Дәрістер ша "Педагогикаға"

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 23:00, курс лекций

Описание работы

Бүгінде Қазақстандағы жоғары білім елдің Президентіні Н.Ә.назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиясында анықтап бергендей, басты ұлттық басымдықтардың бірі ретінде жауапты міндет атқарады. Нақ жоғары білім ғана мәдениет түзуші, интеграциялаушы міндет арқылы, білімнің сапасы, аумақтығы мен гумандығы арқылы Қазақстанның өмір сүруін, ұлттық қауіпсіздігі мен гүлденуін қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстандағы жоғары білімді дамыту стратегиясы оны орнықты дамыту, білімді аумақтандыру, үздіксіз білім беру, реформалар процессіндегі үздіксіздігі, әлуметтік даму барысын болжау мүмкіндіктері, мәдениетті, тұрмыс салтынының өзгешеліктері мен құндылықтарды сақтау, бейбітшілік ісіне, адамның бостандығы, құқығына үлес қосу, әлуметтік және этикалық ынтымақтастық концепсиялары негізінде құрылады.

Работа содержит 1 файл

материалы педагогика.doc

— 1.64 Мб (Скачать)

Студенттердің өзіндік жұмысын әдіснамалық  тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыс бағдарламасын (бақылау жүргізу, қайнар коздсрді танып, оқып, зсрттеу т.б.), варианттық тапсырмаларды әр студент үшін дербес стандартты емес тапсырмаларды, оларды орындауға қажет құрал-жабдықтармен таныстыру, мүмкін болған жағдайда қамтамасыз етумен анықталады. Қазіргі кезде қолданылып жүрген студенттердің өзіндік жұмыстарының әдістемелік құралдары негізінен ақпараттық сипатқа ие болды.

Жоғарғы оқу  орындарындағы студенттсрдің өзіндік  жұмысымен байланысты жағдайды талдай отырып В.А. Кан-Калик студенттердің  өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың өзіндік принциптерін ұсынды. Өзіндік  жұмысты жоспарлай отырып, ең алдымен міндетті лекциялық өндеуге шығаратын ең нақты әдіснамалық, теориялық білімнің негізгі фундаментальдық түбірін анықтап алу қажет. Мысал ретінде 100 сағаттық курстың жартысын фундаментальдық көлемде алады. Содан кейін осы түбірден өнген бұтақ негізінде студенттердің өзіндік жұмысының формаларын, тақырыптарын, өткізу орындарын жүзеге асырудың варианттық нысандарын, бақылау мен есептеу жүйесін анықтап, ашып алу қажст.

Өзінің мәні бойынша өзіндік жұмыс студенттсрдің  түрлі аспектілерді: ой-еңбегін ұйымдастыруда, ақпаратты іздестіруде, білім мен білікті бекітуде белсенділігін қажет етіп отырады.

Студенттердің өзіндік жұмысының жүйесін құра отырып, ең алдымен, оларды оқи білуге үйрету керек. Екіншіден ой еңбегінің психологиялық. Изиологиялық негізімен, оны ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру психикасымен таныстыру қажеттілігі туады. Студенттердің өзіндік жұмысын оңтайлату

Студенттердің өзіндік жұмысының  студенттердің танымдық ізденімпаздылығының қалыптасуына ықпалы

Студентттсрдің  өзіндік жұмыс жасауының негізі — олардағы ой-өріс, танымдық ізденімпаздылығын қалыптастыруға әкеліп соқтырады. Оқыту барысында студенттердің ізденімпаздылығын калыптастыру дәстүрлі көзқарасқа ие болған.

Яғни оларға мақсатты компонент - ол оқытудың жалпы және нақты мақсатынан тұрады.

  Үздік компонент - ол арнаулы  құрамдық әдістер мен тәсілдердің көмегімен студенттердің бойында танымдық қажетсінудің пайда болуын қамтамасыз етеді.

Мазмұнды операциялық  компонент - ол студснттер "оқьтышу - студент'' — деген дидактикалық жағдайда игерілетін білім жүйесі.

Қажыр-қайрат компоненті - ол студснттердің назарын, ерік-жігерін  шоғырландыра отырып, танымға деген  игі ссзімталдық пиғылды туғызады, мұның өзі біліммен әрекет тәсілімен  игеруге, танымдық қажетсінуді қанағаттандыруға және сайып келгенде, оқыту мақсатына қол жеткізуге септігін тигізеді.

Бағалау компопенттері  — ол оқу нәтижесін ұстаздың таздауы, олардың алға қойған мақсатымен үйлестіру  және қажет болған жағдайда оқытудың келесі кезеңін жобалау кезінде  ескеру үшін олардың үйлеспеу себептерін анықтап айқындау.

Ауқымды білімді тек оқулық бойынша ғана емес, сонымен қатар білімнің басқа  да көзі бойынша жұмыс істеп, өз бетінше дербес игереді. Ізденімпаздық жұмыс көлемі мән жағының артуы, жаңғырту сипатындағы оқу-танымдық қызметтен оның жемісті түрлеріне көшу, ынта-ықыластың пайда болуы және оқу-зерттеу қызметіне қатысу студенттердің оқу тәрбие процестерінің субъектісі, оның тсң қуқықты белсенді қатысушы рстіндс қалыптасуына жәрдемін тигізіп, ықпал жасайды. Жоғарғы оқу орнының практикасында студенттердің белсенділігін, ізденімпаздылығын және шығармашылық қабілеттілігін дамыту үшін студенттердің оқу-зерттеу және ғылыми зерттеу жұмысы да пайдаланылады. Г. Вяткин мен Г.И.Железовский студенттердің танымдық ізденімпаздылығын дамытудың неғұрлым тұтас жүйесін ұсынды.

Студенттердің өзіндік жұмысы болашақ мамандарды даярлауда, олардың танымдық ізденімпаздылығын  қалыптастыруда алған білімдерін бекітуде маңызы зор. Ю.И.Бабанский студенттердің  өзіндік жұмысын орындауда өзінің  әрекетін уәждеу, ақпаратты зейін сала қабылдау, тиімді есте сақтау, оқу материалын ой елегінен өткізу, алдағы басты нәрсені бөліп ала білу, проблемалық танымдық міндеттерді шешу, өзін-өзі бақылау біліктерінің маңыздылығып атап көрсетті.

Студенттердің дербестігінің дамуының психологиялық алғы шарттары оқу жетістігінен, оған құрылым ретінде дұрыс қатынаста пәнге деген қызығушылығынан өзіндік жұмысты дұрыс ұйымдастырудан  шығармашылық қызметтің дағдылары мен тәжірибесінен алынатындығын түсінуде қалыптасады.

Студенттердің өзіндік жұмысының жемісті болуы студенттердің өзін-өзі психологиялык тұрғыдан реттеуіне тікелей байланысты.

Қазіргі таңда  студенттердің өзіндік жұмысының  құрамы, көлемі, мазмұны мен мәні, маңыздылығы молайыарта түсуде. Оның бірден-бір басты дәлелі  білім берудің кредиттік технология жүйесінің іс-тәжірибеге енуі.

Жоғары мектепте  әсіресе педагогикалық Факультеттарда оқыту процесі болашақ мұғалімдердің тәрбиешісі, ұйымдастырушысы, насихатшысы болып қалыптасуына көмектеседі. Жоғары мектепте студснттердің оқу қызметіндегі дербестігі орта мектепке қарағанда анағұрлым артық. Жоғары мектепте студенттер шын мәнінде оқу процесінің субьектісі екенін айқын көруге болады. Жоғары мектептерде студенттердің оқу танымдық қызметі жоғары дәрежеге көтеріліп, жетіле түседі. Жоғарғы мектептердегі оқыту казіргі заман талаптарына сай мамандар даярлауға бағытталып, бағдарлануы тиіс.

Жоғарғы мектептердегі  оқыту процесі студенттердің дербес, жоғары дәрежеде ойлау, іздену қабілетін дамытады, жетілдіреді. Жоғарғы мектептердегі оқыту процесі қазіргі таңдағы студенттерді барған сайын дербес, ізденімпаз, зерттеуші қызметіне лайықтап, жол аша түседі. Осыған орай студенттер өздігінен білім алу дағдыларын игереді.

Студенттердің дербес ізленімпаздығына мүғалімдердің, яғни оқытушылардың бірден-бір қатысы болады. Себебі, бағыт-бағдарды студенттер оқытушыдан алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып 12 . Жоғары оқу орында бақылаудың негіздері.

 

    1. Жоғарғы оқу орында бақылаудың принциптері
    2. Барлық жұмыс түрлерін бағалаудың ережесі
    3. Қорытынды баға қою өлшемі

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие. – Ростов: феникс, 2002. – 554с.
  2. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Курс лекций. М.,2004
  3. Лентьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М.,2002
  4. Лурия А.Р. Язык и сознание. М.,2003
  5. Лурия А.Р. Общая психология. М.,2002

 

Принциптері:

    • объективтік
    • айқындығы
    • жоғары дифференциациялану

Ендіреді:

1. Барлық  жұмыс түрлерін бағалаудың ережесі

    • Балл білімді бағалау кестесіне сәйкес қойылады.
    • Егер студент семестр бойында ешбір практикалық сабақтарды жібермесе, сабаққа белсенді қатысса оған қорытындысында марапаттау негізінде 1 балл қосылады.
    • Егер студент себепсіз сабақтан қалса және оны өз мерзімінде тапсырмасын орындамаса, онда одан айып ретінде әр сабағынан 1 балл шегеріледі.

2. Емтихан  бағасын қою өлшемі 

Минимальді  балл - 20

Максимальді балл – 40

3. Қорытынды  баға қою өлшемі

50-74 балл –  қанағаттанарлық

75-89 балл –  жақсы

90-100 балл - өте  жақсы

4. Интерактивті әдістер студенттің:

  • тыңдау және өзара қарым-қатынас;
  • басқаға жданашырлық таныту, жанкүйерлік қабілетін дамытуды;
  • көзқарасын дамытуды және түсінуді;
  • белгісіз сұрақтарға жауап тауып, белгілі мәселелерді шешуді;
  • аналитикалық ойлау және өз ойын талқыды қалыптастырады.

 

Қойылатын талаптар және жалпы күтілетін нәтижелер (курсты өту барысында қойылатын талаптар мен күтілетін нәтижелерге байланысты оқытушы арқылы толықтырылады),

Мысалы:

  • барлық тапсырмалар өз уақытында орындалу тиіс жіне оларға дайындақ кезінде оқулықтардан жәнге лекциялардан алынған принциптер мен концепциялар пайдалануы тиіс.
  • Сабаққа берілген материалды талқылау нақты сұрақ қою мақсатында алдын-ала дайындалып келуі қажет.
  • Бүкіл курс бойынша өзіміздің жақсы білім алуымызға жауапкершілікпен қарауыңыз қажет.

 

Пәнді бағалау:                                                                     балл

Кіріс бақылау

-

2

Зертханалық жұмысты  орындау және қорғау

-

14

Рефератты дайындау және қорғау

-

8

Глоссарий жазу/Тақырыпқа  шолу

-

3

Жобаны презентациялау

-

10

Технологиялық сызбаны  түсіру (1 модульде)                                                                            

-

5

Нақты оқу жағдайын талдау (кейс-стади)

-

6

Презентация

-

6

1,2 Шектік тапсырманы  орындау

-

6

Барлығы

-

60

Емтихан

-

40

Жалпы

 

100


 

Магистрантардың  білімін бағалау

Әрiптiк жүйемен  бағалау

Баллы

%-тiк   мазмұны

Дәстүрлi әдiспен бағалау

А

4,0

95-100

«өте жақсы»

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

«жақсы»

В

3,00

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

«қанағаттанарлық»

С

2,00

65-69

С-

1,67

60-64

D

1,33

55-59

D+

1,00

50-54

F

0

0-49

«қанағаттанарлықсыз»


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып 13. Педагогикалық үрдісінде студенттерді тәрбиелеу.

 

      1. Адамгершілік тәрбиесі
      2. Жастардың ұлттық келбетін қалыптастыруда отбасының тәрбиелік мәні.
      3. Қазақ жастарының ұлттық келбеті

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие. – Ростов: Феникс, 2002. – 554с.
  2. Основы педагогики и психологии высшей школы. Под редакцией академика АПН ССР А.В. Петровского7 м 1986 г.
  3. Әбілхасымова Ә.Е. Студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалаптастыру. Монаграфия. – Алматы: Білім 1994 – 199 б.
  4. Абдулина О.А. Личность студента в процессе профессиональной подготовки // Выс. обр в Россий. 1993. № 3.

 

Адамгершілік тәрбиесі

Информация о работе Дәрістер ша "Педагогикаға"