Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 13:27, курсовая работа
Тамақтандыру туристік қызмет көрсету технологиясындағы негізгі қызметтердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде қоғамдық тамақтану индустриясы нарықта беделді орын алады. Бизнес аналитиктердің айтуы бойынша, Қазақстандағы мейрамханалық бизнес табыстылығы бойынша көшбасшылардың «бестігіне» кіреді. Бірақ капитал айналымы мен қызмет көрсету сапасы жағынан Ресей мейрамханаларынан біраз кемшілігі бар. Әрине, географиялық және халық санының масштабтарындағы салыстырмалы түрде айырмашылықтарды ескеру жөн. Соңғы кездері Қазақстанда мейрамханалық бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерді «ресторатор» деп атайтын болды. Бірақ, көптеген қоғамдық тамақтану кәсіпорындар иелері бұл атауға сай емес. Еуропада бұл атау «үш жұлдызды» мейрамханалар жүйесінің иелеріне беріледі және бұл «жұлдыздарды» берудің басты критерийі баға емес, қызмет көрсету сапасы болып табылады.
Кіріспе
1 Сервис аясындағы кәсіпорын қызметін ұйымдастыру және жоспарлаудың теориялық негіздері
1.1 Сервис аясындағы кәсіпорын ұйымдастырушылық негіздері
1.2 Сервис аясындағы кәсіпорын қызметіндегі жоспарлау үрдісі, принциптері, түлері және оның маңызы
1.3 Қазақстан Республикасындағы қоғамдық тамақтандыру саласының қазіргі жағдайы
2 Сервис аясындағы кәсіпорын қызметін ұйымдастыру және жоспарлауды зерттеу
2.1 «Алдияр» мейрамханасының жалпы сипаттамасы
2.2 «Алдияр» мейрамханасының негізгі экономикалық көрсеткіштеріне талдау
2.3 «Алдияр» мейрамханасының маркетингтік қызметін және жоспарлау жүйесін бағалау
3 «Алдияр» мейрамханасы қызметін ұйымдастыру және жоспарлау жүйесін жетілдіру
3.1 «Алдияр» мейрамханасының қызметін тиімді ұйымдастыру жолдары
3.2 «Алдияр» мейрамханасының жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Әр
тағам бөлек калькуляцияланады,
техникалық процесс жүзінде жасалады.
Бағаның барлығы баға үстемесін жүргізеді,
ол әр мерзімде өзгеріп отырады және сыртқы
факторларға тәуелді. 2010 жылдың ортасында
оның мөлшері – 239,29 % құрады. Тағамның
бағасын калькуляциялаудың әдісі қарапайым
және нарық конъюнктурасына әсер етпейді.
19- кесте
– «Антрекот» тағамының өткізу бағасы
мен өзіндік құны
Азық-түліктің реттік номері | Азық-түлік атауы | Саны | 1 грамм өнімнің бағасы, тг | 1 грамм өнімнің құны, тг |
1 | Сиыр еті, г | 340,0 | 260 | 88,4 |
5 | Тұз ,г | 1,6 | 35,0 | 0,06 |
10 | Қызанақ, г | 50,0 | 100,0 | 5,0 |
11 | Ұн, г | 0,4 | 60,0 | 0,02 |
19 | Саңырауқұлақ, г | 55,0 | 100,0 | 5,5 |
27 | Қара бұрыш, г | 0,4 | 600,0 | 0,24 |
30 | Томат пастасы, г | 2,0 | 90,0 | 0,18 |
53 | Көк бұрыш, г | 50,0 | 50,0 | 2,5 |
Тағамды пайдалану мөлшеріне байланысты бағаны белгілеу қажет. Мысалы «Жульен» тағамының сату көлемі жоғары, сол үшін бағаны жоғарлату керек. Ал «Фирин» тағамына керісінше бағаны төмендету керек. Осындай стратегияны жүргізу кезінде тағамдың өткізу көлемін жақсартады, тағамды сату көлемі де жоғарлайды.
Бағаны қалыптастыру кезінде шығынсыздық нүктесін анықтауға болады [26].
Q = , (2)
Q – шығынсыздық нүктесі, өндіріс көлемінің дағдарысы;
Пт – тұрақты шығындар;
Пиз - өзгермелі шығындар;
«Алдияр» мейрамханасының өндірістік шығынсыздық нүктесі мынаған тең:
1677000 : (205-163) = 39928 порция;
1670000 - 2008 жылғы «Алдияр» мейрамханасының тұрақты шығындары;
205 – 2009 жылғы бір тағамға кеткен шығын;
2009 жылы мейрамхана – 41040 порция тағам сатқан. Шығынсыздық нүктесі 0,97 (39929/41040) құрайды, бұл 1-ге жақын.
«Алдияр» мейрамханасының жылдан жылға бәсекелестерінің саны көбейіп келе жатыр. Қазіргі кезде «Диана», «Сабрина», «Шагис» мейрамханалары бір сегментте, бір ауданда қызмет көрсететіндердің қатарында жатады.
«Алдияр» мейрамханасының және оның бәсекелестерінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау рейтингін құрастырайық (20-кесте). Бәсекелес мейрамханалар 1 – «Диана» мейрамханасы, 2 – «Сабрина» мейрамханасы, 3 – «Шагис» мейрамханасы.
Берілген
мысалдарда әртүрлі мейрамханаға келушілердің
1 балдан 10 балға дейінгі бағалау жүйесі
пайдаланылады. жоғарға бағаға әсер ететін
барлық негізгі факторлар тең мағынада
деуге болады. Келушілердің берген бағасын
өңдей отырып, біз келушілердің берген
бағасының орташа мәнін анықтаймыз.
20-кесте
– «Алдияр» мейрамханасының және оның
бәсекелестерінің бәсекеге қабілеттілігін
бағалау рейтингі
Көрсеткіштер | «Алдияр» | «Диана» | «Сабрина» | «Шагис» |
Өнім сапасы | 8 | 10 | 9 | 6 |
Репутациясы | 6 | 10 | 8 | 6 |
Өндірістік мүмкіндіктері | 6 | 10 | 8 | 7 |
Технологиялық деңгейі | 9 | 10 | 5 | 2 |
Бағасы | 4 | 10 | 7 | 5 |
Маркетинг және жарнама | 3 | 10 | 8 | 5 |
Интерьер | 8 | 10 | 8 | 8 |
Тағам ассортименті | 9 | 10 | 9 | 9 |
Тұтынушыға қызмет көрсету деңгейі | 10 | 10 | 8 | 6 |
Барлығы | 63 | 90 | 70 | 54 |
Белгілі бір фактор бойынша ең жоғарғы рейтингте тұрған мейрамхана бәсекелестерінен осы фактор артықшылығы көп болады. Рейтингтегі орташа мәнін салыстыру арқылы компанияның қандай орында екенін, бәсекелестердің қаншалықты артықшылығы бар екенін білуге болады. Берілген факторларды «семантикалық дифференциал» шкаласына қойып, барлық бәсекелес мейрамханалардың рейтингін болжауға болады.
Бағалау нәтижесінде «Алдияр» мейрамханасы 1 орын алған «Диана» мейрамханасын санамағанда негізгі бәсекелестермен қатар тұр. Алынған рейтингтерді қарап, «Алдияр» мейрамханасының бәсекеге қабілеті жоғары және таңдап алынған нарық сегментіндегі үлесін үлкейуге мүмкіндігінің жоғары екенін айтуға болады.
10-сурет
– Бәсекелестік көпбұрышы
Екінші
жағынан рейтинг бойынша «
Бұл «Алдияр» мейрамханасының жарнама жұмыстарының дұрыс жүргізбеуіне байланысты. «Шагис» мейрамханасының да жағдайы әзірше керемет емес. Бірақ, ол өте күшті бәсекелес емес, себебі «Шагис» мейрамханасы ыңғайлы әрі көзге түсетін жерде және «Алдияр» мейрамханасына жақын орналасқан. Сондықтан «Шагис» мейрамханасы маркетингтік жұмыстарын жақсартатын болса, нарықтағы орны өсуі мүмкін. Ал ол өз кезегінде «Алдияр» мейрамханасының жағдайын төмендетеді. Стратегияны қалыптастыру кезінде «Алдияр» мейрамханасының қызметіне өз компанияларының артықшылықтары мен кемшіліктерін біліп, ұзақ мерзімдік бәсекелестік орнын анықтау қажет.
Бәсекелестік
күресте ерекше рөл тағамда, оның
сапасы, сипаттамасы мен тұтынушылардың
сұранысымен
Қазақстандық, армяндық, молдавиялық, француздық «Мартел» немесе «Хенесси» коньяктарының арасында баға айырмашылығы бар, «Тараз», «Жибек-жолы» немесе «Абсолют» арақтарының баға айырмашылығы, «Антрекот» тағамы, «Стейк»тағамына қарағанда бағасы қымбат.
«Диана» мейрамханасының коммерциялық саясатының ең жақсы жақтары мейрамхана келушілері әр түрлі ұлт өкілдері бола алады, бұл «Диана» мейрамханасының жарнама компанияларымен жұмыс істеу нәтижесі.
«Алдияр» мейрамханасы жарнама жұмыстарын «Бегемот» жарнама агенттігі арқылы жүргізіледі. Жарнамалық бюджет 2010 жылы 602854,17 теңгені құрады. Әрине бұл сома «Алдияр» мейрамханасы сияқты «шағын кәсіпорын» үшін айтарлықтай болады.
Дегенмен, кәсіпорындағы жарнама жүргізу деңгейі бизнестің дамуы үшін жеткіліксіз деп ойлаймыз. «Алдияр» компаниясының жарнамасы тек «Плюс» немесе «Шанс» гезеттерінде ғана берілуі кәсіпорынның стратегиялық дамуы үшін жеткіліксіз. Газеттің бір басылымындағы кететін шығын 40-45 мың теңгені құрайды. Газет басылымы 355 мың дана және аптасына бір рет шығады. Соған қоса бұл газет бүкіл Қазақстанға таралады. Егер газет толығымен Алматы қаласына таралса, тиімдірек болар еді.
Радио,
теледидар, танымал журнал, полиграфия
мен сыртқы жарнаманың мүмкіндіктері
мүлдем қолданылмайды, көрме және
жәрмеңкелерде компанияның
Алматыдағы «Бриф» сияқты басты маркетинг агенттіктің жүргізген сауалнаманың нәтижесі кең аймақтық жарнама жұмыстарының тиімділігін дәлелдейді.
Сонымен келесідей қорытындыларға келуге болады:
Сонымен қатар «Алдияр» мейрамханасының бәсеке қабілетін жоғарылату мақсатында біз нарық конъюктурасының өзгеруіне тұтынушылардың талғамына тұрақты бақылау жүргізуді ұсынып отырамыз. Оған қоса бәсекелестердің баға және тауар саясатын талдап, нарықты сегменттеп - өз тұтынушыларын тани біліп және коммуникацияның құралдарын пайдалану керектігін айта кеткен жөн.
«Алдияр» мейрамханасының жоспарлау жүйесіне тоқталатын болсақ, қызметті жоспарлауда жүйелілік жоқ, стратегиялық жоспарлар мүлдем қолданылмайды. Көрсетілген қызметтің басым бөлігі маусымдық сипатқа ие, ол көптеген факторлармен байланысты. Сол себепті қызметтің өмірлік циклі синусоидтық қисықты көрсетеді.
Қызмет көлемі көрсеткіштерін жоспарлауда маусымдық сұранысты ескеру қажет. Кәсіпорынның жүзеге асырған қызметтер көлемін жоспарлау үрдісінде жылдық орташа мөлшерден жеке айлардағы көрсеткіштерінің ауытқу заңдылықтарын ескеру қажет.
Кәсіпорынның жоспарлау жүйесіндегі кемшіліктерді анықтау мақсатында негізгі жоспарларды қолдану бойынша тексерулер жүргізілді. «Алдияр» мейрамханасы қызметін жоспарлау жүйесінің талдауы 21-кестеде көрсетілген.
Жалпы
алғанда кәсіпорын қызметінде бір жылға
жасалатын тактикалық жоспарлар және
бизнес-жоспар бар. Стратегиялық жоспарлар
үнемі өзгеріп отыратын ортада компания
қызметі үшін өз қызығушылықтарын пайдалануы
үшін құралады.
21-кесте
– «Алдияр» мейрамханасының жоспарлау
жүйесін бағалау
Жоспар түрі | бар, жоқ (+,-) | Сипаттамасы | Кемшіліктері |
1. Бір жылдық тактикалық жоспар | + | Сату көлемі, пайда, жарнама бюджеті, компания шығындары жоспарланады. | Кадрлар саясаты және біліктілікті жоғарылату, инвестицияларды пайдалану бойынша жоспарлар мен бәсекелестер және қоршаған ортаны болжау жоқ |
2.Тоқсандық жоспар | - | Жоспарланбайды, бірақ тактикалық шешімдер қабылдауда қажет болады | Нақты жағдай мен қысқа мерзімдік жоспарлауды қадағалау мүмкіндігі жоқ |
3.Бизнес- жоспар | + | Сату көлемі, пайда, қызмет көрсету бағыттары мен түрлері бойынша даму жоспарлары қабылданады | Жылжыту, кадрлар саясаты мен біліктілікті жоғарылату, қаржылық тұрақтылық жоспарлары жоқ |
4. Стратегиялық жоспар | - | Жоспарланбайды, бірақ компанияның даму стратегиясын құруда қажет | Компания миссиясы, ұзақ мерзімдік мақсатттары мен міндеттері, қызмет көрсету нарығының даму болжаулары жоқ |
Ескертпе: [25] әдебиет мәліметтері негізінде жасалған |