Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 13:27, курсовая работа
Тамақтандыру туристік қызмет көрсету технологиясындағы негізгі қызметтердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде қоғамдық тамақтану индустриясы нарықта беделді орын алады. Бизнес аналитиктердің айтуы бойынша, Қазақстандағы мейрамханалық бизнес табыстылығы бойынша көшбасшылардың «бестігіне» кіреді. Бірақ капитал айналымы мен қызмет көрсету сапасы жағынан Ресей мейрамханаларынан біраз кемшілігі бар. Әрине, географиялық және халық санының масштабтарындағы салыстырмалы түрде айырмашылықтарды ескеру жөн. Соңғы кездері Қазақстанда мейрамханалық бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерді «ресторатор» деп атайтын болды. Бірақ, көптеген қоғамдық тамақтану кәсіпорындар иелері бұл атауға сай емес. Еуропада бұл атау «үш жұлдызды» мейрамханалар жүйесінің иелеріне беріледі және бұл «жұлдыздарды» берудің басты критерийі баға емес, қызмет көрсету сапасы болып табылады.
Кіріспе
1 Сервис аясындағы кәсіпорын қызметін ұйымдастыру және жоспарлаудың теориялық негіздері
1.1 Сервис аясындағы кәсіпорын ұйымдастырушылық негіздері
1.2 Сервис аясындағы кәсіпорын қызметіндегі жоспарлау үрдісі, принциптері, түлері және оның маңызы
1.3 Қазақстан Республикасындағы қоғамдық тамақтандыру саласының қазіргі жағдайы
2 Сервис аясындағы кәсіпорын қызметін ұйымдастыру және жоспарлауды зерттеу
2.1 «Алдияр» мейрамханасының жалпы сипаттамасы
2.2 «Алдияр» мейрамханасының негізгі экономикалық көрсеткіштеріне талдау
2.3 «Алдияр» мейрамханасының маркетингтік қызметін және жоспарлау жүйесін бағалау
3 «Алдияр» мейрамханасы қызметін ұйымдастыру және жоспарлау жүйесін жетілдіру
3.1 «Алдияр» мейрамханасының қызметін тиімді ұйымдастыру жолдары
3.2 «Алдияр» мейрамханасының жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Сатуды болжау ай сайынғы орташа сату көрсеткішінің экстраполяциялық талдауы негізінде жүргізіледі. Бұл үшін кем дегенде 2 жылдық статистикалық көрсеткіштер қажет болады. Яғни, жыл басынан бергі ай сайынғы көрсеткіштер қарастырылады, себебі, бұл жағдайда болжау сапасы неғұрлым жоғары болады. Бұл ретте орташа сатулар есеп беру көрсеткіштері негізінде анықталып, болжау орташа көрсеткіштерге байланысты құрылады. Бірақ, егер трендті нақты көрсеткіштер негізінде құратын болсақ, онда корреляция коэффициенті төмен болады. Бұл модульге сенуге болмайтынын білдіреді. Ал егер алдымен сандарды орташа көрсеткіштерге келтіріп, одан кейін жобалап, соңында орташадан абсолюттік мәнді болсақ, корреляция коэффициенті жоғары болуы мүмкін, яғни модульге сенуге болады.
Болжанған орташа көрсеткіштер негізінде болашақтағы сатудың орташа деңгейін болжау әбден мүмкін. Алдыңғы кезеңдердегі түсімдер негізінде болашақ айлардағы орташа емес, абсолюттік сандарды болжауға болады.
Кәсіпорынның жоспарлау жүйесін талдау мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстар негізінде келесі қорытындыларды атап өтуге болады:
Қорытынды
Дипломдық жұмыс нәтижесі негізінде келесідей басты қорытынды жасауға болады: кәсіпорын қызметін ұйымдастыру мен жоспарлау зерттеу объектісін терең зерделеуді қажет ететін күрделі де көп сатылы үрдіс, кәсіпорынның тиімді қызмет етуі осы зерттеу қорытындыларының нақтылығына, дұрыстығы мен дер кезділігіне байланысты.
Алға қойылған міндеттерге сәйкес автор бірінші тарауда мейрамхана қызметін ұйымдастырудың жалпы теориялық-әдістемелік аспектілері мен сервистік кәсіпорнындағы жоспарлау жүйесінің ерекшеліктерін қарастырды.
Сервистік кәсіпорын қызметін жоспарлау – оның жұмыс істеуі және дамуы бойынша шешімдер қабылдау мен олардың ары қарай орындалуын бақылау үрдісі. Жоспарлаудың негізгі мақсаты – кәсіпорынның негізгі функцияларын (өндірістік, инновациялық, технологиялық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және т.б.) жүзеге асыру нәтижесі ретіндегі максималды пайда түсіру үшін атқаратын шаралар бағдарламасын құру.
Басқару органдарының алдын ала қандай іс-шаралар, қай жерде, қай уақытта, қалай жүзеге асырылуы керек екені бойынша шешім қабылдап, жоспарлар жүйесін құру жоспарлау үрдісінің негізгі нәтижесі болып табылады. Жоспарлау объектілеріне кәсіпорындардың қызметінің барлық түрлері (шаруашылық, әлеуметтік, экологиялық және т.б.) жатады.
Жоспарлы шешім қабылдау әрқашан ресурстарды қолданумен байланысты. Сондықтан мейрамхана кәсіпорыны ресурстары кәсіпорындағы жоспарлау пәні болып табылады.
Жоспарлау жүйесін қалыптастырып, оны ойдағыдай іске асыру үшін қызметтің сипаты мен мазмұнын анықтайтын жоспарлаудың белгілі бір принциптері ұстанылып, бірқатар алғышарттар болуы қажет. Бұл кәсіпорынның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беріп, жоспарлаудың жағымсыз нәтижелерін төмендетеді.
Жоспарлау
жүйесінің тиімділігін бағалау
кәсіпорынның қаржы жағдайының негізгі
көрсеткіштері бойынша
Дипломдық жұмыстың екінші тарауында зерттелуші кәсіпорын - «Алдияр» мейрамханасының жалпы сипаттамасы беріліп, шаруашылық қызметіне талдау жасалды. Нәтижесінде «Алдияр» мейрамханасы жақсы қалыптастырылған ұйымдық құрылым, дифференцацияланған және бәсекегеқабілетті өнімдерге ие екені анықталды. Сонымен қатар компания пайда, рентабельділік сияқты негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, нарықтағы бәсекелестер арасында алдыңғы қатардан көрінуде. Компания саясаты жоғары сапалы қызмет ұсынысына бағытталған, компания орташа және жоғары табысты тұтынушыларға жоғары сапалы сервисті ұсынушы беделді компания ретінде позициялануға тырысады.
Сервистік кәсіпорын үшін маңызды мәселе ретінде жоғары сапалы қызмет көрсететін мекеме атағын алу болып табылады. Қонақтарға жоғары сапалы қызмет көрсету кәсіпорынның барлық қызметшілері жұмысының ұжымдық күш-жігерімен, тұрақты да тиімді бақылаумен, қызмет көрсетудің әдістерін жетілдіру жұмыстарын өткізумен, алдыңғы қатарлы тәжірибе, жаңа техника мен технологияларды зерделеу мен енгізуарқылы, ассортиментті кеңейтумен және көрсетілетін қызмет сапасын үнемі жетілдірумен қамтамасыз етіледі.
Сервистік кәсіпорынның нарықтағы өзгерістерге тез бейімделуін теріс мотивацияның күштірек болуы және жаңашылдық енгізуге деген сенімсіздік бөгеп тастауы мүмкін. Қалыптасып қалған тәжірибеде, әсіресе, бизнес иелерінде, біріншіден, қабылдаудың психологиялық ерекшелігі байқалады. Ол адам болжамдарының нақтылануының маңыздылығын арттыра түсу, ал осы жағдайға қарсы тұратын нақты ақпаратқа көңіл бөлінбеуі болып табылады. Көптеген жағдайларда бұл нақты ақпараттарға көп көңіл бөлінбейді, осының себебінен қонақүй кәсіпорнының қызметіне қауіп төнуі мүмкін.
Компанияның бәсекелестік ортасына талдау жүргізіліп, оның негізгі күшті және әлсіз жақтары анықталды. «Алдияр» мейрамханасы күшті жағы: компанияда қызмет көрсетудің сапасына риза және жақын уақыт ішінде басқа мейрамхана қызметін таңдауға бейімделмеген клиенттердің бар болғандығы, ал негізгі әлсіз жақтарына жарнаманың қажетті деңдейде қоланылмауы мен бағаның жоғарылығын жатқызуға болады.
Жоғарыда аталған нәтижелерге негізінен компанияның осы дипломдық жұмыстың екінші тарауында қарастырылған маркетинг жүйесінің тиімді қызметі арқылы қол жеткізілді.
«Алдияр» мейрамханасы қызметін жоспарлауда жүйелілік жоқ, стратегиялық жоспарлар мүлдем қолданылмайды. Көрсетілген қызметтің басым бөлігі маусымдық сипатқа ие.
Дипломдық
жұмыстың екінші тарауында берілген
компанияның қолданысындағы жоспарлау
жүйесінің талдауы нәтижесінде
жоспарлау жүйесінің күшті және
әлсіз жақтары анықталып, олар үшінші
тарауда толығырақ
Анықталған кемшіліктер нәтижесінде осы дипломдық жұмыста «Алдияр» мейрамханасының жоспарлау жүйесін жетілдіру мен оның тиімділігін арттыру бойынша келесідей ұсыныстар әзірленді:
Компанияның сатуларды болжау мен оның негізгі міндеттерін жоспарлау жүйесін енгізу.
а) негізгі көрсеткіштерді болжау осы көрсеткіштер мен республикадағы объективті макроэкономикалық көрсеткіштер арасындағы экстрополяциялық тәуелділікті анықтау негізінде жүргізілуі керек.
б) компанияның ішкі бизнес ортасының жылдық бизнес жоспарындағы жағдайлық талдауды функционалдық қағидалар бойынша жүргізу қажет. Компанияның әрбір құрылымдық бөлімшелерінің күшті және әлсіз жақтары анықталуы тиіс. Осы жағдайлық талдау негізінде әрбір құрылымдық бөлімшелердің бір жылдық міндеттері белгіленеді.
Дипломдық жұмыста мейрамхананың даму стратегиясын анықтаудағы тұтынушыларды сегменттеу мен SWOT-талдауды қолданудың маңыздылығына басты назар аударылды. Бұл талдаулар компанияның ішкі резервтерін, күшті және әлсіз жақтары, қауіптер мен мүмкіндіктерін анықтауға септігін тигізеді.
Сонымен
қатар нарық жағдайын анықтау
және өнім ұсыныстарын кеңейту
Жоғарыда
аталғандардың нәтижесінде
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі