өзі қалды тым  арып.

(сабын)

  1. Күндіз тіпті ұшады,

Түнде тышқан ұстайды,

Көзі шамға  ұқсайды.

(жапалақ)

  1. Отырмайды, тұра алмайды,

Түзу жолда  бұраңдайды.

(жылан)

 

Қорытынды: - Өте  жақсы, балалар! Сайысымыз өзінің мәресіне де келіп жетті. Әділқазыларға сөз  беріп, жеңімпаз топты анықтап, марапаттайық.  

Жеңімпаз топ:_________________

Жеңістерің  құтты болсын! Қатысқандарыңа көп  рахмет. Сау болыңдар!

 

Сәулелі жұлдыз іздеген адам

 

Сабақтың мақсаты: автордың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Әңгіменің мазмұнын ашу, Ы.Алтынсарин өмір жолын үлгі ете отырып, шапшаң оқу дағдыларын арттырғу, балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, өз пікірлерін айту, бағыт–бағдар бере отырып, өздіктерінен қорытынды жасауға машықтандыру, адал, шыншыл болуға, оқу–білімге шақыра отырып, еңбексүйгіштікке баулу

Сабақтың әдісі: «Тәй–тәй» бағдарламасы негізінде орталықтармен жұмыс

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: автордың және әңгімедегі кейіпкердің  портреттері мен плакаттар, қаттамалар.

Сабақтың барысы:

Таңертеңгілік жиын

1.Оқушылардың  бір–біріне тілек айтуы

2.Күн жаңалықтарымен танысу

3.Үй тапсырмасымен  жұмыс жасау

4. Жаңа сабақтың  тақырыбын ашу барысында тақтаға  «Сөзжұмбақ» ілемін

 

 

 

           

ы

 
 

б

         
           

ы

   
   

р

       
 

а

 
 

й


1.Ат–адамның ....

2.Үні ғажап, дүлдүл

    Бақта  сайрар  ....

3.Кім? Не? Кімдер? Нелер? Сұрағына жауап беретін сөйлем мүшесі

4. Қабанбай батырдың  шын аты кім?

5. Ешкінің төлі

6.Жабық астында жарты  күлше

Сабақты екі орталыққа  бөу арқылы сайыс түрінде жалғастырдым.

А) ғылым, өнер орталығы

Тапсырмасы:

1. Әңгіменің авторы кім?

2.Әңгіме мәтіннің қай түріне жатады?

3. «Сәулелі жұлдыз» деген сөз тіркесінің мағынасы қандай?

4. Автордың бұл әңгімені қандай оқиғаға сүйеніп жазғаны жайында зерттеу жүргізіңдер.

5.Кейіпкердің портретін салу немесе әңгімеден шағын көрініс көрсету

6.Мәтінді тағы қалай атауға болады?

Ә)Оқу, жазу орталығы

Тапсырмасы:

1.Әңгіме кім туралы жазылған?

2.Әңгіме неліктен «сәулелі жұлдыз іздеген адам» дп аталған?

3.Мәтінде неше сөз, неше сөйлем бар?

4.Әңгімені неше бөлікке бөлуге болады?

Әр бөлікке тақырып  қойыңдар

1.Мәтінге сүйеніп Ы.Алтынсаринге портреттік мінездеме беріңдер.

Сәулелі жұлдыз іздеген  адам

Осындай тапсырманы орталыққа  бөлінген екі топтың алдына бердім.Оқушылар ақылдасып, араларына лидер сайлaп алады. Лидер берілген тапсырманы оқып шықты. Берілген тапсырмаға бірлесе отырып жауап береді. Әр сұраққа жауап берген оқушыны геометриялық фигуралармен бағалап отырдым. Осылайша бүгінгі өтілетін сабақта оқушылардың өздері үйлерінен дайындалып келіп, тақырыпты ашты.

Информация о работе Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері