Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 15:11, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың мақсаты болып кәсіпорынның тұрақты дамуының теориялық негіздерін қарастыру және «Турген» ЖАФ ЖШС-нің тұрақты дамуын талдау және оны жақсарту жолдарын зерттеу.
Диплом жұмыстың мақсатынын шыға отырып, келесідей міндеттер қойылған;
тұрақты дамудың қажеттілігі мен мәнін қарастыру;
тұрақты дамуға әсер ететін факторларды қарастыру;
«Турген» ЖАФ ЖШС-нің жалпы сипаттамасы және технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау;
кәсіпорынның ішкі ресурстарын тиімді пайдалану;
озық өнім өндіру технологиясын енгізу;
қаржылық тұрақтылықтың жағдайын жақсарту;
КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ. ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................................................................
Кәсіпорынның тұрақты дамуының қажеттілігі мен мәні.............................
Кәсіпорынның тұрақты дамуына әсер ететін факторлар...........................
Кәсіпорынның __________________________________________............
«ШАЛҚАР» БН-А ЖШС ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ, ЖАҒДАЙЫ МЕН ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ.......................................................................................................
2.1 Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық сипаттамасы...................
2.2 Кәсіпорынның тұрақты дамуының көрсеткіштерін талдау......................
2.3 Кәсіпорынның экономикалық аспектілері (көз-қарас)..............................
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ...................................................................................................
3.1 Кәсіпорынның ішкі ресурстарын ұтымды пайдалану..............................
3.2 Озық өнім өндіру технологиясын енгізу...................................................
3.3 Қаржылық тұрақтылықтың жағдайын жақсарту.......................................
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................
Қаржылық жүйенің сақтандыру буынымен арадағы қарым-қатынасы кәсіпорынның мүлкін, валюталық және комерциялық тәуекелдерін және т.б. сақтандырғаны үшін тиісті компаниялар есебіне қаржы аударуды ұйымдастырудан құралады.
Комерциялық банктармен арадағы қаржылық қарым-қатынас қолма-қол ақшасыз есеп айырысу мен несие алу немесе өтеуге байланысты түзіледі.Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу төлеуші мен төлем қабылдаушы әр түрлі банктер қызметін пайдаланған жағдайда жүзеге асырылады. Мұндай есеп айырысу банктердің корреспонденттік қатынастарын ұйымдастыру арқылы іске асады. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың тиімділігі кәсіпорынның қаржылық жағдайына тікелей ықпал етеді.
Несие айналмалы капиталды қалыптастырудың, өндірісті дамытудың көзі болып табылады. Дегенмен, қазіргі уақытта несие мөлшерлемелері жоғары болуына байланысты, ол шын мәнінде инвестиция көзі бола алмай отыр. Банктер үшін ұзақ мерзімді инвестициялық несиелендіру тәуекелділігі жоғары болғандықтан, банк қызметінің аталған дәстүрлі түрі іс жүзінде кең дамымай отыр. Банктер мен өзге де несие институттары кәсіпорындарға дәстүрлі емес қызмет түрлерін де ұсынады. Кәсіпорынның қаржылық іс-әрекетін ұйымдастырудың маңызды міндеті - әр түрлі ақша қорларын қалыптастырып, оларды тиімді пайдалану. Олар арқылы кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекеті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі, өндірісті өркендетуді қаржыландыру, бюджетпен есеп айырысу және т.б. іске асырылады.
Мұндай қорларға келесілерді жатқызуға болады:
Аталғандардан бөлек, кәсіпорын мезгілді оралымды ақша қорларын құрайды. Мысалы, кәсіпорында айына бір немесе екі рет еңбекақы қоры түзіледі. Қатал мезгілді түрде (салықтарды төлеу күнтізбесіне сәйкес) кәсіпорын бюджетке төленетін салық түрлеріне арнап қор ұйымдастырады.
Оралымды қор жасақтаудың басты міндеті – ағымдық (оралымды) келесі мәселелерді шешу, яғни:
Сонымен, кәсіпорынның қаржысын ұйымдастырудың мәні - өндірістің соңғы нәтижесінде барынша тиімді түрде ықпал ету мақсатымен ақша қорын қалыптастыру және ақша ағындарының қозғалысымен байланыстырылған қаржылық қарым-қатынас ұйымдастыруды қамтитын қаржы тетігін құру және оның қызмет етуін қамтамасыз ету, яғни кәсіпорынның қаржылық тетігі ұзақ мерзімді, орта мерзімдегі және ағымдырағы кәсіпорынның қаржылық даму мақсатына жету үшін қаржылық қарым-қатынас пен ақша қорының әрекеттесуін ұйымдастыратын кәсіпорын басқарудағы ішкі жүйесі болып табылады.
Кәсіпорынның қаржы тетігінің жетекші түрде болуы материалдық өндіріс саласында қаржының жетекші рөл атқарылуымен түсіндіріледі. Кәсіпорынның қаржы тетігі қаржының өз қызметін толыққанды әрі барынша тиімді түрде іске асыруына жағдай жасауы тиіс. Кәсіпорынның қызмет қаржы ресурсымен қамтамасыз етуге де дәл осы қаржы тетігі көмегімен қол жеткізіледі.
Кәсіпорынның қаржылық
іс-әрекеті дербес құрылымдық бөлімшесі
қаржы бөлімінен жүзеге асырылады.
Қаржы бөлімінің бастығы
Қазіргі таңда көптеген
кәсіпорындардың қаржылық жағдайы
қиын күйде қалып отыр (өндіріске
қажетті капиталдың тапшылығы несиелік
мөлшерлемелердің тым жоғары болуы
төлемдердің дер кезінде
Кәсіпорының қаржысын тұрақтандырудың негізгі жолдары пайдаланымдағы ақша қаражаттарын оңтайландырумен және олардың тапшылығын жоюмен байланысты қаржылық жұмыстарды жетілдірудің басты бағыттары келесі болып саналады:
1. Кәсіпорынның іс-әрекетін ұдайы әрі жүйелі түрде талдау.
2. Кәсіпорынның стратегиялық қаржы саясатын әзірлеу және мұны іске асыру.
3. Кәсіпорында қаржылық жоспарлаудың тиімді жүйесін ұйымдастыру.
4. Кәсіпорынның мүліктік құрылымын және олардың құралу көздерін оңтайландыру арқылы нәтижесі төмен теңдестік құрылымының орын алуына жол беру .
5. Пайданы пайдалануда оңтайландыру және неғұрлым тиімді дивиденд саясатын таңдау.
6. Бухгалтерлік есеп жүйесін қаржыны басқару міндеттеріне қарай бейімдейді.
7. Қаржы ресурстары көздерін оңтайландыру мақсатында несие берушілер мен инвесторларымен қарым-қатынасты дамыту.
Кәсіпорынның іс-әрекетін
кешенді түрде жан-жақты
Кәсіпорынды кешенді талдау негізінде, оның борышын орындауға бағытталған кәсіпорынның біріңғай кешенді даму стратегиясына сәйкес оның жұмысын ұйымдастыру тек жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешуді ұйымдастыру арқылы жетуге болады.
Нарықтық эканомикаға көшу кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекетін біршама мұқият әрі жүйелі түрде талдауды және оның даму стратегиясын құруды талап етті. Осы кешенді талдау жоспарлау алдындағы зерттеулердің негізі болып табылады. Тек талдау қорытындысына сүйене отырып қана кәсіпорынішілік жоспарлау үдерісін тиімді түрде ұйымдастырып, кәсіпорынның даму мақсатына қол жеткізуге болады.кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жалпы жүйелік талдаудың маңызды құраушы бөлігі болып табылады. Қаржылық талдау келесілерден тұрады:
Бастапқы талдаудың
қорытындысы ретінде
Белгілі бір кезең ішінде теңдестік жалпы сомасының азаюы – бұл, негізінен, өндіріс көлемі төмендеуінің нәтижесі болады. Ол төлем қабілетсіздіктің басты себептерінің бірі болып саналады. Пассивтер құрылымын талдау кезінде әдетте келесі бағыттар қаралады:
Қаржылық тұрақтылық түріне және оны өзгерту бағытына қарай кәсіпорынның төлемқабілеттілік тұрғысынан сенімділігі жайлы баға беруге болады. Қаржылық тұрақтылықты талдау оның осы жайлы мәнін бейнелейтін көрсеткіштерден басталады. Ұзақ – және орта мерзімді несиелердің негізінен өндірісті дамытуға, қайта жаңғырту мен техникалық қайта жарақтауға жұмсалатынын ескеретін болсақ, төлемқабілеттілік шартын орындау үшін запастар мен шығындарды меншікті айналмалы капиталдың көлеміне сәйкес келетіндей етіп шектеуді қажет етеді.
Запастар мен қаржының меншікті және несиеге алған қаражаттар көздерімен қамтамасыз етілуіне қарай қаржылық тұрақтылықтың келесі түрлері болады:
Теңдестік өтімділігін талдау кәсіпорынның несиеқабілеттілігін, яғни оның өз міндеттемелерін орындай алатындығын бағалауға мүмкіндік береді. Өтімділік кәсіпорынның активтерін ақшаға айналдыру уақыты міндеттемелерін өтеу мерзіміне сәйкес келіп, өз активтерімен міндеттемелерді өтеуімен анықталады. Демек, едәуір өтімді активтер (ақша және құнды қағаздар) көлемі ең қауірт міндеттемелерге тең немесе одан артық болуы; баяу іске асырылатын активтер (дебиторлық қарыз және басқа активтер) қысқа мерзімді пассивтерге (қысқа мерзімді несиелер мен қарыз қаражаттары) тең немесе артық болуы; баяу іске асырылатын активтер (келешек кезеңге арналған шығындарды есептемегенде, басқа запастар мен шығындар) – ұзақ мерзімді пассивтерге тең немесе артық болуы; іске асырылуы қиын активтер (материалдық емес активтер негізгі капитал, аяқталмаған капиталдық салымдар) тұрақты пассивтерге (меншікті капитал көздеріне) сәйкес болуы тиіс. Осы аталған шарттар орындалған жағдайда теңдестік өтімділігі абсолютті деп саналады. Егер бір немесе бірнеше шарт орындалмайтын болса, онда теңдестік өтімділігі белгілі бір дәрежеде абсолютті өтімділігінен ауытқуы мүмкін. Теңдестік өтімділігіне кешенді түрде баға беру үшін жалпы өтімділік көрсеткішін келесі формуламен есептеп шығаруға болады:
Қаржы коэффициентін талдау кәсіпорын жағдайының орнықтылығы жайлы өзгерістерін зерттеу мақсатымен немесе бірнеше бәсекелес кәсіпорындарды салыстыру үшін жасалады.
Кәсіпорынның іс-әрекетінің қаржылық нәтижелерін талдау мен нәтижелерін бағыттарда жүргізіледі:
Инвестициялық және қаржылық қызмет. Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімінде активтерді сатып алу, қайтадан сату және берілген несиені өтеу және салу. Инвестициялық қызметке мыналар жатады:
- негізгі капиталды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатудан, басқа кәсіпорындардан алынған қарыз қаражаттары және басқа да табыстар;
- қаржылық инвестицияларды алу, басқа кәсіпорындарға ақша беру, басқа да төлемдер.
Инвестициялық қызмет бухгалтерлік теңдестіктің ұзақ мерзімді активтерінің құрылымына кіреді. Оған қаржылық инвестицияға әсер ететін операциялар да кіреді. Инвестициялық қызмет қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруінен көрініс табады, онда ол акцияларды сатудан алынған табыс немесе шығын ретінде көрінеді, сондай-ақ негізгі капиталды және басқа да сатудың нәтижесі көрініс табады.
Қаржылық қызмет меншік капиталы мен қарыз капиталының құрамы мен мөлшері өзгерісінің нәтижесі болып табылады.
Кәсіпорын қаржылық, инвестициялық және ақшасыз операцияларды жүзеге асыруы мүмкін. Оларға: материалдық емес активтерді және негізгі капиталды ұзақ мерзімді несиенің есебінен алу; кредиторлық қарызды кредиторға акцияны және басқа құнды қағаздарды беру жолымен өтеу; басқа кәсіпорының акцияларын сатып алынған тауарларға және дайын өнімге айырбастау жолымен алу және т.б. жатады.
Ақша қаражатының қозғалыс туралы есеп беру үшін арнайы әзірленген кестелерді пайдаланады, онда келесі ақпараттар келтіріледі (ақша қаражатының қозғалысын жанама әдіс пен есептеу):
Информация о работе Кәсіпорынның тұрақты дамуының қажеттілігі мен мәні