Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 12:09, реферат
Мемлекеттік реттеу жүйесінің шетел мемлекеттерінде бар болуы мен белсенді қызмет етуі нарықтың эканомика жағдайында оның қажеттілігі мен пайдалылығын дәлелдейді. Оның қолданылу тәжірибесі көрсеткендей, мемлекеттің реттеу іс-әрекетінің басты мақсаты макроэкономикалық қатынастарды ескерту және оларды экономикаға нақты әсер ету жолымен реттеу негізінде қоғамның әлеуметтік–экономикалық дамуының стратегиялық мәселелерін шешу болып табылады.
Сыртқы сауда-саттық – мемлекеттің басқа да мемлекеттермен сауда-саттығы, тауарлардың енгізілуі мен сыртқа шығарылуын қарастырады.
Мемлекеттік меншік –меншік иесі ретінде мемлекеттің тұруын қарастыратын (органдары тұлғасында) меншік формасы.
Менеджмент – нарықтық экономика жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық үрдістерді басқару.
Мотивация – қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған шаралар жиынтығы.
Нарықты мемлекеттік реттеу – мемлекеттің нарық механизмдерінің қызмет етуіне араласуы, экономикаға әкімшілік (заң шығару актілері және соларға нгізделген атқарушы органдардың әрекеттері), экономикалық (валюталық-қаржылық, ақша-несиелік, бюджеттік-салықтық және т.б.) әдістер мен иіндер арқылы ықпал ету.
Экономиканың мемлекеттік секторы – мемлекеттік меншікте немесе мемлекетпен бақыланатын экономиканың бір бөлігі.
Экономикалық тиімділік - өнім бірлігін өндіруге кеткен шығындар саны.
Девальвация – валюта курсының ресми төмендеуі.
Демонополизация - өз талаптарын нарыққа үстеуші мемлекеттік немесе басқа да монополияның жойылуы.
Ақша – айналым құралы, есеп бірлігі, жинақ құралы қызметін атқарушы заттар, нысаналар, активтер.
ЖҰӨ дефляторы – номиналды жалпы ұлттық өнімнің нақтыға қатысы.
Диверсификация – бір-бірімен тікелей байланысты емес өндірістердің бір уақытта дамуы. Фирма өндірісінің диверсификациясы - бұл фирма құрамындағы даму немесе оған бір-бірімен тікелей байланысты емес өндірістердің еніп қосылуы.
Үй шаруашылығын жүргізу - экономикалық қатынастардың аса маңызды субъектісі; тауар мен қызмет көрсетулерді әрі өндіруші әрі тұтынушы экономикалық бірлік.
Табыс – уақыт бірлігінде келіп түскен ақша немесе түсім. Табыстың төрт негізгі формасы белгілі: рента, еңбек ақы, пайда және пайыз.
Еңбек ақы - жалданушы жұмысшымен алынатын ақшалай немесе натуралды түрдегі пайда.
Импорт – шетелде өндірілген тауардың (сырттан) елге енгізілуі.
Инвестициялау - өндіріс үрдісі және тауар мен қызмет көрсетулерді өндіру үшін, оларды тұтынушыға жеткізуге қажетті өндіріс құралдарын жинақтау. Қаражатты құнды қағаздарға құю.
Инвестиция - өндіріс шығындары және өндіріс құралдарын жинақтау мен материалдық қорды өсіру; экономикадағы капиталдың ұлғаюы.
Инжиниринг – инженерлік-құрылысшылық және жобалық қызмет көрсету.
Инновация – ғылыми-техникалық прогресті қамтамасыз ететін қаражаттың экономикаға салыну үрдісі.
Экономикалық өсудің қарқынды түрі - өндірістің өсуі неғұрлым жетілген өндіріс факторларының, технологиялардың және ұйымдардың негізінде жүрген кездегі экономи калық өсу.
Инфляция – бағаның өсуі кезінде пайда болатын сұраныс пен ұсыныстың дисбалансы; экономикадағы бағаның жалпы деңгейінің өсуі және ақша айналым жолдарының толуы. Сұраныс және ұсыныс инфляцияларын, біркелкі, шоқырақтаушы, және гиперинфляцияларды айырымыз.
Капитал - тауар мен қызмет көрсетулерді өндіру үшін пайдаланылатын түрлі қорлар мен өндіріс құралдары.
Квота – заң шеңберінде немесе басқа келісулермен бекітілетін өнімнің өндірістегі немесе сатудағы үлесі.
Кейнсианство – экономиканы мемлекеттік реттеудің және мемлекетпен фискальды, несиелік-ақша саясатын пайдалану қажеттілігі мен маңыздылығын негіздейтін және мойындайтын экономикалық теория.
Лизинг – негізгі құралдарды ұзақ мерзімге жалға беру. Лизинг компаниялары құралдарды жалға беру үшін оларды көптеп сатып алады.
Лицензия - белгілі экономикалық қызмет жүргізуге үкіметтің мемлекеттік және жергілікті органдарымен берілетін рұқсаты.
Макроэкономика – экономика бүтін немесе оны құраушы бірліктер ретінде; экономиканы жалпылама немесе оны құраушы элементтерді зерттейтін экономика теориясының бір саласы.
Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) - қызметі еңбектің әлеуметтік- экономикалық мәселелерін шешуге бағытталған БҰҰ-ның арнайы мекемесі.
Халықаралық қайта құру және даму банкісі – мемлекеттердің экономикалық дамуын ынталандыру мақсатында ұзақ мерзімді қарыз беруші халықаралық экономикалық ұйым.
Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) - халықаралық экономикалық ұйым, халықаралық валюталық-қаржылық қатынастарды реттеуші орган, халықаралық сауда-саттықтың дамуына және валюталық ынтымақтастыққа ықпал етуші.
Методология - ғылыми танымның формалары мен тәсілдері, құрылу ұстанымдары туралы ілім.
Микроэкономика – экономикалық бірліктерді, мысалы фирмаларды немесе басқа бір жеке экономикалық нысаналарды, құбылыстарды, зерттейтін экономика теориясының бір саласы.
Ең аз еңбек ақы - кез келген меншік формасындағы кәсіпорындарда заңмен бекітілген еңбек ақы мөлшері.
Монетаризм – айналымдағы, экономиканы тұрақтандыру саясатын жүргізудегі, экономиканың дамуы мен қызмет етуіндегі ақша массасының анықтаушы рөліне негізделген экономика теориясы.
Монополия - бір адамға, белгілі бір адам тобына немесе мемлекетке тиесілі өндірудің, сауда жасаудың, кәсіп қылудың, т.б. айрықша құқығы, нарықта маңызды орын алып, бағаны анықтау мен бағалауға және бақыланатын бір не бірнеше кәсіпорынның нарық формасы.
Мультипликатор – күрделі қаржының жалпы сомасы өскен сайын ұлттық табыс күрделі қаржының өсімімен салыстырғанда «а» рет көп шамаға артады, ал «а» шамасы – мультипликатор деген мағынаны білдіретін принцип.Мысалы, акселерация принципінің әсер етуі нәтижесінде өнім өткізу үдемелі қарқынмен артады, өнім өткізудің өсуі инвестиция деңгейін жоғарылатады.
Салық – заң бойынша белгіленген тәртіппен халықтан, ұйымдардан, кәсіпорындардан міндетті түрде алынатын төлем.
Ғылыми- технологиялық прогресс – ғылым және техника жетістіктерімен енгізілетін базаның қызмет сферасы мен барлық кәсіпорын жақтарының үздіксіз жетілдірілуі.
Национализация (ұлт меншігіне алу) – жеке меншік иелерінің қолында болып келген жеке меншік пен оларды басқару жүйесінің мемлекет меншігіне көшірілуі.
Ұлттық табыс – қоғамдық өнім құнының өндіріске тұтынылған құрал-жабдық – еңбек заттары мен еңбек құралдары өтелгеннен кейін қалған бөлігі; елдің экономикалық дамуының қорытындылаушы көрсеткіші.
Номиналды жалақы төлемі – жалдамалы жұмысшы алатын ақша сомасы.Кәдімді жалақыдан айырмашылығы номиналды жалақы баға динамикасын есептемейді.
Ноу-хау – өндірісті ұйымдастыру мен тауарларды реализациялау үшін қолданылатын ғылыми-иехникалық және экономикалық білімдермен қоса, өндірістік және шаруашылық тәжірибе, арнайы дағды.
Шаруашылық қызметін жоспарлау – жасау мен даму жоспарын іске асырудағы келесі бақылау процесстері және кәсіпорынды функционалдау.
Кәсіпкер – табыс алу үшін тәуекел мен қорқынышқа баратын нарық қатынастарының жеке субъектісі.
Кәсіпкерлік қызмет – табыс алуға бағытталған азаматтардың дербес инциативалық қызметі.Табыс алу мақсатында өндіріс факторларын қосу кәсіпкерлік қызметтің басты мәні болып табылады.
Приватизация – мемлекеттік және муниципалды меншікті жекешелендіру процесі.
Еңбек өнімділігі – бірлік өнім өндірісіне кеткен уақыт пен өнім көлемін білдіретін өнімділіктің, еңбектің эффективтілігінің көрсеткіші.
Протекционизм – кеден, валюта және кредит саясаты арқылы ұлттық өндірушілер мен тұтынушыларды шетелдік бәсекелестіктерден қорғау.Көбінесе шетел тауарларын әкелуді тікелей не жанама шектеу жолымен жүзеге асырады.
Нақты жалақы төлемі – номиналды жалақы төлемі арқылы алатын тауар мен қызмет көлемі.
Резидент – белгілі бір елде тұрақты орналасқан заңды ұйым немесе жеке адам; салық салу және реттеу режимі резиденттерге де толық дәрежеде қатысты.
Жоспарлау дегеніміз – осы мақсат пен жоспарды біріктіреді; бұл ұйым мақсаттарын анықтау процесі және олардан нәтиже шығару құралы.
Стратегия дегеніміз – ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жанжақты жоспар жиынтығы болып саналады.
Стартегиялық жоспарлау дегеніміз – басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді. Стратегияның жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті – ұйымдағы жаңадан енгізілдгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің 4 түрін қамтиды: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру, ұйымдық стратегиялық болжау.
Нарықтық экономика – өндірі нәтижесін үлестіру және өндіріс жоспар арқылы мемлекет емес, ал әрбір экономикалық агентпен дербес шаруашылық шешім қабылдануы ұлттық шаруашылық ұйым жүйесі.
Ұлттық шотесептер жүйесі - өндірісті макроэконокалық есептеу, қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлу және түпкілікті пайдалану жүйесі, ол бухгалтерлік шотесептер нысанында жасалған.Ұлттық шотесептер жүйесінде қосарланған жазба принципі бойынша бухгалтерлік баланс қолданылады.
Меншік – мүлікті қолдану және басқару, иемдену категориясы;мүлікті иемдену,қолдану себептердегі экономикалық қатынастар жүйесі.
Стагнация - өндірістегі, саудадағы, қайсыбір процесстердегі тоқырау.
Страгфляция – инфляциялық тенденциялардың өршуі кезіндегі тоқыраумен сипатталатын экономикасының жағдайы.
Субвенция – қаржылық көмек формасы, экономика, аймақ, кәсіпорын жеке салалары немесе оның иесі үшін жәрдем.
Кеден баж салығы- мемлекеттік шекарадан өткізер кезде мемлекет кеден мекемелерінің желісі арқылы тауарлардан, мүліктерден және құнды заттардан алатын ақшалай алым.
Кеден тарифтері – тауарлардың жүйеленген тізіміне төленетін ақының мөлшерін айқындайтын мөлшерлеме жүйесі.
Тариф – бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа көрсетілетін өндірістік сипаттағы түрлі қызметтер үшін төленетін ақы.
Тендер – тауарларды жеткізу немесе мердігерлерге белгілі бір жұмыстарды орындау жөнінде тапсырыс берудің ерекше нысаны, бұл нысан сауда-саттықты ұйымдастырушылар үшін мәміленің неғұрлым тиімді коммерциялық немесе басқа да шарттарын қамтамасыз ету мақсатында бірнеше жеткізушілерден немесе мердігерлерден ұсыныстар алуды көздейді.
Тауар – сауда-саттық объекті.
Тұрмыс деңгейі – елде тұтынылатын тауарлар мен қызметтердің орташа мөлшерін, сапасын сипаттайтын көрсеткіш.
Фискалды саясат – мемлекеттік шығыстар мен салықтар аумағындағы саясат.
Экономикалық реформа – бар экономикалық қатынастарды өзгерту бағытында жүргізілетін өзгеріс.
Экономикалық теория – адам қажеттіліктерін максималды қанағататндыру мақсатында шектелген өндірістік ресурстарды тиімді қолдану туралы ғылым.
Экономикалық ресурстар – шаруашылық қызметте бар қолданатын табиғи, адам және өндірістік реурстар.
Экономикалық өсу – экономика фунционалдануның нәтижесінің өзгеруі.Экстенсивті және интенсивті экономикалық өсу деп ерекшеленеді.
Экономикалық өсудің экстенсивті типі – материалдық игіліктердің өндіріс көлемінің өсуі және өндіріс факторларының көп мөлшерде қолдану арқылы жүзеге асатын қызмет кезіндегі экономикалық өсу.
Эмиссия – ақша айналысы мен құнды қағаздарды айналысқа дайындау және шығару.
Информация о работе Дәріс конспектісі.Өзіндік бақылау үшін тесттік тапсырмалар