Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 23:00, курс лекций
Бүгінде Қазақстандағы жоғары білім елдің Президентіні Н.Ә.назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиясында анықтап бергендей, басты ұлттық басымдықтардың бірі ретінде жауапты міндет атқарады. Нақ жоғары білім ғана мәдениет түзуші, интеграциялаушы міндет арқылы, білімнің сапасы, аумақтығы мен гумандығы арқылы Қазақстанның өмір сүруін, ұлттық қауіпсіздігі мен гүлденуін қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстандағы жоғары білімді дамыту стратегиясы оны орнықты дамыту, білімді аумақтандыру, үздіксіз білім беру, реформалар процессіндегі үздіксіздігі, әлуметтік даму барысын болжау мүмкіндіктері, мәдениетті, тұрмыс салтынының өзгешеліктері мен құндылықтарды сақтау, бейбітшілік ісіне, адамның бостандығы, құқығына үлес қосу, әлуметтік және этикалық ынтымақтастық концепсиялары негізінде құрылады.
-оқу материалын уақыт параметріне сәйкес бөлген кезде жаңа материалды сабақтың бас кезінде — студенттердің зейіні мейлінше белсенді кезеңіне лайықтап беру;
- аудиториялык
сабақтарды курстын бас
- бұрын берілген
және жаңа ақпараттардың
Күшейте оқыту үрдісі жеке психологиялық және ұжымдық-психологиялық факторлардың үйлесімді карым-қатынасына негізделген.
Топтық оқыту мен іскерлік ойындар технологиялары
Теориялық зерттеулер де, практикалық тәжірибе де керсетіп отырғанындай, оқу іс-әрекетінің пәні карым-қатынас құралы болған кезде алынған білімдер неғұрлым берік бо-лады. Бұл кезде, дғни, топтық оқыту кезіңне оқыту үрдісінде оқушылардың арасында талқыланып отырған мөселеге байла-нысты қарым-қатынас туыңдайды: «субъект (студент) - объект (пөн) - субъект (студент)». Дұрыс ұйымдастырылған іс-әрекет пен қарым-қатынас оқу үрдісінің оқыту және тәрбиелеу функцияларының қатар және тиімді жүруіне жағдай жасай-ды. Топтық оқытудың тиімді ойластырылған әдістері, әсіресе, шет ел тіддерін үйретуде өте тиімді. Топтық жедеддете оқытуда әрбір жеке түлғаның қалыптасуына игі әсер ететін оқу ұжымы пайда болады.
Оқу процесі барысындағы тұлға аралык іс-әрекет әлеуметтік қызығушылықтарды (стимул) қозғау арқылы мотавацияны күшейтеді: жеке жауапкершілік сезімі пайда болып, көпшілік алдында жеткен жетістіктер оқушының өз-өзіне сенімі артуына, ұжымда өз позициясын орнықтыруына ықпал етеді.
Іскерлік ойындар дегеніміз болашақ маманнын кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметке тән қарым-қатынас жүйесін модельдеу, елестету.
Адам тәжірибесінде ойын іс-әрекеттілігі мынадай қызметтерді орындайды:
Көңіл көтеруші: (бұл ойынның негізгі қызметі-шаттану, ләззат алу, қызығушылық ояту)
Коммуникативті: қарым-қатынас диалектикасын меңгеру
Өзіндік жүзеге асыру
Ойындытерапевтикалық: өмір іс-әрекеттілігінің басқа
түрлерінде пайда болатын әр түрлі қиыншылыктарды жеңіп шығу
Диагностикалық: өзін-өзі тану ойын процессінде (ережеге сай мінез-құлықтан ауытқушылықтың пайда болуы) Коррекция қызметі: тұлғаның құрылымдық көрсеткіштердің перзитивті өзгеруіне үлес қосу Ұлтаралык коммуникация қызметі бойнша: барлық адамға 50 ортақ әлеуметтік-мәдени қүндылықтарды меңгеру Әлеуметтендіруші: адамдардың қоғамдасып өмір сүру нормасын меңгеруін қоғамдық қарым-қатынастар
жүйесіне бекіту
Осылдардың көбісі өздеріне мынадай 4 басты қырлары болады (С. А. Шмаков бойынша):еркін дамушы іс-әрекеттілік нәтижесінен немесе іс-әрекеттілік процессінің қамы үшін ғана емес тек баланың тілегіне байланысты қабылданады (процедуралык қанағаттану);шығармашылык, белгілі деңгейдегі импровизациялық осы іс-әрекеттіліктің өте белсенді мінездемесі (шығармашылык «жолы»);эмоциональды көтеріңкілік, қарсыластык, (кетер) конкуренттік, аттракция және т.б. (ойынның табиғи сезімділігі «эмоциялық кернеулік»); түзу немесе жанама ережелердің бар болуы, ойын дамуындағы логикалық мазмұнды ашу.
Ойын құрылымына онын процессі ретінде;
а) ойнаушының өзіне алған ролі;
б) осы рольдер
реализациясынын қоспасы
іс-әрекеті;
в) пәндерді ойын түрінде пайдалану;
г) ойыншылар арасындағы шынайы қарым-қатынас;
д) сюжет (мазмұн) — ойындағы «шындық аумағы» Іскерлік ойындарды дайындау барысында төмендегідей психологиялык-педагогикалық принциптерді жүзеге асыру қажет:
өндірістің
нақты жағдайлары мен
студенттерге кейбір қиындықтар мен ойлау қайшылыктарын тудыратын тапсырмалық ойындар жүйесі аркылы берілген кәсіби қызмстке тән проблемалық ахуалдарды жасау принципі;
ойында көрсетілетін өңдіріс мамаңдарының функцияларын бейнелеуде қатысушылардың бірлескен кызметі принципі;
оқу тапсырмаларын шешуде, келісімді шешімдерді дайыңдауда және қабыддауда серіктестердің (партнерлер) іс-әрекеттік жөне диалогтық қарым-қатынастарының шешуші роль атқаруы принципі;
оқу ойын іс-әркетінің екі максаттылығы принципі. Іскерлік ойын болашақ маман тұлғасын дамытуда біршама маңызды міңдеттерді шешеді: студенттерге мамандығына қажет білімдер мен дағдыларды меңгереді, әлеуметтік және кәсіби біліктіліктерді (компетенциялар) игереді. Бірақ, бұл маңызды іс-әрекет ойын формасыңда іске асырылады да, студенттерге интеллектуаддық, эмоциялық және творчестволық тұрғыдан өзін көрсете білуіне мүмкіңдік береді.
Окытудың ойындық
түрлері білімді игерудің барлық
денгейлерін пайдалануға
Ойынды қолдана
отырып окыту технологиясының мақсаты
да — студентті өз оқуының мотивін,
өмір мен ойындағы өз мінез-құлқын түсінуіне,
яғни өзіндік іс-әрекеттің мақсаты
мен бағдарламасын
Пайдаланылған әдебиеттер
Тақырып 6. Студенттердің таным процестері.
Пайдаланылған әдебиеттер
Студент ұғымының мәні мен мазмұны.
Студенттік топ — материалдық және рухани өмірде жоғары кәсіби және әлеуметтік рөлдерді орындау үшін белгілі бір бағдарламамен іс-әрекеттері ұйымдастырылатын әлеуметтік топ.
Студенттік жасқа әлеуметтік тұрғыдан жетілу кезеңі сәйкес келеді. Бұл кезеңнің белгісі білім алудың аяқталу кезеңі, еңбекке деген белсенділік, қоғамдық жұмыстар, заң алдындағы жауапкершілік, жанұя құру, бала тәрбиесі болып келеді. Қазіргі кезде студенттік топ қоғамдағы сан жағынан алғанда алдыңғы орындардың бірінде. Оған әркімнің де көзі жетеді. Соңғы жылдардағы білім беру, оның ішінде жоғары білім беру жүйесінде болып жатқан елеулі өзгерістерге байланысты арнаулы орта білім, жоғары білім, жоғары білімнен кейінгі екінші жоғары білім, магистратура, аспирантураларда білім алып жатқан жастардың саны арта түсуде.
Студенттер - қоғамның ірі интеллектуалдық потенциалы. Студенттердің әлеуметтік құрылымы негізінен біздің қоғамымызды әлеуметтік құрылымын айқындайды.
Студент ұғымына педагогика және психология ғылымдары нақты түсінік бермейді. Ал ғылыми өдебиеттерде берілетін анықтамлар әртүрлі болып келеді.
Психологияда 17—18, 25—26 жас аралықтарындағы үлкендер, ересектер қатарына енген шақ деп сипатталады. Студент үшін бұл кезсңдер жеке тұлға ретінде қалыптасуымен жоғары білікті маман бөлу кезеңдеріне жатады.
Белгілі Кеңес Одағының психологы Б.Г. Ананьев студенттік кезең, жеке адам тұрғысынан алғанда, адамгершіліктік және эстетикалық сезімдердің белсенді түрде даму кезеңі, ересек адам ретінде азаматтық, саяси - қоғамдық және кәсіби мамандық міндеттерінің тұрақталу, толысу кезеңі деп көрсетеді.
Студенттік кезең қарым-қатынастың нағыз кең көлемде жүретін шағы.
Студенттік жас — ақыл - ой мен қабілеттіліктің дамуының маңызды кезеңі.
Жоғары мектепте оқитын кезең жастық шақтың екінші кезеңімен немесе ақыл тоқтатудың алғашқы кезеңімен сай келеді (Б.Г.Ананьев, И.С.Кон, А.В.Дмитриев т.б.). Бұл кезеңнің ерекше белгілерінің бірі мінез - құлықтың саналы жақтарының молаюы. Жоғары класта жеткіліксіз деңгейде болған мақсатқа ұмтылушылық, шешім қабылдай білу, өзіндік пікір, өзін-өзі ұстай білу, бастамашылдық сияқты қасиеттердің айқын көрініс беруі, адамгершілік моральдық тұрғысына мақсат, өмір сүру стилі, парыз, адалдық, махаббат сезімі сияқты мәселелерге ынта-ықылас артады.
Жастық шақ өзіне-өзі баға беру мен өз ісіне талдау жасау кезеңі.
Жоғары оқу
орнында оқу жастың (жас адамның)
өз күніне деген сенім мен
Студенттердің жас және дара ерекшеліктерін айта отырып, олардың жеке тұлғаның өзегі (стержиі) оның мақсаттылығы мен бағыттылығы, оның ішінде ең алдымен болашақ маманның кәсіби сапасын анықтайтын қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылымы екендігін естен шығармау керек.
Жоғары оқу орнында білім алудың алғашқы кезеңдерінде студент оқу-тәрбие процесінің объектісі ретінде көбірек әрекет етеді. Бой үйрету барысында ол жаңа шарттар мен міндеттерді игеруі шарт. Іздемпаздық жұмыс көлемі мен мәнінің артуы, жаңарту сипатынддағы оқу танымдық қызметтен оның жемісті түрлеріне көшу, ынта ықыластың пайда болуы және оқу зерттеу қызметіне қатысу студенттің оқу-тәрбие процесінің субъектісі екендігінің айғағы.
Қазіргі педагогика және психология ғылымында «студенттік топ» деген ұғымға нақты анықтама жоқ. Белгілі психологтар еңбектерінде студенттік топқа 17-23, 18-25, 17-30 жас аралығындағы жоғары оқу орындарында оқып жүрген жастарды жатқызады. Социолог Л.Я.Рубина студенттік топ ұғымына мынадай анықтама береді: «Студенттік топ – интелегенциялық топтарды қайнар көзі, қоғамдық пайдалы қызметтерге белсенді араласатын үлкен қоғамдық топ». Батыс Европа елдерінде студенттер арнайы қалашық – кэмпустарда тұрады. Олардың академиялық үлгерімі мен демалыс уақытын «Үлкен колледждер» қадағалап тұрады. Осы жәйт олардың студенттік өмірін өздеріне қолайлы етеді.
Студенттердің білім алудағы мақсаттарының ортақ болуы, еңбек ету, оқу, өмір сүру сипаттарының бірдей болуы, оқу орнындағы тіпті елдегі қоғамдық істерге араласуы – студентік топтың ұйымшылдық, достық көрсеткішінің жоғары деңгейіне алып келеді. Студенттер әр түрлі топтардың өкілдерімен танысудың мүмкінділігіне ие болады.
Студенттік шақ – адамның жеке тұлға, қоғамның белсенді мүшесі болып қалыптасудағы маңызды кезең.
Студент психологиясының ерекшелігі.
17-18 бен 25-26 жас аралығын психологияда екінші жастық шақ деп атайды, ересек адамдардың әлеміне кіру шағы. Студент үшін бұл шақ – тұлға әрі жоғары маман иесі болып қалыптасу кезеңі. Психолог Б.Г.Ананьев студенттік жасты былай сипаттайды: Бұл жаста ахлақтық және эстетикалық сезімдер белсенді дамиды, ересек адамға тән азаматтық, қоғамдық-саяси, кәсіби-еңбектік функциялардың пайда болып, нығаюы байқалады, мектеп жасынан студенттік жасқа өту уақытында интелектуалды, физикалық күштердің дамып жетілуіне байланысты студенттің сұранысы артады. Бірақ, осы сұраныстарын жүзеге асыру жолында уақыттың, әрі экономикалық мүмкіндіктердің жетіспеуі қайшылықтарды туғызады. Студенттің дербес іс-әрекеті жатақханаға орналасқан және қаржы қорын жаратып, жұмсағанда, өз уақытын дұрыс пайдалануда көрініс табады. Студенттік шақта жастар осы жасқа тән өздеріне деген сенімділігі мен албырттықпен көптеген қоғам қабылдаған құндылықтарды, қатып қалған ережелерді, өмір сүру қағидаларын сынай бастайды. Бұрын күдік туғызбаған мәселелрдің бәрін қайтадан, басынан сын көзбсн қарастыру - студенттерге тән ерекшеліктердің бірі болып табылады. Студенттердің осы бір сын көзбен қарау іс-әрекеті кейде көрініс болса, көп жағдайда негізсіз болып табылады. Себебі, болып жатқан құбылыстарды бағалауға өмір тәжірибесінің жетіспеуінің нәтижесінде ақылсыз, негізсіз сынға әкеледі.
Атақты орыс педагогы К.Д. Ушинский осы кезеңнің жауаптылығы мен маңыздылығына ерекше коңіл аударып, былай жазған: "16—23 жас аралығын біз адам өміріндегі ең шешуші кезсң деп санаймыз. Осы уақытта көптегсн ой-тұжырымдырдың қалыптасу уақыты аяқталады. Ой-тұжырым, көзқарастардың бір бөлігі бір буынды құрайды, және бұл буын адам мінезі мен ойлау жүйесінде басқа бағыттардан салмақтырақ болады".
Бұл кезеңде шындыкқа, идеалға деген құштарлық жоғары болады. Студснттің білімін терендететіи ақпарттың көптігі және бұл ақпаратты игеруге уақыттың жетіспеуі — өз өмірін ұйымдастырудағы қателіктерге білім мен ойлау ісіндегі үстірттілікке әкеледі.
Студенттік шақ ақыл-ой қабілетінің дамуы мен теориялық ойдың қалыптасуындағы маңызды уақыт. Жалпы адам интеллектісінің қарқынды даму кездері 19, 22, 24—26 жасында белгіленген. Интеллектің дамуы шығармашылық қабілеттің дамуымен тығыз байланысты. Шығармашылық қабілет оқу барысында максималды пайдаланылуы тиіс. Міне, осы мақсатты жүзеге асыруда төмендегі педагогикалық мәселе шешілу керек, яғни барлық студеттерді ғылыми-зерттеу жұмысына жұмылдыру.