Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 18:41, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамдағы ұлт саясатын жүзеге асыру және қазіргі жаңаша ойлау мен әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру ісі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.
Ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып ежелден келе жатқан халықтық педагогикасы жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына, ұлттық тәрбиесінде жалпы білім беру саласында, оқу тәрбие үрдісінде тәлім–тәрбиелік мәні зор.
Ұлтымыздың мәдениетін сақтап, оны келер ұрпаққа жаңа көзқараспен жетілдіріп жеткізуге білім беру ісі басты құрал болып саналады. Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, оның қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық тәрбие негізінде ертеңгі қоғамның белсенді азаматы–бүгінгі оқушы тұлғасын қалыптастыру.
Жас ұрпақтың ұлттық тәрбиесі халық қанша өмір сүріп жатса, сонша көкейкесті мәселе болып келеді. Осы кезге дейінгі ғылыми зерттеу жұмыстарының кез-келгенінде ұрпақ тәрбиесінің маңызы, мәні, ерекшеліктері жан–жақты дәлелденген. Дей тұрғанмен, оқушыларға халықтық педагогикасы арқылы ана тілі сабағында ұлтық тәрбие беру мәселесі ғылыми тұғыда қарастылмаған.
Біз өз зерттеуімізде оқушыларға ұлттық тәрбие беру мәселесі мен мәдени-этникалық білім беру жүйесінде этнопедгогикалық даму заңдылықтарын, тәлім-тәрбиелік мәнін ғылыми тұрғыда зерттеген ғалымдардың құнды тұжырымдамаларына, ой–пікірлеріне назар аударамыз. (Ж.Ж.Наурызбаев, Қ.Бөлеев, А.Мұхамбаева, Ж.Башимов т.б.).
Ұлттық тәрбиенің мақсаты жеке тұлғаның сана–сезімін, мінез–құлқын, ар –намысын қалыптастыру. Ал, халықтық педагогика ұлттық тәрбие жүйесіндегі алғышқы құрал қызметін атқарып келгенін байқаймыз.
Түп тамыры халықтық педагогикадан бастау алатын халқымыздың тарихи, қоғамдық этникалық қалыптасуы жағдайында өзімен бірге жасасып, ғасырлар бойы ұрпақтан–ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан тәрбие жөніндегі тәжірибесінің (білім, іскерлік, дағдыларының) жиынтығы қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті болып табылады. Шығу тегі түркілер мәдениетінен бастау алатын қазақ–ғасырлар бойы қалыптасқан бай рухани қазынасы бар, соның ішінде терең тамырлы педагогикалық мәдениетке ие халық. Бұл рухани құндылықтарымыз бүгінгі этномәдени дәстүрлерімізде, халық шығармашылығында (ауызекі поэтикалық, сәндік қолданбалы өнер, музыкалық), ұлттық ойындарда, ұлттық әдеп пен мораль нормаларында құралған отбасы өмірінде, үлкен мен кіші арасындағы, туыстық қарым–қатынастар жүйесінде көрініс тапқан. Халық педагогикасы өмірінің бөлінбес бір бөлшегі, адамзаттың өмір сүру қажеттілігінен туған күрделі табиғи құбылыс. Тіпті ол өзінің даму барысында түрлі халықтардың тәрбие дәстүрлеріне тән жалпыға ортақ белгілерін де сақтай білген. Белгілі чуваш ғалымы Г.Н.Волковтың «Этнопедагогический диалог, диалог культур подчеркивает межнациональное, общечеловичское в духовно–нравственных ценностях народов. Народы говорят на разных языках, но духовно они очень близки к друг другу» деген тұжырымы осы айтылған пікірлердің айғағы іспеттес.
Түрлі халықтардың дәстүрлі педагогикалық мәдениетімен танысу әлеміндегі көптеген халықтардың тәрбие қағидаларындағы табиғи үндестікті аңғартады. Біздің Қазақстан және Орта Азия халықтарының жан–жақты жетілген тұлғаны қалыптастырудағы тәрбиенің мақсат, міндеттерін анықтап, ажыратудағы ойларынан осындай үндестікті, бәріне тән ортақ көзқарастар жақындығын байқауға болады. Қай халық та ең алдымен өзінің ұрпағының жан–жақты, уақыт талабына сай жетілген тұлға болып қалыптасуын басты мақсат еткен. Осы орайда жан–жақты ұрпақ тәрбиесін үздіксіз жүргізуді арман еткен біздің ата–бабаларымыз тәрбие мақсатын «сегіз қырлы, бір сырлы» деп халықтың даналық тұжырымына сыйғызып, көрсетуге талпынған. Барлық халықтардың жан–жақты жетілген тұлға туралы көзқарасы мен түсінігі тарихи, қоғамдық ықпалдар негізінде дамып, ұалыптасты. Осы бағытта қазақтың дәстүрлі педагогикасы жас ұрпақтың санасына «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деп, «Адам бол!» деген қатаң қағиданы сіңірсе, тау халқы карачайлар «Алгьа атангы баласы болма да, халкьны баласы бол»(Алдымен атаңның баласы болма, халқының баласы бол) –деп үйретсе, ал башқұрт,татар, өзге кавказ халықтары ерте жастан «нағыз жігіт бол» дегенді баладан қатаң талап еткен. Бұдан байқайтынымыз барлық халық педагогикасына тән тәрбиені жүзеге асырудағы ортақ ұстаным–бұл адамның адамгершілік қасиеттерінің болуы, жоғарғы ақыл–ойының дамуы, еңбекті құрметтеу мен оған деген сүйіспеншілік және батылдық, ержүректілік, мейірімділік,қайырымдылық т.б. тұлғалық сапалардың жоғары бағаланып, қалыптастырылуының көзделуі. Осы орайда, біздің есімізге ғалым Г.Н.Волковтың «В личностном идеале всех народов главное–не национальная принадлежность, а общечеловеческие начала»–деген пікірі оралады.
Осындай әлем халқына ортақ адам тәрбиесінің кеңістігі ретінде кез келген халықтың дәстүрлі педагогикалық мәдениетін дамытып, қалыптастыру жолы, кезеңдері өзінің бастауын бүгінгі күнге дейін жас ұрпаққа тәрбие берудің негізгі орталығы болып келген және осы бір күрделі әлеуметтік функцияны қай қоғамда да үздіксіз атқарып келе жатқан ұлттық тәрбиенің алғашқы мектебі–Отбасынан алады. Халықтық педагогикадағы адам тұлғасына «тал бесіктен, жыр бесікке дейін» үздіксіз, кешенді түрде, мақсатты ықпал ететін ең басты әлеуметтік орталық та осы–отбасы.
Сондықтан, қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің дамып, қалыптасу жолын, өзіне тән ерекшелігін айқын көру үшін ұлттық белгімізді сақтап, халық тағдырын шешетін нағыз қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасып, даму жолын, мазмұнын талдап қараған жөн деп білеміз. Отбасында және біздің халық ұғымындағы адам тегінде ұлттық тәрбие жүйесінің негізгі байлығы, тәрбие мазмұны, қағидалары мен заңдылықтары, әдістері, формалары шоғырланып, сақталған. Адам алғаш дүниеге келген күннен бастап отбасы мен өзінің шыққан тегінің ықпал ету күші арқылы өз туған халқының дүниетанымын, философиясын, әдебін, өмір сүру талаптарын ерте жастан бойына сіңіріп, қабылдай бастайды. Осы жерде баса айта кететін бір жайт, балаға ерте жастан өзінің шыққан тегін, жеті атасын білуд қатаң талап ету қағидасының қазақ халық педагогикасында берік сақталғандығы. Өйткені, ұрпақ тәрбиесіндегі осы жеті аталық үрдіс қай кезде де қазақ халық педагогикасының негізгі тірегі болады, Ата–бабаларымыз: «Жеті атасын білген ұл жеті рулы елдің қамын жер»,–деп сенген. Жеті атасын білмеген ұл–қызын жетесіз деп сөккен қазақтар ұрпағына өзінің шыққан тегін таныту мен жеті атасын білдіруді отбасындағы аға буын мүшелеріне міндеттеген. Тек тазалығын сақтап, дені сау ұрпақ өсіруді көздеген, ата–бабаларымыз жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрін күні бүгінге дейін қатаң ұстанады. Қазақ халқы ұл–қызына ата–тегін, шежіресін білуді міндет етумен бірге, оны кейінгі ұрпаққа халықтық асыл мұра ретінде жалғастырып, дамытып отыру қажеттілігін ескерткен. Мысалы, халқымыздың: «Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық» –деген аталы сөзі адамның түп–тегінде үлкен мән жатқанын меңзейді.[11]
Қазақ халқының өзіндік бет–бейнесін, ерекшелігін, тегін танытатын баға жетпес рухани бай мұрасының бірі–шежіре. Әсіресе, халық тәрбиесіндегі жеті атаны таныту құралы–отбасы шежіресі құрайды. Ұрпақ сабақтастығын білдіретін осындай шежірелерді балаларға үйретуге қазақтар ықылымнан бері үлкен жауапкершілікпен қарап, оны отбасы тәрбиесінің негізі деп бағалаған. Халықтық тәлім–тәрбие қазынасының ішіндегі ең көнесі де, қадірлісі де осы шежіре. Отбасында балаға өз ата–тегінің шежіресін таныту мақсаты міндетті тәрбие үрдісі ретінде ағайын–туыстың бауырластығын, халықтың сыйластық дәстүрін нығайтуды көздейді.
Шыр етіп дүниеге келген періште сәбиге адамдық асыл қасиеттер алдымен ана сүтімен бесіктегі тәрбиемен дариды. Демек, ұлттық тәрбиеміздің алғашқы мектебі, яки, халықтық дәстүрлі педагогикалық мәдениет–отбасынан бастау алатындғы еш күмән тудырмасы белгілі.
Кез–келген
халықтың өсіп, өркендеу мен жас
ұрпағының дүниеге келуі–
Қазақ отбасы өмірінде көрініс тапқан ұлттық тәрбиеміздің дәстүрлі жүйесі туралы пайымдауларымызды тұжырымдай келе, сыйластық пен келісімге құрылған отбасы әкенің ізін басатын ізбасары мен ұрпағын жалғастыратын ұлдардың, шаңырақтың тірегі, қамқоршысы болар, ата–ана сүйіспеншілігіне бөленген ұрпақтың, өз ұлтына тән қасиеттерді меңгерген тұлғаның дүниеге келіп, қалыптасуын қамтамсыз етіп отыратындығын айқын көруге болады.
Осындай ұрпақтан–ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, тектілікті танытатын, туыстық қатынастар қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің жоғарылығын, ұлттық тәрбие кеңістігінің ауқымдылығын, халқымыздың өмірден түйген мол парасат–пайымын, ұстаздық даналығын, кемеңгерлігі мен мәрттігін аңғартады.
Егемендік алған алғашқы жылдардан бастап елімзде білім беру ісіне аса мән берілуде. Білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын жан–жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытуға, ой–санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылады. Республикамызда Білім беру заңы қабылданып, Тұжырымдамасы талқылануда.
Қоғамның даму, ғылым мен техниканың, ұлттық рухани мәдениетінің өркендуі білім саласына өзгеріс ендірмей қоймайды. «Әрбір мемлекеттің интеллектуалдық, экономикалық, парасаттылық және мәдени қадамы білім саласының жай–жоспарына және оның прогрессивті даму мүмкіндіктеріне тікелей байланысты» екендігін орта білімнің мемлекеттік стандартында айқын көрсетіліп отыр. Жалпы қазіргі кезеңде білім берудің мазмұны қайта қаралуда. Халықтың ұлттық–тарихи дәстүрі, оның жалпы адамзат мәдениетімен диалектикалық бірлігі–барлық оқыту мен тәрбиелеу ісінің бастау бұлағы болуы тиіс. Оқу–тәрбие бағдарламалары республиканың ұлттық ерекшелігіне, мемлекеттік саясатына сәйкестендіріліп жасалуда. Тіл мен әдебиет, тарих, география, музыка, бейнелеу өнері, еңбек, дене тәрбиесі сияқты пәндер ұлттық тұғырға негізделуі тиіс. Басқа да пәндер бағдарламалары мен оқулықтарын ұлттық тәрбиенің лебі есіп тұруы шарт. Ұлттық тәрбиенің ғылыми–теориялық негізін анықтау үшін оның өзіндік ерекшелігін ескеру қажет. Академик Г.Н.Волковтың анықтауы бойынша бұл ерекшеліктерге мыналар жатады: ұлттық тәрбиенің адам баласының дүниеге келген күннен бастап бірге жасасып келуі; қоғамдық құру, қоршаған ортаны, табиғатты өзіне икемдеп игеруге еңбек тәрбиесінің алғашқы адамдар өмірінде басты рөл атқаруы, тәрбиенің басқа түрлерінің тууы, халықтың тәрбие жөніндегі қағидалары өмірлік тәжірибелерде негізделген эмпирикалық білім болып келуі, оның ұлттар мен ұлыстардың жазу мәдениеті шықпай тұрған кезінде пайда болып, халық арасында ауызша тарауы, сондықтан да оны шығарушы авторлардың аты–жөні халық жадында сақталмай, бүкіл халықтық тәжіибелері мен ой–түйіндері сол халықтың ой–тілегімен, арманымен ұштасып келгендіктен, озық үлгілердің сақталып, ал тозығының біртіндеп тәрбие жүйесінен шығып қалуы; халық педагогикасы өнерге, еңбекке негізделгендіктен, үнемі жетілу, ұшталу үстінде болуы; сондай–ақ халық педагогикасының ғылыми жүйеге, теорияларға емес, жеке бас тәрбиесінің үлгілеріне және оның нәтижесіне қарай құрылып, тәрбие тәжірибесінің ғасырлар бойы жалғасып келуі, алғашқы тәрбие түрлерінің қоғамға бөлінбей, тұтас түрінде берілуі. Ендеше, халықтық тәлім–тәрбие қолданбалық мазмұнға ие болғандықтан, ұлттық тәрбиелік психологиямен теориялық тұрғыда байланысады. Себебі, ол ғылыми теориялар мен ойға негізделген. Осы орайда Елбасының: «Қазақстан–біреулердің қазақтарға тартуы емес, олардың тарихи Отаны» деген сөзі өте орынды. Олай болса, осы жерді жан–тәнімен сүйетіндер де, оны көздің қарашығындай қорғап сақтайтындар да алдымен қазақ халқы. Ата–бабаларымыз Алтайдан Атырауға, Еділ мен Жайыққа дейінгі ұлан–ғайыр жерді талай ғасырлар бойы басқыншы жаудан қорғап,бостандық пен тәлеусіздік жолында шыбыш жанын пида еткені белгілі. Сондықтан да біздер халқымыздың қос батырлары Қабанбай мен Бөгенбайды, Исатай мен Махамбетті, Кенесеры мен Наурызбайды, Қасым хан мен Абылай ханды қадір тұтып, қастерлейміз, олардың халық үшін қалтқысыз қызмет еткен үлгі–өнеге етеміз. Оларды мақтан тұтамыз. Өз Отанымыз–қазақ жерін қажет болған жағдайда біз де жан аямай қорғауымыз керек. Өйткені, кез–келген егеменді мемлекет сияқты, Қазақстан өзінің қорғаныс қабілетін сақтауды маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі және оның бүкіл халқының ісі деп санайды. «...Біздің басты мақсатымыз–Қазақстанның егемендігі мен территориялық тұтастығын сақтау».
Мұғалімдер съезінде Президентіміз Н.Ә.Назарбаев экспериметті доғарып, ұлттық үлгідегі оқулықтар жасау қажеттігін айтты. Себебі, әр заманның өзіне тән экономикалық, саяси–әлеуметтік және идеологиялық ерекшеліктері сияқты, оның моралі де өзінің ерекшелігімен дараланып отырады.
Педагогикалық теория мен тәжірибенің бірден–бір күрделі және негізгі мәселесі–жеке адамның белгілі жағдайда дамуы. Сол себепті жеке адам мәселелері жас ерекшелік физиологиясы мен анатомиясы, әлеуметтану, педагогикалық психология, әлеуметтік психология тәрізді әр қилы ғылымдар арқылы зерттеледі. Ал қандай да болмасын жеке адам белгілі бір ұлт өкілі болғандықтан, оның кейбір генетикалық, әлеуметтік негіздерін халықтық педагогика мен ұлттық психология қарастырады.
Әлеуметтану бағытын
жақтаушылар адам биологиялық тіршілік
иесіболып туғанымен, белгілі ортада
жетіліп сол ортаның
Л.С.Выготскийдің
анықтауынша, «жеке адам–белгілі бір
қызмет атқарып, сол қызметті өтеуге
бағытталған психикалық жүйе». Жеке
адамның негізгі қызметі
Жеке адамның әлеуметтену барысында өзін–өзі тәрбиелеуге, істеген ісіне жауап беруге, яғни өзіндік сана–сезімнің қалыптасуына өзі ықпал ете алады. Дегенмен де адамның әлеуметтенуі–өмір бойы үздіксіз болып отыратын процесс. Әлеуметтену деңгейі еңбекке дейін, еңбектену қарсаңында және еңбектен босау кезеңі тәрізді үш кезеңнің қайсысында болмасын адамның танымдық, эмоцияналдық және еріктік компоненттері дамиды. Адам әлеуметтену барысында белгілі рөлдер атқарып, сол рөлдер арқылы әлеуметтік ортада белгілі орын алады. Әлеуметтену процесінің мазмұны жалпы қоғамдық, ұжымдық, халықтық және ұлттық мазмұнға ие болады. Себебі, бұл қоғамдық категориялар өзінің болмыс–тіршілігіне, әдет–ғұрыптарына байланысты өзіндік талаптарын, жүріс–тұрыс нормаларын адам бойына дарытуға тырысады. Сөйтіп, тәлім–тәрбие және оқыту жеке адамның әлеуметтену негізі бола алады. Жеке адамның әлеуметтенуі көптеген жағдайлардың әсер етуі нәтижесінде жүзеге асады дедік. Ендеше, белгілі ортада жеке адамның жүріс–тұрысының белсенділігі осы жағдайлардың әсер етуіне байланысты болады. Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторлар дегеніміз–адамның әлеуметтену процесіне себепші болатын жағдайлар. Педагог А.В.Мудрик оны негізгі үш топқа бөледі: бірінші, макрофкторлар (космос, планета, дүние, мемлекет, қоғам)–жер шарының қай жеріндегі болмасын адамдарға әсер ететін факторлар;екіншіден, мезафакторлар (меза–орташа, аралық)–ұлттық белгілерге байланысты әсер ететін факторлар (аймақ, ауыл, қала, кино, теледидар, радио, ойындар т.б.); үшіншіден, микрофакторлар–адамға тікелей әсер ететін факторлар (отбасы, құрбы–құрдас, микроәлеуметтік орта, оқу орны, жүмыс орны т.б.).
Микрофакторлар белгілі әлеуметтік агенттер арқылы әсер етеді. Адам жынысының әр кезеңіне байланысты әр түрлі агенттер болмақ. Мәселен, оқу орнында–мұғалімдер, жұмыс орнында–цех бастығы, т.б., отбасында–әке–шеше т.б.бұл факторлар ұйымдасқан, арнаулы әсер ету құралдары нақтыланған болуы шарт Оларға қойылатын негізгі талаптар:дұрыс атмосфераның болуы, өзара сенім,қауіпсіздік, жеке адамның өсуіне,жетілуіне кедергі болмауы. Жоғарыдағы көрсетілген факторлардың негізі–биологиялық факторлар. Олар адамның қабілет негізі–нышанмен анықталады. Адам дүниеге таза қалпымен келіп, осы факторлар арқылы жетіледі. Ендеше, мезафакторлар адамның негізгі болмыс–бітімін анықтайды.
Жеке тұлғаның қалыптасу процесінде бірден–бір әсерін тигізетін–қоршаған ортасы, яғни қоғам. Кез–келген адам баласы дүниеге келгеннен бастап қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды қабылдау арқылы өзінің ойлау қабілеті, санасы, мінез–құлықының және басқа да қасиеттернің реттелуіне жол береді. Сондықтан да тұлғаның қалыптасуына және дамуына бірден–бір ықпал етуші қоғам.[12]
Кезінде қазақтың біртуар азаматы, қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы өзінің үш қорқынышын ортаға салып, болашаққа байланысты үрейлерін ақтарып, былай деген екен:
«Біріншіден, сәбиіне «Бесік жырын»айтып бере алмайтын аналардың көбейіп бара жатқанынан қорқамын; екіншіден, немерелеріне ана тілінде ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын; үшіншіден, салт–дәстүрлерді қадірлемейтін жас ұрпақтың өсіп келе жатқанынан қорқамын, олардың көкірек көзі соқыр көр бола ма деп қорқамын.
Мен жаратылысынан болған көр соқырларды айтып отырғаным жоқ, өсе келе пайда болған көр соқырлықты айтамын. Көр соқырдың қолына пақыр берсең–ала салады, найза берсең–сұға салады, намыстанбай бұға салады»,–деп өз ұлтының рухани–адамгершілік құндылықтарынан жұрдай болып қалған адамдардың күй–жайын сипаттай келе, бүгінгі күнгі жағдайы дәл болжаған екен.
Сондай–ақ туыс, бауыр ел Түріктің көсемі Ататүрік: «Әлем бізді құрметтсін десек,өз ұлтымызды және ұлттық бейнемізді алдымен біздің өзіміз бар сезімімізбен, ақыл–ойымызбен, бүкіл қимыл–әрекетімізбен құрметтеуіміз керек Өзінің ұлттық бейнесін таба алмаған қлттардың басқа ұлттарға жем болатынын білгеніміз дұрыс»,–деген екен. Біз де өз ұлтымызды, оның асыл белгілерін қастерлеп, құрметтей алмасақ, қай жерлерден барып білім алсақ та, қанша жұрттың тілін білсек те, түптің түбінде жаһандану атты алыптың жұртшылығына бірінші болып жұтылатын ұлт болатынымыз кімге де болса аян. Өйткені, қандай да болмасын халықтың қоғамдық құдіретті күші оның ұлттық моралінде, әдет–ғұрпы мен салт–дәстүрінде екендігін, ол халықтың педагогикалық дәстүрлі үрдістер арқылы берілетінін жадында ұстау, одан айнамау басты шарт.
Информация о работе Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері