Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 12:09, реферат
Мемлекеттік реттеу жүйесінің шетел мемлекеттерінде бар болуы мен белсенді қызмет етуі нарықтың эканомика жағдайында оның қажеттілігі мен пайдалылығын дәлелдейді. Оның қолданылу тәжірибесі көрсеткендей, мемлекеттің реттеу іс-әрекетінің басты мақсаты макроэкономикалық қатынастарды ескерту және оларды экономикаға нақты әсер ету жолымен реттеу негізінде қоғамның әлеуметтік–экономикалық дамуының стратегиялық мәселелерін шешу болып табылады.
Бірінші топқа ауыр өнеркәсіп бөлімі жақсы дамыған, ғылыми-техникалық потенциалы жоғары және жоғары техникалық өндірісті құруға қолайлы аймақтар кіреді (Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары).
Екінші топқа бағдарламалық
сипаттамасы бойынша минералды-
Үшінші топқа ҚР өндіруші қорларын жүргізуші болып табылатын аймақтар кіреді (Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Оңтүстік-Қазақстан облыстары).
Төртінші топ –бұл депрессивті (Семей,Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан) облыстар, олар қауіпті климатқа ие, экономикалық жағдайлары қатал, экономикалық құрылысы орынсыз және обитания сферасы құрыған.
Аймақтарды топтастыру олардың қай бағытта дамитынғын және жоғарғы деңгейлерін көрсетеді.
Аймақтық экономикалық саясаттың
макроэкономикалық деңгейі
Жоғарғы макроэкономикалық деңгей мемлекеттік шартқа сай жүйелеуді келесідей үш бағытқа бөледі: ұйымдастырушылық- басқармалы, заңды- құқықтық, қаржылық-экономикалық.
Ұйымдастыру- басқарушылық бағытқа негізінен аймақтық дамуды жүйелейтін органдар мен институттар жүйеленеді, олар аймақтық экономикалық саясат реализациясына және қайта дамытуға жауапты, ұйымдастыру құрылысы алға қойылған мақсаттың шешімімен анықталады. Бұл бағыттағы негізгі тапсырмалар мыналар:
Мемлекет қалалар мен
Заңды-құқықты аймақтық даму жүйелеуі ҚР конституциясына бағынады және көптеген арнайы заңдарға да, олар орталық және мемлекеттік аймақтық биліктер мен жергілікті басқару құқықты арнайы экономикалық зоналар арасында шектеуші ұсыныстарды анықтайды.
Түгелімен алғанда аймақтық жүйелеудің құқықтық негізгі ұлттық дамудың жетістіктерін қамтамасыз етеді, ұлтттық бірлікті нығайтуға тұрғылықты жеріне тәуелсіз азаматтардың дамуына жағдай жасай алады.
Аймақтық дамуды реттеудің қаржылық-экономикалық бағыты сыналған және кең таралған әлемдік тәжірибе формасын, жоспарлау мен болжамдауды реттеу әдістерін, қаржылық – несиелік және бюджетті-салықтық жүйенің реттеу құралдар арсеналын кең қолданады.
Лекция 15. Мемлекеттің табиғатты қорғау және сыртқы экономикалық қызметтерін реттеу.
Экономиканың қазіргі қезеңінде қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды орынды пайдалану маңызды факторларға айналып отыр, ол ұлттық экономиканың тұрақты дамуын анықтайды. Табиғатты қорғау қызметі министрліктің барлық бөлімдерінде таралған және заңда нақты орынды алады. Қоршаған ортаны қорғау төменгі сипаттамаға ие.
Қоршаған ортаны қорғау мен қолдану негізінің нормалық дамуына қарамастан, оның көлемінің былғануы, өндірістердің кесірінен былғануы, соңғы жылдарда сулар мен ауалық бассейндерді былғау, топырақтарды эрозиялау, құрғақтану, биологиялық әр түрліліктің төмендеуі маңызды мәселе болып қала бермек. Жылу-энергетикалық орны, мұнай-газ өнеркәсібі, түсті және қара металлургия, автомобиль және теміржол көлігі бұрынғыдай табиғи ортаны бүлдіруші болып қала бермек, негізінде көп былғанатын аймаққа су ресурстары мен ауа бассейндері жатады.
ТМД елдерінің арасында Қазақстан
сумен қамтамасыздандыру
Өндірістің қазу бөлігінің интенсивті дамуы тас көмірді электроэнергияны өндірудегі негізгі энергия тасығыш ретінде қолдану, көмірді ашық әдіспен алу, көп көлемдегі массасын жағу технологиясы 90 жылдары қоршаған ортаның қалалардағы көлік парктерін және тұрғындар тұратын аймақтарды қарқынды түрде былғады. Елдің қалалары мен аудандарының ауа бассейндерінің былғануы 3,5 мың өндірістер жұмысымен байланысты, олар 80 қалада орналасқан. Республика бойынша былғауда түгелімен төмендеткеніне қарамастан Қызылорда, Маңғыстау, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа бассейнін неше түрлі былғанғыш заттарды тастау өршіп барады.
Қалалар мен мекен-жайлардағы шағын және орташа бизнес табиғи ортаның жағдайына кері әсерін тигізуі мүмкін. Бір жағынан шетелдердегі шағын және орташа бизнесте өндіретін жаңа экологиялық таза өнімдер оны формалауға куәлі. Тағы бір жағынан ұйымдастырылмаған және бақыланбаған табиғи ортаны былғау көздерін қорту керек емес, себебі ол қаланың экологиялық жүйесіне өсуіне ауыр болады.
Елдің экологиялық жақсаруы мемлекеттік міндеттер қатарына қосылған. Бұл міндеттердің реализациясы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жүйелі эффект береді.
Сыртқы экономикалық саясат – билік органдарының халықаралық еңбек олардың орнын сәйкесінше анықтайды.
Сыртқы нарық - шаруашылық қызметінің бір сферасы, ол халықаралық өндіріс пен ғылыми-техникалық кооперациялар мен және экспорт, импорт тауарларының жағдайымен тығыз байланысты.
Протекционизм саясаты - ішкі экономикалық саясатты жүргізудің негізгі бір формасы, ол кеден жолында тауарларды шығару және кіргізудің жоғарғы қатынастарында ішкі экономикалық жолмен бақылануы активті сипатталады. Ол тауардың экспорт және импорт құрылысына қатысты таңдаулы саясатын жүргізуді қарастырады.
Ішкі сауда қызметі бойынша елдің қатысуын ашық және жабық экономика деңгейлеріне бөледі. Ашық экономиканы көбінесе дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне кең түрін қатысушы деп атайды. Бұл- экономика тәжірибелітүрде тауар сыйымдылығына байланысты шектеулі.
Жабық (немесе тұйықталған) экономика –бұл ел экономикасы, мұнда дүние жүзімен байланысты емес және шектеулі масштабпен байланысты.
Ішкі экономикалық жүйелеудің мемлекеттік қатынасына келесідей әрекеттер кіреді:
Кеден-тарифтік жүйесі, бұл ішкі сауданы жүйелеудің негізгі әдісі болып табылады. Елге түсетін тауар үшін базалық қойылым екі есеге өсіп отырады.
Кедендік пошлиннің әлемдік ережедегі қойылған деңгейі келесілер: тауарды шығару деңгейінің өсуіне байланысты пошлин қойылымы. Мысалы, егер импорт қойылымы қант-шикізаты үшін 1% болса, онда дайын өнімге 15% болады.
Сыртқы сауда балансы елдің сыртқыэкономикалық байланысының көрсеткіші ретінде негізгі құрал. Сыртқысауда баланс-анықталған мерзімдегі импорт өлшемі мен экспорт соммасы арасындағы (бір жылдағы) қатынасы. Сауда балансын активті және пассивті деп екіге бөлуге болады. Активті сауда балансы кірістің өсуімен сипатталады, ал пассивті сауда балансы кері қатынасқа ие.
Сауда балансының жағдайы сыртқы нарықтан тәуелді елдің индикаторлық деңгейі үшін маңызды қызмет етеді, тағы әлемдік конъюнктура мен халықаралық конкуренцияда.
Импорт - ішкі тұтыну үшін шетелден келетін тауар, сонымен қатар елдің импортаралық ішкі нарығында қолданылатын капитал мен технологиялар.
Экспорт – ел шекарасынан шығарылатын тауар, сыртқы сауданы реализациялау мақсатындағы капитал.
Экспорт тауарын – шетелде сыртқы өндірістің тауары ретінде сату, сонымен қатар шетелдік партнерлерге өндірістік және тұтынушыларға жеткізу болып табылады.
Капитал шығарылымы – капиталды бір елден басқа елге жүйелік кіріс алу үшін тасу. Капитал шығарылуы екі түрде болады: кәсіпкер капиталын шығару, ссудалық капиталды шығару.
Кәсіпкер капиталын шығару өнеркәсіпке, ауыл шаруашылық, құрылыс, көлік, сауда және басқа да экономиканың нақты секторларына капитал салу болып табылады.
Валюта саясаты - елдің бағдарламалық мақсаттары мен өтпелі экономикалық қатынастарда, халықаралық сферада орындалатын қажеттіліктерге сәйкестік. Валюта саясатының жүргізуші құралы валюталық жүйелеу болып табылады.
Валюталық саясаттың негізгі мақсаттары:
Валюталық реттеу – бұл валюта саясатының элементі, заңдық нормалар мен экономикалық ережелер жүйесінің мемлекеттік органдармен ұлттық валюта мен шетел валюталарының маңызды қатынастарын орнату үшін құрылған. Көбінде нарықтық және мемлекеттік валюта жүйелеуін қолданғанда.
Нарықтық валюталық реттеу- бұл валюталық қатынастар орнату мен нарықта оның сұранысы мен ұсынысының пропорциясы. Мемлекеттік валюта реттеу мемлекеттік органдардың валюталық қатынас пен пропорция формалануын болжауда активті роль атқарады.
Нарықтық және мемлекеттік валюта жүйелеуі бір-бірін толықтырады. Біріншісі, бәсекелестік негізінде даму стимулын туғызады, ал екіншісі нарықтық жүйелеудің валюта қатынасында кері жақтарын жою ережелерін жүзеге асырады.
Валюта саясатын жүргізудің тура және жанама валюта реттеу әдістері бар. Тура валюталық реттеу заңды актілер мен атқарушы билік әсерінен пайда болады. Жанама валюталық реттеу экономикалық, жеке жағдайда валюта-несиелік әдістердің экономикалық нарық агентін жүргізуге әсерін қолданумен жүзеге асады.
17. Глоссарий
Автаркия – мемлекеттің әлемдік нарықтан өздігінен немесе мәжбүрлі шектелуі, мемлекеттің шаруашылық жекешеленуі.
Авуарлар – клиенттің банкте жатқан түрлі активтері, мүлкі, ақша қаражаттары.
Аграрлық қатынастар – ауылшаруашылық өндірістің нәтижелері мен өндіріс құралдары және жерді пайдалану, иелігіне алу бойынша қатынастар.
Акциз – тауар немесе қызмет көрсету бағасына кіретін жанама салықтың түрі.
Аренда (жалға алу) – мүліктің жедел, өтелетін иелікке, пайдалануға берілуі. Мүлік жалға берушімен жалға алушыға арнайы жалға алу келісім-шарты негізінде беріледі.
Банк – ақша қаражатын шоғырлаушы және соның негізінде өз клиенттеріне несие беруші, ақша есеп берулері мен басқа да операцияларды жүргізуші несиелік-қаржылық ұйым.
Жұмыссыздық – тұрғылықты халықтың экономикалық белсенді бөлігі өзіне жұмыс таба алмауын білдіретін әлеуметтік-экономикалық құбылыс.
Бизнес – табысқа жетуге бағытталған экономикалық қызмет, әрекет.
Биржа – құнды қағаздар (биржалық қор), тауарлар (тауарлар биржасы), шетел валютасы (валюта биржасы) сатылатын нарық түрі.
Мемлекеттік бюджет – түсім көздері және шығындаудың негізгі жолдары бойынша мемлекеттік табыстар және шығындар сметасы.
Бюджет дефициті – мемлекеттік шығындардың мемлекеттік табыстардан асып түсу сомасы.
Бюрократиялық (кеңсешілдік) көзқарас еңбек бөлінісінің жоғарғы дәрежесімен, қызмет лауазымдарыының бір-біріне қарай бөлінуінің (иерархиялығының) жетілдірілуімен, бұйрық беру тізбектілігімен, қызметшілердің жүріс-тұрысында көптеген ережелер мен нормалардың болуымен, кадрларды, іскерлік және кәсіптік сапасына қарай таңдауымен сипатталады.
Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) – ұлтпен бір жылда өндірілген барлық тауарлар мен қызмет көрсетулерінің құны ретінде белгіленетін мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші.
Валюта – мемлекеттің айналымдағы ақша бірлігі.
Мемлекеттің сыртқы қарызы – шетел азаматтарына, кәсіпорындарға басқа да мемлекеттерге деген мемлекеттік қарыз.
Информация о работе Дәріс конспектісі.Өзіндік бақылау үшін тесттік тапсырмалар