Нарықтық экономикадағы маркетингтің мәні және рөлі Рахат АҚ мысалында курстық жұмыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 13:27, курсовая работа

Описание работы

Тамақтандыру туристік қызмет көрсету технологиясындағы негізгі қызметтердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде қоғамдық тамақтану индустриясы нарықта беделді орын алады. Бизнес аналитиктердің айтуы бойынша, Қазақстандағы мейрамханалық бизнес табыстылығы бойынша көшбасшылардың «бестігіне» кіреді. Бірақ капитал айналымы мен қызмет көрсету сапасы жағынан Ресей мейрамханаларынан біраз кемшілігі бар. Әрине, географиялық және халық санының масштабтарындағы салыстырмалы түрде айырмашылықтарды ескеру жөн. Соңғы кездері Қазақстанда мейрамханалық бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерді «ресторатор» деп атайтын болды. Бірақ, көптеген қоғамдық тамақтану кәсіпорындар иелері бұл атауға сай емес. Еуропада бұл атау «үш жұлдызды» мейрамханалар жүйесінің иелеріне беріледі және бұл «жұлдыздарды» берудің басты критерийі баға емес, қызмет көрсету сапасы болып табылады.

Содержание

Кіріспе

1 Сервис аясындағы кәсіпорын қызметін ұйымдастыру және жоспарлаудың теориялық негіздері
1.1 Сервис аясындағы кәсіпорын ұйымдастырушылық негіздері
1.2 Сервис аясындағы кәсіпорын қызметіндегі жоспарлау үрдісі, принциптері, түлері және оның маңызы
1.3 Қазақстан Республикасындағы қоғамдық тамақтандыру саласының қазіргі жағдайы

2 Сервис аясындағы кәсіпорын қызметін ұйымдастыру және жоспарлауды зерттеу
2.1 «Алдияр» мейрамханасының жалпы сипаттамасы
2.2 «Алдияр» мейрамханасының негізгі экономикалық көрсеткіштеріне талдау
2.3 «Алдияр» мейрамханасының маркетингтік қызметін және жоспарлау жүйесін бағалау

3 «Алдияр» мейрамханасы қызметін ұйымдастыру және жоспарлау жүйесін жетілдіру
3.1 «Алдияр» мейрамханасының қызметін тиімді ұйымдастыру жолдары
3.2 «Алдияр» мейрамханасының жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Акерке ДР нов.doc

— 1,021.00 Кб (Скачать)

    Мейрамхананың ең өтімді алты тамағына көтерілген баға жылына 3,0-4,0 миллион теңге қосымша пайда келтірер еді.

    “Стейк” тағамын ас мәзірінен алып тастауға болмайды. “Стейк” және оның түрленген түрі “Алматы стейкі” қатар жүреді. Мейрамхананың жүзден астам тағамын 14-ші күніне тұтынушыға ұсынылады.

    «Алдияр» мейрамханасының жетекшілігі кез-келген уақытта потенциалды инвестордың көмегіне жүгінуі мүмкін, сол кезде қаржылық жоспар кәсіпкер қарыздардың уақытында қайтару үшін немесе салынған капиталға деген тиымды пайданы қамтамасыз ету үшін қолдағы қаражатты дұрыс пайдалана алады ма, мойнына арттылған міндеттерді орындай алады ма денген сұрақтарға жауап беру керек.

    «Алдияр» үшін табыстардың негізгі көзі болып кәсіпорынның өз өнімін сату болып табылады.

    22-кестеде алдағы 2 жылға арналған «Алдияр» мейрамханасының табыстар мен шығындарының жоспары келтірілген. 

22-кесте – «Алдияр» мейрамханасының табыстар мен шығындарының жоспары 

Көрсеткіштер 2011 жыл 2012 жыл
Сатудан түскен табыс 100,0 113,1
Болашақ мерзімдегі сату өсімінің % 12,7 13,1
Өнімнің өзіндік құны 85 95
Жалпы пайда 15 18,1
Салық (10%) 1,5 1,8
Таза  пайда 13,5 16,3
Болашақ мерзімге % 115,2 121,0

 

    2011 жыл – «Алдияр» компаниясының дамуының жаңа стратегиясының жүзеге асыру жылы. Компанияның бәсекелестік ұстанымын нығайтуға бағытталған стратегиялық мақсатты жүзеге асыру. Кестеден «Алдияр» мейрамханасының маркетингтік іс шаралар өткізу барысында экономикалық көрсеткіштер жақсаруы мүмкіндігін көреміз. Тауар айналымының салыстырмалы түрде бір қалыпты өсіуінде кәсіпорынның пайдасын анағұрлым көбейту, көзделген бұл процесс 3 фактордың негізінде жүзеге асады: күн сайын қосымша 30 қонақтарды еліктіру; тағамдардың жалпы бағасын жоғарлауы есебі; мейрамхананың қызмет көрсету саласына таңдаулы ішімдік сусындарын енгізу.

    Белгілі бір уақыт өткен соң, үмітін ақтай  алмауы мүмкін ұсыныстардың негізінде  жасалатынын да ескеру керек. Мұндай жағдайда, кәсіпорын банкротқа ұшырау мүмкіндігінің алдын алу үшін жоспарларға сәйкес болатын түзетулерді енгізу керек.

    Қазіргі кезде мейрамхана шаруашылығында пайданы арттыру мақсатында қолданылатын бағыттардың бірі аутсорсинг болып табылады. Аутсорсингке өту мүмкіндігі келесі қызмет түрлерінде бар: мейрамхана бизнесінде қажетті есептеу техникасы мен ақпараттық жүйелер бойынша қызмет көрсету, сатылым құрылғысына техникалық қызмет көрсету, мүліктік кешенді жөндеу бойынша қызмет көрсету, киім жуу және химиялық тазарту қызметі. Басқару функциясы жағынан аутсорсинг персоналды қабылдау және оқыту мәселесі бойынша тиімді, сонымен қатар заңды тұсында да көмегі өте көп. Бірақ аутсорсингтің артықшылықтармен қатар кемшіліктері де жоқ емес. Бұл көрсеткіштер келесі кестеде көрсетілген.  

23-кесте – Бизнес-функцияның аутсорсингінің және мейрамхананың жеке қызметтерінің артықшылықтары мен кемшіліктері 

Қызмет  түрлері мен бизнес-функциялар Аутсорсингке өтудің артықшылықтары Аутсорингке өтудің кемшіліктері
1 2 3
Бухгалтерлік есеп Компания-провайдердің мамандарының жоғары біліктілігі; салық тәртібін бұзу болған жағдайда жауапкершілікті өз мойнына аутсорсер алады; еңбек ақы төлеу қоры болғандықтан, салықтың азаюы; бухгалтерлік қызмет үшін қажетті бағдарламалық құралдар алудың қажетсіздігі. Алғашқы құжаттаманы жүргізу үшін бухгалтерияны сақтау қажеттігі; ақпарттың қолды болуы қаупі; алынған ақпараттың жылдамдығының болмауы.
Персоналды  қабылдау және дамыту. Персоналды  қабылдау мен үйретуді жүргізу; аутсорсердің жоғары біліктілігі; еңбек нарығы конъюнктурасы жайлы жақсы ақпараттанушылық Персоналды  басқару деңгейінің төмендеуі; мейрамхана бизнесі ерекшеліктерін білу қажеттігі; ұжымда корпоративтік климатты сақтау қиындығы.
Заң тұрғысы Жоғары білікті мамандардың нарықтық бағасының жоғарылығы; қажеттіліктердің мерзімділігі. Қызмет көрсететін фирманың бағасының жоғарылығы; мейрамхананың заңдылық жағынан мәселелері.
Маркетингтің  функциялары Аутсорсер мамандарының жоғары біліктілігі; жарнама шығындарының азаюы. Мейрамхана бизнесі саласында білімнің жоғары болуы керектігі; қызметтің бағасының жоғарылығы.

 
 
 

23-кесте жалғасы 

1 2 3
Ғимаратқа қызмет көрсету Компания-провайдердің мамандарының жоғары біліктілігі; бағасы жоғары тұратын құрылғыны сатып алу керексіздігі; ғимарат үшін қажетті жұмыстардың сапалы жасалуы. Жұмысты атқару жылдамдығының азаюы; жұмыстың сапалылығын  бақылап отыру. 
Ақпарттық жүйелер мен есептеу техникасының қызметі Компания-провайдердің мамандарының жоғары біліктілігі және IT қызметінің сапалы болуы; қажеттіліктің мерзімділігі; есептеу техникасының қазіргі заманға сай қызметі Қызмет орындалу уақытының азаюы; мейрамхана үшін компьютер бағдарламасының спецификасы
Сату  құрылғыларының техникалық қызмет көрсетуі Компания-провайдердің мамандарының жоғары біліктілігі. Жұмыстың сапалылығын  бақылап отыру. 
Зал, ас бөлмесі мен жалпылама қолданылатын орындардың жиналуы Персонал жағынан  үнемділік; жұмыстың жоғары саплылығы; жоғары бағалы құрылғыларды қолдану; жинау  жұмыстарының толық кешені. Жасалған жұмыс  сапасын бақылау қажеттігі; мейрамхана бизнесі спецификасын білу қажеттігі.
Қорғау  мен қауіпсіздік қызметі Компания-провайдердің мамандарының жоғары біліктілігі. Мейрамхана бизнесі спецификасын білу қажеттігі.
Киім  жуу қызметі мен химиялық тазарту  қызметі Персонал жағынан  үнемділік; жұмыстың сапалы жасалуы; жоғары бағалы құрылғыларды пайдалану мүмкіндігі. Жасалған жұмысты  қадағалау қажеттігі.
Ескертпе:  [25] әдебиет мәліметтері негізінде автор жасаған

 

    Аутсорсинг  технологиясын спецификалық емес қызметтерді  іске асыру үшін енгізу, сонымен қатар стратегиялық бағыт түрінде алу шаруашылықтағы субъектілер үшін бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ете алады.

    Жалпы жүргізілген талдау нәтижесінде  кәсіпорын қызметін жетілдіру мен тиімділігін арттыру жолдарын келесідей анықтауға болады:

  • басқа бизнес саласындағы компаниялармен бірлескен жылжыту кәсіпорнын ұйымдастыру.
  • кәсіпорынның сала бойынша халықаралық жәрмеңкелерге және көрмелерге қатысуын жандандыру;
  • фирма қызметінде өткізуді ынталандырудың кең таралған құралдарын қолдану: сауда артықшылықтары, бонустық жеңілдіктер, формалды кепілдіктер.
  • ұсынатын қызметтер туралы жарнамалық ақпараттық  мағлұматпен алмасу, жарнаманың тиімділігін жоғарылату, жарнамалық хабарламалардың сапасын арттыру;
  • көрмелерге қатысып, жаңа серіктестерді табу  мүмкіндіктерін қолдану;
  • қызметкердің жұмыстағы шығармашылық ынтасын қолдау үшін менеджерлерді  ынталандыру әдістерін әзірлеу;
  • компания басқармасына менеджменттің қозғалтқыш күші ретіндегі маркетингтік білімін үнемі толтықтырып отыру;
  • үкімет тарапынан ұйымдастырылатын әр түрлі бағдарламада компания қызметкерінің қатысуы.

    Осылайша, фирма өзінің қызметтік көрсеткіштерін тиімді жылжыту жүйесін, маркетинг  және менеджмент көрсеткіштерін жақсарту негізінде арттыруға мүмкіндік  алады. 
 

3.2 «Алдияр» мейрамханасының жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар 

    Жоспарлауды жүйелік сипатқа келтіру үшін «Алдияр» мейрамханасына оны 3 негізгі элементке бөліп қарастыруды ұсынады:

  • орташажеделдетілген жоспарлау;
  • бизнес жоспарлау;
  • тоқсандық жоспарлау.

    Жоспарлау үрдісі маркетингтік басқармасының жауапкершілігінде болып табылады және тікелей директормен бақыланады, бірақ статегиялық және тактикалық жоспарларды талқылау үрдісіне компанияның барлық құрамы қатысады.

    Компанияның мақсатының иерархиясы келесі үлгі бойынша  көрсетіледі (12- сурет):  

 

     12-сурет – «Алдияр» мейрамханасының мақсаттары иерархиясы 

    Әрбір үш жылда дамудың орташажеделтілген  жоспарлауын (ДОЖ) әзірлеу ұсынылады. Ол компанияның алдағы үш жылға арналған міндетін (миссиясын) және басты даму бағытын анықтайды.

    Дамудың орташажеделтілген жоспарлауы жылдық бизнес жоспарлауды әзірлеудің негізі болып табылады (AOP- Annual Operative Plan). АОР  дамудың орташажеделтілген жоспарында анықталған компания стратегиясын нақтылайды. АОР-ның басты функциясы –  компанияның алдағы жылдағы мақсатын анықтау.

    АОР шеңберінде әр тоқсандық жоспарлар  жасалады. Тоқсандық жоспарлар екі  басты бөліктен тұрады: компанияның  сату жоспары және делдалдардың міндеттері (SDO – Sales Development Objectives).

    Кез келген жоспарда «Smart» қағидалары қолданылады. Бұл әрбір мақсат немесе міндет бес негізгі қағидаға жауап беруі керек дегенді білдіреді:

  1. Мақсат немесе шешім нақты бір адамға бекітілуі керек, бұл шешімдерді орындауда жауапты адамның қызметі мен міндеттеріне сәйкес келуі керек.
  2. Мақсат немес міндет компанияның миссиясы талаптарына сәйкес болуы керек.
  3. Мақсат немесе міндет өлшемді болуы керек. Абстрактты міндеттерді қоюға болмайды. Мысалы: компанияның кірісінің өсуі. Бұнда міндетті түрде өсудің мөлшері көрсетілуі керек (компания кірістерінің 15%-ға өсуі).
  4. Мақсат немесе міндет қол жетімді болуы керек. Мүмкін емес мақсатты қоюға болмайды.
  5. Мақсат немесе міндет уақытпен шектелген болуы керек.

    «Алдияр»  мейрамханасының стратегиясы іс-әрекеттің бағыты мен сипатамасын білдіреді. Басқа сөзбен айтқанда, компания стратегиясын сипаттауда ең бастысы – жұмыстың жалпы қағидаларын анықтау, ал іс-шаралардың нақты сипаттамасы мақсаттар мен міндеттерді анықтау үрдісінде беріледі.

    «Алдияр»  мейрамханасының даму стратегиясын әзірлеу үшін оны негізгі үш кезеңге бөлеміз. 

    Ары қарай  «Алдияр» мейрамханасының жоспарды әзірлеу әдістемесін тереңірек қарастырайық.

    Дамудың орташажеделдетілген жоспарлауын (ДОЖ) әрбір 3 жылда жүргізіп отыру тиімді. Қазіргі уақытта  «Алдияр» мейрамханасында 2009-2011 жылдарға арналған ДОЖ қолданылуда. Оның құрамдас бөліктері:

  1. Компания миссиясын анықтау.
  2. Жағдайлық  талдауды жүргізу.
  3. Корпоративтік мақсатты белгілеу.
  4. Корпоративті  даму стратегиясын дайындау.

    Бірінші кезеңде компанияның миссиясы тұжырымдалады, яғни түпкілікті сұрақтарға жауап ізделеді, олар келесілер:

  • компания қандай бизнеске (қызметке) қатысады. Бұл бизнестің сипаттамалары қандай;
  • компанияның қызметін кім пайдаланады, тұтынушы кім (мақсатты топ). Компания бизнесіндегі тұтынушы үшін құнды нәрсе не болып табылады. Тұтынушының ниеттестігін қамтамасыз ететін факторлар. Тұтынушының көзқарасы бойынша компания бизнесі қандай болуы керек.

Информация о работе Нарықтық экономикадағы маркетингтің мәні және рөлі Рахат АҚ мысалында курстық жұмыс