Дәрістер ша "Педагогикаға"

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 23:00, курс лекций

Описание работы

Бүгінде Қазақстандағы жоғары білім елдің Президентіні Н.Ә.назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиясында анықтап бергендей, басты ұлттық басымдықтардың бірі ретінде жауапты міндет атқарады. Нақ жоғары білім ғана мәдениет түзуші, интеграциялаушы міндет арқылы, білімнің сапасы, аумақтығы мен гумандығы арқылы Қазақстанның өмір сүруін, ұлттық қауіпсіздігі мен гүлденуін қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстандағы жоғары білімді дамыту стратегиясы оны орнықты дамыту, білімді аумақтандыру, үздіксіз білім беру, реформалар процессіндегі үздіксіздігі, әлуметтік даму барысын болжау мүмкіндіктері, мәдениетті, тұрмыс салтынының өзгешеліктері мен құндылықтарды сақтау, бейбітшілік ісіне, адамның бостандығы, құқығына үлес қосу, әлуметтік және этикалық ынтымақтастық концепсиялары негізінде құрылады.

Работа содержит 1 файл

материалы педагогика.doc

— 1.64 Мб (Скачать)

Іс - әрекет қағидасы. Бұл қағида тұлғаның белсенді әрекет етуге итермелей отырып, солбелсенділіктің  негізінде оның дамуының негізін  көрсетеді.

Бұл аталмыш  қағиданың негізі адамның ителектуалдық  дамуын көрсетпейді, сонымен қатар  тұлға ретіндегі дамуында көрсетеді.

Кеңес психологтарынның осындай зертттеулері (Д. Б. Эльконин, П.Я. Гальперин., Н.Ф. Талызин т.б.) оқу  процессіне «іс - әрекеттік жұғысу»  қағйдасын алып келген болатын.бұл  қағйда жоғары оқу орындарындағы  оқу процстерін ұйымдастырудағы секілді білімді игеру барсында да жоғары өнімділік әкелді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып 2. Оқытудың әдістері.

 

  1. Лекция - жоғары оқу орындарында оқытуды ұймдастырудың негізгі формасы ретінде.
  2. Лецияның негізгі түрлері.
  3. Лекцияны жүргізу барысындағы лектордың міндеті.
  4. Лекцияның сапасын бағалаудыағы негізгі критерилер.
  5. Лекторға қойылатын талаптарымен  лекцияның нәтижесінің көрсеткіштер. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

    1. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие. – Ростов: феникс, 2002. – 554с.
    2. Анастази А. Психологическое тестирование. М,.2006
    3. Андреева Г.М. Социальная психология. М.,2000
    4. Бодалев А.А. Психология о личности. М.,1988
    5. Брунер Д.С. Психология познания: за пределами непосредственной информации. М.,1977

 

Лекция - жоғары оқу орындарында оқытуды ұймдастырудың негізгі формасы ретінде.

Жоғары мектепте оқытуды ұйымдастырудың бірнеше  формалары бар.

  Негізгі формасы — лекция. Лекция латынның (           — оқу) деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан. Алғашқы лекциялар ертедегі Грецияда пайда болып, Римде одан әрі дамыды. Ресейде алғашқы лекцияларды өзі ірге тасын қалаған Ресей Университетінде Ломоносов оқыды. Ол лекцияға лекция әдемі сөйеуді, әдемі сөздерді айтуды, тілі байлығын жетілдірудің және оны жүйелі түрде үйренудің қажеттілігі үшін маңызды нәрсе, қажетті сөздер мен ережелерді жаттауды қажетсінбейді" — деп, баға берді. Лекцияның негізгі дидактикалық мақсаты - студенттердің оқу материалын меңгеруіне қажетті бағыттаушы нсгізді қалыптастыру. Жақсы дидактикалық масаттарға сай ұйымдастырған лекция лектордың аудиториямен шығармашылықтық тұрғыдан жасайтын қарым-қатынасы, оның танымдық эмоционалдық тұрғыдан тиімділігі жоғары болады. Егер студенттің ойлау қабілеті белсенді болса, онда жаңа материал оңай, әрі тез оқылады, сондықтан, лекцияда тыңдаушылардың белсенділігі мен ойлау қабілетін тудыру қажет. Лекциялар мазмұны, құрылымы, сипатына қарай әртүрлі болып келеді. Бірақ, жалпы басшылыққа алатын әдістсмелік ереже, қағидалар ортақ болады.

Лекцияның үш түрі болады:

  1. Кіріспе.
  2. Ағымдағы лекция.
  3. Қорытынды немесе шолу лекциясы. |
  4. Кіріспе — мұнда пәннің мақсаты, ғылымдар жүйесінде алатын орны, сол мамандыққа қажеттілігі, яғни рөлі, сол пән ғылымының пәні, әдіснамалық негізі, әдістер проблемалар мен гипотезалар, даму перспективасы, іс-тәжірибесі, яғни практикамен байланысы, теориялық материалдар, даму тарихы студенттердің болашақ мамандығына байланысы, пәнге байланысты оқулық, оқу-әдістемелік құрал, ғылыми әдебиеттермен таныстыру сияқты проблемалар сөз болады.
  5. Ағымдағы лекция — оқу жоспары нсгізінде жасалған типтік бағдарламаға сәйкес жұмыс бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
  6. Қорытынды, шолу немесе қорытынды лекция — бағдарламаға сай, белгілі бір пәннің толық курсын оқып бітілуіне байланысты мемлекеттік емтихандар алдында оқылады.

Лекция оқу барысындагы лектордың міндеті студенттердің жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, яғни лекцияны тыңдау, қабылдауы, түсінуі сияқты танымдық процестердің белсенді жүруін байқай отырып, қадағалап отыруы. Өтілген материалды өңдеу, тұжырымдап, қорытынды жасау. Сонымен бірге, тыңдай отырып, жазып алу қабілетін қалыптастыру. Дұрыс әрі тиімді ұйымдастырған лекцияның тәрбиелік маңызы арта түседі, яғни, ойлау, еңбек әрекеті, пәнге деген ынта, ықылас және қызығушылық дамып, қалыптасады.

Лекцияның сапалылығын бағалауда мынадай критерийлер колданылады:

  1. Лекцияның мазмұны

Оған:

а) ғылымилығы — қазіргі кездегі ғылымның дамуына, 
жетістігіне сәйкестілігі;

о) саяси  бағыттылығы — дүниетанымдық идеяларды бөліп алу, жекелеу, әдіснамалық сұрақтарды ажырата біліп, оларды түсіндіру;

б) ойлаудың белсенділігі — проблемалық сұрақтар қою 
және пән аралық байланыстарды анықтау;

  1. Оқытудың әдісі — лекцияның құрылымы, логикасы, жоспары, әдебиеттер, қосымшалар, жаңа терминдер, дәлелділігі мен дәйектілігі, негізгі ойлар мен қорытындылар, оларды ажырата білу, көрнекілік кұралдар, жекеленген жазбалар, тірек конспектілерді қолдану.
  2. Студенттер жумысына басшылық - лекция, конспектілерді жазу, сұрақ-сауал, дискуссия ұйымдастыру.

Лекторға қойылатын талаптар: пәнді жетік білу, идеялық сенімділік, көңіл - күй, дауыс ырғағы, сөз құрамының дұрыстығы мен нақтылығы,         демалысы, сырт көрінісі, өзін-өзі аудиторияда ұстай білуі, аудиторияны "көре" және "сезе" білуі, аудиториямен байланыста болуы.

Лецияның нәтижесі: ақпаратты құндылығы, тәрбиелік әсері, дидактикалық мақсатқа жетуі.

Сабақтың  эмоциялық - интеллектуалдық қуатын арттыру

Сабақтың эмоциялы әсерлі, интеллектуалды қуатты болуы - сабақты тиісті мәнде ұйымдастырып, түрлендіре білуге байланысты. Ол үшін сабақты айнала өмірімен байланыстырып, белсенді әсерлігін арттыру, эмоциялық сезім туғызарлықтай, күш-қуатын арттыру керек.

Оны мынадай  жолдармен жүзеге асыруға болады: Біріншіден, оқитын материалды қызықты-тартымды етіп хабарлау, қызықты мысалдар келтіру, мысалы, кейбір тәжірибелі мұғалімнің тарих сабағын түсіндіргенде келтірген

Екіншіден, сабақты  ғылыми-жаңалық ашушы ғылымдардың  өміріне байланысты қызықты-тартымды материалдар беру, олардың жаңалық  ашудағы шығармашылдық қасиеттері оның ақыл-ой парасаттылығына сай  келетіндігін мысалдармен әсерлеп  айту.

Үшіншіден, сабақ үстінде оқушылардың шығармашылық ісіне түрткі боларлықтай материал беріп, проблемалар туғызып, ынталарын соған аудара білу. Мысалы, Күн Жерді тез жылыта тау басын тез жылыта ма?

Төртіншіден, мұғалімнің оқу материалын хабарлап-баяндаған  уақытта образды-бейнелі түрін баяндап эмоция-сезімін жандандыра білуі.

Бесіншіден, сабақтық эмоциялық-инттелектуалдық қуатының артуына мұғалімнің жеке бас ерекшелігінің  де әсері болады. Кейбір мұүғалімдер  қызықты юморлық мысалдары сабаққа  байланысты қолдана отырып, бір жағы оқушылардың тыныс дем алу мүмкіндігіне де пайда тигізеді. Сол сияқты физкультуралық минут, коллективтің көңілді минуттарында ұйымдастыра білу керек.

Алтыншыдан, мұғалім  сабақтың интеллектуалдық-эмоциялық  сапасын жетілдіру үшін еңбек  мәдениетін дұрыс ұйымдастырады. Тәртіп сапасы, сабақ желісі, шамагершілдік, бәрін есепке алып, бір-бірімен үйлестіре білуі керек.

Мұғалімнің, әсіресе  жас мұғалімдердің күнделікті өзіне-өзі  бақылау жасап отыруы, оның кемшіліктерден тез арылып, педагогикалық шеберлігінің жетілуіне мүмкіндік береді.

Ол үшін мұғалім  өзіне-өзі талаптар қойып, мынадай принциптерді жүзеге асыруы керек:

- сабақты қандай әдіспен қандай мәнде өткізу керек еді, ол ңақты қалай жүзеге асырылады?

- оқушылардың алдыға қойған сабак, нәтижесіне сай оқушылардың   ілгірлеушілігі   болды   ма,   болмаса   жетістік, кемшілігі қандай дәрежеде?

- оқушылардың сабақ үстінде сабаққа деген ынтасы қандай дәрежеде?... т.б.

Сабақ сапасының  жаңа өлшемі, сабаққа қойылатын дидактикалық талап, немесе жаңа сабақ проблемасы мынадай шаралар жүргізу арқылы шешіледі:

1. Сабақтын мақсатының айқын болуы.

2. Сабақты мүмкіншілігінше  оқытудың дидактикалық принциптерін  басшылыққа алу.

3. Сабақтық көрнектілігін  арттыру, техникалық құралдарды  мүмкіндігінше пайдалана білу.

4. Сабақта өтілетін негізгі тақырыпты, өмірмен, күнделік жаңалықтармен байланыстыра білу.

5. Пәнаралық  байланысты нығайта түсу.

6. Сабақтың білім  берумен бірге, тәрбие берерлік  міндеттерін шеше білу.

Тақырып 3.  Оқытудың ойын әдістерін мақсатын анықтаудың, өңдеудің, өткізудің принциптері.

 

  1. Зерттеу жұмысының логикасы және зерттеу жұмысының тиімділігін арттырудың маңызды шарттары
  2. Жалпы, жалпы ғылыми, арнайы зерттеу әдістері.
  3. Тәжірибені зерттеу әдістері
  4. Әдебиетпен жұмыс жасау әдістері

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Основы педагогики и психологии высшей школы. Под редакцией академика АПН ССР А.В. Петровского7 м 1986 г.
  2. Абдулина О.А. Личность студента в процессе профессиональной подготовки // Выс. обр в Россий. 1993. № 3.
  3. Андреева Г.М. Социальная психология. М.,2000
  4. Бодалев А.А. Психология о личности. М.,1988
  5. Брунер Д.С. Психология познания: за пределами непосредственной информации. М.,1977

 

Зерттеу жұмысының логикасы және зерттеу жұмысының тиімділігін арттырудың маңызды шарттары

Ғылыми  зертеу жұмысының  логикалық бірлігіне 

  1. Ғылымның пәні мен сол ғылыми құбылыстардың танымдық логикасын анықтау.
  2. Жалпы зерттеудің ерекшеліктері, сол ғылым төңірегіндегі зерттеушінің зерттеу жұмысына дайындығы.
  3. Сын және өзара сын.

Жоғарыда  көрсетілген негізгі мәселелердің бірінші тобына ғылымның пәні, жүйесі, бірлігі, өзара байланысы, басқа ғылымдармен байланысы, маңызы мен мәні және сол зерттеулердің әдісі мен әдіснамалық негізін жетілдіру жатады.

Зерттеу жұмысының логикасы, яғни қисыны төмендегідей:

1. Теориялық, эксперименттік зерттеулердің қызметі мен сипатын анықтау.

  1. Зерттеу мәселелері мен ғылыми болжамдарды негіздеу.
  2. Зерттеулердегі ғылыми фактілерді анықтау.
  3. Зерттеу материалдарын жинақтау және қорытындылау.

Зерттеу жұмысының тиімділігін арттырудың маңызды шарттары мыналар:

  1. Өзекті, яғни көкейкесті мәселелерді зерттеп, іріктеу.
  2. Зерттеу жұмысының бағыттылығы.
  3. Зерттеу жұмысының объектісін анықтау.
  4. Зерттеу жұмысында кешенді әдістерді қолдану.
  5. Ғылыми жаңалықтар ашу.

Жалпы зерттеу жұмыстарының 3 деңгейі болады:

  1. Эмпирикалық деңгей — ғылымның жаңа фактілерін анықтап, соның негізінде заңдылықтардың жасалынуы.
  2. Теориялық деңгей — мұнда бұрынғы фактілерді түсіндіруге қажетті жалпы педагогикалық зандылықтар анықталады.
  3. Әдіснамалық деңгей — мұнда алдыңғы екі деңгей негізінде педагогикалық зертеулердің жалпы қағидалары мен әдістері анықталады.

Қандайда  да болсын ғылымның зерттейтін пәні ғана емес, алға қойып отырған міндеттерді шешуге көмектесетін зерттеу әдістері де болады.

Психологиялық зерттеу әдістерін байыту мен дамыту ғылым дамуының маңызды факторы болып табылады.

 

Жалпы, жалпы ғылыми, арнайы зерттеу әдістері.

Бір кездері  зерттеу әдістері философиялық, әлеуметтік және ойша құрылымның негізінде жасалып, психологиялық идеялар атақты ойшылдардың шығармашылық қызметінің нәтижесі ретінде көрінген. Алайда, теориялық қызметті практикалық іс-тәжірибемсн ұштастырып жүргізуді ғалымдар дамыта түсті.

Жалпы психологиялық  зерттеу әдістерін бірнеше топқа  бөліп қарауға болады:

  1. Жалпы.
  2. Жалпы ғылыми.
  3. Арнайы әдістер.

Жалпы әдіс - жалпы және әмбебап сипатқа ие болады. Сондықтан бұл әдіс әртүрлі ғылым салаларында қолданылады. Ғылыми тұжырымдау процесіне бағыт бере отырып, кез келген ғылыми зерттеу жұмысында әдіснамалық міңдетті орындайды.

Жалпы әдіс 2-ге бөлінеді:

Жалпы ғылыми.  Бұл барлық немесе бірқатар ғылым саласында қолданылатын әдістер. Оған эксперимент, математикалық әдістер және т.б. жатады.

Арнайы нақты ғылыми.

Жалпы ғылыми әдіс — барлық немесе бір қатар ғылым саласында қолданылады. Бұған эксперимент жөне математикалық әдістер жатады.

Информация о работе Дәрістер ша "Педагогикаға"