Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 18:41, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамдағы ұлт саясатын жүзеге асыру және қазіргі жаңаша ойлау мен әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру ісі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.
Ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып ежелден келе жатқан халықтық педагогикасы жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына, ұлттық тәрбиесінде жалпы білім беру саласында, оқу тәрбие үрдісінде тәлім–тәрбиелік мәні зор.

Работа содержит 1 файл

Кабденова Раушан.doc

— 689.50 Кб (Скачать)

Академик М.К.Қозыбаев халқымыздың ерлік және жауынгерлік дәстүрлеріне тоқтала келе, «Ер дегенде ең алдымен бізге Отан қорғаған сәтте жау шебін бұзып,қамал алған қайрат–жігер иесінің бейнесі оралады»,–деп атап көрсетті.

Яғни, ер–ар–намысы азаматтық қасиетін үнемі жоғары ұстап, қажетті жерде қауіп–қатерге өз басын тігіп батыл іс–әрекетке бара алатын адам.Ердің іс–әрекеті бейбіт кезде ел, дер мүддесі үшін қауіп–қатерлі істерге, ерекше қимылдарға беру іс–әрекеті.

Қ.Қабдыразақұлы  жас ұрпақты дәстүрлер негізінде  тәрбиелеу мәселесін педагогикалық  тұрғыда зерделей отырып, дәстүрлерді  шартты түрде беске бөледі. Солардың ішінде негізгі дәстүрлердің бірі деп ұлттық жауыргершілік дәстүрлерді қарастырады. «Жауынгершілік дәстүр Отан, туған жер және халқы үшін оның бостандығы мен тәуелсіздігі, салтанатты болашағы үшін шексіз жүректілік, шамадан тыс қуаттылық пен жауынгерлік күресті бейнелеген ұғым»,–деп атап көрсетеді.

Алғаш халық  мұрасына, салт–дәстүріне, ұлттық ерлік  және жауынгершілік тәбиесіне мән бере отырып оқулық жазған Ы.Алтынсарин болды. Өзінің «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығында «Қобыланды батыр» жырынан «Қобланды және Тайбурыл» деген атпен үзінді енгізген. Қазақ халқы тек батырларын ғана құрметтеп қоймаған, сонымен қатар батырлардың серігі асытан мінген аттарының қасиеттерін жақсы суреттеген.

«Біраз сөз  қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы»–Абай айтқан пайымдаулар халқымыздың  тарихын ғылыми негізге келтірген  алғашқы қадамдардың бірі. Абай шығармалары туған елінің, жерінің тарихын зерттеп, оны жете түсінуді уағыздайды.

Абай өзінің отыз тоғызыншы қара сөзінде «Енді жұра ата–бабаларымыздың мәнді ісін бір–бірлеп тастап келеміз, әлгі екі мінезін өрмелеп ілгері бара жатқанына қарай, біз де ел қатарына қарай кірер едік»,–деп жазады. Абай атаған қара сөзінде арлылық, намыстық, табандылық–тәрбиенің жемісі дейді. Адамның ең ұлы сезімін азаматтық парызын орындау үшін жоғарыда аты аталған мінезді игеру керек екенін Абай атап көрсетеді. Абай шығармаларынан қазақ халқының өзіндік ішкі құрылымын және өзінік қасиет бітімін көреміз.

Осы айтылғандардың барлығы ұлтжандылық қоғамдық сананың бір формасы, тарихи және классикалық категория екенін, яғни ол да қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа мазмұнмен толыға түсетінін білдіреді.

Көптеген ғылыми еңбектерді зерделей келе ерлік және ұлтжандылықты қалыптастыруға септігін тигізетін белгілер: ұлттық сана–сезім, ұлттық мақтаныш, салт–дәстүрлер, әдет–ғұрыптар,парыз, намыс, бірлік және міндет екенін көреміз.

«Ұлттық сезім»,–дейді профессор Т.Сәрсенбаев, ұлттық ой–санадан ерекшелеу бұл адамның түрлі өмірлік құбылыстар мен жағдайларды, ұлттық мүдделерді өзіндік тұрғыда түсіну. Ұлт бар жерде ұлттық сезім де бар және оны құрметтеу заңды. Әр адам ата–бабаларымыз негізін салып кеткен игі дәстүрлерді мақтан ете отырып, өз ұлтын терең сүю арқылы ұлттарды танып құрметтеуі тиіс.

Ал ұлттық парыз–Отанға деген сүйіспеншілік сыртқы жаулардан елін, жерін аман сақтап, ата–баба дәстүріне сезімталдықпен қарау.

«Парыз–өзінің мағыналық аясына ақыл–ой, сезм, ерік–жігер,ар–ождан, абырой,әділдік, шындық,сүйіспеншілік сияқты қасиеттерді қамтып,оларды адам өміріндегі қайшы құбылыстарға қарама–қайшы қоятын интеллектуалды құбылыс.

Парыздан мақты  күш жоқ,

Парыздан мықты  сауыт жоқ

Парыздан нәзік  сезім жоқ

Парыздан қатал  қазы жоқ,–дей келе халық батыры Б.Момышұлы,–парыз сезімін қиындықтан қайтпай, дұшпан алдында тайсалмай, Отан үшін ақтық демі біткенше қызмет етуге әзір болу сезімінен туады,–деп қорытады.

Б.Момышұлы «Соғыс психологиясы» атты еңбегінде Ұлы Отан соғңысы кезіндегі халықтардың ынтымақтастығына ,бірлігіне тоқтала келе, жеке адамды қалыптастыратын жақсы қасиетпен бірге жаман қасиеттерге әскери психология тұрғысынан анықтама береді.

Жоғары сезімдер:парыз, адамгершілік, ержүректілік, ерлік, батырлық, қаһармандық және т.б. Төменгі сезімдер: опасыздық, ұждансыздық, үрей, қорқыныш, шошу және т.б.

Ұлы Отан соғысы кезіндегі әрбір жауынгердің  бойындағы ұрыс кезіндегі қалыптасатын әскери психолог тұрғысынан тоқталады.

Қазақстан Республикасы Білім министрлігі ұсынған «Тәлім–тәрбие  тұжырымдамасында» қазақ халқының жауынгерлік және ерлік тарихын ұрпаққа еріктің өшпес үлгісін қалдырған хас батырлардың өмір–өнегесімен таныстыру;өз жерін, елін қорғай алатын елжанды,ұлттық намысы мол жігерлі азаматтар тәрбиелеу,–деп ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ерекшеліктер, салт–дәстүрлерді бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға аса мән береді.

«Халықтық педагогика,–деп жазады Қ.Жарықбаев пен С.Қ.Қалиев,–тәлім–тәрбиелік ой–пікірдің ішкі бастауы, халықтың рухани қазынасы, мұрасы. Этнопедагогка–халықтық тәлім–тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипатттама беретін ғылым саласы.Ол халықтық педагогиканы ғылыми педагогикамен байланысытырып, өткел іспеттес ғылым».[9]

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық  бірлігінде» атты еңбегінде атап көрсетілгендей, біздің алдымызда тұрған негізгі міндет–егеменді еліміздің тұтасытығын, бейбітшілігін сақтайтын ұлттық рухы жоғары, ұлтжанды ұландарды тәрбиелеу. Осы мәселені шешуде, яғни оқушыларды ұлтжандылыққа баулу жұмысы оқу мен тәрбиенің бір–бірімен тығыз байланысытырып жүргізілуін қажет етеді. Демек, оқу мен тәрбиені бір–бірімен кірістіре отырып, ұлттық жауынгерлік дәстүрлерінің негізінде бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты жүйелі түрде жүргізу арқылы елін,жерін жаудан қорғай алатын шынайы ұлтжанды азамат тәрбиелеп шығару бүгінгі егемен еліміздегі ұстаздар қауымының абыройлы борышы болып отыр.

Қазақ мектептерінің оқушыларына ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары мен міндеттері еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан–2030» стратегиялық бағдарламасында, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ерекше аталып көрсетілген. Әсіресе, Елбасының 2004 жылдың наурыз айындағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Халыққа жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Келешекте мұғалім мамандығы ең беделді ...мамандықтардың бірі болуы керек. Әрине, мұғалімнің өзі де уақыт талабына сәйкес болуы міндетті» делінген.

Бұл айтылғанның  педагогикалық мәні мынада:

  • Бәсекелестік-қашанда дамудың басты құралы, ал қабілеттілік кез–келген іс–әрекеттің тиімді шешілуіне икемділік. Бұдан Қазақстан, оның экономикасы мен халқы бәсекеге қабілетті болу үшін ұлттың бәсекеге қабілетті болуы керек, ол қабілет ұлттың болу үшін ұлттың бәсекеге қабілетті болуы керек, ол қабілет ұлттың білімділік деңгейімен айқындалады. Ал ұлттың (қазақтың) білімділік деңгейі жоғары болу үшін мектептің жаңа типін құру және жаңа формациядағы педагог даярлау қажет.
  • Жаңа типті мектеп–ол ұлттық мектеп, ал жаңа формациядағы педагог тек жоғарғы оқу орындарында ғана дайындалады. Сондықтан да Президенттің ұсынысымен Қазақстанда бес педагогтік жаңа институт ашылады.
  • Ұлттың білімділік деңгейі жоғары болу үшін, дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, Қазақстанда жаңа типті қазақ ұлттық мектебін құру қажеттігі туындап отыр.
  • «Ұлттық мектеп қандай болуы керек?» деген проблеманы дүниежүзінің  белгілі ағартушылары мен ғалым–педагогтары Я.А.Коменский, Дж.Локк, И.Г.Песталоции, Ф.А.Дистервег, К.Д. Ушинский, В.А.Сотюнин, С.И.Гессен, В.Н. Сорока–Росинский әрқайсылары өз ұлтының ерекшеліктеріне қарай ұлттық мектеп құрудың ғылыми негіздерін жасаған.

Орыстың ұлы  педагогы К.Д.Ушинский өзінің «орыс мектебін орыс мектебі қылу қажеттігі туралы» деген мақаласында сол кездегі орыс мектебінің кемшіліктерін сынай келе, былай депті: «Швецария, Германия, Англия мен Америкада білім үш түрге бөлінеді: қажетті, пайдалы, ұнамды. Соның ішінде ұлттық білімнің негізінде қажетті білім алынады. Қажетті білім баланың жанына ең алдымен , негіз болып ұялануы тиіс... Әр адамда сондай қажетті білім болып табылатын өз тілінде оқи білу, жаза білу, өз дінінің негізі мен  Отанын білу». Сондай–ақ ол: «Мектеп ұлттық болып аталуы үшін ұлттық психология мне тарихқа негізделуі және қоғамдық қажеттілікпен санасуы шарт. Ұлттық мектеп құруда отбасының құрылымын, түрін, экономикалық климаттық жағдайларды ескеру және орыс мектебін шетелдіктер емес, орыс басқаруын қадағалау қажет» деп санаған, ал орыс ғалымы В.Я.Сорока–Росинский ұлттық мектеп болуы үшін: «Білім мен тәрбиенің негізгі міндетті түрде ұлттық білім болуы тиіс» десе, С.И.Гессен: «Егер білім беру жүйесін ғылымдық, көркемдік және ұлттық адамгершілік талаптарға сай келсе, сонда ғана ол шынайы ұлттық болып есептелуі керек» деп оны толықтыра түседі.

Міне осындай  орыс ғалымдарының зерттеулері негізінде Ресейде орыс ұлттық мектебі құрылған. Қазіргі орыс мектептері сол мектептің жалғасы, сондықтан ұлттық ерекшеліктері толық сақталған. Орыс халқының ұлттық санасы, намысы, дүниетанымы сол мектепте дамып қалыптасқан.

Сонда, ұлттық мектеп дегеніміз  қандай мектеп? Онда оқытылатын білім  мазмұны қандай болу керек?–деген сұрақтар туындайды.

Ұлттық мектепте ғана ұлттық білім жүйесі жүзеге асырылады.

Ұлттық білім деп білім мазмұнындағы ұлттық дүниетанымды, ал ұлттық дүниетным–ұлттық болмыс көрінісі, саяси, адамгершілік, эстетикалық діни наным–сенім, тәрбие, тарихи сана, басқа да дәстүрлі  мәдени–рухани көзқарастар жүйесі. Сонда қазақ мектебіндегі ұлттық білім мазмұнын барлық оқу пәндерінде ұлттық құндылықтарымыз–Ана тілін, Ана тарихын, Төл мәдениетін, Ұлттық салт–дәстүрлерін жүйелі оқыту құрайды.

Сонымен, бүгінгі  таңда Қазақстанда білім беру саласындағы ең басты проблема–қазақ ұлттық мектебін құру. Өйткені еліміздің болашағы мен тағдыры ұлы ағартушы–педагог Мағжан Жұмабаев айтқандай: «Қазақтың тағдыры келешекте ел болуда–мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі».

Қазақ ұлттық мектебін құрудың негізі–сан ғасырлар бойы қалыптасқан халқымыздың ұлттық тәлім–тәрбие мұрасы болуы тиіс. Қазақ ұлттық мектебін құру туралы ой пікірлер бірқатар ғалым–педагогтармыздың еңбектерінде қарастырылған, ол зерттеулерді қажет ететін проблема.

«Қазақ ұлттық мектебі не үшін қажет?». Қазақ ұлттық мектебінің қажеттілігі қазір елімізде орын алып отырған иммунопсихолгиялық проблемаларды: ана тілі, ата тарихын, төл мәдениетін, ұлттық салт–дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар (қиын), қарттар үйлерінде көздерінен қанды жас ағып, жылап отырған әжелер мен аталар, шылым шегуге, ішімдік пен нашақорлыққа салынған жастар, қылмыстың қаулауы, сыбайлас жемқорлық, жұмыссыздық, жезөкшелік, қазақ мектептерінің жабылуы, мектептегі оқу–тәрбие жұмысының нашарлауы, мұғалімдер беделінің төмендеуі, оларға қамқорлықтың жасалынбауы, тәртіпсіз ұл мен қыз, ата–аналардың тәрбие жұмысымен айналыспауы, т.б. бірте–бірте жоюдың және олардың алдын алу, болдырмаудың негізгі жолы екендігі, ал сол мектептерде ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, өнерлі, ақылды, еңбекқор, иманжүзді, сұлу да сымбатты, ұлтжанды болып өсетіндігінде. Сондықтан да ұлттық тәрбие–еліміздің болашағы.

«Қазақтың ұлттық мектебі қандай болуы керек, онда ұлттық тәрбие қалай жүргізілеуі  керек?» деген проблемаларға нақты жауапты қазақ халқының ұлы педагогтары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов еңбектерінен табуға болады. Солардың еңбектерінде қазақтың ұлттық мектебінің нобайы жасалынған. Онда қазақтың ұлттық мектебінің мақсаты, міндеттері, ұлттық мектепте білім беру мазмұны, ұлттық тәрбиенің нәтижесі анықталған. Мысалы, М.Дулатов қазақ ұлттық мектебінің мақсаты:    « ...жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге ұлттық тәрбиені қоса беру»; Ж.Аймауытов: «Тәрбиенің негізі мақсаты–мінезді түзеу, адамшылыққа қызмет ету, адал еңбек ете білуге тәрбиелеу»; қазақ ұлттық мектебінің міндеттерін М.Жұмабаев: «әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»; ал М.Дулатов: «...балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухын , ана тілін үйретіп шығару»; қазақтың ұлттық мектебінде білім беру мазмұнының А.Байтұрсынов: «Оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, шаруа–кәсіп, қолөнері, жағырафия жаратылысы»; Ж.Аймауытов: «Әдебиетті, тарихты және географияны біріктіріп, яғни интегерациялап, «Біздің Отан» деген атпен оқыту қажет»; М.Дулатов; «...оқу кітаптары ана тілімен өз ұлтытың тұрмысына һәм табиғаттан жазылуы»; ұлттық тәрбиенің нәтижесін М.Дулатов: «...алған тәрбиенің әсерлі, күшті, сенімді болуы ...Мұндай балалар мектепті бітіргеннен кейін қай жұрттың арасында жүрсе де,сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды,...қайда болса да тіршілігінде, қандай ауырлық өзгерістер көрсе де ұлт ұлы болып қалады...»; ал мұғалімнің ұлтжанды және білімді болуы туралы  М. Жұмабаев : «...әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс» десе, А.Байтұрсынов : «...ең әуелі мектепке керегі-білімді, педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім”, Ж.Аймауытов: «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек» деген.

Еліміз егемендік  алуымен қоғамның мектепке қатынасы өзгеріп, қазақтың ұлттық мектебін жасау  туралы педагогикалық ақпарат беттерінде өте бағалы әртүрлі пікірлер айтыла бастады. Мысалы, ғалым-педагогтарымыз Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, Ж.Наурызбай, Т.Әлсатов, Ә.Табылдиев, т.б. қазақтың ұлттық мектебін жасау, онда ұлттық тәрбие беру проблемаларын жан–жақты зерттеп, қомақты монографияларын, оқулықтарын, оқу құралдарын, әдістемелік құралдарын жарыққа шығарды.

Ұлттық мектеп жасауға, онда ұлттық тәрбие беруге мемлекет тарапынан бірнеше тұжырымдамалар шығарылды. Олар: «Қазақстан Республикасы әлеуметтік–мәдени дамуының тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы»,«Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасы орта арнаулы білім тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептер білім мазмұнының тұжырымдамасы», «Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы», «Тіл туралы», Қазақстан Республикасының заңы, т.б

Жоғарыда айтылған қазақ этопедагогикасы ғылымының жетістіктерін, мемлекеттік құжаттар мен бағдарламаларды, қазақтың ұлттық мектептерін жасауды және оларды ұлттық тәрбие беруді іс жүзінде асыратын мектеп мұғалімдері. Өкінішке орай, олар ұлттық тәрбие беруге педагогтік жоғары оқу орындарында дайындықтан өтпеген, коммунистік тәрбие беруге даярланған. Осы себептен қазіргі қазақ мектептерінде оқушыларға ұлттық тәрбие беру талапқа сай жүргізілмеуінде. Бұл кедергіден өтудің жолы мектеп мұғалімдерінің мамандықтарын арттырушы барлық облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында мұғалімдерді ұлттық тәрбиеге дайындаудан өткізу қажет. Оны шешудің жолы сол институттарда курстар ұйымдастыру. Ондай тәжірибелер баршылық. Мысалы, барлық облыстық институттарда этнопедагогикадан курстар ашылып, мұғалімдерді ұлттық тәрбиеге сапалары әр түрлі бағдарламалармен қайта даярлауда. Дегенмен, соңғы жылдары мұғалімдерді этнопедагогикалық даярлау нашарлап кетті. Егерде осы мәселені жанданжырмасақ мектепте ұлыттық тәрбие беру жүзеге аспайды. Содан келіп жоғарыда айталған иммунопсихологилық құбылыстар елімізде кеңінен орын алары сөзсіз.

Біздің жалпы білім беретін қазақ мектептерінде оқушыларға ұлттық тәрбие беру жайлы әлі өте төмен деңгейде екенін, Кеңестік дәуірде Қазақстанда қазақ ұлттық мектебі болмағанын, қазір де ондай мектеп жоқ, мектептеріміз қазақ орта мектебі деп аталғанымен, ондағы оқу–тәрбие жұмыстарының бағдарламалары, оқу және әдстемелік құралдары ұлттық тәрбиенің ерекшеліктерімен санаспаған орыс тіліндегі аудармасы арқылы жүзеге асырылуда.[10]

Информация о работе Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері