Кәсіпорынның тұрақты дамуының қажеттілігі мен мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 15:11, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты болып кәсіпорынның тұрақты дамуының теориялық негіздерін қарастыру және «Турген» ЖАФ ЖШС-нің тұрақты дамуын талдау және оны жақсарту жолдарын зерттеу.
Диплом жұмыстың мақсатынын шыға отырып, келесідей міндеттер қойылған;
тұрақты дамудың қажеттілігі мен мәнін қарастыру;
тұрақты дамуға әсер ететін факторларды қарастыру;
«Турген» ЖАФ ЖШС-нің жалпы сипаттамасы және технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау;
кәсіпорынның ішкі ресурстарын тиімді пайдалану;
озық өнім өндіру технологиясын енгізу;
қаржылық тұрақтылықтың жағдайын жақсарту;

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ. ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................................................................
Кәсіпорынның тұрақты дамуының қажеттілігі мен мәні.............................
Кәсіпорынның тұрақты дамуына әсер ететін факторлар...........................
Кәсіпорынның __________________________________________............
«ШАЛҚАР» БН-А ЖШС ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ, ЖАҒДАЙЫ МЕН ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ.......................................................................................................
2.1 Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық сипаттамасы...................
2.2 Кәсіпорынның тұрақты дамуының көрсеткіштерін талдау......................
2.3 Кәсіпорынның экономикалық аспектілері (көз-қарас)..............................
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ...................................................................................................
3.1 Кәсіпорынның ішкі ресурстарын ұтымды пайдалану..............................
3.2 Озық өнім өндіру технологиясын енгізу...................................................
3.3 Қаржылық тұрақтылықтың жағдайын жақсарту.......................................
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорынның тұрақты дамуы« » ЖАФ ЖШ. ДИПЛОМ.doc

— 577.50 Кб (Скачать)

Мәліметтерді салыстыру  нәтижесінде қандай да қызмет түріне (операциялық, инвестициялық немесе қаржылық) сомалардың үлес салмағын анықтауға  болады. Осы әзірленген кестелердің мәліметтеріне шолу жасап, есеп беруге түзетулер енгізу мүмкіндік туады. Осы жанама әдіс бойынша жасаған кесте жоғарыда келтірілді.

Операциялық қызметтен  түскен ақша қаражаттарының қозғалысын тікелей әдіс бойынша анықтаған  кезде олардың қозғалысына әсер ететін факторлардың мазмұны ашылады, яғни ақшалай және ақшасыз жасалған операцияларының аражігі ашылады.

Егерде операциялар  өзінің экономикалық мазмұны бойынша  біртектес болып келсе, онда олар есеп беруде бір бапқа біріктірілуі мүмкін. Тікелей әдістің негізінде жасалған ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру нысаны.

Нарықтық экономикада  қаржылық жағдайдың беталысын анықтау  қажеттілігі туындайды. Кәсіпорынға  өзіндік қаржылық стратегиясын құру қажет. Қаржы стратегиясы – бұл  кәсіпорынның жалпы стратегиясының құраушы бөлігі болып саналады. Ол кәсіпорынды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жөніндегі  іс-амалдардың бас жоспарын жасау мен оны іске асыру әрекетінен көрінеді. Қаржылық стратегия теориясы іс жүргізудің нарықтық заңдылықтарын зертейді, кәсіпорынның жаңа орта да тіршілік ету, даму үлгісін жасайды. Қаржылық стратегияға мыналар кіреді: қаржылық жағдайды талдау; кәсіпорын мүлкін оңтайландыру; табысты бөлу, қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру, салық және баға ұстану саясаты; құнды қағаздар саясаты;

Қаржы стратегияларын басты  және оралымды, басты стратегиялық мақсат және жекелеген стратегиялық міндеттерді орындау стратегиясы  деп бөлінеді. Басты қаржы стратегиясы  деп   кәсіпорынның ұзақ мерізімді  кезеңге арналған қаржылық іс-әрекетін айтады.

Егер кәсіпорын өз тәжерибесінде ұзақ мерізімді, қысқа  мерізімді және ағымдық қаржылық жоспарлау жүйесін қолданатын болса, онда жоспарлау көлемі де тиісінше бөлшектенеді. Ондық тәжерибеде ол, негізінен: ұзақ мерізімді жоспарлауда – үштен бес жылға дейін,  орта мерізімді жоспарлауда – бір жылдан үш жылға дейін; ағымдық жоспарлауда – тоқсанға, бір айға немесе, егер қажет болса, онда да қысқа мерізімге жасалынады. Оралымды қаржылық стратегияның басты ерекшелігі – мұнда жоспарланған кезең ішінде барлық жалпы табыс пен шығын қаражаттары қамтылады. Табыстар мен шығындарды осылай мұқият есептеп жоспарлаған жағдай да ғана ақша жағын дұрыс үйлестіріп, пайданың шығыннан басым түсуіне қол жеткізуге болады.

Қаржының басты стратегиялық қызметі – кәсіпорынды оның мақсатын орындауға қажетті әрі жеткілікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету.

Қаржылық стратегия  басты стратегиялық басты мақстанқа  қол жеткізетін тәсілдері мен  іс-әрекеттерді қамтиды, атап айтқанда: қаржы ресурстарды құру және оны  орталықтан стратегиялық тұрғыда басқару;  шешуші бағыттарды анықтап, ресурстарды сонда шоғырландыру; мақсаттарды дәрежесіне қарай бөліп, оларға кезең-кезеңмен  қол жеткізу; қаржылық іс-әрекеттің мүмкіндіктеріне сәйкес болуы; әрбір уақыт ішінде кәсіпорынның қаржы – экономикалық жағдайын шынайы түрде есекеріп отыру; стратегиялық резервтар құру және даярлау; кәсіпорынның және бәсекелестердің  экономикалық және қажылық  мүмкіндіктерін есепке алу;  бәсекелестерінен жоғары дәрежеге қол жеткізу үшін күресу және әдіс-амалдар қолдану.

Демек, кәсіпорынның қаржылық іс-әркеттегі табысы стратегиясының  теориясы мен тәжірибесін ұштастыруға, сонымен бірге, қаржылық стратегия  кәсіпорынның мүмкіндіктеріне сәйкес келген жағдайда ғана толық қамтамасыз етіледі.

Қаржылық стратегиясы кәсіпорынның қаржы жоспарын жасап, оны орындау үдерісінде, яғни кәсіпорын ішіндегі қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру барысында іске асады. Кәсіпорынішілік жоспарлауды ұйымдастыруда басым бағыттың бірі – отандық тәжерибеге    бизнес – жоспар ендіру болып табылады. Бизнес – жоспар  кәсіпорынішілік  жоспарлау құжату болып отырып, кәсіпорынның өндірістік және комерциялық іс-әрекетінің барысында кездесуі мүмкін мәселелерді шешу жолдарын белгілейді. Қазіргі қолданыстағы заңнама бизнес-жоспарды міндетті етіп бекітпейді. Ал дамыған елдер тәжірибесі  мен өз кәсіпорындарымыз жинақтаған әзірге тым аз тәжірибесі көрсеткендей, бизнес жоспар құру - өмір талабы болып отыр. Осы тұста отандық кәсіпорындардың өндірістік-техникалық-қаржылық жоспарларын әкімшілік басқару жүйесінде құруы мен іске асыруын және оның маңызды құраушысы бөлігі – төлемдер күнтізбесін салыстырмалы түрінде келтіруге болады. Төлемдер күнтізбесі кәсіпорынның барлық табысы мен шығысын өзара үйлестіріп отырып, дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Күнтізбе құру міндетті емес, дегенмен, көптеген кәсіпорындардың үнемі төлем  күнтізбесін жасауы оларға ауыр қаржылық жағдайы кезеңі туындайтын алдын ала көріп-біліп, уақытша қаржылай қиындықтарды жоюға қосымша ресурстар табу үшін дер кезінде қажетті шара қолдануға мүмкіндік береді. Бизнес-жоспарын қаржы бөлімнің күнтізбесі секілді кәсіпорынішлік жоспарлау құжатымен салыстыруға болмайды. Олардың тек жекеленген жоспарлау әдістері ғана ұқсас. Нақтырақ айтқанда, бизнес-жоспар оралымды және орта мерзімді жоспарлау мәселелерін шешетін және стратегиялық мақсатқа ие болумен қатар, шетелдік әріптестер мен іскерлік қарым-қатынас орнаған (немесе кеңейген) жағдайда, сыртқы эканомикалық мәселелерді де шешуге бағытталады. бизнес жоспар құрудағы  шетелдік және отандық тәжірибеге сүйенер болсақ, оның ең маңызды бөлігі – қаржылық жоспарлау екендігіне көзіміз жетеді. Қаржылық бөлім (қаржылық жоспар) қаржылық нәтижелер болжамын қамтиды, бұл – қосымша инвестициялық мұқтаждық және қаржыландыру көздерін құру; дисконтталған ақша қорларының үлгісі; залалсыздық нүктелерін анықтау және т.б. құжаттар жасау деген сөз.

Сонымен қатар, қаржылық жоспар құру кезінде кәсіпорынның қаржылық дамуына қажетті қаражаттарды анықтау  үшін қаржылық жоспарды инвестициялық  жоба ретінде бағалауды қажет  етеді деп болжанады. Бұл дегеніміз – бизнес-жоспарда қарастырылған қаржы жұмсалымдары экономикалық тиімділік жағынан негізделген болуы тиіс. Жоспардың басқа бөлімдеріндегі барлық көрсеткіштердің негіздемесі болғанда ғана қаржылық нәтижелері болжамы нақты болады. Мысалы, сатудан түскен табыс болжамдық бағаға сүйеніп анықталады және түбегейлі маркетингтік зерттеулерге негізделуі тиіс.  Болжамдық есептеу дәлелдігіне өндіріске жұмсауы жоспарланған материалдармен шығындар көлемі көбірек ықпал етеді. Оны анықтау кезінде жоспарлық кезең ішінде орын алуы мүмкін өзгерістерді ескере отырып, есептеулерде бірнеше нұсқада жасау  қажет. Сатылым көлемін,  сатылған өнімді өндіруге жұмсалған шығындар, сатылымнан бөлек операциялардан келген табыс пен шығынды болжап, өнідірісті дамытуға және өнімді өткізуге қажет қосымша резерв көзерін табуды көздеу керек. Мұндай қосымша мүмкіндіктер кәсіпорын іс-әрекетінне бейіміне қарай құрылған  бизнес-жоспарда белгіленуі мүмкін. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық іс-әрекетін талдау нәтижесінде анықталған қосымша қаржы мүмкіндіктері шынайы бағалануы үшін  оны жоспарлық кезеңнің әр түрлі мүмкін жағдайын ескере отырып бірнеше нұсқада жасау қажет.

Дисконталатын ақаша  ағымдары үлгісі қаржы - шаруашылық іс-әрекет нәтижелерін болжау негізінде құралады. Бұл жағдайда жалпы қаржылық нәтиже кәсіпорында сауықтыру жоспарын іске асыратын әр жылдың дисконтталатын ақша ағындары және жоспарлық кезеңнен тыс ағымдық дисконтталатын құн жиынтығының реті есептеледі. Дисконтталатын ақша ағындары  үлгісін құрумен оны бизнес-жоспары енгізу қажеттілігі қаржылық нәтижелер болжамындағы шығындардың басым бөлігі төлемдер кезектілігін көрсетпейтіндігіннен келіп туындайды. Дәлірек айтқанда, пайда әрқашан кәсіпорын есепшотындағы қаржы «артықтығын» білдірмейді, ал есепшотта қаржы болуы  кәсіпорынға пайда түсті деген сөз де емес.

Ақша ағындарын үлгісін  құру арқылы болжаудың басты міндеті  – ақша қаражаттары түсу және жұмсалуын  белгілі бір уақыт кезінде  бірдей болуын ұйымдастыру, демек кәсіпорынның келешектегі өтімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Жоғары да айтылып  өткендей, бизнес-жоспарды бағалау  инвестициялық жоба ретінде бағалауды  қажет етеді. Осы арада жобаны жүзеге асыру барысында (бұл –  нөлдік уақыт сәті) инвестицияға жұмсалған  ақша қаражаттарынның орны кейінгі  жылдары сол инвестициядан түскен  ақшалай табыс есебінен толтырылатындығын есте ұстау керек. Осы сомалар тепе – теңдігін, қамтамасыз ету үшін нөлдік уақыт аралағында жоба жүзеге асыру кезеңі ішінден ивестицияның  қосымша қаражаттар құнына түзету енгізіледі. Аталған үдеріс дисконттау деп аталады. Нөлдік уақыт аралығындағы ақша қаражаттары мөлшері ағымдық (дисконтталған, келтірілген) құнын көрсетеді. Бастапқысынан басқа іске асырылатын барлық кейінгі инвестициялар да олардың ағымдық құнына келтіріледі. Ол үшін олардың құны дисконттау коэффициентіне (ағымдық құны коэффициентіне) көбейтіледі:

 

ағымдық құны  коэффициенті =1/(1+р)n ,                    (13)

 

мұнда: р – таңдап алыған дисконт мөлшерлемесі (пайда мөлшері  немесе инвестор талап еткен табыс  деңгейі);

n – жылдар саны.

Ақша қаражаттарының қозғалысы кәсіпорын теңдестігінің активі мен пассивінде жатқан барлық өзгерістерді көрсетіп отырады, ал ақша ағыны шаруашылық іс-әрекеті үдерісіндегі табыстар мен төлемдері теңестіреді. Қаржылық нәтиже болжамына сәйкес инвестициялық жобаны іске асыру кезеңі ішінде ақша ағымдарының үлесі құралады. Мұнда ақша ағындары қалдық құны ағындық (дисконтталған) құны ескертіледі. Ол барлық осы ағымдардың жоспарлық кезеңнен тыс жердегі құнын білдіреді және Гордон формуласымен есептеледі:

 

Wост = CFn (1+g) / (r + g),                                               (14)

 

Мұнда:CFn -жоспарлық кезеңнің соңғы жылындағы ақша ағыны;

r – дисконт мөлшерлемесі;

g – ақшалай пайданың  көбею қарқыны;

(1+g) - ақшалай пайданың  көбею қарқыны.

Есептеулер нәтижесінде  таза ағымдық (дисконтталған) құн мөлшері оң шама болуы тиіс, бұл дегеніміз – салынған инвестициялар дисконт мөлшерлемесі деңгейінде пайда табуға мүмкіндік береді деген сөз.  Содан соң пайданың ішкі мөлшері есептеледі. Есептеуде әр түрлі дисконт мөлшерлемелері қойылып, ағымдық (дисконтталған) құн нөлдік мәнге мейлінше жуықтауы, бірақ теріс мәнге  мейлінше жуықтауы, бірақ теріс мәнге өтіп кетпеуі ескертіледі. Алынған нәтиже қандай уақыт аралығанда болатындығы анықталады. Аталған кезең жоба өтелуінің дисконтталған кезеңі деп аталады.  Қаржылық жоспардың осы бөлімінде несиелік қарыздарды өтеу графигі де келтіріледі.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Экономиканың барлық даму кезеңінде кәсіпорын негізгі  буын болып табылады. Дәл осы кәсіпорында  өнім өндіріледі. Жұмыскерлердің өндіріс құралдарымен тікелей байланысы қалыптасады. Дербес өнеркәсіптік кәсіпорын деп өндірістік-техникалық тұтастығы, ұйымдық-әкімшілік және шаруашылық дербестігі бар өндірістік бірлікті айтады. Кәсіпорын өз қызметін дербес атқарады, шығарылатын өнімді, салық пен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төленгеннен кейін қалған таза пайданы (кірісті) өзі пайдаланады.

Кәсіпорын дегеніміз  – бұл кәсіпкер немесе кәсіпкерлер  бірлестігінің қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру және қанағаттандырып, таза пайда  табу мақсатында құрған дербес шаруашылық субъект. Осыдан аз ғана уақыт бұрын кәсіпорынның бірегей мақсаты – қоғам қажеттілігін қанағаттандыру деп көрсетілетін.

Шынында да кәсіпкерліктің басты мақсаты таза пайда (кіріс) табу (бірақ кез келген амалмен  емес) Өркениетті нарықтық қатынастар екі мақсатты дұрыс үйлестіруді талап етеді. Әрине, бизнес – кәсіпкерлердің экономикалық іс-әрекеті, олардың үнемі өспелі таза пайда көлемін, жоғары табыстылық денгейін қамтамамасыз ете алу қабілеті және өнері. Сонымен бірге, ашық экономикалық жағдайында бизнесті дамыту тұтынушылар нарығын тауарлар мен қызметтермен толтыруға жағдай жасайды, экономиканың құрлымдық қайта құруды белсендетіп, ғылыми-техникалық жетістіктерді ендіруді ынталандырады, өндіріс тиімділігін барынша арттыруға жағдай жасайды.

Кәсіпорын құруға кірісерде, кез-келген кәсіпкер немесе олардың тобы өзіндік айқын әрі түсінікті мақсатын білуі тиіс. Бұл ой өз өнімі немесе қызметіне тұрақты тапсырыс алып отыру жүйесіне сүйену керек. Көзделген өнімді өндіру немесе қызмет көрсету барлық қажет материялдық ресурстармен қамтамасыз етілуі тиіс және жаңа іс бастай отырып, өз капиталын жүйелі, тұрақты түрде толықтырып отыруы мүмкіндігін ойластырған жөн.Осы мәселелердің барлығын бас құжатта – кәсіпкелік бизнес-жоспарында жан-жақты қарастыруы қажет.

Кез келген кәсіпкердің кәзіргі жағдайдағы маңызды қасиеті – жағдайдың өзгерісіне икемділік таныту қабілеті. Ол үшін өзі таңдаған іс-әрекет саласында білікті-болуы, мақсатқа талпынушылық, табандылық, сәтсіздіктерге дайын болу, оқып-үйрену қабілеті және қателіктерінен қорытынды шығара алу секілді мінез құлық ерекшеліктеріне ие болуы қажет. Бәсекелестік күреске дайын болуы керек. Маркетингті дұрыс ұйымдастыра отырып, биресми байланыстарды ұстай білуі, ал өнімді шығара бастағанда уақытында шикізат, материялдар, жартылай өңделген өнімдер, көмекші өнімдерді жеткізушілермен де, өнімді тұтынушы және тапсырма берушілермен де ресми қатынас орната алуға тиісті.

Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың «өз ісіне» деген  табиғи ұмталуды, өздерінің арттыра  түседі. Кәсіпкелік дегеніміз адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызмет. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынандай екі жағдайға; біріншіден, коммециялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге, екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға,ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.

Экономика – бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру, сату және пайдалану жөніндегі қоғамдық ғылым, яғни адам қызметінің саласы болып, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруға қызмет етеді. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын шаруашылық жүргізудегі негізгі объективті буынға айналады. Мәселе мынада, рыноктық сұранысты еске ала отырып, кәсіпорын тек өнім өндіріп қана қоймай, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, еңбекақыларын есептеу т.б. жұмыстарды іске асырады.

Кәсіпорын экономикасының дамуы негізгі қоғамдық өндірістің дамуына объективті экономикалық заңдар жатады. Кез келген ұйымдастырушылық деңгейде экономиканы басқару – бұл экономикалық заңдардың талабына сай өндірістің қызмет етуі.

Информация о работе Кәсіпорынның тұрақты дамуының қажеттілігі мен мәні