Дәріс конспектісі.Өзіндік бақылау үшін тесттік тапсырмалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 12:09, реферат

Описание работы

Мемлекеттік реттеу жүйесінің шетел мемлекеттерінде бар болуы мен белсенді қызмет етуі нарықтың эканомика жағдайында оның қажеттілігі мен пайдалылығын дәлелдейді. Оның қолданылу тәжірибесі көрсеткендей, мемлекеттің реттеу іс-әрекетінің басты мақсаты макроэкономикалық қатынастарды ескерту және оларды экономикаға нақты әсер ету жолымен реттеу негізінде қоғамның әлеуметтік–экономикалық дамуының стратегиялық мәселелерін шешу болып табылады.

Работа содержит 1 файл

ЭУМКД ГРЭ каз.doc

— 370.50 Кб (Скачать)

Халықшаруашылығы деңгейiнде экономиканың өзара байланыстарын макроэкономикалық  суреттеу кезiнде келесiдей кестелер қолданылады:

- жалпы қоғамдық өнiм  балансы;

- ұлттық табыс балансы;

- негiзгi қор және ұлттық байлықтың басқа да элементтерiнiң балансы, мысалы капитал салымдары мен жинақтар балансы.

Саларалық пропорцияны  талдау кезiнде салааралық баланс натуралды  және құндық бейнелерде қолданылады. Осыған байланысты салааралық баланстың құндық моделi ашық статистикалық, динамикалық, жабық түрде құрылуы мүмкiн.

Өндiрiстiк деңгейде материалды баланстар жекелеген өнiм түрлерiн қолданылады және кешендi баланстар тағайындалуы бойынша бiрыңғай өнiмдердiң жинақтары үшiн қолданылады, мысалы, жанар-жағар май энергетикалық баланс, конструкциялық материалдар балансы және т.б.

 

Сұраныс тарапынан қайта өндiру үрдiсiн сипаттайтын көрсеткiштер.

Сұраныс тарапынан өндiрiс үрдiсiн бейнелеу кезiнде көрсеткiштiң келесiдей блоктарын бөлiп қарастыруға болады: ЖIӨ-ң құнын құру үрдiсiнiң көрсеткiштерi (факторлық табыстар), шектi қолдану бағыты бойынша ЖIӨ-дi бөлу көрсеткiшi, экономикада өнiмдi қайта бөлу көрсеткiшi.

А. ЖIӨ-ң құнын құру үрдiсiнiң көрсеткiштерi.

Мысал ретiнде мыналарды  келтiруге болады: факторлық табыстар, амортизация, еңбек ақы, пайда.

Факторлық табыс – өндiрiс факторларын қолданудан түскен ақшалай және натуралды түсiмдер.

Жеке табыс – жеке физикалық тұлғаның салықты төлегенге дейiнгi табысы.

Ұлттық табыс – ұлттық өндiрiстен түскен табыс, экономикаға барлық табыс түрлерiнiң саласы. Ол еңбек аңы, ренталық табыс, корпорациядан түскен табыс, таза пайыз және жеке меншiктен түскен табыстан тұрады.

Амортизция – олардың белгiлi бiр қызмет ету мерзiмi ағымында капитал ресурстарының құнын есептеп шығару және оның құнын өндiрiлген өнiмге бiртiндеп аудару;

Еңбек ақы – өнiм өндiрiсiндегi жұмыс бастылардың табысы немесе өндiрiстiк қызмет үрдiсiнде нақты (жанды) еңбектi қолдану шығындары. Бұл жерде номиналды және нақты еңбек ақы туралы айту керек. Номиналды еңбек ақы – ақшалай түрдегi еңбек ақы (ағымдағы бағада). Нақты еңбек  ақы – бағаның өзгерiсi деңгейiнде тҰзетiлген номиналды еңбек ақы.

Пайда әртүрлi формада болады (түсiм, кәсiпорынды марапаттау).

Б. ЖIӨ бөлу көрсеткiштерi.

Шектi тұтыну арқылы өлшенген ЖIӨ – бұл өндiрiстiк қызмет агенттерiмен өндiрiлген тауарлар мен қызметтердiң жиынтық нарықтық құны. Оны сондай-ақ жиынтық сұраныс деп атаса да болады. Оның құрамына мыналар кiредi: мемлекеттiк тұтыну шығындары, жеке секторды тұтыну, жиынтық инвестиция және экспортты-импорттық шығындар сальдосы.

Жинақ – тұтынуда қолданылмайтын табыстан былай.

Жинаққа бейiмдiлiк – табыстағы жинақтаудың үлесi.

Инвестициялауға бейiмдiлiк – капиталдық салымға шығындалатын ұлттық табыс үлесi.

ТҰтынуға бейiмдiлiк – табыстағы тұтыну шығындарының үлесi.

Импорттауға бейiмдiлiк – табыстағы импортқа кеткен шығын үлесi.

В. Сұраныс тарапынан экономикалық айнымалылардың өзара байланысын сипаттайтын көрсеткiштер: негiзгi макроэкономикалық теңдiк, жиынтық сұраныс, қалдық сұраныс, қалдық ұсыныс.

Негiзгi макроэкономикалық  теңдiк –нақты тұтынылатын өндiрiлген жиынтық табыстардың теңдiгiн сипаттайтын макроэкономикалық байланыс.

Жиынтық сұраныс – өндiрiстiк қызмет агенттерiнiң нақты сатып алу қабiлетiнiң индикаторы. Оның толығымен қанағаттандыру шарты кезiнде ол жиынтық шығын деп аталуы мүмкiн. Оның құрамына кiретiндер: мемлекеттiк тұтыну шығындары, жеке сектор тұтынуы, жиынтық инвестиция, таза экспорт (экспортты-импорттық сальдо). Жиынтық сұраныс қисығы – жиынтық сұраныстың тауарлар мен қызметкерлерге уақыт бойынша динамикасын көрсетедi. Макроэкономикалық модель графигiнде ол монотонды тереңдейтiн фунцияны көрсетедi.

Жиынтық ұсыныс қисығы – макроэкономикалық модель графигiнде тауарлар мен қызметтердiң жиынтық ұсыныс динамикасын сипаттайды және бағаның өсуi мен өнiм шығару көлемiнiң арасындағы байланысты көрсетедi.

Қалдық сҰраныс – берiлген баға кезiнде тауарлар мен қызметтерге сұраныстың ұсыныстан артып кетуi. Сонымен бiрге, дефицит деп те аталады.

Ұлттық есеп жүргiзу – қаржылық-құндық көрсеткiштердi өзара байланыстыру арқылы экономикада макроэкономикалық үрдiстердiң бейнелеуiне бейiмделген баланстық құрылымдар жүйесi. БҰҰ-ң ұлттық есебiнiң стандарттық жүйесiнiң құрылымы агрегатық есептер жүйесi, ұлттық мүлiк балансының жүйесi, салааралық баланстан тұрады.

Агрегаттық есептер жүйесi келесiдей негiзгi есептерден тұрады: ЖIӨ-дi құру есебi, ұлттық табысты бөлу  және қолдану, капиталды құру, мемлекет есебi, үй шаруашылығы есебi, сыртқы елмен операция.

Агрегаттық есептер көрсеткiшiн  өзара байланыстыру макроэкономикалық  көрсеткiштердiң өзара әсерiнiң шахматтық кестесiнде бейнеленген.

Экономикалық өсу 2 өзара байланысты әдiстермен анықталады және өлшенедi: уақыттың  кезеңiнде нақты ЖҰӨ немесе ТҰӨ-ң артуы (1) немесе адам басына шаққандағы уақыттың белгiлi бiр кезеңiндегi нақты ЖҰӨ немесе ТҰӨ-ң артуы (2). 2 анықтаманы да қолдануға болады. Мысалы, егер негiзгi мәселе әскери-саяси потенциал болса, неғұрлым тиiмдiсi бiрiншi анықтама болып табылады. Бiрақ жекелеген елдер мен аймақтардағы халықтың өмiр сүру деңгейiн салыстыратын болсақ екiншi анықтама қолданылады. Сонымен, Индияның ЖҰӨ Швецарияның ЖҰӨ-нен 70% жуық асады, бiрақ өмiр  сүру деңгейi бойынша Индия Швецариядан 60 есе төмен тұрады. Бұл бөлiмде негiзгi көңiл нақты қоғамдық өнiмнiң немесе жан басына жаққандағы табыстың өсуiне бөлiнiп отыр.

Әдетте, кез-келген анықтамадан шыға отырып экономикалық өсу өсудiң жылдық темпiн % түрiнде өлшенедi. Мысалы, егер нақты ЖҰӨ өткен жылы 200 млрд.долл тұрса және ағымдағы жылда 210 млрд.долл. болса ЖҰӨ-ң ағымдағы жылғы көлемiнен өткен жылғы нақты ЖҰӨ көлемiн алу жолымен және өткен жылғы нақты ЖҰӨ көлемiнен айырмашылығын салыстыру арқылы есептеуге болады. Берiлген жағдайда өсу темпi (210–200) / 200 = 5% тең.

Экономикалық өсудiң  мәнi. Неге экономикалық өсiм өздiгiнен әдетте маңызды экономикалық мақсат ретiнде қарастырылады? Жауабы белгiлi. Жан басына шаққандағы қоғамдық өнiмнiң артуы өмiр сүру деңгейiнiң жоғарылағандығын көрсетедi. Нақты өнiмнiң өсуi материалды шығындардың өсуiне әкеледi және шығыстарды азайту қағидасына жауап бередi. Қойылған сұраққа жауап басқадай әдiспен құрылуы мүмкiн. Өспелi экономика жаңа қажеттiлiктердi қанағаттандыру және елдiң iшiндегi сияқты халықаралық деңгейде де әлеуметтiк экономикалық мәселелердi шешу қабiлеттiлiгiне ие. Анықтама бойынша, өсiп келе жатқан экономика жылдық нақты өнiмнiң өсуiмен сипатталады. Нақты жалақыларды көтеру кез-келген отбасына жеткiлiктi – Еуропаға барып қайту, жаңа стерео жүйе, әрбiр балға үшiн жоғары, бiлiммен байланысты мүмкiндiк шеңберiн кеңейтедi. Сонымен бiрге экономикалық өсiм өндiрiстiң қоғамдық игiлiгi және инвестиция көлемiн қысқарту, тұтыну деңгейiнiң төмендеуiнсiз қоршаған ортаны ластанудан қорғау және кедейшiлiкпен күресу бойынша жаңа бағдарламаны жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Экономикалық өсу шектеулi ресурстар мәселесiн шешудi жеңiлдетедi. Экономикалық өсу қоғамға қойылған экономикалық мақсатты неғұрлым толығымен жүзеге асыруға және жаңа кең масштабты бағдарламаларды орындауға көмегiн тигiзедi.

Экономикалық өсудiң  арифметикасы. Кей-кездерi бiзге өсу темпiндегi азғана өзгерiс үлкен реакция ретiнде көрiнедi. Осы үш және төрт пайыз аралығындағы экономикалық өсудiң айырмашылығы шыныменде үлкен бе?

Иә, үлкен, және бiршама! АҚШ үшiн 3995 млрд. долл. Бар ЖҰӨ-мi кезiнде өсу темпiнiң 3–4%-ға өзгеруi оның 40 млрд. долл. бейнеленедi. Өте кедей тұратын елдер үшiн жарты пайыздық өзгерудiң өзi үлкен әсерiн тигiзедi.

Сонымен қатар, бiрнеше жылдар ағымында өсу темпiнiң бiраз ғана өзгеруi Ұлкен мәнге ие болуы мүмкiн. Мысалы, айталық, Альфания және Бетания елдерiнiң ЖҰӨ көлемi бiрдей. Бiрақ Альфаниядағы экономикалық өсу жылына 4%, ал Бетанияда – бар болғаны 2%. «70 ережесiне» сәйкес Альфанияның ЖҰӨ 18 жылдың iшiнде екi еселендi (=70:4); ал Бетанияға бұл үшiн 35 жыл (=70:2) қажет. Сонымен, экономикалық өсу темпiнiң артуы даусыз.

 

 

Лекция 7. Экономикалық өсу: негізгі факторлар және оны қамтамасыз   ету бойынша мемлекеттік шаралар.

 

Экономикалық өсу факторы. Кез  келген елдiң экономикалық өсуi 6 негiзгi фактормен анықталады. Бұлар: 1) табиғи ресурстардың саны және сапасы; 2) еңбек ресурстардың саны және сапасы;  3) негiзгi капитал көлемi; 4) технология экономикалық өсудiң осы 4 факторын ұсыныс факторлары деген атпен бiрiктiруге болады. Дәл осы өндiрiс өсiмiн физикалық түрде мүмкiн етедi.

Ақша – экономикалық өсудiң негiзгi емес. Украинада гривней, АҚШ-ғы доллардап көп, Бразилияда – песо оданда көп, бiрақ бұл елдерде экономикалық өсу жоқ. Капитал пайыз нормасы қайда, үлкен болса, сонда бағытталады. Батыс экономикасы капиталды экономикалық өсу аргументi деп қарастырмайды.

Еңбек. Бай елдерде жұмысшы күшi жоғары мамандандырылған, ал кедей елдерде – төменмамандандырылған. Қазақстан, Ресей, Үндiстанда жоғарымамандандырылған мамандар көп, бiрақ бұл елдерде экономикалық өсу жоқ.

Табиғи ресурстар. Қандай елдер табиғи ресурсқа бай. Олар Қазақстан, Ресей, Бразилияда бар, бiрақ бұл елдерде экономикалық өсу жоқ. Қандай елдердiң табиғи ресурстары жоқ? Жапония, Оңтүстiк Корея, Сингапур, Гонконг және т.б. мұнда экономикалық өсу бар. Табиғи ресурстарына төлем ЖҰӨ-ң 3–5% құрайды.

Мәдениет. Мәдениет жағынан бай елдердiң бiрi – Қытай, бiрақ онда экономикалық өсу жоқ. Мәдениет – экономикалық өсудiң негiзi емес.

Үкiметтiң индустриалды саясаты. Алғашқы СССР, Индия, АҚШ-та 30-шы жылдарға дейiн индустриалды саясат ең басты жағдай болып келдi. Қазiр АҚШ-та мемлекеттiң экономикаға араласуы төмендедi. Жапонияда мемлекеттiң экономикаға араласуы деңгейi өте жоғары. Гонконк үкiметiнде индустриалды саясат жоқ, бiрақ бiршама экономикалық өсу бар.

Жапонияда индустриализация саясаты  бар, бiрақ, ол айтарлықтай күштi емес. Бұл «Хонда» деп аталатын бiзге белгiлi фирма. Ол мотороллерлер шығарған, содан кейiн машиналар шығара бастады. Оларды көптеп шығара бастады. Жапония үкiметi «Хонда» автомобилін шығару көлемi өте үлкен екендiгiн және оны қысқарту керектiгiн айтты. Бiрақ бұл өнiмге тұтынушылар сұранысы көп болғандықтан, компания үкiметтi тыңдамайды.

Экономикалық өсудің негізі ғылыми-техникалық ашылу болып табылмайды, бірақ ол Жапония мен Швецияда болған.

Жеке меншiк туралы заңдар. 1945–1965 жж. Ресей де жеке меншiк болған жоқ, бiрақ экономикалық өсу байқалған болатын.

Екiншi фактор демократия болып табылады. Орташа бай елдер – Корея, Чилиде диктатура бар, бiрақ экономикалық өсу де бар. Үндiстанда демократия бар, бiрақ экономикалық өсу жоқ. Батыс экономистерi жақсы заңдар мен демократия экономикалық өсудiң негiзi болып табылады деп есептейдi.

1970 жылдары олардың көмегiмен  капитал, еңбек, технология басқарылып  отырған заңдар пайда болған. Бұл кезде экономистер экономика өседi деп ойлады. Бiрақ бұлай болмады. Олар ойлай бастады, заң бар, ал неге экономикалық өсу жоқ.  Олар үкiмет саясатын қарап, үйрене бастады. Бiр елдерде диктаторлық, келесiнде демократия орнатады.

Сонда мәселе қандай, диктаторлық  қайда? Екi: бiрiншi – диктатаор өлдi, ендi не болады? Дағдарыс. Екiншi – рентаны, яғни ақшаны iздеу. Бiрақ Батыста  айтқандайын, ақшаны кiм ұрлайды?

Демократия рентаны iздеудi шектейдi, ал диктаторлық кезiнде  мұндай шектеулер аз.

1960 жылға дейiн экономикалық  өсу факторы капитал, еңбек,  табиғи ресурстар, технология  деп есептелдi.

Ұлттық экономика тарихы 2 экономикалық өсу түрiн бiледi. Бiрiншiден, экстенсивтi жол. Оның негiзгi мәнi мынада, яғни материалдық игiлiктер және қызмет өндiрiсiнiң көлемiн арттыру өндiрiс факторларын көптеп қолдану есебiнен қол жеткiзiледi: жұмысшылар, жер, шикiзат, жанар-жағар май энергетикалық ресурстар, құрал-жабдықтар және т.б. Интенсивтi жол – өндiрiстiң өсуi неғұрлым жүзеге астырылған өндiрiс факторын, технология, яғни ҒТП есебiнен қамтамасыз етiледi.

Экономикалық  тарихя экономикалық өсудi таза экстенсивтi және интенсивтi түрде көрген жоқ. °детте экономикалық өсудiң интенсивтi артықшылықтары туралы немесе экстенсивтiң артықшылықтары туралы айтылады.

Сонымен бiрге, әртүрлi елдердiң экономикалық өсуiн темптерi бойынша бөлуге болады: жоғары, төмен немесе нөлдiк.

Бiр қарағанда жоғары экономикалық өсу жақсы сияқты, бiрақ бұл олай емес. Мұнда ең бастысы өнiмнiң сапасы. Жоғары темп көп өнiм.

Экономикалық өсудiң  төменгi темпi үнемi жаман бола бермейдi, мысалы, егер оборондық қажеттiлктерге шығындар қысқарса, онда пайда болған резервтердi халықтың өмiр сүру деңгейiн көтеру үшiн бағыттау қажет.

Экономикалық өсудi ұстап тұратын факторлар. Өкiнiшке орай, еңбек өнiмдiлiгiнiң және нақты ұлттық табыстың өсуiн ұстап қалатын факторлар бар. Оларға әртүрлi еңбектi, қоршаған ортаны және т.б. қорғау облысындағы заңнамалық iс-әрекеттер болып табылады. 1929 жылдан 1982 жыл кезеңiнде өндiрiстiң дамуын мемлекеттiк реттеуде айтарлықтай өзгерiстер болды. Мемлекеттiң жеке бизнес iстерiне ортаны ластау, қауiпсiздiк шарттары және денсаулықты сақтау мәселерiне байланысты кеңiнен араласуы еңбек шарттарын жақсартуға шығындарды арттыруды талап етедi (онымен бiрге, еңбек өнiмдiлiгiн көтеру үшiн қажеттi негiзгi капиталға инвестициядан қаражаттар тартылды.

Басқа да факторлар iшiнде  экономикалық өсуге терiс әсер ететiн  еңбекке қатысты жауапсыздық  және шаруашылық қылмыстар, еңбектiк конфликтiлер кезiнде жұмысты тоқтату, ауыл шаруашылығына жағымсыз ауа райы шарттарының әсерiн атауға болады. Мұнда шынымен де келесiге көңiл аудару қажет. Еңбек қауiсiздiгiн арттыру, таза су мен ауа сияқты – өмiр саласын сипаттайтындардың барлығына еңбек өнiмдiлiгiнiң өсу темпiн төмендете отырып қол жеткiзуге болады. Сонымен бiр мезгiлде еңбек өнiмдiлiгiнiң көтерiлуi өзiнiң артынан үлкен шығынды қажет етуi мүмкiн. Осы айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады, яғни еңбек өнiмдiлiгi қоғамның барлық жағдайларын бейнелейдi, тек 1 адам/сағат келетiн мөлшерiн ғана өлшейдi.

Информация о работе Дәріс конспектісі.Өзіндік бақылау үшін тесттік тапсырмалар