Дәріс конспектісі.Өзіндік бақылау үшін тесттік тапсырмалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 12:09, реферат

Описание работы

Мемлекеттік реттеу жүйесінің шетел мемлекеттерінде бар болуы мен белсенді қызмет етуі нарықтың эканомика жағдайында оның қажеттілігі мен пайдалылығын дәлелдейді. Оның қолданылу тәжірибесі көрсеткендей, мемлекеттің реттеу іс-әрекетінің басты мақсаты макроэкономикалық қатынастарды ескерту және оларды экономикаға нақты әсер ету жолымен реттеу негізінде қоғамның әлеуметтік–экономикалық дамуының стратегиялық мәселелерін шешу болып табылады.

Работа содержит 1 файл

ЭУМКД ГРЭ каз.doc

— 370.50 Кб (Скачать)

           Антициклдық саясат – халықтың және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің сұранысы мен ұсынысына әсер ететін әкімшіліктік шаралар, заң актілерінің жиынтығы. Бұл шаралар кризистік жағдайдан экономикалық жеңіл өту мақсатында жүзеге асырылады. антициклдық саясатты өткізудің негізі мемлекеттік бюджет болып табылады.

           Салалық  саясат қоғамдық өндіріс облысында экономикалық саясатты жүргізудегі мемлкеттік әсер ету құралдарын, тұтқаларын және мақсаттарын анықтайды. Салалық саясаттың басты мәселелері мыналар болып табылады:

  • ел экономикасын дамытудың құрылымдық- салалық стратегиясын, өндірістік, ауылшаруашылық құрылыстың және оның құрылымындағы басқа да өндірістердің орны мен рөлін анықтау;
  • экономиканың жекелеген салаларының дамуына приоритеттер құру;
  • даму мәселелерін көрсету және ірі көп салалаық кешендерді орналастыру;
  • экономиканың жекелеген салаларында ғылыми-техникалық және технологиялық прогресті мемлекетпен қолдау бойынша іс-шаралар жүргізу.

          Антимонополиялық саясат – бәсекелес нарықтық орта және тиімді нарықтық  ортаны құру мақсатындағы әкімшілік шаралар мен заңдық актілер жүйесі.

          Тиімді нарықтық экономика – бұл әрбір сатып алушы өзінің тауарын сатып алуда еркіндігі бар, әрбір кәсіпкер өзінің еңбегі мен капиталын ұсынуда еркіндігі болатын еркін таңдау қағидасына сүйенген экономика. Тиімді нарықтық экономика- өз кезегінде сұранысты қанағаттандыруға бағытталған жүйе.

           Мемлекеттік  антимонополиялық реттеу 2 бағытта  жүргізіледі:

  • табиғи монополиялардың қызметін реттеу. Мұнда табиғи монополиялардың экономикалық іс-әрекеті және ең алдымен баға саясатына бақылау орнату үшін мемлекетпен арнайы реттеуші органдар құрылады;
  • бәсекелестік ортаны бұзу формаларын шектеу көмегімен басқа да монополистерді реттеу.

           Антимонополиялық  саясат бәсекелес нарықта «ойын ержелері» құрылатын антимонополиялық заңдардың жиынтығында жүзеге асырылады.

           Мемлекеттік  экономикаға әсер етудің негізгі  бағыттары, формалары және әдістері  мыналар болып табылады: 

  • бюджетті-салықтық саясат;
  • ақша –несие саясаты;
  • баға саясаты;
  • әлеуметтік саясат;
  • табыс саясаты;
  • сыртқы экономикалық саясат;
  • жекешелендіру саясаты;
  • кәсіпкерлікті дамыту;
  • амортизациялық саясат;
  • антимонополиялық саясат;
  • құрылымдық-инвестициялық саясат;
  • аймақтық саясат;
  • жоспарлау және жобалау саясаты.

          Мемлекеттік реттеу коньюнктуралық, салалық және аймақтық болып бөлінеді.

          ЭМР  әдістерін шартты түрде тікелей  және жанама деп бөлуге болады. Халықаралық тәжірибеде ЭМР-дің  150 астам әдістері есептеледі. Тікелей  әдістерге заңды және әкімшіліктік әдістер жатады. Жанама әдістерге салықтық реттеу, ақша-несиелік реттеу, амортизация нормаларын өзгерту, тауарлар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу және т.б. жатады.

 

 

Лекция3.Экономиканы реттеудің ұйымдастырушылық негіздері және оның  шетелдік тәжірибесі

                                                  

Экономикалық дамуға жауапты мемлекеттік  билік органдарының құрлымы: заңнамалық билік, орындаушы билік, соттық билік.

Осы биліктің әрбір бұтағы конститутциялық  құралған қызметті орындайды.

Заңнамалық билік экономика басқарудын негізгі механизімі  болып табылатын, заңнамалық актілерді  өндейтін және қабылдайтын  парламентпен ұсынылады.

Орындаушы билік – көп деңгейлі сипатқа ие  және  республикалық  және  муниципальды деңгейден тұрады . Республикалық дңгейде орындаушы билік ел призидинтімен және ҚР-ң  үкіметімен ұсынылады.

Реттеу аясындағы Үкіметтің  міндеті – елдін барлық азаматтары үшін экономиканың тиімді және кризиссіз  дамуына шарттар құру.

Соттық билік – заңнамалық билік  органдарымен қабылданған заңдардың  қатаң сақталуын қадағалауға негізделген .

Парламент ҚР-ң  Конститутциясын  заңдарын, республика шекараларының  өзгерісі туралы шешімдерді қабылдайды, республикалық бюджетті бекітеді және оның қызметін бақылайды, ақша бірлігін анықтайды.

Республика Үкіметі ҚР-ң Конститутциясын және заңдарын орыдау негізінде мемлекеттік басқару мәселелерін шешуге құқылы, Қ.Р  призидентінің жаолығын елдін барлық аймағында міндетті күші бар актілер шығарады 

Экономикалық реттеуші және өтпелі кезеңде  мемлекеттік әсер ету параметрлерін құру бойынша координациялайтын орган осы жұмысты құрамда және республикалық әлеуметтік –экономикалық дамуының индекативті жоспарын әзірлеу мерзімінде жүзеге асыратын экономика және сауда министрлігі болып табылады.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі министрлік ведомстваларын, жергілікті органдар және өзін-өзі басқаратын шаруашылық ұйымдарының қызметтерін әдістемелік басқаруды жүзеге асырады.

Қаржы министрлігі оның әр түрінде  елдің мемлекеттік бюджеттің  әзірлеуіне және жүзеге асырылуына жауап береді: республикалық және жергілікті бюджет. Қаржы министрлігінің  құрамында  мемлекеттің бюджеттік қаражаттарын бөлуде және оны басқаруға негізделген қазынашылық құрылады.

ҚР Орталық банк елдегі ақша–несие жүйесінің жағдайына жауапкершілікте болады,жекелей алғанда, теңге курсының басқа валюталармен салыстырғанда тұрақтылығы мен толықтырылуына жауап береді. Инфляция мәселесі де орталық банк және қаржы министірлігінің  жауапкершілігінде жатыр.

Басқарудың   аймақтық   органдарына  әкімшілік басшылары, жергілікті билік органдары  маслиха, орталық басқары органдарының аймақтық органдары жатады.  Өкілетті органдар аймақтардын  қала, облыс аудан,әлеуметтік -экономикалық даму мәселелерімен айналысады.

АҚШ-та ресурстардын көп бөлігі жеке тұлғалармен меншік фирмалар басқа тұлғалармен немесе фирмалармен  сауда келісімдерін жүзеге асыратын нарық көлемі  кезіде  бөлінеді. Бірақ АҚШ экономикасында басқада аралас экономикасы бар  елдердегі сияқты билік  пен басқарудың   мемлекеттік органдары  үлкен рольге ие. Олар құқықтық нормаларды құрады; нарықта тауарлармен қызметтерді сатып алады, кейбір қызмет түрлерін өндіред, мысалы; ірі масштабты  трансфреттік төлемдерді жүзеге асырады. Атап айтсақ, әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жәрдем ақы төлеу. Өзін салықтар және займдар арқылы қаржыландыра отырып мемлекеттік құрлымдар бағаға, пайыз қойылымына және өндіріске үлкен әсерін тигізед.

АҚШ –да 80 мыңнан астам әртүрлі  деңгейдегі мемлекеттік құрлымдар  бар: федералды билік органдары, штат биліктері және жергілікті билік органдары. Олардын біріккен бюджеттерін қосындысында ЖҰӨ-ң 55 пайызын құрайды. Олар  жұмыс күшінің 16 пайызын қамтамасыз етеді. АҚШ-ң мемлекеттік органдары заңдар, нормалар мен ережелер әзірлейді, тауарлар мен қызметтерді сатып алады және сатады ,ал трансферттік төлемдерді    жүзеге  асырады, салық жинауды, экономиканы тұрақтандыруға шараларды қабылдауды,мемлекеттік өндірісте жүзеге асыруды обороналар орындайды. Электроэнергияның 20 пайызға жуығын  өңдеу АҚШ-та мемлекеттік фирмалар мен   басқа да коммерциялық емес кәсіпорындардың үлесіне келеді. Мемлекет сыртқы әсерлерді басқаруды жүзеге асырады.

 

 

Лекция4. Өтпелі экономиканың жалпы сипаттамасы және оның заңдылықтары.

Нарықтық экономика өтпелі үрдістің векторы ретінде. Бұл вектордың  ролі негізінен көбінесе бұрынғы социалистік елдердегі өтпелі экономика толығымен нарыққа көшуі ретінде анықталатындығынан көрінеді. Бұл кездейсоқ емес, не болмаса бұл жерде экономикалық жүйенің қызмет ету механизмі туралы айтылып отыр. Бірақ индустриалды қоғамға осындайдың екі түрі ғана белгілі: тікелей директивті реттеу негізінде және жанама нарықтық реттеу негізінде. Жоспарлы экономиканың (орталықтындырылған түрде реттелетін) трансформациясының дағдарысы мен қажеттілігі нарықтық түрдегі экономикаға өтуден басқа таңдау қалдырмайды.

Өтпелі кезеңді бақылау бірқатар мезеттерді ескереді. Біріншіден, өтпелі үрдіс векторы ретінде нарықтық экономикаға көшу шынайы үлкен трансформациялық қоғамды білдіреді. Бұл тек «жақсы»  жақтарынан ғана емес, сондай-ақ барлық нарыққа тән және барлығына белгілі негативтерді әкеледі. Сондықтан, өту үрдісінде бірқатар белгісіз «әділетсіздіктің» пайда болуы- бұл осы кезеңдегі қашып құтылмайтын мезеттердің бірі болады.

Екіншіден, нарықтық экономикада міндетті түрде қамтамасыз етілуі тиіс бірқатар инварианттар болады, бірақ нарықтық шаруашылықтың нақты формалары қоғомда жүзеге асырылатын өндірістік құрылым, шаруашылық субътілерінің сипатымен тығыз байланыста. Осы мағынада біздің елімізде еркін бәсекелестіктің «әділетті» нарығын құруды күту бізге қиял болып көрінер еді.

Үшіншіден, мына бір жағдай талқылауды, пікір келтіруді қажет етпейді: ел нарықтық қатынастардан неғұрлым «алыс» орналасса, соғұрлым күрделірек, қарама-қайшы және онда нарықтық экономикаға  өту ұзағырақ мерзімде болады.

Нарықтық экономиканың мәні экономикалық саясатты және шаруашылық әдістерін қайта құру сияқты әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесін өзгерту болып табылады. Экономиканың барлық жіктері өзгереді: ресурстарды бөлу әдісі және жеке меншік қатынастары, өндіру түрі және мотивация моделі, экономикалық дамудың мақсаты және құралдары, институттар мен құқытар.

Ресурстарды бөлу механизмінің трансформациясы. Өтпелі экономиканың айрықша мазмұнды заңдылықтарын іздеу логикасы бастапқы жүйенің экономикалық белгілеріне  бағыныштылығы сияқты трансформациялық үрдісті жүзеге асырудың заңдылығымен түсіндіріледі. Бұл екі жағдай да бастапқы пункте ресурстарды бөлудің («жоспарлық»- «командалық экономика») белгілі бір формасы орналасқан; орталық бөлігінде-жұмысшыны өндіріс құралдарымен байланыстыру әдісі («еркін қауымдастық»-«тоталитарлы жүйе») және бөлу («әрқайсысына еңбегі бойынша»- «теңгермешілдік»); өндіріс қатынастарының мәні («социолистік жинақтау заңы»- «жетіспеушілік экономикасы») орналасқан.

Өтпелі экономикада ресурстарды  бөлу облысының маңызды заңдылықтарының бірі ретінде локальды корпоративтік монополиялық реттеу механизмінің сапалы үлкен рөлін бөліп қарастыруға болады. Негізінен абстрактілі- мифтік «экономикалық еркіндік» емес, керісінше дәл осы механизм басымдылық танытады. Біздің ойымызша, бұл жағдай мүлдем басқаша: өтпелі  қоғамда тауар иесінің еркіндігі біршама иллюзиялы. Оның іс- әрекеті мұнда да бұрынғы бюрократиялық жоспардан кем емес номенклатуралық корпоративтік шекткулермен жүзеге асырылып отырады.

Экономиканы монополиялық реттеудің басымдылық таныту себебі айтарлықтай қарапайым: өндіріс монополиясының болуы, нарықтық бәсекелестіктің дұрыс дамымағадығы, оның ішінде халықаралық деңгейде дамымағандығы. Сәйкесінше, аталған фактордың іс- әрекеті неғұрлым күшті боса, мысалы Қазақстанда, монополиялық бақылау соғұрлым маңыздырақ және, керісінше, неғұрлым әлсіз болса (мысалы, Шығыс Еуропада), ресурстарды бөлуде осы механизмінің рөлі соғұрлым төменірек.

Жеке меншік қатынастарының өзгерістері. Жеке мешік қатынастарындағы өтпелі экономиканың айрықша белгісі сыртқы экономикалық саясаттың бастапқы мемлекеттік- бюрократиялық жеке меншік формасымен трансформациясы және жеке меншіктің, біріншіден криминалдық құрылымын легализациялау және, екіншіден, мемлекеттен, қарыз алу бойынша алғашқы қызметкерлердің капиталдарының бастапқы жинағы негізінде тәуелсіз дамуына әсер ету болып табылады.

Өтпелі экономиканың ерекше белгісі  локальды корпоративтік реттеу (корпорация бәсекелестігі) және экономикалық емес факторлардың (мемлекеттік акті, жемқорлық  және т.с.с) белгілі бір әсерінен жеке меншікке және мүлікке құқықты тұрақты түрде қайта бөлуі болып келе жатыр.

Сонымен, өтпелі экономиканың заңдылығы  меншік қатынастары тарнсформациясының екі түрлі үрдісі болып табылады: бір жағынан алғанда меншік қатынастарының мемлекеттік- бюрократиялық жүйесін ыдырату және экономикадан тыс жою, қылмыстық мүлікті тәркілеу және капиталдың бастапқы салымы негізінде жеке меншіктің жасырын өсуі; екінші жағынан- жеке және аралас меншікті ресми түрде номенклатуралы- капиталистікке параллельді трансформациялау. Соңғы тенденция жұмысшының меншіктен шығаруын дамыту және оның шаруашылық мотивациясын тежейді  жұмысшылардың   меншігін   қоғам мүмкіне аудару сияқты жеке меншіктерінің  дамуына кері әсерін тигізеді.

 Нарықтық трансформацияның  радикалды немесе эволюцияның жолын таңдау  туралы дау 1989ж жазында Польшада басталды. Содан бері олар бүкіл әлемді Қазақстанды қоса алғанда , қамтыды.Және әдеттен тыс өткір сипатқа ие болды. Сол уақыттан бері нарықтық транцформация жолына 30-ға жуық ел Орталық  және Шығыс Европа, Балтика және алғашқы Кеңес одағы тұрды.

Бүгінгі таңдарадикалды қпйта құру жолына тұрған  елдер өздерінің  көздегендеріне жетті. Олар экономикалық тоқырау кезеңінен әлдеқашан  өтіп  кеткен және  өндірістің тұрақты  болуын тіпті өндіріс өсуінің басын көрсетіп қойды.

Экономиканы ақырын, біртіндеп    трансформациялау  жолымен жүзеге асырып келе жатқан елдер  айтарлықтай  қарапайым нәтижелерге  қол жеткізе  алды.   Мұнда өндірістің  құлдырауы  жалғасып келеді, инфляция айтарлықтай  жоғары және  нарықтық инфрақұрылымды  құруға  азғана іс жүргізді. Мұнда ерекше  орынға Венгрия ие болып отыр мұнда   эволюциялық стратегиялар   қолданылғанымен   нарық жолы  бойынша ұзақ уақыт жүре алды  және  айтарлықтай жағымды   экономиканы қалыптастырды.  Бұл  ерекше жағдай,  нарықтық  реформалар   1968ж  бұрын Венгрияда басталып қойылған   және жеткілікті  тізбекте жүргізілген.

Информация о работе Дәріс конспектісі.Өзіндік бақылау үшін тесттік тапсырмалар