Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 23:00, курс лекций
Бүгінде Қазақстандағы жоғары білім елдің Президентіні Н.Ә.назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиясында анықтап бергендей, басты ұлттық басымдықтардың бірі ретінде жауапты міндет атқарады. Нақ жоғары білім ғана мәдениет түзуші, интеграциялаушы міндет арқылы, білімнің сапасы, аумақтығы мен гумандығы арқылы Қазақстанның өмір сүруін, ұлттық қауіпсіздігі мен гүлденуін қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстандағы жоғары білімді дамыту стратегиясы оны орнықты дамыту, білімді аумақтандыру, үздіксіз білім беру, реформалар процессіндегі үздіксіздігі, әлуметтік даму барысын болжау мүмкіндіктері, мәдениетті, тұрмыс салтынының өзгешеліктері мен құндылықтарды сақтау, бейбітшілік ісіне, адамның бостандығы, құқығына үлес қосу, әлуметтік және этикалық ынтымақтастық концепсиялары негізінде құрылады.
Президеттінің жолдауындағы басты идеялар мен тапсырмаларды іске асыру үшін білімнің басты мақсаты студенттерді қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан шындалған жеке тұлға, реформаға белсенді қатысушы және оны жалғастырушы ретінде тәрбиелеу. Бұл педагогикалық корпустың білім деңгейіне, оның кәсіптік даярлығының сапасына тәуелді екендігі белгілі. Маман даярлаудың қолайлы жүйесін қалыптастыру үшін оқытудың мазмұны, әдісі мен формасын айқындап, мақсатын анықтап алу керек. Сонымен бірге студенттер өзінің тандап алған мамандықтарына қызығушылығын арттырып, іскерлік дағдыларын қалыптастырып, педагогикалық шеберліктерін шындау, білім алуға деген құштарлықтарын дамытуы қажет, әсіресе оқыту барысында шәкірттердің оқу-танымдық белсен-ділігін арттыру мен арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен.
Ежелгі Рим философтарының түсіндірмелерінде білімді игеруде шәкірттердің белсенді танымдық ізденімпаздығы айтарлықтай рөл атқарады деген пікір айтылады. Оқытуды күшейту құралы ретіндегі оқушылардың танымдық ізденімпаздығы туралы пікір Я.А.Коменскийдің еңбектеріңде, сонан соң И.Г.Песталлоций мен А. Дистервегтің еңбектерінде терендетіледі. Мәселен, А.Дистерверг оқыту барысында баланын оқуға деген ынтасының бәсеңдеуін, өзіне деген сенімсіздіктің белең алуына, кереғар ой-пікірлердің олардың санасын билеп алуына жол бермеу керектігін айтқан. Ал кез-келген оқу пәндерінің алдында не үшін оқиды, нені оқытады, қалай оқытады деген үш сұрақ адамзат баласын қолына қалам алып әріп тани бастағаннан үздіксіз зерттеліп, оның жауаптары үнемі жетілдіріліп, толықтырылып келеді. Ахмет Байтұрсыновтың тағы бір енбегі "Мектеп керектеріне" жүгінсек ол былай дейді: "Мектептің жаны — мұғалім. Мұғалім қандай болса мектебі сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, білген білімін балаға үйрете білген болса, ол мектептің балалары көбірек білім алып шығады. Бұл орайда педагогикалық оқу орындарының алатын орны ерекше.
2. Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі және білім беру саясатының негізгі принциптері. Практикалық, демократияландыру, сабақтастық прициптері
Педагогикалық талдау арқылы әр елде, аймақта және дүние жүзінде білім беру саясатының жалпы негізгі принциптерін анықтау міндеті алға қойылған.
Практикалық бағыттылық принципі — оқыту мен тәрбиелеудін өмірімен, тәжірибемен, қоғамдық пайдалы өнімді еңбекпен байланысы.
Демократияландыру приципі — Әлеуметтік саясаттың дүние жүзінің көп елдеріндегі негізгі принципінің бірі білім беруді демократияландыру деп жарияланған. Бірақ, бұл үғымның мазмұны өзгермсй тұрмайды. Бұрынырақ мемлекеттік өкіметтер білім беруді демократияландыруды көбінесе құқықтық жағынан қарастырып, толық орта және жоғары білімге жастарды көбірек тартуды оның басты көрсеткіші деп есептеп кследі. Қазір демократияландыру кең ауқымда түсініледі. Білім беру жөніндегі жаңа заңдар жәнс педагогикалық құжаттар білім берудің әр түрлі барлық сатыларының қатаң сабақтастығы орнатылуын, оқуға мүмкіндік болуын көздейді. Оқу орындарының барлық түрлерінде оқу сапасын көтсрудің, білім берудің мазмұнын өмірімен байланыстырудың, оқушыларды жоғары азаматтык, моральдық жәнс эстетикалық мұраттарға тәрбиелеудің аса маңыздылығын атап көрсетіледі. Бұл міндеттерді орындау ең дамыған елдердің өзіндс де толық жүзеге асырылмай жатыр. Барлық елдерде шешілмеген мәселелер орны алуда.
Мемлекеттік принцип — білім беру жүйесінде мемлекеттік мақсат пен міндеттср бірінші орында, болуы қажет. Мемлекеттік оқу орындарында міндетті тегін білім беру, студенттер мен оқушыларға степендия беру жәнс жеңілдіктер берілуі керек.
Еркін таңдау принципі — оқушылардың қай тілде, қай оқу орнында (мемлекеттік, жеке меншік) оқуына ерік беру. Оқулық, оқу нысаны мен әр түрлі болуы ескеріледі.
Сабақтастық приципі — оқу орындарының барлық түріңде оқуға, оқудың төменгі басқышынан жоғарғы басқышына өтуге еркіндік болуы.
Қоғамда орнын табуға көмектесу принципі оқу мен тәрбиелеудің бірлігі, оқу-тәрбие мекемелері мен отбасы, қоғамдык ұйымдар мен еңбек ұжымдарының балалар мен жастарды тәрбиелеуде ынтымақтасу.
Білім беруде қоғамдасу принципі — кең мағынада алғанда, білім беруде дүниежүзілік коғамдасу, оның мысалы Батыс Еуропа елдеріндегі қоғамдастық жәнс ЮНЕСКО ұйымдастырған білім берудің аймақтық 4 бағдарламасы: Латын Америкасы. Африка. Азия және Қазақстандағы білім беру жүйесі (ҚР-нын Білім туралы заңы негізінде 1999 жыл)
"Азаматтардың білім алу құқығын мемлекет Қазақстан Республикасының Конституңиясына сәйкес білім беру жүйесін дамыту және білім алу үшін тиісті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етеді" (Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, 1999, маусым).
3. Қазақстандағы орта және жоғары білім беру жүйелерінің айрмашылықтары. Жоғары оқу орындары рейтингтерінің жүйесі
Бүгінгі танда жас ұрпақ алдында "Қазақстан — 2030" бағдарламасындағы Барлық қазақтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы деген ұзақ мерзімдік міндетін үшінші мыңжылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр. Оқытудың мәңгілік сауалы: "Нені оқыту, қалай оқыту" күрделіленіп барады. Біріншіден, білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамып ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Ендігі жерде көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп отыратын қоғамда күш-жігерін қай салаға бұру керектігін оқушы өзі таңдайды. Қазіргі кезде оқушыларды ғылыми жұмыстарға бару, заман талабына сай өз ойын еркін жеткізе білетін дарынды, білімді де салауатты тұғаны қалыптастыру жолындағы жасампаз еңбек адам баласы қызмстінің ең күрдслі түріне жатады.
Орта білім беру саласында Үкімет азаматтардың мемлекеттік білім беру мекемелерінде тегін орта білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге мектеп жасындағы балаларды оқуға толық қамтуға, білім беру процесінің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты жалғастырады.
Жоғары білім беру саласында Үкіметтің қызметі ел дамуының стратегиялық бағыттарында кадр құқығын сақтауға және дамытуға, ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарын интеграциялауға, басым бағыттар бойынша жоғары білікті ғылыми кардрларды даярлауға және аттестатциялауға жоғару оқу орындарын оңтайландыруға, мамандарды даярлаудың сапасын көтеруге бағытталатын болады.
Орта білім беру жүйесінде балаларды мектепке дейін даярлаудың енгізілуіне байланысты мектепке дейінгі тәрбиенің педагогикалық қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру, бастауыш және орта кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, техникалық және арнаулы пәндер бойынша оқу, оқу-әдістемелік әдсбиеттерін әзірлеу жәнс кезең-кезеңмен енгізу жөніндегі шараларды жүзегс асыру.
Жоғары білім беру жүйесінде білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеудің конкурстық жүйесі енгізіледі;
Ел азаматтарының кәсіптік білім алуы үшін мемлекеттік білім гранттары мен несиелері жүйесі дамытылады;
Жоғары
оқу орындарын олардың
4. Жоғары оқу орындары рейтингтерінің жүйесі енгізіледі;
Ғылым мен жоғары білімді кезең-кезеңімен интеграциялау жүзеге асырылады;
Білім берудін бірқатар объектілерін 3-5 жылғы сенімді басқаруға беруге, осы ұйымдардың ұжымдарына кейіннен белгілі бір шарттарды орындаған жағдайда жекешелендіру құқығын беру жөнінде эксперимент басталды;
Білім берудің барлық деңгейлеріне арналған оқулықтар мен оқу құралдарының жаңа нұсқаларын конкурстық негізде әзірлеу және шығару жалғастырылады.
Орта білімнің екінші сатысы
Білім деңгейін жіктеу мен білім түрлерін анықтаудағы өзгерістер Білім туралы, Жоғары білімі туралы зандарды қоса алғанда, норМотивтік актілерді халықаралык практикаға сәйкестендіру үшін оларға аздаған түзсетулер енгізуді қажет етеді.
Жоғары мектеп психологиясы психология ғылымының бір саласы ретінде. Жоғары мектеп психологиясының міндеттері. Жоғары мектеп психологиясының методологиялық негіздері. Жоғары мектеп психологиясының ЖОО – дағы оқу процессін жетілдірудегі орыны.
Жоғары мектеп
психологиясы психология ғылымының
бір саласы болып табылады. Жоғары
психология ғылымы негізінен жоғары
мектептегі оқу – тәрбие процессінің
барысының психологиялық
Жоғары мектеп психологиясы студенттердің таным процестерін зерттей отырып, педагогикалық әдістердің нәтижелілігін анықтауға мүмкіндік береді. Жоғары мектеп психологиясын зерттеу жұмыстарының дамуы психология ғылымына қарағанда аздап кешеуілдеп дамыды. Салыстырып қарайтын болсазқы жоғары мектеп психологиясы мәселелерін зерттеу жұмыстары 60 – шы жылдарды жүйелі түрде дами бастады. (С. И. Архангельский, С. И. Зиновьев, Т.В. Кудряцев, А.М. Матюшкин ж.б.) жоғарыда көрсетілген осы оқымыстылардың еңбектерінде жоғары мектеп психологиясы және жоғары мектепкке қатысты мәселелер талқыланды. Бір айта кетерлік мәселе шешуін таппаған сұрақтардың қатары аз емес. Кезкелген еңбек саласында интеллекьтудық факторлардың көлемі артып келеді. Осы ған орай білім беру саласында да көптген жаңалықтар енде. Осы себепті қазіргі уақытта интеллектуалдық қабілеті жоғары дамыған, шығармашылықпен ойлай білетін, белсенді тұлғаны қалыптстыру міндеті тұр.
Ертеректе жоғары оқу орындары мен мектептердгі дәстүрлі міндеттердің бірі бұл қатысушыларды біліммен қамсыздандыру болатын. Қазіргі уақытта бұл міндет есепке алынбайды. Алайда бүгінгі күнгі ғылыми – техникалық даму әрбір жеке тұлғадан оқу іс - әрекетін дұрыс ұйымдастыра алуды, білім алуды, шығармашылық іскерлігін дамытудың тиімді формаларын игеруді, қысқа уақыттың ішінде көлемді ақпарат алуды талап етеді. Осы себепті бұл мәселені шешуде психологияның көмегі зор болсақ.
Көптеген жылдар
бойы оқу процессіндегі
Білім алу барысындағы міндеттерді шешуде студенттердің іс - әрекеті аса жоғары белсенділікті қажет етеді. Л.С. Выготскидің концепсиясы бойынша адам қоғамның толыққанды мүшесі болуы үшін. Жеке адам тарихи материялдық және рухани құндылықтар негізінде белгіленген адамдамдардың алдыңғы іс – тәжірибесін меңгеруі қажет. Сонда ғана жеке адам қоғамның толық мүшесі юолып есептелінеді. А.Н. Лентев бұл ойды жалғастыра отырып былай деді. «бұл процесс адамның жеке функциялары мен қабілеттерінің тарихи қалыптасуынан көрінді».
Бұл ой – пікірлерді
адамның психикалық дамуы әлуметтік
іс – тәжірибенің негізінде
Тұлғаның
жеке ұстанымдары,
Осындай канцепсиялардың
бірі ақыл – ой іс - әрекетінің сатылық
қалыптасуы. Бұл жайында 50 – ші
жылдарда П.Я. Гальфериннің еңбегінде
кеңінен баяндалады. Ондағы қортынды
пікір білім қатысушылардың жүйелі
іс - әрекеттерінің негізінде қалыпт
Жоғары мектеп психологиясының іс - әрекетпен сананың бірлігі деген принципіне негізделе отырып белгілі психологтар П.Я. Гальферин мен Н.Ф. Талызина және олардың әріптестері білімді игеру процессін белгілі бір іс - әрекетті орындау және меңгеру негізінде жүзеге асады деп белгіледі. Бұл көзқарас тұрғысынан алатын болсақ психикалық іс - әрекет қоршаған ортаның сыртқы материялдық шынайы ба\ейнесі. Ішкі жаңа психикалық, ойлау әркеттерінің әдістері материялдық не материялға айналдырылған әрекеттерсіз өтуі мүмкін емес. Бұл ой әрбір әрекет нақты заттар негізінде жүреді дегенді білдіреді. Келесі кезектегі дыбыстап сөйлеунегізінде жүзеге асады, іс - әрекеттің барысы баяндалады. Келесі кезекте іс - әрекет сыртқы формадан ішкі әрекетке айналады. Педагог қатысушылардың әрбір іс - әрекетін бақылап берілген білімді меңгеруін қадағалауына болады.
Таным іс - әрекеттерінің бағдарламалық бөлімінің сапалы меңгеру мына төменжегі анықтамамен анықталады – қатысушылардың белгілі бір іс - әрекетті орындауының барысындағы объективті жағдайдың жиынтығы. Ақыл - ой іс - әрекеттерін сатылы меңгеру теориясына сәикес – бұл ойлау әрекетінің маңызды бөлімдерін меңгеру бағдарламаны меңгеру негізінде ғана қалыптасатындығын көрсетеді. Ал қалғандары сол көрсетілген маңызды бөлікті құраушы ған болып қалабереді.
Совет психологтарының бір қатар еңбектерінде (Н.А. Менчински., Г.С. Костюка.) қатысушылардың материялдарды меңгеруі өзкезегінде оқу іс - әрекеттерінің әдісін анықтайтын таным процестерінің орналасу құрылымына қарай жүреді делінген. Сонымен қатар қатысыушылардың сабақты меңгеруі оқылатын материялдардың мазмұнына, және әдістеріне байланысты болады депте көрсетіледі. Қатысушылар педагогтың басқаруында болған жағдайдың өзінде олардың әрекеттерінен жаңа типтегі міндеттерді шешудегі өзіндік әрекеттер де байқалған. Осы жағдайда білім беру процессінде дамытушылық эфект пайда болады.
Таным мәселелерін өзінің жеке әрекеттерімен шешу арқылы қатысушылардың ойлау қабілеттері қалыптасадыма пробълемалық жағдайдан жолтауып шыға аладыма?, деген сұрақты Д. Б. Эльконин мен В.В. Давыдов өзалдыларына сұрақ етіп қойған болатын және мына төмендегі болжам ұсынылған болатын. – Қатысушы ойлау процессін өздігінен жеткілікті деңгейде жүргізе алмаса оқу процессіның барысында білім алудың өнімділігі төмен әдісі қолданылады. Оқу процессін басқаша ұйымдастыра отырып, соған сәикес нәтижеге жетуге болады.