Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 18:41, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамдағы ұлт саясатын жүзеге асыру және қазіргі жаңаша ойлау мен әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру ісі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.
Ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып ежелден келе жатқан халықтық педагогикасы жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына, ұлттық тәрбиесінде жалпы білім беру саласында, оқу тәрбие үрдісінде тәлім–тәрбиелік мәні зор.

Работа содержит 1 файл

Кабденова Раушан.doc

— 689.50 Кб (Скачать)

Ең алдымен, әрбір сыныптағы оқушыларды есепке алу мен отбасын оқып-үйрену жүзеге асырылды.

Біз бастауыш сынып оќушылардың ұлттық тәрбиелілік сапаларының көрінуін мынадай жағдайларда бақыладық:

1.Үлкендермен қарым-қатынасы.

2.Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы.

3.Көшедегі және қоғамдық көліктегі тәртіптері.

4.Өзіне қарым-қатынасы.

Анықтау барысында оқушылардың ұлттық педагогика идеялары төмендігі мынадай жағдайлардан көрінеді:

–ұлттық салт-дәстүрлер туралы білімнің жеткіліксіздігі;

–Ұлттық мәдениетке жағымсыз көзќарас;

–Ұлттық сана-сезімінің қалыптаспауы;

–өз ұлтына шексіз сүйіспеншілігінің қалыптаспауы;

–ұлтжандылық қасиеттерінің жеткіліксіздігі;

–басқа ұлттарға сыйлы қатынасының көрінбеуі;

–ұлттық мәдениетінің төмендігі.

Осы кезеңде  зерттелiп отырған мәселенiң мүмкiндiк шарттарын айқындау мақсатымен бастауыш мектептің тәрбие жоспарлары, бастауыш сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыс жоспарлары, бағдарламалары мен оқушыларға ұлттық тәрбие беруге арналған ғылыми-әдiстемелiк әдебиеттерi зерттелiп, талқыланды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісі жасалды.

Қалыптастыру  экспериментiнің мақсаты бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттарын сынақтан өткізу және оның тиiмдiлiгiн тексеру болды. Бұл мақсатқа жету төмендегiдей мiндеттердiң шешiмiн табумен байланысты:

–бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беруде халықтық педагогика құралдарын оқу процесінде мүмкiндiктерiн пайдалану;

–халықтық педагогика құралдарын пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларымен ұйымдастырылатын жұмыс жоспарын жасап, сынақтан өткiзу;

–бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру бағдарламасын жасап, сынақтан өткізу;

–бастауыш мектептің оқу процесінде оқушыларға халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру бойынша мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар дайындау;

–ата-аналармен педагогикалық-ағартушылық іс-шараларын ұйымдастыру;

–бастауыш сынып оқушыларының отбасымен жұмыс бағдарламасын жасап, сынақтан өткізу;

–күнделікті іс-әрекеттерінде оқушылардың ұлттық мәдениет бойынша бiлiмдерiн бекiту, олардың ұлттық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Эксперименттiк  жұмысты жүргiзу барысында тәртібі қиын оќушыларды этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеу моделі мен оқушыларда зерттелiп отырған сапаның қалыптасуын салыстырмалы түрде талдау нәтижелерi басшылыққа алынды.

Қалыптастыру экспериментi бiр-бiрiмен өзара тығыз байланысты үш кезеңде өткiзiлдi, олардың әрқайсысы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік сапаларын сатылап тәрбиелеуді көздедi.

Ұлттық тәрбие берудің мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз ету үшiн оқушыларда белгілі бір білім, білік, дағды көлемінің қалыптасу қажеттiгi анықталды:

–бастауыш сынып оқушыларының белгілі бір ұлтқа тән адамгершілік сапалары, салт-дәстүр жөнінде алғашқы нақтылы білім көлемі және сапалы түсінігі бар екендігі туралы көрсеткіш;

–бастауыш сынып оқушыларының  ұлттық сана-сезімі, өз ұлтына шексіз сүйіспеншілігі, ұлтжандылығы, басқа ұлттарға сыйлы қатынасы көрсеткіші;

–өздерінің күнделікті іс-әрекеттерінде бастауыш сынып оқушыларының ұлттық мінез–құлық дағдысы.

1-шi кезеңде  бастауыш мектептің оқу процесінде  оқушыларға халықтық педагогика  құралдары арқылы ұлттық тәрбие  беру көзделді.

Бастауыш сынып  оқушыларына білім беру жүйесінде  ана тілі, пәнінің жетекшi орынға ие болатынын ескере отырып, бiз оқушыларға ұлттық тәрбие беру барысында бұл пәннiң барлық мүмкiндiктерiн пайдаландық. Бірінші кезеңде оқушылардың ұлттық дүниетанымын, білімдерін қалыптастыруға байланысты жұмыстар жүргізілді.

Осыдан кейін  балалардың ұлттық тәрбиелілік деңгейін анықтау мақсатында арнайы әдістемелерді қолдану арқылы бақылау қиықтары алынды.

Бақылау қиықтарының нәтижелерi оқушыларда ұлттық тәрбиеліліктің қалыптасу деңгейiндегi өзгерiстердi аңғартты

Бұл бағдарлама оқушылардың ұлттық педагогика идеялары арқылы тәрбиенің сапасындағы эмоциялық компонентті қалыптасыруға бағытталды.

Қалыптастыру экспериментiнiң 2-шi кезеңiнiң соңында жүргiзiлген жұмыс сапасын айқындау мақсатында, әсiресе аталған бағдарламаның ұлттық тәрбие беру сапасына нәтижелi ықпал ететiндiгiн байқауда ата-аналар арасында алдын-ала даярланған сұрақтар бойынша сауалнама мен оқушыларға бақылау қиықтары жүргізіліп, олардың нәтижелері бағдарламаның тиiмдiлiгiн дәлелдедi. Дегенмен, бастауыш сынып оқушыларының алған білімдерін өзіндік іс-әрекеттерінде және күнделікті мінез-құлық iс-әрекеттерінде пайдалану, өзіне-өзі баға беру білiгi мен дағдысын ќалыптастыру мақсатымен 3-шi кезеңінде ұлттық мінез-құлыққа дағдыландыру іске асырылды.

Қалыптастыру экспериментiнiң 3-шi кезеңiнде оқушылардың ұлттық педагогика идеяларын қалыптастыру мақсатымен іс-шаралар ұйымдастырылды, яғни оқушының оқу іс-әрекетінде, оќудан тыс уақытта және айналадағы адамдармен қарым-қатынасында ұлттық мінез-құлық көрсетуге ұлттық ойындар арқылы үйрету жүзеге асырылды.

Ұлттық ойындарын өткізудің тиімділігі мынадай шарттарға байланысты:

–ойналатын жағдайдың көкейкестілігі және ұлттық мінез-құлықты дағдыландыруға бағытталуы;

–бастауыш сынып оқушыларының барлығының ойынға қатынасып, белгілі бір рольді атқаруы;

–ойынның барысын бақылап, талдап, баға беру үшін оқушылардың ішінен сарапшыларды тағайындау;

–ойынның барысында оқушының өзін еркін ұстауға мүмкіндік жасау.

Іскерлік ойындар оқушылардың ұлттық мінез-құлықтарын дағдыландыруда мынадай қызметтер атқарады:

-көрсету, яғни әрбір оқушыны өзін-өзі қалай істеуге дағдыландырады;

-жаттығу, яғни ұлттық мінез-құлықтарды қалыптастыру үшін жаттығады;

-тексеру, оқушылардың сыпайы мінез-құлқын үйренулері тексеріледі;

-қызықтыру-талаптандыру ережелеріне сәйкес ұлттық мінез-құлықты қалыптастыруға талпынады;

-талдау және диагностикалау, оқушылардың өз ұлттық мінез-құлқына өзіндік баға беруі қалыптасады.

Ұлттық ойындарды ұйымдастыру барысында мынадай кезеңдер басшылыққа алынды:

-ойынның мақсаты мен міндеттерін айқындау;

-әрбір қатынасушыға ойынның мазмұны мен шартын түсіндіру;

-ойнаушыларды рольдерге бөлу;

-ойынның сарапшыларын тағайындау, олардың қызметін түсіндіру;

-ойынның жабдықталуын қамтамасыз ету;

-ойынды ойнау;

-әрбір қатынасушының ойынын талдау;

-ойынды қорытындылау және нақты шешімдер қабылдау.

Бақылау эксперименті барысында бастауыш сынып оқушыларының ұлттық педагогика идеялары арқылы тәрбиенің компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері бойынша өлшеу жұмыстары жүргізілді, алынған нәтижелерге салыстырмалы талдаулар жасалды, халықтық педагогиканы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үшін қолдануға әдістемелік ұсыныстар жасалды.

Бастауыш сынып  оқушыларының ұлттық тәрбиелілігінің  когнитивті компоненті бойынша белгілі бір ұлтқа тән адамгершілік сапалары, салт-дәстүр жөнінде алғашқы нақтылы білім көлемі мен және сапалы түсінігін айқындау үшін оқушыларға арнайы бақылау сұрақтары, тестер, сауалнамалар және тапсырмалар берілді. Ұсынылған диагностикалық әдістемелердің мазмұнын мынадай мәселелер құрады:

–ұлттық тұлғаның адамгершілік және жағымсыз қасиеттері туралы білімі;

–ұлттық тәрбиенің көзі–халық педагогикасы құралдарының мәнін білуі;

–ұлттық намыс, ар-ұят, абырой-ождан туралы түсініктің болуы;

–ұлттық дүниетанымның көрінісі;

–қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы білімі;

–қоғам алдындағы әр ұлттың жауапкершілігі туралы білімі;

–этникалық-мәдени сәйкестіліктің қалыптасуы;

–ұлттық мәдениеттің мәнін саналы түсінуі;

–қазақ халқының әдептілік ережелерін білуі.

Алынған нәтижелерді  талдау бастауыш сынып оқушыларында ұлттық педагогика идеялары арқылы тәрбиенің когнивті компонентінің қалыптасуын анықтауға мүмкіндік берді (кесте 1):

Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық педагогика идеялары арқылы тәрбиенің эмоциялық компоненті бойынша олардың ұлттық сана-сезімін, өз ұлтына шексіз сүйіспеншілігін, ұлтжандылығын, басқа ұлттарға сыйлы қатынасын айқындау үшін әр оқушының ата-аналарына, оқушыларға сауалнамалар мен оқушыларға психологиялық тестілер жүргізілді. Ұсынылған диагностикалық әдістемелердің мазмұнын мынадай мәселелер құрады:

–ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ұлттық ар-ождан сезімдерінің болуы;

–ұлттық сенімдердің болуы;

–өз ұлтының тағдыры алдындағы жауапкершілік сезімінің болуы;

–өз ұлттық тіліне, дініне беріктігі;

–басқа ұлттардың ұлттық сезімдеріне сыйлы қатынас;

–толеранттық, патриоттық сана-сезімнің болуы.

Алынған нәтижелерді  талдау бастауыш сынып оқушыларында ұлттық педагогика идеялары арқылы тәрбиенің эмоциялық компонентінің қалыптасуын

анықтауға мүмкіндік  берді (кесте 2):

Кесте 1. Бастауыш сынып оқушыларында ұлттық педагогика идеялары арқылы тәрбиенің когнивті компонентінің қалыптасу нәтижелері

 

Бастауыш сынып  оқушыларында ұлттық педагогика идеялары арқылы тәрбиенің когнивті компоненті

 

Эксперимент басында

 

Эксперимент соңында 

 

Бақылау тобы

(28 оқушы)

Экс.тобы (26 оқушы)

Бақылау тобы

(28 оқушы)

Экс.тобы

(26 оқушы)

Төмен деңгей

63,3%

64,6%

48,4%

43,1%

Орта деңгей

15,6%

20,8%

23,4%

30,8%

Жеткілікті  деңгей

21,1%

14,6%

28,2%

26,1%


 

Бастауыш сынып  оқушыларының ұлттық педагогика идеялары арқылы тәрбиенің мінез-құлық компоненті бойынша олардың ұлттық мінез-құлық дағдысын айқындау үшін арнайы бақылаулар жүргізіліп, оқушылардың әртүрлі ұлттық іс-әрекет түрлеріне қатынасуы негізгі алынды.

 

Кесте 2. Бастауыш сынып оқушыларында ұлттық педагогика идеялары арқылы тәрбиенің эмоциялық компонентінің қалыптасу нәтижелері

 

Бастауыш сынып  оқушыларында ұлттық педагогика идеялары арқылы тәрбиенің эмоциялық компоненті

 

Эксперимент басында

 

Эксперимент соңында

 

Бақылау тобы

(28 оқушы)

Экс.тобы (26 оқушы)

Бақылау тобы

(28 оқушы)

Экс.тобы

(26 оқушы)

Төмен деңгей

56,25%

56,9%

47,6%

35,4%

Орта деңгей

25%

26,1%

32,1%

37%

Жеткілікті деңгей

18,75%

17%

20,3%

27,6%


Ұсынылған диагностикалық әдістемелердің мазмұнын мынадай мәселелер  құрады:

-ұлттық-мәдени шараларға, үйірмелерге, тәрбиелік жұмыстарға белсене қатынасуы;

-ұлттық мәдени қарым-қатынас жасай білу;

-ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті;

-этностық толеранттықты көрсетуі;

-өз Отанын, ұлтын, оның мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтеу;

-өз ұлтымен және басқа ұлт өкілдерімен ізгілікті қатынас жасау;

-оқу және оқудан  тыс уақытта саналы тәртіп пен жауапкершілік таныту.

Алынған нәтижелерді  талдау бастауыш сынып оқушыларында ұлттық педагогика идеялары арқылы тәрбиенің мінез-құлық компонентінің қалыптасуын анықтауға мүмкіндік берді (кесте 3):

Сонымен зерттеу жұмысын  біз мынадай кезеңдер бойынша  жүргіздік:

-бастапқы диагностика;

-нәтижелерді талдау;

-бастауыш сынып оқушыларының  ұлттық психологиялық және дербес  ерекшеліктері туралы алынған  мағлұматты ескере отырып, тәрбие  жұмысын ұйымдастыру;

-қайталау диагностикасы;

-тәрбие жұмысының  нәтижелеріне талдау, сыныптың және  әрбір оқушының жеке тұлғасының  даму қарқыны;

-тәрбие жұмысының  жоспарына толықтырулар енгізу, арнайы ұлттық тәрбие беру  бойынша бағдарламаларын құрастыру;

-бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің тиімділігін айқындау;

-алынған нәтижелерге  салыстырмалы талдаулар жасау.

Бастауыш сынып  оқушылары мен оқушылар ұжымының дербес ерекшеліктерін зерттеуді ұйымдастырудың мұндай әдісі тәрбие процесінің тиімділігін  арттырады, себебі ол Адам деген құрметті атқа сай өмір сүруге қабілетті баланың жеке тұлғасын дамыта отырып, жас және дербес ерекшеліктерді есепке алу негізінде жүзеге асырылады.

Информация о работе Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері