Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 18:41, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамдағы ұлт саясатын жүзеге асыру және қазіргі жаңаша ойлау мен әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру ісі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.
Ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып ежелден келе жатқан халықтық педагогикасы жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына, ұлттық тәрбиесінде жалпы білім беру саласында, оқу тәрбие үрдісінде тәлім–тәрбиелік мәні зор.
А.Байтұрсыновтыңтың «Әліпбиінің» ерекшелігі: әріпті тегіс үйретіп біткеннен кейін оқулық соңында сауат ашар үшін тәрбиелік маңызы зор айтары құнды өлеңдер мен тақпақтар, айтыс, ұсақ әңгімелер берілген. Соларды берудегі мақсат–«оқушы әріптерді толық меңгереді ме, жоқ па?» деген ойға жауап алу болса, екіншіден, жаттығу үшін берілген әдеби нұсқалар оқушыларды адамгершілік пен адалдыққа, еңбекқорлық пен мәдениеттілікке тәрбиелер деген ой болады.
Ахмет Байтұрсыновтың
«Әліпбиіндегі» қазақ халқының зор
даналығын көрсететін ауыз әдебиетінің
тәрбиелік мазмұны түрлі жанрла
«Әдебиет танытқыш» еңбегініде ол қазақтың ауыз әдебиеті–халық даналығы, тәрбие негізі екенін ерекше бағалап, оның түрлерін былайша жіктеді: ертегілер, аңыз–әңгімелер, өтірік өлеңдер, үгіт өлеңдер, үміт өлеңдер, толғаулар мен термелер, ділмәр сөздер, тақпақтар, мақалдар мен мәтелдер, тойбастар, жар–жар, неке қияр,беташар, бата, бесік жыры т.б.
Сондай–ақ, сол еңбегінде А.Байтұрсынов ұлттық әдет–ғұрыптарға байланысты ғұрып сөздердің: «тойбастар», «жар–жар», «неке қияр», «беташар», «бата», «бесік жыры», т.б. мазмұнына, тәлімдік мүмкіндіктеріне жан–жақты тоқталады. Ауыз әдебиетінің түрлі түрлерін ол бастауыш мектепте оқушыларға ұлттық тәрбие беруде өзінің «Әліпби», «Оқу құралы» (хрестоматия), «Сауат ашқыш», «Тіл ашар» секілді және т.б. құралдарында кеңінен пайдаланды.
Ахмет Байтұрсыновтың
ағартушылық қызметі мен
Тұлға–сан қырлы, мазмұны да,табиғаты да күрделі, құпиясы мол әлеуметтік ұғым. Адам өсу, дамып жетілу процесінде біртіндеп тұлға, кісі деген атқа ие болады. Оның жан–дүниесі, сана–сезімінің дамуы айналысы мен қоғамдық өмірге тәуелді. Осындай жағдайда оның дүниетанымы мен сенімі, арманы мен талғамы, кісілігі қалыптасады. Яғни, белгілі ұлт пен ұлыстың ділінен (менталитет), дәстүр–салт, жол–жоралғыларынан жеке–дара ұғыну ерекшеліктері қалыптасады. Ақын өз шығармасында ақыл–ойы, ерік–күші, белсенді іс–әрекеті басқаларға үлгі боларлық, ел мен халықтың көш бастаушысы, қамқор ақылшысы болуға жарайтын тұлғаларды тәрбиелеу жолын іздестіреді.
Сөз өнернің айтулы зергері Мағжан Жұмабаев ой–пікірлерін қарастыра келе аңғарғанымыз, толыққанды тұлға–бұл «өз ұлтын сүйген адам, ол өз ұлтының ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбан қылады...өйткені ұлттық мақтаныш жеке адам мен ұлты үшін бұзылмас заң...Ердің бағасы...елге деген жүрегінің таза болуында, тілегінің елмен ортақ болуында...».Адам жанын жазбай танитын ақынның пкірінше, адамның түзу жолға түсуінің бірінші шарты–өзін–өзі тексеру, өз қатесін көре білу, келешекте сол қателікке жол бермеуге ұмтылу.Ол адам ылғи да өзін–өзі тексермесе ілгері баса алмайды,–деп түйіндейді.
Мағжан ақын түсінігі бойынша нағыз тұлға болу үшін жасаған іс–әрекетінде де, ішкі жан–дүниеснінде де Алланы ұмытпаудың, сенімің берік болу керек. Құлық сезімдері күшті болуы үшін, яғни ізгі болуы үшін жауыздықтан тыйылып, ізгілікке ұмтылу үшін адамда дін сезімдері күшті болуы керек. «Тәрбие негізі–өнеге, оның мақсаты,–адамды, сол адамның ұлтын,барлық адамзат дүниесін баққытты ету. Ұлт мүшесі–әрбір адам бақытты болса, ұлт бақытты, адамзат дүниесі бақытты»деген.
Мағжан Жұмабаевтың ұлттық тәрбие беру туралы ой –пікірлері оның «Педагогика», «Бастауыш мектептегі ана тілі», «Бастауыш мектептегі ана тілін оқыту жөні» еңбегінде ана тілінің мектеп қабырғасындағы орны жайлы, бастауыш мектепте ана тілін оқытудың жолға қою жөні егжей –тегжейлі сөз болады. Нақты әдістемелік нұсқаулар беріледі.
«Ұлт тілі–ұлт мектебінде ана тілі болуға тиісті» деген білікті қазық ойды айтқан да–осы Мағжан Жұмабаев. Әсіресе, оның «Төрт жылдық бастауыш мектепте ана тілі» бөлімінде оның бұл идеясы нақты көрініс береді.
«Педагогика» еңбегі–Мағжан Жұмабаевтың қазақ топырағында тұңғыш жарық көрген нағыз ұлттық педагогика оқулығы. Бұл мектеп мұғалімдерім мен педагогикалық оқу орындарының тыңдаушыларын оқушыларға ұлттық тәрбие беруге даярлау мақсатында жазылған дүние. Оқулықты ол «Алты алаштың баласы басын қосса, қадірлі орны мұғалімдікі» деп бастап соған арнаған.
М.Жұмабаев сол
кітабында әдістемелік
Осылайша ол қазақтың халықтық педагогикасының тарихында тұңғыш рет «ұлт тәрбиесі»деген ұғымды педагогика ғылымына ендіді. Мағжан Жұмабаев, осыған орай, педагогтар, тәрбиешілер халықтық педагогиканы пайдалана отырып, түрлі заманда шыққан педагог–ғалымдардың ойларымен де «жақсы таныс болуы керек» деп есептейді.
М.Жұмабаев осы ұлттық мәдениет және ізгілік туралы ойларын «Құлық сезімдері» бөлімінде одан әрі дамыта түседі. Ол қазақ халқына «Басқа халықтың жақсысын үйрен, сөйтіп көтеріл. Басқа халықты, адамзатты сүй» деген өсиет айтады. «Адам шын ізгі адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін»деп жазады.
Сонымен, М.Жұмабаевтың «Педагогикасы» ұлттық тәрбие беруді жүзеге асыруға бағытталған, жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында мектеп мұғалімдері мен тыңдаушыларға арналып жазылған тұңғыш этнопедагогикалық еңбек деп толық айта аламыз. Себебі, Мағжанның «Педагогикасының» басты ерекшелігі–онық қазақ топырағымен салт–дәстүрлерімен және ұлттық мінез–құлығыментығыз байланысқандылығында, оның өзі айтқандай, «қабысып жатқанда».
«Педагогикада» басынан аяғына дейін ұлттық тәрбие басшылыққа алынып, соған сүйеніп, ұлттық тәрбие беруге мұғалімдерді даярлау туралы ой–пікірлердің айтылуы,қазіргі кезде мектептерінде оқу–тәрбие үрдісіне терең ұлттық мазмұн беру керектігігмен сипатталады.
М.Жұмабаевтың мұрасындағы ұлттық тәрбие берудің мәнісі мынада:ол қазақ топырағында тұңғыш рет «Педагогика» ұлттық оқу құралын жазды.Ол өзінің еңбектерінде ұлттық, эстетикалық, адамгершілік, құлық тәрбиелерінің мәселелерін жазған. Педагог–ғалым өзінің педагогиклық жүйесінде тіл туралы, оның білімділік және тәрбиелік қасиеттеріне ерекше назар аударған. Әсіресе, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беружәне бұған мұғалімдерді даярлау мәселелерін ең басты деп бағалаған.
Жоғарыда аталған талдауларға сүйене отырып Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығындағы ұлттық тәрбие берутуралы ой–пікірлерін қазіргі кезде қазақтың ұлттық мектебін жасауда, онда ұлттық тәрбие беруді жүзеге асыруда, мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдерді ұлттық тәрбиеге даярлауда маңызы мен мәні ерекше деп бағалауымызға болады.
Жүсіпбек Аймауытовтың оқушыларға ұлттық тәрбие беру туралы ой–пікірлері оның әдебиет, психология, педагогика және әдістеме салалары бойынша мұра етіп қалдырған ондаған әдеби шығармалары мен оқу құралдарында, сонымен бірге жүздеген мақалаларында кеңінен баяндалды.
Жүсіпбектің балаларға ұлттық тәрбие беру және бұған мұғалімдерді даярлау туралы ой–пікірлері 1924 жылы мектеп мұғалімдері мен педагогтік оқу орындары тыңдаушыларына арнап жазылған «Тәрбиеге жетекші», 1926жылы жазған «Психология», «Жан жүйесі және өнер таңдау», 1929 жылғы «Жаңа ауыл» еңбектерінде жан–жақты көрініс береді. Ең негізгісі, мұғалімге оқушылар сеніп тапсырылған соң, одан асыл адамгершілік пен ізгіліктің иірімдері, ең маңыздысы–білім нәрінің жан–жақтылы сыр–сипаттары талап етіледі.
«Тәрбиеге жетекші»
кітабының қомақты бөлімі–
Бәрінен бұрын Жүсіпбектің осы кітабында жас ұрпаққаұлттық тәрбие мен білім беру мәселелері әр қырынан сөз болды. Өркениетті елдер тәжірибесі, оқу жүйесіндегі озық үлгі, өнегелі істер өзара салыстыру, толықтыру ретінде баяндалады. Түпкі нәтижеде–ұлттық мүдде, ұрпақ қамы алдыңғы кезекте көрінеді.
Жүсіпбек Аймауытовтың «Тәрбиеге жетекші» кітабында туған тіл–қазақтың ана тңілінің қыры мен сыры, маңызы ашылады. «Ана тілін меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерге түсіну мүмкін емес. Ана тілі халық тілі болып жасағаннан бергі жан дүниенің айнасы болып, өсіп–өніп, түрлене беретін, мәңгі құралмайтын бәйтерегі» деп бағаланады. Әрі туған тіл–адамзат қоғамында қатынас құралы, ой мен сөз жүйесінің кілті.
Тіл–құрал, өмір өзегі,адам қатынасындағы басты кілт, тіршілік арқауы деп табылады. Осы сөздің ақиқатын бүгінгі үн нағыз шындыққа шығарып отыр. Біздің еліміздің Ата заңында көрсетілгендей, «Мемлекеттік тіл–қазақ тілі». Демек, тіл–ұлттың ұлы байлығы болып табылады.
Еңбекте ұлттық өнердің орны, жас ұрпақты тәрбиелеудегі мәдени–рухани құндылықтар жан–жақты баяндалады. Әсіресе, ұлт мектептерінде кескін және әуез өнерін дамытуға кең жол ашу, ән–күй, сурет салуға зор маңыз беру керектігі түрлі деректер мен салстырулар арқылы өріс алады.
Автордың мақсаты–жас ұрпақ өзін айнала қоршаған әлемді, табиғаттың сан алуан тамашаларын жәй құрғақ қызықтап қоюмен ғана шектелмей, үстірт қабылдамай, керісінше, өмірге сүйіспеншілікпен, өмірге құштарлықпен қарайтын болса, әрбір іс–әрекетінен әсемдікке, білімге, мамандыққа өз көзқарасы, дүниетанымы қалыптасатындығы дәлелді түрде жеткзіледі. Әрі эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру арқылы жас ұрпақ бойына ұлттық тәрбие беруді сіңіру, әсемдік әлемін жан–жақты сезіну, ең негізгісі–мектепке өзгеріс, ұстазға–жаңалық, шеберлік тұрғысынан рухани көмек, тірк болу көзделеді.
Жүсіпбек Аймауытовтың екінші «Жаңа ауыл» деп аталатын оқу құралы адам әлемін, табиғат тамашаларын балалардың ұлттық психологиясын ескере отырып жазылған. Оқу құралына адам, қоғам, өмір,айнала әлемнің сырын ашатын өлеңдер, әңгімелер мен жұмбақтар. Сонымен қатар эстетикалық, адамгершілік маңызы мен мәні зор аударма шығармалар да енген.
Жүсіпбектің озық педагогикалық көзқарастарын, оның ұлттық тәрбие беру туралы ой–пікірлерін газеттер мен журналдардың беттерінде жарық көрген сан түрлі мақалаларынан да жақсы аңғаруға болады. Оның адамға педагогтық көзқарастары–оны ұлттық арнада тәрбиелеу мәселелерінен басталады. Ғалымның ойы бойынша, адам–табиғаттың емес, тәрбиенің құралы болуы керек. Адамның өміріндегі тәрбиенің орынын доғары бағалаған ол тарихтағы ірі құбылыстардың бәрін тәрбиемен байланыстырады, соған нақтылы баға береді.
Тәрбие жөніндегі халықтық мұраға, оның озық жақтарына сүйенеді. Қазақтың «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», «Сүтпен біткен мүйіз сүйекпен кетеді» деген мақалдарын еске ала отырып бала өміріндегі ата–ана тәрбиесінің, өнегесінің орнын жоғары бағалайды. Тәрбие берудегі отбасының ерекше маңызын атап көрсетеді. Адам өміріндегі тәрбиешінің орнын ол дәрігермен ғана салыстырады,әрі оны дәрігерден де жоғары қояды.
Жүсіпбек Аймауытовтың айтуы бойынша, ана тілі–тәрбие құралы, ұлт байлығы,тарих–халық шежресі, ол оқушыларға ұлттық тәрбие беру құралы. Тәрбиенің ұлттық сипатта болуы,оны ұлттық мектептерде жүзеге асыру туралы ой–пікірлері, оның ұлттық сипатта жазған оқу құралдары мен мақалаларының елімізде қазіргі кезде ұлттық мектеп жасауда және ұлттық тәрбие беруді жүзеге асыруда, оған болашақ мектеп мұғалімдерін даярлауда теңдесіз мол мұра деп толық бағалауға болады.
Міржақып Дулатовтың оқышыларға ұлттық тәрбие беру туралы ой–пікірлері оның мынадай еңбектерінде баяндалған: «Есеп құралы», «Қариғат», «Оян, қазақ!», «Оқу құралы» және «Серке», «Қазақ»,«Ақ жол», «Айқап», «Еңбекші қазақ» газеттері мен журналдарындағы көптеген мақалалар.
Қазақ халқының ұлы ағартушы–педагогы Ыбырай Алтынсарин ғұмыр кешкен топырақта туып–өсіп, өз жерлесі Ахмет Байтұрсынұлы секілді Ыбырайдың ағартушылық дәстүрін мұрат тұтқан М.Дулатов, олардың оқушыларға ұлттық тәрбие беру туралы ой–пікірлерін жалғастырып, дамытты.
Ол ұстаздық қызметіне кіріскеннен кейін қазақ балаларына арналған оқу құралдарының тапшылығына көзі жетіп, бұларды жазуға кіріседі. Мысалы, Ыбырай Алтынсариннің «Хрестоматиясы» ол күнде зәру дүниеге айналған болатын. Сондықтан Міржақып Дулатов сол олқылықтың орнын толтыру үшін 1911жылы «Қирағат» (Хрестоматия)кітабын шығарады.
Жинаққа автор халық ауыз әдебиетінің үлгілерін және Абайдың, Ыбырайдың шығармаларын, атап айтқанда, автордың, автордың өзінің «Жаз», «Жазғы кеш», «Шілде», «Күз», «Кыс», «Оқымысты бала», «Шалдың үш баласы», «Қонақ кәде», «Байлық» сияқты әңгімелерін енгізген.
М.Дулатовтың сол мақалаларындағы ұлттық мектептерде оқу –тәрбие үрдісін ұлттық сипатта жүзеге асыру туралы ой–пікірлерінің маңызы мен мәні ерекше. Ол мектептің мақсаты: «Жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру». Ал міндеті: «...балқыған жас баланың бойына ана тілін анық үйретіп шығару». Нәтижесі: «..Мұндай балалар мектепті бітіргеннен кейін қай жүрттың арасында жүрсе де, сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды...қайда болса да, тіршілгінде қандай ауырлық өзгерістер көрсе де ұлт ұлы болып қалады» деп ұлттық тәрбие берудің әсерін тамаша көрсеткен.
Информация о работе Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері