Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 18:41, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамдағы ұлт саясатын жүзеге асыру және қазіргі жаңаша ойлау мен әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру ісі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.
Ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып ежелден келе жатқан халықтық педагогикасы жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына, ұлттық тәрбиесінде жалпы білім беру саласында, оқу тәрбие үрдісінде тәлім–тәрбиелік мәні зор.

Работа содержит 1 файл

Кабденова Раушан.doc

— 689.50 Кб (Скачать)

Міржақып Дулатов  ұлттық тәрбие беруді кеңінен насихаттап, оны мектептің оқу–тәрбие үрдісіне ендіру мақсатында, ана тілін, оның тәрбиелік және білімдік мәнін ашуды, оқу–тәрбие үрдісінің ұлттық сипатта болуын, ұлттықмазмұндағы оқу құралдарын шығару туралы еңбектерінің жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуде алатын орны мен маңызы зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды халқымыздың әдет–ғұрып, салт–дәстүрлері арқылы тәрбиелеу

 

2.1 Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттарын іске асыру

 

Бұл жерде, этнопедагогиканың  озық үлгілерімен оқушыларға халықтық педагогика идеялары арқылы ұлттық тәрбие беруді жүзеге асыруда-ана тілі сабағының  орны ерекше.

Кіші мектеп оқушыларын еңбексүйгіштікке тәрбиелеуді  халық шығармаларының озық үлгілері арқылы жүзеге асыруға болады. Б.Момышұлы: «Ертексіз өскен бала–рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балалырымызға әжелері, не шешелері ертек айта бермейді. Содан қорқам. Келіндер немерелеріне бесік жырын айта білмейді. Бесікте құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі керең болып қалмаса деп қорқамын» деген болатын. Осындай жағдайды болдырмас үшін ата–бабамыздың салып кеткен тарихына, салт–дәстүріне, әдет–ғұрпына үңілеміз. Ең әуелі ұлттық тәрбиенің мән–мағынасын, мазмұнын жан–жақты жақсы біліп, тәлім–тәрбиеге оны пайдаланудың тәсілдеріне жауапкершілікпен қарау керек деген мақсатта жаңылтпаш, санамақ, жұмбақ, мақал–мәтел сияқты танымдық, тәрбиелік мәне зор қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанрларын бастауыш мектепте тәрбие ісіне жан–жақты пайдалану қажеттлігі туындап отыр.

Адамның туғанынан бастап, қартайғанға дейінгі өмірі, тұрмысында кездескен, басынан өткен жайлардың бәрі ауыз әдебиетінде суреттелген. Бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ, жырлар мен ертегілерғ аңыз әңгімелер, бәрі де тілді, ойды дамытып, еңбексүйгіштікке тәрбиелейтін, дүние танытатын этнопедагогикалық ғаламат.мысалы, бесік жырында айтылатын тілек, ақыл өсиеттерден халықтың аңсап –көксеген арманы, жас баланың болашағы жөніндегі ана қиялы көрнеді.

Айыр қалпақ киісіп,

Ақырып жауға  тиісіп.

Батыр болар  ма екенсің?

Бармақтарың майысып,

Түрлі ою ойысып,

Ұста болар  ма екенсің?

Таңдайларың тақылдап

Сөйлегенде  сөз бермей,

Шешен болар  ма екенсің?

Әлди, бөпем, ақ бөпем,–халықтың бала тәрбиесіндегі ой арманы түсіндіріледі.

Халық тұрмысында бесік жырын айтушылар аналар ғана емес, оны немересін жұбатқан әжелер мен аталардан бастап, отбасы мүшелерінің барлығы да орындайды.

Халық баланың тілі шығару үшін, оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған.

Жаңылтпаштарды  алғашқы кезде халық бала психологиясы мен тілінде болатын мүкістерге сәйкес шығарған. Жаңылтпаштар айтуда көзделетін мақсат, біріншіден жиналғандарды күлдіріп, көңіл көтеру болса, екіншіден, әр сөзді тез, шебер, дәл айтуға, тіл ұстартуға үйрету көзделеді.

Жаңылтпашты мүдірмей, шатыспай, жылдам жылдам айтып беру оңай емес. Егер ол адам жаңылтпаштың сөзін  орамына келтіре алмай, бұзып айтса, ол күлкіге айналған. Жаза ретінде өлең айтқызған, жазалаушыны әрбір адам ән–күй орындап беруге міндетті болған. Мұның өзі–өнерді, халықтың қадірлегенін, оны жастардың бойына дарытуға ерекше көңіл бөлгенін аңғартса керек.

Халық педагогикасы үнемі даму үстінде болғандықтан қазіргі жаңылтпаштың жаңа түрлері оқушылардың тек тілін ширатып қана қоймай, дүниені тануға, сөздік қорларын молайтып, еңбексүйгіштікке тәрбиелейді. Мысалы,

Ай, Айдарбай, Айдарбай,

Иір мүйіз сиырыңды

Үйіңе айдай  бар.

Немесе:

Беріп тай, лақты,

Алдым тайлақты

Беріп тайлақты

Алдым тай, лақты

Ол алқапты  олар орар

Бұл алқапты  бұлар орар

Олар ормаса, Омар орар,–деген жаңылтпаштарды сол танымдық, тәлімдік мақсаттар толық көрінеді.

Еңбек тақырыбына арналған материалдарды өткенде  жаңылтпаштармен қатар санамақтарды да үйреткен орынды. «Бауырсақ», «Айгөлек», «Қуырмаш», «Бақ–бақ», «Ақтүш» сияқты т.б. санамақтар балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеген:

Сен тұр–қозыңа бар!

Сен тұр–қойыңа бар!

Сен тұр–жылқыңа бар!

Сен тұр–сиырыңа бар!...

Ал бас бармақтар  бастап шынашаққа дейін саусақтардың аттарын жаңылмай жылдам ататтыру секілді санамақтар немесе ортаға шыққан адамның жағылмай, шапшаң он ақынның, он өзеннің , он қыздың атын атауы сияқты күлдіргі ойындар да балалардың ақыл–ойын кеңейтуге, тәлім–тәрбие берудің әдіс–тәсілдері ретінде қолданылған.

Нақты бір зат  туралы тұспалдап, ұқсатып, бейнелеп айту арқылы баланы ойлату, танымдық, білімдік ұғымдар мен түсініктерді ой–қиял елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешім келуде тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін халық ертеден–ақ жұмбақтардың алуан түрлерін шығарған.

М.Әуезов: «Жұмбақ–халық  шығармаларының ішіндегі ең ескі түрінің  бірі. Жұмбақ–өткір, ұшқыр ой түйінін  топшалаған, поэтикалық қасиеті күшті, тәрбиенің тамаша құрылды. Ол бүгінгі  біздің дәуірімізде де өзінің керектілік қасиетін жойған жойған жоқ» деген болатын.

Ертедегі жұмбақтар: Апаң, апаң–Ескі шапан, Иір қобыз, Жарық жұлдыз (Түйе) сияқты, көбінесе мал шаруашылығына байланысты және Сүмбіл теректі, Жасыл желекті, Ерден  қалмайды, Жауға керекті (Найза) сияқты қару–жарақ, құрал–саймандар туралы болған. Заман ағымына сай халық педагогикасында жаңа мазмұнды жұмбақтармен толысуда.

Бастауыш сынып  оқушыларына халық педагогикасы идеяларын пайдаланудың тиімді құралдарының бірі–жұмбақтар екені даусыз.

Бір палуан өзі күшті, қайраты мол

Өзінен үлкен  затты көтерген ол

Мейлі қыр, мейлі  жота, мейлі төбе

Қайраңдап аса  берер бәрінен де ол–де құмырсқаны жұмбақ түрінде бейней отырып, балаларды құмырсқа сияқты еңбекқор болуға тәрбиелейді.

Халық шығармашылығынығ тағы бір түрі–мазақтамалар. Мазақтаманы халық балалардың бірін–бірі мінеуі, сынауы, әжуалауы үшін шығарған: «Асан, сен жақсы баласың, айтқан тілді аласың, айтқан тілді алмасаң, арам қатып қаласың», –деп мазақтаманы айтушы екінші баланың кемішілігін айтып, жақсы болуға ұмтылуға, кемшілігін түзетуге, екінші рет қайталамауға түрткі болған.

Кейде балаға өз мінезін өзіне айтқызып, күлкілі  мазақтамалармен әжуалай отырып, баланы жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге бағыттаған. Мысалы:

Жаурауық

Іш–шай!

Күннің суығы–ай!

Боз биенің қулығы–ай!

Алты қойдың асығы–ай!

Алтынбектің жасығы–ай!

Жаңабай

Берекесіз Жаңбай!

Бес ешкісін  баға алмай,

Кердең қағып  үйіне

Кетіп қалды  қарамай!

Баланы тәрбиелеудің орнына табиғи кемшілігін айтып, оның сүйегін жасытатын, тәрбиелік мәні керісінші болатын мазақтамалар да бар, оларды қолданбаған дұрыс.

Халық педагогикасы идеясын пайдаланудың таптырмас  құралы–мақал–мәтелдер. Мақалдар–нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой түйіндері, сөз мәйегі. Мақалдар, көбінесе, өлеңдік өрнекпен, сабырлы, салмақты ырғақпен айтылады. Мақал, негізінен екі бөлімнен (көбінесе екі тармақтан) құралады. Біріншісінде айтылатын ойдың түп негізі, екіншісінде ой қорытылады.

Мәтелдер, негізінен, тұжырымы тұспалы өлеңде сыңар тармақты, қара сөзде нұсқалы сөз ретінде  айтылады. Мақал–мәтелдер тура мағынада және ауыспалы мағынада айтылады.

Мақал–мәтелдер  көптеген тақырыптарды қамтиды. Соның  ішінде еңбек тақырыбында мақал–мәтелдердің  алатын орны ерекше.

Ер дәулеті–еңбек.

Еңбегіне қарай  –өнбегі.

Еңбек ерлікке жеткізеді

Ерлік елдікке жеткізеді.

Еңбек етпесең, елге өкпелеме.

Егін екпесең, жерге өкпелеме.

Еңбек түбі–береке,

Көптің түбі–мереке.

Еңбек етпесең–емерсің,

Еңбегі аздың  өнбегі аз.

Ер қадірін  ел біледі.

Зер қадірін  зергер біледі.

Ердің атын еңбек  шығарады.

Қазақ халқы–сөз қадірін біліп, қсиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан халық. Сөз зергерлерінің аузынан шыққан мәтелдер мен мақалдарды үздіксз пайдаланып, үлгі етіп ұрпақ тәрбиесіне парықтап пайдалану–дәстүрге айналған.

Адам бойындағы  жалқаулық (Жалқауға жылқы бермей, ұйқы берген, Жаманға ақыл бермей, күлкі  берген»), еріншектік («Еріншек етігіне  сүрінеді», «Сылбырдың сылтауы таусылмайды», «Қойшының қызы қой келгенде іс тігер»), тағатсыздық («Оқығанда мәз болма, тоқығаныңа мәз бол»), сараңдық т.б. жағымсыз қасиеттерден жирентіп, жақсы мінез–құлық қалыптастыруда еңбектің орны ерекше қастерленеді.

Қазақ халқының ежелгі салт–дәстүрлерінің бірі–бата–тілек  білдіру. Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата–бабаларымыз: жаңбырмен жер көгереді, баталы қол арымас, көп тілеуі көл деген ой–пікірд уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдірген, ақ ниетпен бата беріп тілек тілеуді дәстүрге айналдырған.

Діни наным–сенім күшті етек алып тұрған жерде: «Бата–тілек құдайдық құлағына шалынбай қоймайды, ата–ананы ренжіткен ұл мен қыздың көгесі көгермейді, жолы болмайды, жаманшылыққа ұшырайды»деп түсінген қазақ халқының ұғымы ауыз әдебиетінің үлгілерінде өзекті орын алған.

Бата беру, әдетте ауылдың құрметті ақсақалдардарының немесе құдайы қонақтың үлесіне тиген. Халқымыздың бата–тілегін бейнелейтін шешендік сөздердің алуан нұсқалары бар. «Ас–адамның арқауы», «Астан ешкім үлкен емес» деп игіліктің адам өміріндегі шешуші мәнін дұрыс түсінген ата–бабаларымыз шын пейілмен ақ дастарханын айқара жайып, келген құдайы қонаққа барын беріп, құрақ ұшып қарсы алған. «Бершіл, бершіл, бершіл бол, бозторғайдай төршіл бол», «Тәңір берген несібең тепкілесе кетпесін!» дейтін бата, алғыс сезімдері арқылы мәңгі ескірмейтін игі тілекті білдірген.

Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі–ертегілер. Ол ұрпақтан–ұрпаққа ауызша тараған мол мұра. Оның осы  дәуірге дейін жетуі ертекшілермен  тығыз байланысты. Халық арасында үлкен беделге ие болған ертекшілер ертегіні шебер орындаған. Жаңадан ертегілік сюжетті тудырып, толықтырып отырған. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман–тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақ та, ол баланың ой–қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез–құлқын, ерік–жігерін қалыптастырады. Сондықтан да ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп, тәрбиелік мақсатына айрықша көңіл бөлгеніміз жөн.

Ертегілердің  танымдық–тағылымдық рөлі К.Д.Ушинский, А.Макаренко, В.Сухомлинский еңбектерінде ерекше көрініс тапқан. В.Сухомлинский өзінің педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп оқушыларын тәрбиелеу және дамыту мәселелерімен шұғылданды. Ол «Ертегілерсіз, творчествосыз, қиялсыз толық мәнінде тәрбие жүзеге аспайды» деп санады.

Үлкен әжелеріміздің жаны нәзік жеңгелерімізден, айбынды ағаларымыздан, ақылшы аталарымыздан имандылыққа,инабаттылыққа, яғни халқымыздың бойына ғасырлар бойы сіңген ұлттық мінезі–қасиеті жайында еститінбіз, қызыға тыңдап, өзіміз соған ұқсастығымыз келетін. Бұл қасиеттің бәрі қазақтың ғасырдан ғасырға, уақыттан–уақытқа ұласып келген салт–дәстүрмен бірге жасайды. Халықтық салт–дәстүрінің кереметтігі сонша, бүгінгі таңдағы ғылым мен медицина оның көптеген түрлерін дәлелдеп, мойындап отыр. Бұл–дана халықтың көрегендігін көрсететінін нақтылық.

«Салтын білген халқын сүйеді» демекші, салт–дәстүр  арқылы жастардың даналығы мен дарындылығын, өнегесі, ақыл –ойын кеңейтіп оята алатындай етіп тәрбиелеуді көздейміз.

Болашақта бала оқыту, тәрбиелеу барысында салт–дәстүрлерді тәрбиелік мәні зор. Салт–дәстүрлер ғасырлар бойы жинақталып, адам өмірінің барлық жақтарын қамтиды. Сондықтан да кез келген адамөз халқының салт–дәстүрінің аясында өмір сүру қажет.

Аталар сөзі–тәлім–тәрбиенің көзі деп тегін айтылмаса керек. Кез келген ата–ана өз баласына ата–бабамыздан қалған өсиет сөздерді мысал ретінде келтіріп ұлтжандылыққа тәрбиелеп отыруы дұрыс болады. Сонымен қатар ұлттық тәрбиені мектеп тәрбие үрдісінде де кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету–борышымыз. Біз оны ең әуелі өз отбасымыздан бастауымыз керек. Жалпы адамгершіліктің ең тамаша ізгі қасиеттерін тәрбиелеумен қатар өзі үшін де, өзге үшін де еңбек ете білуге үйрету қажет.

Біздің салт–дәстүріміздің сәнін келтіріп, мәнін арттыра түсетін өміршең жыр жүлгесінің бірі–бата тілек. Өз топырағымыздан жарылып, өз жеріміздің ауасы мен суынан нәр алып,шынайы халықтық сипатқа бөленіп, салтымызға сіңісті болып кеткен, бірақ кез–келген жайға арналып, айтыла бермейтін бата–тілектің қарапайым тәрбиелік тағылымдық мәнінің орасан зор екендігін ешкім жоққа шығара алмас. Оның өн бойынан бәрін де–ой ұшқырлығын, ақыл–парасатты өмірлік тәжірибені, кемелдік пен көсемдікті байқауға болады. Ол өзінің терең философиялық астарымен, эстетикалық талғамымен, тілдік кестесімен ерекшеленіп тұрады. Бата–тілектердің өзіндік сөздік жүйесі ұлағаттылық үлгісі, мағыналық мәні болған. Мысалы:

Күнің шуақты болсын,

Көлің суатты болсын!

Информация о работе Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері