Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 13:27, курсовая работа
Тамақтандыру туристік қызмет көрсету технологиясындағы негізгі қызметтердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде қоғамдық тамақтану индустриясы нарықта беделді орын алады. Бизнес аналитиктердің айтуы бойынша, Қазақстандағы мейрамханалық бизнес табыстылығы бойынша көшбасшылардың «бестігіне» кіреді. Бірақ капитал айналымы мен қызмет көрсету сапасы жағынан Ресей мейрамханаларынан біраз кемшілігі бар. Әрине, географиялық және халық санының масштабтарындағы салыстырмалы түрде айырмашылықтарды ескеру жөн. Соңғы кездері Қазақстанда мейрамханалық бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерді «ресторатор» деп атайтын болды. Бірақ, көптеген қоғамдық тамақтану кәсіпорындар иелері бұл атауға сай емес. Еуропада бұл атау «үш жұлдызды» мейрамханалар жүйесінің иелеріне беріледі және бұл «жұлдыздарды» берудің басты критерийі баға емес, қызмет көрсету сапасы болып табылады.
Кіріспе
1 Сервис аясындағы кәсіпорын қызметін ұйымдастыру және жоспарлаудың теориялық негіздері
1.1 Сервис аясындағы кәсіпорын ұйымдастырушылық негіздері
1.2 Сервис аясындағы кәсіпорын қызметіндегі жоспарлау үрдісі, принциптері, түлері және оның маңызы
1.3 Қазақстан Республикасындағы қоғамдық тамақтандыру саласының қазіргі жағдайы
2 Сервис аясындағы кәсіпорын қызметін ұйымдастыру және жоспарлауды зерттеу
2.1 «Алдияр» мейрамханасының жалпы сипаттамасы
2.2 «Алдияр» мейрамханасының негізгі экономикалық көрсеткіштеріне талдау
2.3 «Алдияр» мейрамханасының маркетингтік қызметін және жоспарлау жүйесін бағалау
3 «Алдияр» мейрамханасы қызметін ұйымдастыру және жоспарлау жүйесін жетілдіру
3.1 «Алдияр» мейрамханасының қызметін тиімді ұйымдастыру жолдары
3.2 «Алдияр» мейрамханасының жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
8-кестенің жалғасы
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
а) меншікті қор | 15744 | 94,8 | 395955 | 94,0 | 411699 | 93,2 |
б) ұзақ мерзімді міндеттеме | - | - | - | - | - | - |
в) ағымдағы міндеттемелер | 4752 | 5,2 | 25132 | 6,0 | 29857 | 6,8 |
Ескертпе: [25]әдебиет мәліметтері негізінде жасалған |
Кестеден баланс пассиві құрылымында меншікті қордың үлес салмағын көре аламыз. Оның баланс валютасына қарағандағы үлес салмағы, жыл басына 94% және жыл аяғына 93,2% құрайды. Кестеде мәліметтерінен мейрамхананың ұзақ мерзімді міндеттемелері мүлде жоқ екенін көре аламыз, ал ағымдағы міндеттемелер жыл басына 6% және жыл аяғына 6,8%-ы құрады және пассив құрылымында шамалы ғана орынды алады. Соңғы көрсеткіштер мейрамхана активтерін, өздерінің қаржы-қаражаттар есебінен қалыптастырғанын көрсетеді. Берілген мәліметтер «Алдияр» мейрамханасының қаржы мүмкіншілігінің тұрақты екендігін растайды.
«Алдияр» мейрамханасының 2010 жылдың тауарайналымының жалпы көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 18,5% -ға өсіп, 3105,2 млн.тг құрады.2010 жылы ауылшаруашылық өнімдерін 510 млн.тг сатып алынды, ол жалпы тауарайналым көлемінің 15%-ын құрайды, соның ішіңде 25 тонна ет, 146 тонна ұн және 7 тонна көкөніс сатып алынды. Өнімдерді өткізудің орташа мерзімін 2009 жылмен салыстырғанда 1 күнге артты, яғни 2010 жылы ол 30 күн болса, 2009 жылы 29 күн болды. Тауарайналым жылдамдығының төмендеуі рационалды емес шығындарды көбейтіп және табыстылық деңгейін төмендетеді, ал бұл өз алдына кәсіпорынның қаржылық жағдайына зиян келтіреді.
«Алдияр» мейрамханасының тауарайналымының жылдамдығының төмендеуі үрдісіне негізінен 2010 жылдың басында мен аяғындағы өнім қалдықтардың көлемінің көбеюі ықпал етті. Егер 2010 жылдың басында өнім қалдықтары көлемі 33,8 млн.теңгені құраса, жылдың аяғында 63,1 млн.теңгеге дейін жетті.
Сонымен қатар, тауарайналымның дамуына материалдық-техникалық база зор ықпалын тигізеді. Материалдық-техникалық базаның тиімділігін бір шаршы метр үшін тауарайналымының көлемі арқылы көрсетуге болады. 2009 жылы бұл көрсеткіш 7,8 млн.теңгені құраса, 2009 жылы 6,6 млн.теңге құраған еді.
Бөлшек
тауарайналымы көрсеткіштерін тоқсандар
бойынша талдау жүргізу нәтижесінде келесі
мәліметтерді көреміз:
9-кесте
– 2007-2010 жылдардағы «Алдияр» мейрамханасының
тауар айналымының динамикасы
жыл | Жалпы тауар айналым жалпы көлемі (млн.тг) | Тауарайналымы-ның өсу қарқын-дылығы,% | Тауарайналымның базистік өсу қарқындылығы, % | Тауарайналымның базистік өсу қарқындылығы, % |
Ағымдағы бағамен | Салыстырмалы бағамен | Ағымдағы бағамен | Салыстырмалы бағамен | |
2007 | 1853,2 | 1853,2 | 100 | 100 |
2008 | 2141,5 | 1896,3 | 115,6 | 102,3 |
2009 | 2620,7 | 1911,8 | 122,4 | 100,8 |
2010 | 3105,2 | 1929,4 | 118,5 | 100,9 |
Ескертпе: [25]әдебиет мәліметтері негізінде жасалған |
Кесте
мәліметтері соңғы 3 жылда бөлшек
тауарайналымының өсу қарқындылығы бірдей
емес екенін көрсетеді. 2008 жылы тауар айналымының
өсімі 115,6% құраса, 2009 жылы 122,4% құрады
(22,4%-ға өсті), ал 2010 жылы 118,5%-ға дейін
жетті. Бұл көрсеткіштердің өсуі кәсіпорындардағы
өткізілетін тауарлар бағасының өсуімен
түсіндіріледі.
10-кесте
– «Алдияр» мейрамханасының тауарлық
балансы
Көрсеткіштер | 2009 жыл
млн.тг |
2010 жыл
млн.тг |
Ауытқу (+,-) млн.тг | Тауарайналымының өзгеруіне ықпалы (+,-) млн.тг |
Жыл басындағы тауарлық қор | 209,2 | 243,0 | 33,8 | 33,8 |
Тауарлардын ағымы | 2656,3 | 3169,3 | 513,0 | 513,0 |
Тауарлардың жоюлуы | 1.8 | 1,0 | -0,8 | 0,8 |
Жыл соңындағы тауарлық қор | 243,0 | 306,1 | 63,1 | -63,1 |
Кәсіпорынның тауарайналымының көлемі | 2620,7 | 3105,2 | 484,5 | 484,5 |
Ескертпе: [25]әдебиет мәліметтері негізінде жасалған |
Кәсіпорынның тауарайналымы 2009 жылы 2010 жылмен салыстырғанда жыл басындағы тауарлық қордың болуы негізінде және тауарлардың ағымы 513,0 млн.тг негізінде 484,5 млн.теңгеге дейін өсті. Бірақ жыл соңындағы тауарайналымның көлемінің өсуі арқылы тауарайналымының өсу динамикасы төмендеді.
9- сурет
– «Алдияр»мейрамханасының жылдық шығындары
құрылымы (пайызбен есептегенде)
2007 жылға қарағанда 2010 жылда шығындардың көлемі көбейіп отыр. Бұл мейрамхананың жағдайының, қызмет көрсету сапасының және тауарлар ассортиментінің жоғарлағанын көрсетіп отыр [25].
Мейрамханада
шикізат пен тауарлардың сатып алу бағасына
90% үстеме белгіленген.
11-кесте
– Бір күндік тауарайналымы және оның
құрылымы (2010 жылдың 14 қарашасы)
№ | Көрсеткіш | Сомасы, теңге | Тауарайналымындағы үлесі % |
1 | Мейрамхана дайындаған өнімдерді сату | 221755 | 75% |
2 | Сатып алынатын тауарларды сату | 122553 | 25% |
Барлығы: | 344308 | 100% | |
Ескертпе: [25] әдебиет мәліметтері негізінде жасалған |
Мейрамхана
дайындаған өнімдерді сату үлесі тауар
айналымының 75% құраса, сатып алынған тауарларды
сату сәйкесінше 25% болды.
12-кесте
– Өндіріс және айналым шығындарының
1 күндік сметасы
№ | Көрсеткіш | Сомасы, мың теңге | Тауарайналымындағы үлесі, % | Жалпы үлесі % |
1 | Көлік шығындары | 4,8 | 1,9 | 5,1 |
2 | Еңбек ақы | 42,3 | 16,9 | 44,5 |
3 | Әлеуметтік қор төлемдері | 15,1 | 6 | 15,9 |
4 | Ғимараттар мен құралдарды пайдалану шығындары | 3,0 | 1,2 | 3,1 |
5 | Негізгі құралдардың амортизациясы | 1,0 | 0,4 | 1,0 |
6 | Негізгі құралдарды жөндеу шығындары | 2,2 | 0,9 | 2,4 |
7 | Санитарлық киім, асханалық құралдар, ыдыс-аяқ тозуы шығындары | 1,7 | 0,7 | 1,7 |
8 | Өнімдерді сақтау мен орамалау шығындары | 0,5 | 0,2 | 0,5 |
9 | Жарнама шағындары | 7,0 | 2,8 | 7,4 |
10 | Тауардың шығындары технологиялық қалдықтар | 0,5 | 0,2 | 0,6 |
11 | Орамалау шығындары | 0,2 | 0,08 | 0,2 |
12 | Басқа шығындар: шоу-бағдарламалар, концерттік қойылымдар | 7,0 | 2,8 | 7,4 |
13 | Отын, газ, электроэнергия шығындары | 9,8 | 3,9 | 10,2 |
Барлығы: | 95,1 | 37,98 | 100 | |
Ескертпе: [25] әдебиет мәліметтері негізінде жасалған |
Өндіріс және айналым шығындарының 1 күндік сметасы 95100 теңгені құрады, немесе тауарайналымындағы үлесі 38 % болды.
Сонымен
«Алдияр»мейрамханасының экономикалық
талдау көрсеткіштері және қаржылық коэффициенттер
кәсіпорынның бүгінгі таңда тұрақты екендігін,
бірақ рентабельділік деңгейімен, оның
толу мөлшерінің төмендеуі қауіпі бар
екенін көрсетеді.
2.3
«Алдияр» мейрамханасының
маркетингтік қызметін
және жоспарлау жүйесін
бағалау
Қазіргі кездегі Оңтүстік Астанадағы өмір қарқындылығына байланысты алматылықтар арсында кафе мен мейрамханаларда тамақтану кең таралған. Бұл бірнеше себептердің салдарынан: халықтың табыс деңгейінің өсуі, жұмыстың көптігі үйде тамақтанып, ас дайындауға уақыттың жеткіліксіздігі.
Адамдардың көп бөлігі достарымен кездесу немесе іскерлік кездесулер мақсатында кафе мен мейрамханалардың қызметін қолданады. Біздің кафеміздің негізгі тұтынушылары болып:
Тұтынушылардың
негізгі сегменті 13- кестеде көрсетілген.
13-кесте
– Тұтынушылардың негізгі сегменті
Өзгермелі факторлар | Тұтынушылар сегменті |
Демографиялық | |
Жасы | 13-19 жас -5%тұтынушы,
20-34 жас-52 %
35-49 жас 34%, 50 және одан жоғары -9% |
Отбасы жағдайы | Жастар- 48%, жастар
отбасын құрған -34%
қарттар-10%, қалғандар- 8% |
Табыс деңгейі | Төмен- 4%, орта -39%,
жоғары-51%,
өте жоғары- 6% |
Психологиялық | |
Өмір стилі | Элитарлы -30%, жастық -47%, спорттық- 11% |
Кездейсоқ сатып алу деңгейі | Мейрамханада тамақтану күнделікті пайдаланушылар -17%, Анда-санда пайдаланушы-83% |
Пайда іздеу | Жоғары сапалы
тамақ іздеушілер-16%
Жақсы қызмет көрсетушілерді іздеу-49% Төмен баға іздеу -34% |
Мейрамханада тамақтанудың қажетті деңгейі | Аптасына бір
рет-33%,
Анда-санда 67% |
Ескертпе: [25] әдебиет мәліметтері негізінде жасалған |
Көрсетілген зерттеулер бойынша «Алдияр» мейрамханасының тұтынушылары негізінен жоғары және орта табысы бар, өмір сүру стилі элитарлы клиенттер екенін көруге болады.Олар үшін жақсы қызмет көрсету негізгі фактор болып табылады.
Тұрақты
тұтынушылар көрсеткіштердін
14-кесте
– «Алдияр» мейрамханасының
тұтынушыларын зерттеу
Негізгі тұтынушылар | Тұтынушылардың талғамдары |
1 | 2 |
Орташа табысы бар орта жастағы адамдар |
|
14-кестенің жалғасы
1 | 2 |
Бизнес ұйымдардың жұмыскерлері |
|
Жанұялар |
|
Сонымен қатар, қызмет көрсету сапасын бағалау жүргізілді, сұрау нәтижесінде қызмет көрсетудің сапасы ондық шкала бойынша орташа балл 8,5 болып шықты. Бұл қызмет көрсету дәрежесі жоғары екенің көрсетеді.