Дәрістер ша "Педагогикаға"

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 23:00, курс лекций

Описание работы

Бүгінде Қазақстандағы жоғары білім елдің Президентіні Н.Ә.назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиясында анықтап бергендей, басты ұлттық басымдықтардың бірі ретінде жауапты міндет атқарады. Нақ жоғары білім ғана мәдениет түзуші, интеграциялаушы міндет арқылы, білімнің сапасы, аумақтығы мен гумандығы арқылы Қазақстанның өмір сүруін, ұлттық қауіпсіздігі мен гүлденуін қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстандағы жоғары білімді дамыту стратегиясы оны орнықты дамыту, білімді аумақтандыру, үздіксіз білім беру, реформалар процессіндегі үздіксіздігі, әлуметтік даму барысын болжау мүмкіндіктері, мәдениетті, тұрмыс салтынының өзгешеліктері мен құндылықтарды сақтау, бейбітшілік ісіне, адамның бостандығы, құқығына үлес қосу, әлуметтік және этикалық ынтымақтастық концепсиялары негізінде құрылады.

Работа содержит 1 файл

материалы педагогика.doc

— 1.64 Мб (Скачать)

2. Сабақ үстінде  студенттермен педагогикалык, қарым-қатынас  қандай болу керек?

II. Жеке студенттермен жұмыс:

а) Нашар үлгермеушілермен жеке жұмыс.

ә) Үздік студенттермен  жұмыс.

III. Сабақта жаңа материалды студенттерге меңгерту жолдары мен әдістері:

Осы сияқты сұрақтарға толық жауап беріп және оны  іс-жүзіне асырған кезде сабақтың тиімділігі арттырылады. Сабақ өз мақсатына жетеді.

Семинар сабақтары жоғары мектепте гуманитарлық пәндерді оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде

Семинар сабақтары, негізінен, жоғары мектепте гуманитарлық пәндерді оқытуды ұйымдастырудың формасы болып табылады.

Студент семинар сабағына дайындалу барысында өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеп, дайындалады (талдау жасау, рефераттар жазу, баяндамаларға дайындалу, т.с.с.)

Семинар сабақтары - студенттердің шығармашылық іс-әрекетін дамытудың бірден-бір жолы.

Семинар латынныц «Seminarium» деген сөзінсн шыққан. Семинар ертедегі грек, рим мектептерінде диспут, комментарий, қорытынды түрінде өтілген.

Семинар сабақтарының маман даярлауда маңызы зор, себебі әртүрлі, күрделі міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызады, студенттердің  шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамытады. Семинар сабағында студенттер ғылыми ақпаратты меңгереді, ғылыми жұмыстарды жазу, өндеу дағдысы мен іскерлігін дамытады, материалды ауызша немесе жазбаша түрде айтып, жазып беру өнерің игереді.

Семинар сабағының негізгі мақсаты және оған дйындалудың реттік жолдары.

Семинар сабағының бірден-бір мақсаты лекцияда алған білімді терең үғыну, проблемаларды шешу, проблемалық ситуациялар мен есептерді ойластырып, талдау, өз позицияларын айқындап, анықтау.

Семинар сабағына дайындықтың бастауы — әдебиетпен жұмыс істеу, талқыланатын мәселелер мен сұрақтарға дайындалу. Семинар сабағы өзінің әдістемесі мен ерекшеленеді, яғни әдістемесінің әртүрлі, көп қырлығымен.

Семинардың  жоспары, қарастырылатын сұрақтар алдын-ала белгілі болады, онымен студенттер алдына-ала танысады. Сол бойынша барлығы дайындалады. Келесі бір әдісі — белгілі бір тақырыптарға, белгілі бір студенттер арнайы дайындалады. Бұл жағдайда оқытушы студент баяндамасының өз бетінше шығармашылықпен, жауапкершілікпен жұмыс істеу деңгейін бағалайды. Қалған студенттер тек тыңдаушылық ғана рөлін орындамау  үшін топтың белсенділігін (сабақ үстіндегі) арттыру үшін оқытушы тақырыпқа байланысты, мүмкіндігінше, көптеген қосымша сұрақтар дайындауы керек.

Жоғары  курстарда жүргізілетін арнаулы семинарлар және оларға қойылатын талаптар мен қағидалар.

Семинарға дайындалу  үшін оқытушы негізгі және қосымша  әдебиеттердің тізімін береді.

Семинар арнаулы семинар, жеке семинар, ағымдағы семинар болып бөлінеді. Жоғары курстарда арнаулы семинарлар жүргізілсді. Семинар сабақтарының сапалылығын анықтайтын критериилер:

- мақсатқа бағыттылығы теориялық материалды 
болашақ кәсіби іс-әрекетте, материалды нақты іс жүзінде 
қолданумен    байланыстыру;

- жоспарлау - басты мәселелерді бөліп алу;

  • ұйымдастыру — пікірталас, пікіралысуды қолдау, студенттсрдің жауаптарына талдау жасау;
  • Семинарды жүргізу стилі — белсенді;
  • Оқытушының студенттермен қарым-қатынасы, талап қоя отырып, құрметтей білу немесе бейтараптық;
  • Студенттердің оқытушыға қарым-қатынасы — сыйластық, өзара сын;
  • Топты басқару - оқытушының топта өзін-өзі еркін ұстауы, сснімділік, әдіддік немесе керісінше көп ескертулер жасауы, дауысын көтеру, топта тек бірнеше студентпен ғана жұмыс істеуі, т.б.
  • Оқытушынын қорытындысы — кәсіби шеберлікпен, сенімділікпен немесе керісінше;
  • Студенттердің жазба жұмыстарын үнемі, жүйелі түрде жүргізу  немесе керсінше.

Көптеген жағдайларда семинар сабақтарында іскерлік ойындар ұйымдастырылады (мамандыққа байланысты).


Семинар сабағын өткізгенде оқытудың дидактикалық қағидалары орындалуы тиіс. Атап айтқанда:

Оқытудың тәрбиелігі, яғни болашақ мамандыққа деген қызығушылығын дамыту, арттыру өзін-өзі тәрбиелеу, кәсіби тұрғыдан тәрбиелеу;

Оқытудың ғылымилығы — ғылымның соңғы жаңалықтары, жаңашыл мұғалімдер тәжірибесі оқытудың жаңа технологиялары, педагогикалық инноватикалар, педагогикалық терминдер, студенттердің ғылыми көзқарасы мен педагогикалық тұрғыдан ойлай білу қабілеттерін қалыптастыру;

Оқытудағы саналылық — қағидалар мен зандылықтарды саналы түрде ұғыну, оларды іс-жүзінде пайдалы білу;

Теорияның практикамен байланысы — теориялық материалдарды бекіту, байқаумсн байланысы, т.б. қорытындылап, тұжырымдауды, нақты іскерліктерді қалыптастыру, т.б.

 

Тақырып 11. Студентердің өзідік жұмысы.

 

  1. Студенттердің өзіндік жұмысының маңызы, мәні.
  2. Студенттердің өзіндік жұмысы —  нақты бір нәтиже алу бағытталған іс – әрекет ретінде.
  3. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың кезеңдері.
  4. Студенттердің өзіндік жұмыстарының ұйымдастырылу ерекшеліктері.
  5. Студенттердің өзіндік жұмысының студенттердің танымдық ізденімпаздылығының қалыптасуына ықпалы.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие. – Ростов: феникс, 2002. – 554с.
  2. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Курс лекций. М.,2004
  3. Лентьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М.,2002
  4. Лурия А.Р. Язык и сознание. М.,2003
  5. Лурия А.Р. Общая психология. М.,2002

 

Студенттердің өзіндік жұмысының  маңызы, мәні

Студентердің  өзіндік жұмысы жоғарғы мектепте барлық жағдайда болашақ  мамандардың  тұлғасын қалыптастыруға  әсер ете отырып, оның оқу, әдеби қайнар көздерімен жұмыс істеу дағдыларымен білімін қалыптастыруда маңызды орын алады.

Болашақ мамандарды даярлауда студенттердің өзіндік  жұмысының маңызы, оны ұйымдастыру  мен жоспарлаудың маңызы артып отыр.

Жоғары  мектепте оқыту, педагогикалық қызмет, ғылыми жұмыс бір-бірімен тығыз байланыста жүргізіледі.

Студенттердің өзіндік жұмысы оқыту процесінде студенттердің саналылығын, белсенділігі мен дербестігін арттырып, абстракпиялық ойлау мен корнектіліктің байланысы мен білімнің берік болуына көмектеседі. өздігінен дербес жұмыс жоғары мектептерде оқу жұмысының сапасын арттыруда, оның нәтижесін біліп отыруда өте маңызды, керекті процестің бірі.

Студенттердің өзіндік жұмысы — бұл нақты бір нәтиже алу үшін, оқытушының тікелей көмегінсіз орындалатын сапалы түрде жоспарланып, ұйымдастырылып, әдістемелік тұрғыдан бағытталатын жұмыс.

Студенттердің өзіндік жұмысының құрама бөлігі студенттердің оқытушының басқаруы мен бақылауы арқылы орындалатын  міндетті аудиториялық сабақтардың  қысқартылуы есебінен жүретін студенттердің дербес еңбегі.

Қазіргі дидактикада  студенттердің өзіндік жұмысы бір  жағынан, оқытушының тікелей қатысуынсыз, бірақ оны басқаруы мен орындалатын  оқу еңбегінің түрі ретінде есептелінсе, екінші жағынан, студенттердің дербес-танымдық қызметіне, оны ұйымдастыру құралы ретінде қарастырылады.

Студенттердің өзіндік жұмысы студенттердің жоғарғы  оқу орындарындағы оқу кезеңдерінің барлығын дерлік қамтиды және оқу-тәрбие процесінде тұтас жүйе ретінде ұйымдастырылып, жүргізілсе ғана нәтижесі тиімді болады және студент оқудың мәнін үғады.

П.И.Пидкасистый: "... студенттердің өзіндік жұмысы оқу процесі жүйесіндегі оқыту  құралы ретінде де қарастырылуы қажет"—  деген.

Н.Г.Райри  студенттердің өзіндік жұмысының  мәнін ашқан кезде оның келесі белгілерін  студент оны  біреудің көмегінсіз өзі дербес орындайды, ол өз біліміне, козқарасына өмірлік тәлім-тәрбиесі, тәжірибесінс бслсенділігін, шығармашылық бастамасын жеке қатынасын көрсете отырып орындайды; жұмыстың мазмұны — белсенділік, тәрбиелілік студенттің жағымды сапалы жақтарын, логикалық ойлауын дамытуға бағытталған.

Күрделі жағдайларда, жоғарғы білімді одан әрі дамыту жолдарында студенттердің дербес ізденімпаздық, кейбіреулерінде өте белсенді күйе көрінеді. Жоғарғы білімнің барлық аспектілерін ғылыми зерттеудің жоғарғы оқу орындарының мәнін, олардың қазіргі тандағы міндеттерін, олардың түйінді компоненттері — студент, оқытушы екенін ескере отырып, студент қаншалықты дербес болғанымен оқытушы — насихатшының орны ерекше. Себебі, оқытушының бағдарынсыз студент бағытынан шатасады. Ол әсіресе библиография, яғни, әдеби қайнар көздер саласында көп көрініс береді. Педагогика ғылымының өкілдері бастауыш және орта білім саласындағы оқушылардың өз бетінше жұмысын зерттей келе, жоғарғы мектептегі студенттердің өзіндік жұмыстарына мән бере бастады, орта мектептегі ізденіспен жоғарғы мектептегі жастар ізденімпаздығын салыстырып, қорытындылауда.

Студенттердің өзіндік жұмысы —  нақты бір нәтиже алу бағытталған іс – әрекет ретінде

Жоғарғы оқу  орнына жаңа түскен студенттердің көпшілігіне оқу формасы мен әдістері, соның ішіндс өзіндік жұмыстары да белгісіз болады. Оларға ой-еңбегінің мәдениеті мен технологиясының жаңа элементтерін игеруге тура келеді. Өзіндік жұмыс — дағдысыз. Өзіндік жұмыс барысында білімді тұрақты түрде толықтырылып, жаңартылып тұруға талпыныссыз жоғарғы оқу орнында оқу мүмкін емес. Өзіндік іс-әрекст процесінде студенттер танымдық білімді болуға, ажыратуға, тапсырмаларды шешу тәсілдерін таңдауға, өзін - өзі бақылауға, теориялық білімдерін жүзегс асыру, іс - жүзінде қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға үйренуі тиіс. Студенттердің өзіндік жұмысының біліктілігі мен дағдыларының қалыптасуы саналы түрде өтуімен қатар, иммунитет негізде де қалыптасуы мүмкін. Алғашқы жағдайға бастапқы база ретінде іс - әрекетті дұрыс ұйымдастырудың мақсаты, міндеті, жұмыс формасы мен тәсілін анық, дұрыс түсіну және тәсілін талдау, нәтижесін сапалы түрде бақылауға алу болып табылады. Ағымдағы бақылау - оның барысында оқытушы оқытудың нақты міндеттерін шешу барысын бақылайды, студенттерде мұны өздігінен бақылайды, оқудың басқа әдісін, нысанымен құралдарын пайдалану арқылы тиімді түзетушілер енгізіледі.

Екінші  жағдайда — механикалык қайталау еліктеу әсерімен қалыптасқан әдеттердің  іс-әрекеті, бұлыңғыр түсіну басым болады. Студенттердің озіндік жұмысы оқытушының бақылауында іскерлік қатынас формасында жүреді. Студннт оқытушыдан өзінің дербес жұмысының іс-әрекетін қалай ұйымдастыруы туралы ұсыныстарын, нұсқауларын алады. Ал оқытушы басқару функциясын қателік іс-әрекеттерді есепке алу, бақылау және түзету арқылы жүргізсді. Егер студенттің мәнді қатесі болса, студентке нақты, дәйекті фактілср арқылы түсіңдіріп, әңгімелеу арқылы түзету енгізеді. Оқытушы қазіргі дидактикаға сүйене отырып, студенттердің өзіндік жұмысының типін анықтап, оны оқу пәніне енгізудің қажетті дәрежесін анықтауы қажет.

Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру  екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең - оқытушының студенттердің іс-әрскетіне тікелей қатысуын,  қателіктерін көрсетіп, олардың пайда болу себебін көрсетуді талап ететін ұйымдастырудың бастапқы кезеңі.

Екінші кезең - өзінің жұмысын өзі ұйымдастыру  кезеңі. Мұнда студенттердің білімінің  өздігінен қалыптасуында оқытушының тікелей 

қатысуы талап  етілмейді.

Студенттердің өзіндік жұмыстарының ұйымдастырылу ерекшеліктері

Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруда  өздігінен өңдеуге берілетін оқу материалының көлемі, формасы, құрылысы, құндылығы, құрылымын анықтау және қажетті әдістемелікті қамтамасыз етудің маңызы зор.

Студенттердің білімін бақылау мен жетілдіру мәселесі студенттердің өздігінен істейтін жұмысын ұйымдастыру ісіне тікелей байланысты екені айқын көрінеді. Өйткені, студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының  сапасы неғұрлым  жоғары  болса  және  оларда жүйелі бақылау жасалып отырылса, анағұрлым олардың білімін тексеру, бағалау, емтихан мәселесін шешу қиынға соқпайды.

Қазіргі кезде  жоғарғы мектептерде студенттердің  аудиториядан тыс өз бетінше жүргізетін жұмысын ұйымдастыруға, жоспарлауға және оны бақылауға байланысты іздену жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай студенттердің уақыт бюджетін зерттеу, талдау мәсслесіне ерекше көңіл аударылалы. Дербес озіндік жұмысының тапсырмасының көлемі, сипаты студенттің машықтанған пәнінен жасалған жалпы оқу жоспарының шамасына, өтілетін сабақтардың мазмұны мен мақсаттарына, сонымен қатар басқа да жағдайларға тікелей байланысты болады. Оқытушы студенттерге дербес жұмысты орындаудың тиімді жолдарын, үлгісін көрсетеді немсесе нұсқау беріп отырады.

Студенттерге  қысқа мерзімді тапсырмаларен қатар  ұзақ мерзімді тапсырмалар да беріледі. Оған мысал ретінде, курстық немесс дипломдық жұмыстарды, рефераттар, баяндамаларды жатқызуға болады, олардың тақырыптарын оқу жылының басында береді. Берілген, белгіленген мерзім келгенде ұстаз тексеріп, бағалайды. Оған қоса оқытушы курсты меңгеруге қажетті бағдарламалық тапсырмалар мен қатар студенттердің қызығушылықтарын және ерекшелігіне байланысты бағдарламадан тыс ғылыми шығармашылық тапсырмаларда береді. Ол тапсырмалармен қатар студенттердің қызығушылықтарын, және дара ерекшелігінс байланысты бағдарламадан тыс ғылыми шығармашылық тапсырмаларда береді. Ол тапсырмалар студенттерді келешек мамандығына ғылыми-әдістемелік жағына бағыттау мақсатын көздейді, айқындайды.

Студенттерге  курстық жұмыс және дипломдық  жұмысты орындау кездерінде тақырыпты негіздеу, бақылау, байқау, қалыптастыру, жинақталган мәліметтерді сұрыптау, талдау, қорытындылау сияқты тапсырмалар беріледі. Төмендегі курстың студенттерін жоғарғы курстың студенттерінің курстық, дипломдық жұмыстарын қорғау үрдісіне қатыстыру, ғылыми-тәжірибелік алқалы жиындарға қатыстыру арқылы ғылыми-әдістемелік еңбектермен таныстыру іске асырылады.

Информация о работе Дәрістер ша "Педагогикаға"