Дәрістер ша "Педагогикаға"

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 23:00, курс лекций

Описание работы

Бүгінде Қазақстандағы жоғары білім елдің Президентіні Н.Ә.назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиясында анықтап бергендей, басты ұлттық басымдықтардың бірі ретінде жауапты міндет атқарады. Нақ жоғары білім ғана мәдениет түзуші, интеграциялаушы міндет арқылы, білімнің сапасы, аумақтығы мен гумандығы арқылы Қазақстанның өмір сүруін, ұлттық қауіпсіздігі мен гүлденуін қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстандағы жоғары білімді дамыту стратегиясы оны орнықты дамыту, білімді аумақтандыру, үздіксіз білім беру, реформалар процессіндегі үздіксіздігі, әлуметтік даму барысын болжау мүмкіндіктері, мәдениетті, тұрмыс салтынының өзгешеліктері мен құндылықтарды сақтау, бейбітшілік ісіне, адамның бостандығы, құқығына үлес қосу, әлуметтік және этикалық ынтымақтастық концепсиялары негізінде құрылады.

Работа содержит 1 файл

материалы педагогика.doc

— 1.64 Мб (Скачать)

Студенттік  шақ бұл — адамдардыц бір-бірімен қарым-қатынас жасауыныц кең өріс алған кезеңі. Алайда осы кезде аға буын мен жастар арасында қайшылықтар орын алады. Себебі студент үлкен болса да, бала да, ересек те емес, ересек, бірақ әлі өте жас. Осы кезде үлкендермен қарым-қатынастарда жаңа көріністер пайда болады.

Студенттердің білім алудағы  мақсаттарының ортақ болуы, еңбек  ету, оқу, өмір сүру сипаттарының бірдей болуы, оқу орнындағы тіпті елдегі қоғамдық істерге араласуы – студентік топтың ұйымшылдық, достық көрсеткішінің жоғары деңгейіне алып келеді. Студенттер әр түрлі топтардың өкілдерімен танысудың мүмкінділігіне ие болады.

Студенттік  кезең адамның өзін-өзі тұлға ретінде қалыптастырудағы үлкен жұмыс істеуімең орындаумен сипатталады. Студснттің өзіндік "менің сыртқы көрінісімнен" басталып, мінезін анықтайды. Психолог  Ю.А. Самариннің пікірі мына дай: "Осы уақытта мінезді қалыптастыру дүниетанымды қалыптастырумен тығыз байланысты. Саяси, моральдық мәселелер қайта қарастырылады".


Студентті тәрбиелеу мәселесі міндетті түрде  студенттің өзін-өзі тәрбиелеу процесімен үйлесу керек. Студенттік жас тұлғаның физикалық жетілуінің уақыты, достық пен махаббат мәселесі ақырында өз жанұясының құрылуымен шешіледі. Есте сақтау қабілеті өте жоғары болады. Зейіннің тұрақтылығы 22 жаста күшейіп, 34 жаста шегіне жетеді. 18-20 жаста зейін салу деңгейі артады.

Б.Г. Рубин, Ю.С. Колссникоб студснттердің үш типін атап көрсетеді:

  1. Оқу орнындағы оқу мәселесі мен мақсаттарына кең, ауқымды даярлықпен ерекшеленеді. Ол жан-жақты мамандануға, көп жақты кәсіби дайындыққа бағытталған (студенттердің 62,7%)
  2. Белгілі бір мамаңдыққа  бағытталады. Рухани сұраныстары да "кәсібіне" байланысты шектелген. (студенттердің 10,5%).
  3. Тек қана оқу орындағы бағдарламаны қамтитын білімді алғысы келетіндер (студенттердің 26,8%).

Студенттерді негізінен оқуға қарым-қатынасына, ғылыми, қоғамдық саяси жұмысына жалпы мәдениетке ұйымшылдығына қарап та типтерге бөлуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып 7. ЖОО оқыту іс - әрекетінің  мотивтері

  1. Оқыту ұғымы жөнінде жалпы түсінік.
  2. Оқыту процессінің барысындағы білім алушы іс - әрекетіндегі психологиялық мәселелер.
  3. Білім алушының іс - әрекетін мотивтерді жетілдіру жолдары.
  4. Оқу іс - әрекет ретінде.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие. – Ростов: Феникс, 2002. – 554с.
  2. Основы педагогики и психологии высшей школы. Под редакцией академика АПН ССР А.В. Петровского М. 1986 г.
  3. Әбілхасымова Ә.Е. Студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалаптастыру. Монография. – Алматы: Білім 1994, – 199 б.
  4. Абдулина О.А. Личность студента в процессе профессиональной подготовки // Выс. обр в России. 1993. № 3.

 

Негізінен  оқыту  ұғымына мынандай анықтама беріледі: бұл адамға белгілі бір білімдер мен іскерлік, дағдылардың жүйесінің берілуі. Бір қарағанға мұнда кезкелген оқу процессіне анықама берілген. Шында да, оқу процессіне дейін адамда ешқанда білімде, іскерліктер мен дағдыларда болмайды. Оқу процессінен кейін олар пайда болады. Сонда олар қайдан келді? Осы білімдер мен іскерліктер мен дағдылар жүйесін игерген және оны оқушыларына беретін педагогтан болар. Бұл процес білімде ұрпаққа беру рпоцессі деп аталынады. Алайда білім мен іскерліктер және дағдылар жүйесі қолдан – қолға ұзатып, бір бастан келесі бір басқа алып қояберуге болатын физикалық зат емес бұл процес жүйке – жүйесінің жұмысының нәтижесінде жүзеге асады. Демек бұл процес адамның өз жеке іс - әрекетінің нәтижесінде пайда болатын қбылыс. Бұл көрсетілгендерді яғни білімдер мен іскерліктер және дағдылар жүйесін қатысушылардың өздерінің психикалық іс - әрекеттерінің нәтижесінде жүзеге асады. Егер педагогтың берген біліміне қарсы қатысушының өз іс - әрекеті болмаса ешқандай білімде іскерліктер мен дадылар жүйесіде меңгерілмейді. Бұл жағдайды әрбір педагог өзінің іс – тәжірибесінен біледі. Қатысушының белсенділігі болмаған жағдайда олар ықыласы төмен, еріншек, қабілетсіз деп көрсетіледі.

Осы көрсетілген дерден педагог  пен студенттің арасындағы қарым – қатынас еркін түрде қабылаушы мен  таратушының рөлін атқармауы керек. Мұнда процеске қатысушылардың екеуінің де белсенділігі қажет. Оқытуға былай деп мінездеме беруімізге болады. Бұл нәтижесінде білгілі бір білімдер мен іскерліктер жүйесінің қалаптасуына ықпал ететін оқытушы мен оқушының өзара қарым қатынасы.

Оқытушы оқушыға ықпал  етеді сонымен қатар белгілі  бір нәтижеге алдын – ала жоспарланған мақсатқа қол жеткізеді және қатысушының  белсенділігіне ықпал етеді.  Сондықтан  оқыту ппроцессін былайдеп анықтама берсекте болады  бұл оқушының ішкі және сырқы белсенділігін белсенділігінің артуына ықпал етіп оны басқару. Оқытушы оқушының белсенді іс - әрекет жасауына ыңғайлы жағдай жасайды. Оны бағыттап, бақылап, оған қажетті құрал – жабдықтар мен ақпараттарды беріп отырады. Бір айта кетерлігі адамдағы білім мен іскерлік, дағдылар жүйесі ол адамның жеке белсенділігіннің неғгізінде жүзеге асады.

Қатысушыларда қандай белседілікті қалаптастырған жөн және оны қайда  бағыттаған дұрыс? Оқу роцессі нйтижелі болуы үшін оны қалай ұйымдастырған жөн? Бұл сұрақтардың жауабының шешімі төмендегі негізгі мәселелердің қалай шешілуіне байланысты жүзеге асады: қатысушылардың білімдерінен, іскерліктерінен олардан туындаған заттардан қандай ішкі және сыртқы белсенділіктер байқалады.

Іс - әрекеттің  барысындағы, басқа мақсатта игерілетін «оқу» әрекеті жол – жөнекей  деп аталынады. Мұныңы ерекшеліктері  көптеген экспериментерде дәлелденген. Сонмен бір экспериментте қатысушыларға  суретті картчкаларды топтастыру ұсынылған  еді. Әрбір картчкада сандар жазылған еді. Бір іс – тәжірибеде карточкаларды суреттердегі заттардың ұқсастығына байланысты орналастыру талап етілген болатын. Ал басқасында – қатарды сандард ретімен қойу ұсынлған болатын. Қандай да бір нәрсені есте сақтау талап етілген жоқ. Эксперимен аяқталысымен қатысушылардан кеспе қағаздардағы суреттермен сандарды айтып беруін кенеттен сұрады. Нәтижесі мына төмендегідей болды: бірінші бақылау бойынша суреттер жақсы есте сақталғанда сандар аз – кенм ғана сақталынған, ал екінші бақылау бойынша сандар есте жақсы сақталынған болып шықты. Бұл іс – тәжірибелер келесі ерекшеліктерді көрсетеді:    

1) Өзін - өзі  жетілдіру (бұл жағдайда) қатысушылардың  алдында арнайы міндет жоқ  кезінде (бірдеңені) пайда болады; 2) есте сақтау адамдардың белсенді  әрекетіменен тығыз байланысты;

Мұндай қортындылардан кейін оқу практисымен тығыз  байланысты мынандай қортынды шығады. Мысалыға есте сақтай отырып жүйелі түрде оқытуға соңынан жекелеп илюстратипті әдістерді қолдануға боладыма? Бұл қиын әдіс.

Ал қатысушыларға  сөздік қолдарына бере отырып олардан  ұсынылған мәселеге байланысты ұғымдардың қатарын жасай отырып, оларды топтастыру тапсырылса. Бұл жағдайда қатысушылар арнайы тапсырмасыз ақ білім ала бастайды.

Осындай қортынды пікірлердің негізінде көптеген психологтар мен педагогтар оқытудың арнайы ұйымдастырылмаған түрі тиімді деп санады. Осы арқылы қатысушылар  жасанды, тексерілген және  белгілі  шамадан артық ақпаратты алмайды. Мұнда қатысушылар нақты өмірдің өзінен мәліметтер алып отырады. Осмен қатар оқу Мотивациясы қатсушылардың өзеріктерінен туындайды. Нәтижсінде қатысушының өзі таңдауды өзі жасап және өзіне қажетті ақпаратты есте сақтап қалады. Бұған қатысушылардың оқу іс - әрекетіне үлкен дайындығы, оқу іс - әрекетінің үлкен белсенділігі, оған қол жеткізуде асқан шыдамдылық қажет.

Жоғарыдағы  көзқарастардың негізінде педагогика саласында көптеген теорялар пайда  болды. «еркін қабылдау» (Жан – Жак  Руссо, Л.Н. Талстой, К.Н. Вентцель, Эллен  Кей).  Алайда бұл тоериялардың нәтижесі төмен болды осы себепті психологтар көп іздене отырып мынандай қортындыға келді: арнайы  ұйымдастырылмаған оқыту процессі арнай ұйымдастырлғанына қарағанда тиімділігі төмен болады, арнайы ұйымдастырылмаған оқыту процессі қатысушының едәуір уақытын алады, мұндай жағдайда адам тек өзінің қажеттері мен қызығушылықтарына байланыстысынғана есте сақтайды.

Соңғы нәтижелер  көрсетілген теорияның беретін  нәтижесін көрсетті шындығында адам нені оқып үйренеді, мұнда оның белгілі  бір ерекшеліктері, қызығушылықтары мен қажеттері басты рөл атқарады. Осы себепті үзік – үзік, ешбір жүйесіз болады. 

Олар өз құрамына текқана түрлі ақпараттарды, іскерліктер  мен дағдыларды біріктіреді. Мұның  өзінен арнай ұйымдастырылмаған  оқу процессінен қатысушының  тақырыпты жүйелі түсінбейтіндігін аңғаруға болады. Негізгі мақсаты өзін - өзі оқыту болып табылатын бұл үшін ерекше іс - әркет қажет.оқу процессіне бағытталған мақсаты бар адамның мұндай арнайы әрекеті оқу деп аталынады.

Оқу іс - әрекет ретінде:

Сонымен оқу  белгілі бір іс - әрекеттер жүйесін, іскерліктер мен дағдыларды, білімдерді игеруге бағытталған саналы түрде жүретін іс - әркеттерін басқаруын  айтамыз.

Оқу - өзін - өзі  шыныңда да саналы түрде басқаруының  нәтижесінде жүзеге асатын адамның  арнайы іс - әрекеті. Оқу іс – ірекеті дегеніміз не? Оған берілетін жауаптардың бірі қарапайымғана. Кез – келген іс - әрекет бірнеше физикалық бірнеше іс - әрекеттердің жиынтығы, іс – тәжірибелік не тілдік қарым – қатынас. Жоғары да айтылып кеткендей оқу іс - әрекеті адамның түрлі іс- әрекеттерді орындауының негізінде жүзеге асады. Олар іс - әрекет, хат жазу, сөйлесу т.б. өмірлік тәжірибе және жеке іс – тәжірибелер көрсеткендей оқу іс - әрекеті жағдайында денелік қимыл – қозғалысты іске асыру міндетті түрде қажет емес. Кейбір жағдайларда денелік қимыл – қозғалыс маңызды рөл атқаруы мүкін мысалыға қимыл – қозғалыс дағдыларын меңгерудің барысында, жүзу, сөйлеу, суретсалу, машинаны жүргізу) ал басқа жағдайлада маңызды қызмет атқармайды  мысалы текстер мен сөздік мәтіндерді есте сақтау, матиматикалық тапсырмалардың шешімін табу, заттар ды табу және ерекшеліктерін айыру т.б. Егер оқу  іс - әрекет болатын болса ішкі және сыртқы формаларсыз өмір сүре аладыма? Көпетген зерттеулеер көрсеткендей адам жай іс - әрекеттен басқа таным іс - әрекеттерін де жүргізуі керек. Ондағы мақсат қоршаған ортаны танып білу. Таным іс - әрекеті практикалық іс - әрекет секілді затты және сыртқы болуымүмкін мысалыға жинау және шашу, өлшеу,  заттардың құрамын анықтап білу үшін өзара олардың араласуын жатқызамыз. Бұл сонымен қатар перцептипті түрде де жүзеге асады. Мысалы қарапшығу, тыңдау бақылау т.б. не болмаса симболикалық түрде де суреттер, сипатттау, айтып беру т.б.

Практикалық және таным іс - әрекеттерінен басқа  ішкі немесе ешбір байқалмайтын  іс - әрекеттің түрі бар. Қабылдау көбіне заттардың бейнесін қалыптастыруға ықпал етіп отыратын байқалмайтын перцептипті іс - әрекеттердің негізінде жүзеге асады. Еске сақтау процессі арнайы  мнемикалық іс - әрекеттің барысында жүзеге асып отырадымысалы материялды ұйымдастырудағы ойлану, олардың өзара байланысы мен айрмашылықтарын ойша бөліп қарау, қайталау және схемалаудағы ойлап шешу. Көптеген зерттеулер көрсеткендей ойлау процессінің дамыған формасы ерекше ақыл – ой әрекеттерінің нәтижесінде жүзеге асады.

Көптеген психологтардың еңбектері адам санасындағы туындаған  ойлау және интериозациялық процестер заттық іс - әрекеттің негінде ғана сыртықы көрініс беретіндігін көрсетті. Мысалыға белгілі бір тапсырманы орындауының барысында заттарды бөлшекттеу және жинақтау іс – жүзінде бірінші ой арқылы орындалып сонан кейін ғана іс - әректе түрінде орындалады.Сыртқы таным әрекеттері адам санасында әлі де заттар жөніндегі түсінік образдар толық қалыптаспаған кезде қажет болады. Егер егер белгілі бір зат жөнінде толық түсінік, оның әрекет ету процессінен толық хабардар болсы. Онда қатысушыға ішкі таным іс - әрекетіннің өзі жеткілікті.оқу іс - әректтерін орындау барысында қаралатын мәселеден қатысушының  ешбір хабары болмаса онда оқу іс - әрекетін заттық таным  іс - әрекеттерінен бастаған жөн. Ол өз қолымен қажетті іс - әректті орындауы қажет және іштей бекіту қажет.

Егер қатысушы қарастырылатын мәселеден хабары болса  өз іс - әрекетін ішкі таным әрекеттерінен  бастаса болады.       

 

 

 

 

Студенттердің таным іс - әрекеттерін ұйымдастырудағы психологиялық мәселелелер

Тақырып 8. Студентердің оқыту барысындағы  оң ықпал ететін мотивтерді қалыптастыру шарттары.

 

  1. Мотивтердің пайда болу себептері мен түрлері.
  2. Мотивтердің пайда болу көздері.
  3. Мотивтердің пайда болуындағы
  4. Мотивтердің пайда болуындағы сыртқы және ішкі, жеке тұлғалық  себептер.
  5. Өзін - өзі жетілдіру (ҮЙРЕНУ)  жөнінде жалпы түсінік.
  6. Өзін - өзі жетілдірудің сатылық кезеңдері мен жолдары.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие. – Ростов: Феникс, 2002. – 554с.
  2. Основы педагогики и психологии высшей школы. Под редакцией академика АПН ССР А.В. Петровского7 м 1986 г.
  3. Әбілхасымова Ә.Е. Студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалаптастыру. Монаграфия. – Алматы: Білім 1994 – 199 б.
  4. Абдулина О.А. Личность студента в процессе профессиональной подготовки // Выс. обр в Россий. 1993. № 3.

 

Кез – келген іс - әрекет белгілі бір Мотивтердің (түрткілердің) негізінде пайда болып  белгілі бір жағдайда жүріп отырады. Осы секілді оқыту барысында  да студенттерді таным мақсатында іс - әрекетке итермелеп отыратын Мотивтердің болғаны дұрыс.мұндай Мотивтер сыртқы және ішкі деп екі типке бөлінеді. Сыртқы матиптерге мынандай түрлері жатады: мақтау, жазалау, топтың қысымы, болашақтан үміт күту т.б. оқу мақсаттары тұрғысынан бұлардың барлығы сыртқы болып есептелінеді. Мұндағы іскерліктер мен білімдер текқана белгілі бір мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді. Мысалы: жайсыз жағдайлардан аулақ болу, жеке не қоғамдық жетістіктерге жету, өзін - өзі қанағаттандыру т.б. нағыз оқуға деген мақсат мұнда болмауда тіптен теріс мақсатта болуы да мүмкін. Көбінесе оқу іс - әрекеті адамға жүктелген міндет, негізгі мақсатқа жетудегі кедергі ретінде көрінеді. Осы жағдайға байланысты индивидтің өз ішінде қарама – қарсы күштердің күресі жүреді. Осы себепті  оқу іс - әрекетінді белгілі бір деңгейде күш салу әрекеті байқалып, психикалық ауртпашылық сезіледі. Қандайда бір жағдайларда канфликт «жағдайдан шығу» үшін туындауы мүмкін.  Міне мұндай кезде қатысушылар оқу іс - әрекетін тастай салады және ережені бұзып, өзін - өзі тастап психикалық күйзеліске ұщрауы мүмкін. Жоғары оқу орындарының жағдайында мұндай жағдайлар азкездеспейді.

Информация о работе Дәрістер ша "Педагогикаға"