Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 18:41, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамдағы ұлт саясатын жүзеге асыру және қазіргі жаңаша ойлау мен әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру ісі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.
Ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып ежелден келе жатқан халықтық педагогикасы жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына, ұлттық тәрбиесінде жалпы білім беру саласында, оқу тәрбие үрдісінде тәлім–тәрбиелік мәні зор.

Работа содержит 1 файл

Кабденова Раушан.doc

— 689.50 Кб (Скачать)

Саналы ғұмырын  ұрпақ тәрбиесі үшін маман даярлауға  арнаған ұстаз Мұхтар Арын өзінің «Бес анық» атты кітабында: «...Ұлттық сезімді білдіретін бес шарт немесе бес анық бір ғана ұлтқа қатысты емес, кез–келген ұлтқа байланысты айтылар әңгіме. Жеке–жеке  алған кезде бұлардың қай–қайсысы да  тұтастықты білдіре алмайтын сияқты. Бес шарттың бірімен бірі диалектикалық байланысы бар.Бірінен бірі туындап жатқан тәрізді және бірін–бірі қажет қып тұратындай», –дейді де: 1)тіл; 2)дін; 3)Дәстүр, әдет–ғұрып, мораль; 4)тарих; 5)атамекен, жер–су мәселесін атайды.

Бұл «бес анық»–этномәдениеттің тірегі. Әрине, бұл айтылған мәселелер педагогика ғылымында әр қырынан қарастырылып жүр. Дегенмен, ұлтымыз ұлағатты, жұртымыз жұрағатты болсын десек, болашақ ұрпақ тәрбиесіне жауапты жастардың бойына рухани–адамгершілік құндылықтарды дәріптеу арқылы этнопедагогикалық мәдениетті сіңіргеніміз абзал.

Сондықтан әр адамның  бойына қуат беретін, жігерін жасытпай рухтандыратын ұлттық рухани–адамгершілік  құндылықтардың орны ерекше. Олар:[13]



 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1. Ұлттық рухани–адамгершілік құндылықтардың жіктелуі

 

Жаһандастыру  әлсіз ұлттардың жойылып кетуіне соқтырады деген ойын соңғы кезде қазақ халқына үндеу ретінде тастап, ұлтын тамырсыздану қаупінен сақтандыруға шығармашылығын арнап жүрген елжанды ақындарымыздың бірі Мұхтар Шахановтың көкейіндегі арман–ұлттың рухани–адамгершілігік құндылығын сақтап қалуға деген құлшыныс. Ақын–жазушылар рухани кеңістіктің белсенділері. Кеңістік кезінде өмір сүріп, басқа идеологияның ықпалында болғанымен, М.Мақатаев жырларының дені–ұлттық рухани–адамгершілігік құндылықтарды дәріптеуден бастау алған. Ақынның елжандылық рухына күш қосар өлеңі–«Үш бақытым», М.Шахановтың «Қасиетті төрт ана» деген ойымен ұштасты.

 

 

 

Құндылықтар –этномәдениет  тірегі

М.Шаханов

М.Мақатаев 

М.Арын «Бес анық»

 

  • Ана тілі
  • Ана тарихы
  • Дәстүр,салт
  • Туған жер

«Үш бақытым»

  • Халқы
  • Тілі
  • Отаны

 

  • Тіл
  • Дін
  • Дәстүр(әдет–ғұрып, мораль)
  • Атамекен
  • Жер,су

 

 Сурет 2. Дәстүрлі тағылымдық мәдениетін сипаттайтын өлшемдер

 

«Этнопедагогикалық  мәдениет» ұғымы–өз халқының дәстүрлі тағылымдық мәдениетін сипаттайтын  өлшемдерді меңгеріп, оның тәрбиелік маңызын қүндылық деңгейінде қабылдап, заман талабындағы оқу мне тәрбие үрдісіне лайықты үйлестіре білген әлеуметтік–педагогикалық үлгі.

«Этнопедагогикалық  мәдениетті» біз «педагогикалық мәдениет»пен «мұғалімнің этникалық  мәдениеті» деген ұғымдардың үйлесімі арқылы аша аламыз. Сондай–ақ, «Этнопедагогикалық мәдениетті» жаңа сапа деп қарастырар болсақ, бүгінгі заман сұранысына, педагогикалық талап пен іс–әрекетімен жауап береді.

Кез–келген  тәуелсіз де демократиялы мемлекеттің  жастары өзінің ұлттық мәдениетін педагогикалық мәдениетке үйлестіре отырып, «этнопедагогикалық мәдениет» атты биік көрсеткішті деңгейге жеткізуге құштар болуы тиіс.

Болашақ мұғалім  болар жастардың этнопедагогикалық  мәдениетінің құрылымына төрт жақты  тірек болар төрт негіз бар.

Когнитивті (танымдық) –ұлттық сипаттағы білімдер жүйесі;өз пәні бойынша білімділік; кәсіби –іскерлік дайындығы.

–Сезіну құндылығы–сананың этникалық–адамгершілікті бағыттаушылығы (этнопедагогикалық іс–әрекетке қызығушылығы мен сұранысы, этникалық құндылықтарға басымдылық беруі, мәдени біртектестік).

–Іс –әрекеттік–этномәдени және этнопедагогикалық білік–дағыдылары жүйесі, өзіндік дамытуға ұмтылысы, этнопедагогикалық іс–әрекет тәжірибесі.

–Тұлғалық–кәсібилік–этникалық сана, психологиялық–адамгершілікке сай тәрбиелілігі, адамгершілікті–ерікті сана.

 


 

 

 

 


 


 

 

 


 

 

 

Сурет 3. Этнопедагогикалық мәдениетттің қалыптасу өлшемдері

 

Этнопедагогикалық мәдениет–халықтың материалдық, рухани және тұрмыстық дәстүрлі мәдениетінде қалыптасқан адамдар арасындағы қарым–қатынас нормалар, (символикалық) рәміздік обьектілер, технологиялық және этнопедагогикалық білімдер жиынтығы, мысалы:

–Бесік және бесік жыры

–Салттық өлеңдер

–Ұлттық мейрамдар

–Ұрпаққа өсиет

–Ұлттық киім

–Балалардың еңбек құралдары

–Ұлттық ойындар мен ойыншықтар

–Жас анаға кеңес

–Шежіре

Дәстүрлі–тұрмыстық мәдениет

–Тіл

–Қоғамдық сана

–Наным –сенім

–Салт,дәстүр, тыйым сөздер, ережелер

–Автотаптаурын

–Тәрбие тұжырымдамалары

Этнопедагогикалық мәдениет құрамы:

–Этнопедагогикалық сана

–Этнопедагогикалық ойлау

–Этнопедагогикалық әрекет

Этнопедагогикалық сана адамның тарихи санасымен, ойлау  ерекшеліктерімен, тұрмыс–тіршілігіндегі  мінез–құлқынан, қарым–қатынасынан  көрініс береді.

Аталған құбылыстар мен этностық тәрбие ерекшеліктерін зерттейтін ғылым этнопедагогиканы екені осы тұрғыдан баршамызға аян.


 

 

 

 

 


 

 

 



 



 

 

 

 


 


 

 

 

 

 

Сурет 4. Жастардың этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудағы этнопедагогиканың маңызы.

Жастардың этнопедагогикалық  мәдениетін қалыптастыруда аталған  ғылымның маңызы өте зор.

Біздің мақсатымыз жастардың этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру болса, онда ол туған ұлттың этномәдени құндылықтарынан, оның ішінде рухани–адамгершілік құндылықтарынан бастау алуға тиісті.

Мұғалімнің  этнопедагогикалық мәдениеті негізінен  педагогикалық оқу орындарында  қалыптасуы заңды. Себебі, болашақ мұғалім болатын жастардың педагогикалық іс–әрекетке кәсіби тұрғыдан дайын болуы керек.

Сонымен қатар, этнопедагогиканың дамуымен тікелей  көптеген педагогикалық мәселелер байланысты:

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 5. Этнопедагогикамен байланысты педагогикалық мәселелердің жіктелуі

 

 

1.2 Адам тұлғасын қалыптастыруда ұлттық тәрбиенің рөлі туралы ағартушы–педагогтарыдың ой–пікірлері

 

Қоғамның барлық тарихи даму кезеңдерінде халық педагогикасы жайлы ұғымды анықтау, әр түрлі ғылыми–педагогикалық көзқарастарды қалыптастыру проблемаларына көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер айтты. Олар орыс педагогтары К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, В.И.Водовозов, Г.С. Виноградов, чуваш педагогы Г.Н.Волков, қазақтың көрнекті жаңашыл педагогы Ыбырай Алтынсарин, қазақтың асқан ақыны, педагогы Мағжан Жұмабаев т.б.

Кейбір ғалым–педагогтардың  зерттеу мәліметтеріне қарағада халық педагогиасы жайлы әр түрлі  ұғымдарды және көзқарастарды байқауға болады. К.Д.Ушинский әрбір елде халықтың мүддесіне, мұхтажына сәйкес өзіндік білім және тәрбие беру жүйесінің қажет екендігін айтты. Ол өзінің педагогикалық теориясында  тәбиенің ұлыстық принципіне сүйеніп, тәрбиенің халықтық идеясын дәлелдеді. К.Д.Ушинский халық дәстүрлерін, әдет–ғұрыптарын, салт–санасын жақсы білген. «Дерексіздік идеяларға сүйеніп жазылған ең жақсы тәрбие жүйесін, халықтың мол тәрбиесіне негізделген тәрбиеге еш уақытта тең бола алмайды»–деп тұжырымдады,ол. Осыған орай халық педагогикасының тәрбиелік ықтималын өте жоғары бағалады. Оның пікірі бойынша халық–бірінші тәрбиеші, ал халық ертегілері –халық педагогикасын жасаудың бірінші және жарқын әрекеті.

ХІХ ғасырдың алғашқы жылдарынан бастап ғалымдар халық педагогикасы проблемаларына назар аудара бастады. Белгілі этнограф және педагог Г.С.Виноградов өзінің еңбегінде халық педагогикасын жеке адамды қалыптастыру мақсатында қолданатын дағдылар мен тәсілдердің, білім мен іскерліктің жиынтығы деп сипаттайды.

Г.С.Виноградовтың  пікірі бойынша жас өспірімдерді оқыту және тәрбиелеу мақсатында халықтың көзқарасын қолданатын құралдарды халық педагогикасы деп атауға болады, өйткені, халық педагогикасы халықтың өмірлік тәжірибесі.

Халық педагогикасын  жан –жақты зерттеген ғалымдардың бірі–Г.Н.Волков. Ол екі монографияның авторы: «Чувашская народная педагогика» және «Этно–педагогика».

Г.Н.Волков халық  педагогикасының тұжырымдамасын қалыптастыруда зор рөл атқарды. Халық педагогикасының  пәнін, педагогикалық негіздерін, тәрбиенің  әдістері мен құралдарын анықтады. Оның анықтауы бойынша халық педагогикасы–бұл халықтың тілегіне сәйкес, жеке адамның бойына қасиеттерді дарыту мақсатымен еңбекшілердің педагогикалық дәстүрлердің, тәсілдерің, тәрбие мен оқытуда өзара тәуелділік мақсаттарыдың, міндеттердің және құралдардың жиынтығы.

Г.Н.Волков ең алғашқы  рет «Этно–педагогика» терминін қолднады. Этнопедагогика жас ұрпақты тәрбиелеуде халық тәжірибесі, өмір, үйелмен педагогикасы, ру, тайпа, ұлыс және ұлт ғылыми теориялық ойлардың өрісі.

Халық педагогикасы туралы ұғымның анықтамасы жайлы  кейбір ғалымдардың, педагогтардың пікірлеріне тоқталған жөн.

А.Ш.Гашимов  халық педагогикасына анықтама беру үшін тәрбие жөнінде халық идеяларының  аса көңіл бөлудің қажет екенін айта келіп: «Халық педагогикасы–кең мағынада айтқан да тәрбие мәселелері бойынша халық дәстүрлерінің, әдет–ғұрыптардың, идеяларының жиынтығы»,–деді.

Кейбір авторлар халық педагогикасының зерттеу  саласын тәрбие деп қарастырды. Әрине, тәрбие жастарды әлеуметтік өмірге, еңбекке  даярлау және қоғамдық қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Сонымен бірге халық педагогикасында оқыту процесінде маңызы өте зор. Өйткені, халық жастарды да оқытады, оларды мамандық алуға, зергерлікке, ұлттық спорт ойындарына да үйретеді. Демек, халық педагогикасында тәрбие мен оқытуды екі жақты бір текті,яғни тұтас педагогикалық процесс деп қарастыру керек.

Әр түрлі  ғылыми мәліметттергі сүйеніп халық  педагогикасы туралы ұғымның мәнін Орта Азия және Қазақстан халықтарының педагогикалық көзқырыстарын зерттеген А.Э.Измаилов былай анықтауға болар еді дейді: халық педагогикасы бұл жиналған және эмпирикалық білімнің  практикасымен тексерілген, ұрпақтан ұрпаққа берілетін мағұлматтар, іскерлік пен дағдылар жиынтығы, халықтың әлеуметтік және тарихи тәжірибесінің жемісі. Әр түрлі халықтардың дәстүрлері мен әдет–ғұрыптарының мақсаты–жасұрпақты бұқараның ең жақсы идеяларына тәрбиелеу. Халық педагогикасы ескерткіштерінің халық ертегілерінде, батырлар жырында, мәтелдер мен мақалдарында, эпостарда тәрбиелік мәні өте зор. Оларды қазіргі ғылыми педагогикалық мәліметтермен ұштастырып, заман талабына сәйкес тиімді пайдалану қажет. Өйткені ғылыми педагогикалық ойлардың негізін салуышы халық педагогикасы.

Халық педагогикасы–бұл ұлттық қазына, кең өріс ХІХ ғасырдың екінші жартысында Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев т.б. педагогикалық ой–пікірлерді дамытқан қазақ халқының ғұлама ғалымдары.

Бұл демократ–ағартушылардың еңбектеріндегі қазақ халқының әдет–ғұрыптары, салт–дәстүрлері, мақал–мәтелдері, фольклорлық жырлары мен көркем шығармалары, тілі мен мәдениеті ұлттық тәрбиенің ұүралына айналады.

Қазақ халқының ұлы педагогы, этнографы, жазушысы Ыбырай Алтынсарин өзінің әдеби және педагогикалық  еңбектерінде қазақтың фольклорын, мысалы «Қобыланды батыр», «Жәнібек батыр», «Қара  батыр» т.б. түрлі әңгімелерді («Ағаштар бағы», «Жомарт адам», «Әке мен бала», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» т.б. сонымен бірге жақсылық пен жамандық, адам, бала, ата–аналар) пайдалана білген.

Ыбырай Алтынсарин барлық еңбектерінде жеке адамның жоғарғы  қасиеттерін қалыптастыруда еңбек, адамгершлік, ақыл–ой тәрбиесінің ерекше орын алатынын атап көрсетті.

Кемеңгер ұстаздың ұлағатты сөздері, педагогикалық мұралары халық педагогикасында үлкен орын алады. Оларды қазіргі қазақ халықның ұлттық мәдениеті мен салт–дәстүрлерінің қайта жаңғырту кезінде кең мағынада насихаттау әрбір ғалымның, мұғалімнің, ата–аналардың борышы болуы қажет.

Информация о работе Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері