Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 12:09, реферат
Мемлекеттік реттеу жүйесінің шетел мемлекеттерінде бар болуы мен белсенді қызмет етуі нарықтың эканомика жағдайында оның қажеттілігі мен пайдалылығын дәлелдейді. Оның қолданылу тәжірибесі көрсеткендей, мемлекеттің реттеу іс-әрекетінің басты мақсаты макроэкономикалық қатынастарды ескерту және оларды экономикаға нақты әсер ету жолымен реттеу негізінде қоғамның әлеуметтік–экономикалық дамуының стратегиялық мәселелерін шешу болып табылады.
Лекция5. Өтпелі экономиканың жалпы сипаттамасы және оның заңдылықтары.
Радикалды реформаларды жүргізуші елдер өзінің экономикасын ғана емес, сондай-ақ нарықтық экономиканы құру макроэкономикалық және қаржылық тұрақтандыруды тәжірибеде жүзеге асыруменде қол жеткізді.
Реформаларды неғұрлым баяу жүзеге асырған, макроэкономикалық тұрақтандыруға қолы жеткізілген елдер бюджеттік жетіспеушілікке және жоғары инфляцияға үлкен ауыртпашылықтар әкелді.
Радикалды реформаларды
жақтаушылар әдетте оларды
Нарықтық трансформацияның радикалды стратегиясын таңдау мұндай төлемнен босатпайды, бірақ оны эволюционистік стратегияға қарағанда айтарлықтай азайтады.
Біртіндеп, баяу реформалаудың жақтаушылары нарықтық күшке толығымен қарсы тұру қажетті тиімділікті бермейді, постсоциалистік елдер жеке және ұжымдық жеке –меншік институтарын құру керек, ал мұны біртіндеп істеу керек деп болжайды. Осы көзқарас тұрғысынан радикалдықтарды институционалдық эволюцияның тарихи тәжірибесін дұрыс бағаламағаны үшін негізсіз сынға алады .
Қытай тәжірибесі біздің елге айтарлықтай сәйкес келмейді. ҚХР-өзінің айрықшылығы жағынан бірегей , ауыл халқы өте үлкен ел, өндірістік қатынастары жеткілікті дамымаған, табыстарының деңгейі төмен және шекарадан тыс үлкен диаспорасы бар. Бұл елде экономикалық реформалардың жетістіктері даусыз, бірақ олардың стратегиясы біздің елімізге икемсіз.
Біріншіден, экономикалық реформалар шаруаларды ұсақ фермерлерге (аграрлы реформа) көшіріп және ауыл аймақтарында (өндірістік реформа) жаңа өндірістік кәсіпорындарды құруға негізделеді басқа сөзбен айтқанда, барлығы ауыл шаруашылығымен байланысты. Бұл шыныменде Қытайдағы прогресс үшін энергияның үлкен дәстүрлі қайнар көзі. Қазақстанда ауыл шаруашылығы ұзақ жылдар бойы тоталатаризммен толығымен азғындатылған, мұнда жастар жоқ десе де болады.
Екіншіден Қазақстан неғұрлым ұрбандалған. Өндіріс, әсіресе ірі өндірістер қалада орналасқан. Кәсіпорынды ауылдық жерлерде жарақтандырудың ешқандай мәні жоқ. Өйткені барлық қуаттылық қалаға шоғырланған. Қазіргі өндірістік кәсіпорындардың жекешелендіру үрдісінде қайта құру прогрессін күту керек ал Қытайда жекешелендіру мүлдем жоқ. Ал бұл дегеніміз алыс емес болашақта ҚХР осымен байланысты күрделі мәселелерді шешуіне тура келеді.
Үшіншіден Қытайдағы мүліктің көбі шетелдік капитал. Мұнда этникалық факторлар жатыр. Шекарадан тыс тұратын Қытайлардың көпшілігі айтарлықтай капиталған Қытайға шетелдік инвестициялардың 75 пайызға жуығы Тайвань, Гонконг (1997 жыл 1 шілдеден бастап ҚХР құрамына кірген) және біршама көп Қытай халқы бар Оңтүстік –шығыс Азия елдерінен келеді. Сәйкесінше капиталды шетелден Тарту үшін бізге басқа жолымен жүру қажет: шетелдік инвесторларға олардың ұлтына тәуелсіз жағымды шарттар құру.
Төртіншіден, біздің еліміздің саяси жағдайлар және саяси режимдегі түпкі ерекшеліктерін есепке алмау. Қытай реформалары «нарықтық социолизм» шеңберінде КПК тарапынан қатаң бақылауда жүргізіледі. Жоспаршылар және чиновниктер салалар мен кәсіпорындарды басқарады. Онда ешқандай оппозициялық қарсы келу болмайды. Ал бізде болса, экономикалық реформалар әр түрлі жақтардың қысымында орналасқан. Сонымен бірге басқару шеңберінің өзінде осы реформалардың стратегия және тактикаға байланысты ешқандай бірлігі жоқ. Сондай-ақ Қазақстандық реформалардың Қытайдікінен айырмашылығы өте көп әртүрлі аймақтық спектрлер бар. Ал жергілікті билік органдары орталықтың жарлықтарын өзгерте отырып, өздеріне қажетті түрге келтіреді. Сондықтан біздің елімізде арнайы экономикалық зоналарды алып тастаған, өйткені олар оның дезинтеграциялануына қосымша фактор болуы мүмкін.
Қазақстандық экономиканы
Елімізде нарықтық экономиканы құру ерекше түрдегі монополизммен соқтығысты және әліде соқтығысуда. Ол нарықтық емес ортада құрылды және өзінің шығу тегі бойынша бәсекелестік үрдісінде араласу және орталықтандырудан өсіп шыққан монопольды қатынастардан біршама ерекшеленеді.
Шаруашылықты мемлекеттік
Табиғи монополияның бар болуы бір ғана өндірушінің техникалық тиімді етеді.
Монопольды нарыққа бәсеке конкурс формасында(аукцион) ұйымдастырылады. Оның жеңімпазы ел масштабында немесе локальды нарықта өндірудің айрықша құқығына ие болады.
Жарыс жеңімпазы аренда немесе концессия құқығында қызметті жүзеге асыру мүмкіндігін алады. Мұның ішінде неғұрлым көп таралғаны активтері не мемлекетке жататын, не соның есебінен құрылатын, бірақ жеке меншік компаниямен қолданылатын және басқарылатын жалға беру болып табылады. Концессия кезінде жеке меншік фирма инвестицияны өзінің жеке немесе заемдік қаражаттары есебінен желіні қолдануға және дамытуға жұмсайды. Келісім–шарттар әртүрлі мерзімдерге келісіледі, ереже бойынша, неғұрлым компания өндіріске көбірек қаражат салса, соғұрлым ұзағырақ болады. Әдетте концессияның қызмет ету мерзімі салымның өзін-өзі өтеп шығуына толығымен жеткілікті болады, ал содан кейін желі мемлекетпен сатып алынуы мүмкін. Концессиялар көбінесе су құбырларының ұйымдарына, теміржол тасымалдаушыларына және телефондық байланыстарға тән.
Компания қызметін тікелей табиғи-монополиялық нарықта реттеу екі әртүрлі модельдерге сәйкес жүргізіледі. Олардың біреуінің негізінде-пайда нормасын реттеу; екіншісінде-тарифтерді реттеу.
Екі жағдайда да реттеу арнайы агенствалармен жүзеге асырылады. АҚШ-та бұл функциялар байланыс бойынша Федералды комиссияға, штат- аралық тасымалдың Федералды комиссиясына және тағы басқаларға салынған.
Тариф құрылымы әділеттсіз және шынайы емес дискриминациядан құтылу жолында әзірленеді. Тариф сауданың барлық түрі бойынша немесе қызмет көрсетудің сипаты бойынша әрбір түріне бөлек құрылуы қажет. Ол әдетте қандай да бір қағида негізінде барлық шығындарды солар бойынша бөлуді талап етеді. Мысалы, өндіріс мөлшері, сату мөлшері, тікелей шығындар көлемі, алынатын пайда және тағы басқалар.
80-ші жылдарды екінші
Аталған әдістің негізгі мәні дефлятор және өндірісті көтеру деп аталатын фактордан тұратын жыл сайын тарифті есептеу формуласының келісілген мерзімде құрылуынан тұрады. Реттелетін секторға келетін табыстың жалпы соммасынан британдық электроэнергия және суды жарақтандыруға 95% көлемінде, «Бритиш гэске» 64%, «Бритиш телекомға»-55%, Британдық аэропорттарды басқаруға-37% келеді.
Сонымен, реттеудің қарастырылған моделдерінің мақсаты табиғи монополиялардың өзінің жағдайын пайдалана отырып, залал келтірмеуінің алдын-алу, бірақ олардың қызметіне мемлекеттің араласуы басқа түрдегі жағдайлармен де берілуі мүмкін. Жекелей алғанда, өнімдердің нақты және қажетті шығындарын бейнелейтін бағасы тәуелсіз компаниялардың әсерінен экономика үшін өлшемсіз жоғары болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда бағаны әкімшіліктік құруға сүйену қажеттілігі туады.
Қазіргі таңда табиғи-монополиямен бағаны реттеу «өндірістегі баға өсімі немесе инфляция темпіне салыстырмалы анықталатын» тарифтердің жоғарғы шегін мүліктік құру формасында жүзеге асырылады. Бұл тәжірбие жоғарыда қарастырылған шетелдік тәжірбиеге жақын, соның ішінде ең алдымен британдық тәжірбиеге, бірақ бір арнайы ерекшелігімен. Мұның негізгі мәні Қазақстан Республикасында табиғи монополиялардың ең жоғарғы бағасын құру болжамдар, кәсіби есептеулер базасында емес, керісінше «көзше» жүзеге асырылады. Ел үкіметі негізделген тарифті құру үшін жеткілікті табиғи монополиялардың іс-әрекетінің қаржылық-экономикалық нәтижелері туралы ақпараттарды қарастырмайды.
Лекция 6. Экономикалық өсу: негізгі факторлар және оны қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік шаралар.
Өндірістік үрдістің құрылымында
сұраныс тарапынан оны бейнелеу
негізінде келесідей
А. Өндіріс факторлары-игіліктер мен қызмет көрсету үрдісінде қатысатын өндірістік ресурстар. Олардың қатарына мыналар жатады: еңбек, капитал және халықшаруашылығының айналымына таралған табиғи ресурстар, сондай-ақ ғылыми-техникалық жетістіктер.
Еңбек немесе (жұмыс күші)-еңбекке қабілетті жастағы халықтың құрамындағы жұмысшылар мен жұмыссыздардың жалпы саны кей кездері неғұрлым нақты өлшеу үшін «жұмыс уақыты»-өндірісте жұмысбастыларға кеткен сағат саны көрсеткіші қолданылады.
Негізгі капитал(негізгі қор)-белгілі бір мерзімге салалар немесе экономика толығымен, ғимараттар, машиналар және кәсіпорын құрал-жабдықтарды бағалаудың жиынтық құнынан тұрады.
Табиғи ресурстар-жер ресурстарын, орман, су ресурстары, пайдалы қазбалар және шаруашылық айналымға тартылған табиғи ресурстардың басқа да түрлерінің бағалық құны.
Ғылыми-техникалық потенциал- даму деңгейі және ел техникасының жалпылама сипаттамасы. Ғылыми кадрлар, конструкторлар, мамандардың қабілетімен және сонымен сипатталады, сондай-ақ жаңа маңызды техникалық тапсырмаларды шешуге қабілеттілігімен және олардың техникалық жарақтануымен сипатталады.
Б. Өндірістік қызмет нәтижесінің көрсеткіштері құрамына ЖІӨ және ЖҰӨ кіреді.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) - елдегі ішкі шаруашылық қызметті сипаттайтын жалпылама экономикалық көрсеткіш. Ол белгілі кезеңде ел аймағында өндірілген тауарлар мен қызметінің жалпы нарықтық құнын көрсетеді. ЖІӨ үш тәсілмен есептеледі:өндірістің барлық агенттерінің қосылған құнының сомасы ретіндегі өндірістік тәсіл; кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстарының соммасы ретіндегі табыс бойынша;жеке тұтыну, мемлекеттік сатып алу, инвестицияға (экономиканың нақты секторында капитал салымдары) кеткен шығындар соммасы ретіндегі шығындар бойынша.
Таза ұлттық өнім өндірістік қызметтің нәтижесін сипаттайтын көрсеткішті білдіреді. Ол жалпы өнім арасындағы айырмашылық және негізгі капиталдың тозу құнын(амортизация) есептеу жолымен есептелінеді.
Қазіргі заманға сай әдістеме бойынша қоғамдық өндірістің нәтижесі қосылған құн көрсеткіші негізінде есептеледі.
Қосылған құн-өндірілген тауар және қызметтер құны мен аралық тұтыну құны арасындағы айырмашылық(материалдық шығындар және амортизациялық аударым).
Ертеректе бақылау объектісі жалпы өнім,яғни кәсіпорын шегінен шығарылған өнімге жүргізілген болатын.
В. Өнімді бөлу және қолдану (тұтыну )көсеткіштері аралық тұтыну, жеке тұтыну шығындары, мемлекеттік тұтынулар, инвестициялар, таза экспорт сияқты индикаторлардан тұрады.
Аралық тұтыну - өндірістің 1 бөліміндегі өнімдерін еңбек заты ретінде өндірістің келесі бір бөлімінде қолданылады.
Жеке тұтыну
шығындары – макроэкономикада
тұтынуға кеткен барлық
Мемлекеттiк тұтыну – мемлекеттiк тұтыну шығындары бюджеттiк мекемелер, қорғаныс және әлеуметтiк сақтандыруға кеткен шығындар, жеке секторда өндiрiлген тауарлар мен қызметтердi шектi тұтынудан тұрады.
Инвестициялар – жеке сектор және мемлекетпен елдiң iшiндегi және шекарадан тыс экономикалық әртүрлi салаларына ұзақ мерзiмдi капитал салымы.
Таза экспорт – экспорттың импорттан артуы.
Г. Ұсыныс тарапынан экономикалық айнымалылардың өзара байланысын сипаттайтын көрсеткiштер. Олардың санына кiретiндер: потенциалды ЖIӨ, қоғамдық еңбектiң өнiмдiлiгi, қор қайтарымы, материал қайтарымы. Мұнда Оукен заңы немесе Филиппс қисығы сияқты кейбiр басқа да қатынастарды жатқызуға болады.
Потенциалды ЖIӨ – қолда бар өндiрiстiк ресурстарды толығымен қолдану кезiнде алынуы мүмкiн өндiрiс көлемi. Мұндағы өндiрiстiк ресурстар: капиталдық игiлiк; табиғи ресурстардың жұмыс күшi.
Еңбек өнiмдiлiгi – жұмыс уақытының бiр бiрлiгiнде өндiрiлген өнiм, немесе 1 жұмысбастыға келетiн өнiм шығарылымы.
Қор қайтарымдылығы – капиталдың бiр бiрлiгiне өндiрiлген өнiм.
Материал қайтарымдылығы – өнiм көлемiнiң материалды айналым құралдарының бiр бiрлiгiне қатынасы.
Оукен заңы – экономикалық өсу темпi мен жұмыссыздық деңгейiнiң өзгеру қарқыны аралығындағы экономикалық қатынастар. Осыған сәйкес нақты ЖIӨ-ң шамамен 2,7% деңгейде, жылсайынғы өсуi жұмыссыздық деңгейiн тұрақты ұстап тұрады. Нақты ЖIӨ-ң әрбiр қосымша 2 пайызы жұмыссыздық деңгейiн 1 пайыздық пунктке азайтады және керiсiнше. Ұсыныс тарапынан көрсеткiштердiң өзара байланысын бейнелеу ұшiн халық шаруашылығының балансы қолданылады. Ол әртүрлi деңгейлерде экономикалық көрсеткiштердiң өзара байланысын сандық жағынан суреттейтiн баланстық кестелер жүйесiнен тұрады. Мұндағы деңгейлер: халық шаруашылығы, салалық, өндiрiстiк.
Информация о работе Дәріс конспектісі.Өзіндік бақылау үшін тесттік тапсырмалар