Менеджменттегі интеграциялық процестер

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 21:42, курсовая работа

Описание работы

Менің курстық жұмысымның тақырыбы: «Менеджменттегі интеграциялық (байланыстырушы) процестер».
Курстық жұмыстың өзектілігі: Менеджменттегі интеграциялық процестерді әр бір қоғамда тиімді пайдалануы.
Курстық жұмыстың мақсаты: Менеджменттегі байланыстырушы процестерді өзара салыстыру.
Курстық жұмыстың міндеті: Менеджменттегі интеграциялық процестерді жан-жақты қарастыру.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І бөлім. Менеджменттегі интеграциялы (байланыстырушы) процестер
1.1.Басқару коммуникациялары...........................................................................10
1.2.Коммуникация элементтері............................................................................14
1.3.Коммуникация жүйесі.....................................................................................19
1.4.Қарым-қатынас кедергісі және оны жою әдістері........................................34
ІІ бөлім. Менеджменттегі шешімдер
2.1.Басқару шешімінің мәні, қасиеті және рөлі.................................................37
2.2.Басқарушешімдерінжіктеу........................................................................40
2.3.Шешімдерді шығару және қабылдау технологиясы.................................44
2.4.Шешімдер классификациясы.........................................................................49
2.5.Тәуекелді басқару............................................................................................68
Қорытынды..........................................................................................................70
Қосымша...............................................................................................................72
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................87

Работа содержит 1 файл

Курсовой менеджменттеги интеграциялы процес.doc

— 352.50 Кб (Скачать)

                Қазақстан Республикасы  Білім  және Ғылым Министрлігі                                                     

                      Халықаралық Туризмнің Менеджмент  Колледжі 
 
 
 
 

                                         Курстық жұмыс

Тақырыбы:    «Менеджменттегі интеграциялық              процестер». 
 

                 

                                                 Орындаған: 301-топ студенті, Сұрабалдиева  Т.М.                                                                                                                                                                                         

                                              Ғылыми жетекші:  Әділбекова Д.У. 
 
 

                                               Алматы  2009

                                          Мазмұны:

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

І бөлім. Менеджменттегі интеграциялы (байланыстырушы) процестер

1.1.Басқару коммуникациялары...........................................................................10

1.2.Коммуникация элементтері............................................................................14

1.3.Коммуникация жүйесі.....................................................................................19

1.4.Қарым-қатынас кедергісі және оны жою әдістері........................................34

ІІ  бөлім. Менеджменттегі шешімдер

2.1.Басқару  шешімінің мәні, қасиеті және  рөлі.................................................37

2.2.Басқарушешімдерінжіктеу........................................................................40

2.3.Шешімдерді шығару және қабылдау технологиясы.................................44

2.4.Шешімдер  классификациясы.........................................................................49

2.5.Тәуекелді  басқару............................................................................................68

Қорытынды..........................................................................................................70

Қосымша...............................................................................................................72

Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................87

 
 
 
 
 
 

                                                   Кіріспе:

   Менің курстық  жұмысымның тақырыбы: «Менеджменттегі интеграциялық (байланыстырушы) процестер».

   Курстық жұмыстың  өзектілігі: Менеджменттегі интеграциялық процестерді  әр бір қоғамда тиімді пайдалануы.

   Курстық жұмыстың  мақсаты: Менеджменттегі байланыстырушы процестерді   өзара  салыстыру.

   Курстық жұмыстың  міндеті: Менеджменттегі интеграциялық процестерді жан-жақты қарастыру.

   Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты жаңа типті басқару кадрларын дайындау және олардың жаңаша ойлау қабілеттерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыдан алғанда, кадрларды кәсіби тұрғыдан, әсіресе менеджмент саласына лайықты дайындау мемлекеттің ұзақ мерзімді экономикалық саясатының құрамдас бөлшегі болуы тиіс. Нарық жағдайында түбегейлі өзгерістерге ұшырайтын кәсіпорындар мен фирмалар деңгейінде бұл проблема үлкен мәнге ие болады. Өткір бәсекелестік жағдайындағы кәсіпорынның өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін фирманы «дәстүрлі түрде» емес, жаңаша басқарып үйрену қажет. Ең алдымен, адамдарды жаңаша басқара білу керек. Бұның өзі нарықтың коньюктураны алдын-ала болжап бағалай білетін, дер кезінде стандартты емес басқару шешімдерін қабылдап, оларды іс жүзіне асыратын ұжымда жетекшілік етуді қазіргі заман талаптары деңгейінде жүзеге асыра алатын жаңа типті басшы менеджерлерді дайындауды талап етеді.

   Курстық жұмыстың І бөлімінде «Менеджменттегі интеграциялық (байланыстырушы) процестер» туралы баяндалады. Бұл бөлімде «интеграция» терминіне менеджмент көзқарасынан анықтама берілген. Интеграцияның принциптері мен процестері де, оның объектілері мен факторлары да осы бөлімде сөз етіледі. Сондай-ақ, интеграцияның проблемалары жайында айтылады.   Интеграциялық процестің халықаралық деңгейге көтерілуі де талқыланады. І бөлімнің 1 пункті «Басқару коммуникациялары» деп аталады. Онда коммуникация туралы түсінік, коммуникацияның классик теориясын жете зерттеген К.Шеннонның еңбектері, коммуникация процесі және оның сансыз көп модельдері баяндалады. «Коммуникация элементтері» деп аталатын І бөлімнің 2 пунктінде коммуникацияның барлық элементтері келтірілген, яғни ақпарат көзі, кодтау, канал тапсыру, кері байланыс, шулық кедергілердің негізгі қызметтері қарастырылады. 3 пункт «Коммуникация жүйесін» қамтиды. Онда менеджмент көзқарасынан алғанда, ұйымды басқару, басқарудағы динамикалық шарттар, ұйымның динамикалары, бейресми хабар жүйесі және коммуникацияның әр түлі технологиялары жайында әңгіме болады. Келесі 4 пункт «Қарым-қатынас  кедергісі және оны жою әдістері» деп аталған. Әрине, мұнда да тақырыпшаға сай, ұйымда болатын қарым-қатынас кедергілеріне мысал келтірілген. Қарым-қатынас кедергілері әр жерде, әрқашан да болатындықтан оны жою әдістерін қолдана білген жөн. Сондықтан да, курстық жұмысымда бәрін егжей-тегжейлі ашып, баяндап көрсеттім деген үміттемін.      

   ІІ бөлімде «Менеджменттегі шешімдер» жайлы ой толғанысы болмақ, яғни    «Шешім дегініміз» не? Ол қандай жағдайда қабылданады, шығарылады, шешімнің жағымды және жағымсыз жақтарын да қарастырып, мысалдар келтірдім. 1 пункт «Басқару шешімінің мәні, қасиеті және рөлі» деген тақырыпшадан тұрады. Мұнда шешімнің ең маңызды белгісі, объекті: өндіріс немесе басқару жүйесінің өзі болып саналғандықтан, көбінесе осы мәселеге тоқталдым. Сонымен қоса, басқару шешімінің сонылығы, мақсаткерлігі, әділдігі жайында сөз айтылған. Сондай-ақ проблема терминінің мағынасын да тереңнен ашып көрсеттім.  «Басқару шешімдерін жіктеу» деп аталатын тақырыпша ІІ бөлімнің 2 пунктінде қарастырылады. Басқару шешімдерін жіктеудің теориялық және практикалық мәні зор, оның табиғаты әр түрлі болып келгендіктен, шешімнің алуан түрлілігін жүйелеу, реттеу үшін түрліше белгілері бойынша жіктедім. Мысалы, басқару субъектісі бойынша, объектісі бойынша, уақыт өлшеміне қарай, ұйымдастырылуына қарай, қызметтік мақсатына қарай және шетел авторларының шешімдерді жіктеуі келтірілген. Жоғарыда атап көрсеткендей, нақты басқару шешімдері өзінің мазмұндық ерекшеліктері жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар. Алайда, көптеген шешімдерді өзара саластырғанда, олардың арасында елеулі ұқсастық, заңды белгілер бар екендігін аңғаруға болады. Басқару шешімінің ішкі мазмұнының біртұтастығы проблема қалай шшешілу керек деген сауалға жауап беруі талқыланады. Бұл шешімнің маңызды бөлігі. 3 пункт «Шешімдерді шығару және қабылдау технологиясы» деп аталып, басқаруда сондай-ақ адамдардың басқа да ісәрекет салаларында өнерді, тәжірибені, теориялық білімді практикалық мақсатта қолдана білу істің ажырамас бөлігі болып саналады. Әсіресе, басқару шешімдерін қабылдағанда және жүзеге асырғанда бұл айқын көрінеді. «Дельфи тәсілі» бұның бір себебі болып табылады. Жалпы алғанда, шешімдерді дұрыс шығара білу, басшының әрқашанда шешімді дұрыс таңдап, оны үйлестіре білуі, бағыныштыларға тиімді шешім шығару және оны қолайлы жақтардан қабылдау технологиялары жайында сөз айтылған. Келесі 4 пункт «Шешімдер классификациясы». Атап өткеніміздей, шешімдер әр түрлі және сансыз көп болып келеді. Сондықтан, шешімдер көпшілігін реттеу үшін және олардың даму тенденциясын анықтау үшін оларды классификациялағанымыз жөн. Ғылыми әдебиеттерде классификацияның әр түрлі критерийлері қолданылады. Б.Гурней шешімдерді олардың қабылдану деңгейі мен маңыздылық белгілері бойынша классификациялайды. Сонымен бірге автор бұдан да басқа критерийлер қолдануға болатынын айтып кеткен.

   Басқару шешімдерін классификациялауда  олардың жеке түрлері бойынша  емес, шешімдердің барлық түрлеріне  тән критерийлері бойынша жасаған  дұрыс. Мұндай критерийлер ретінде:  субъективті-объективті қатынасты, шешімнің мазмұнын, шешімнің формасын және шешімнің орындалу уақытын келтірдім. 5 пункт «Тәуекелді басқару». Нарықтық экономикаға көшкен жағдайда дербес әрекет етуге балама шшешім варианттарын ойластыруға тура келеді. Сонымен қоса, мұндай жағдайда сыртқы ортадан қауіпқатер де күшейе түсуі мүмкін, сондықтан да «тәуекел ету» экономикалық өмірдің ажыратылмайтын бөлігі болып саналады. Міне, осыдан бастап, А.М.Омаров анықтамасы, тәуекелдің негізгі сипаты және оның жіктелуі бастау алып, баяндалады.  

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

             І бөлім. Менеджменттегі интеграциялық (байланыстырушы) процестер:

   Интеграция –  (лат. Integration – қалпына келтіру, толықтыру, толық, бүтін) бөлек және дифференциалды функция жүйелері байланыстарының жағдайын қарастыратын түсінік. Менеджмент көзқарасынан, интеграция — бұл барлық жүйелердің ұйым мақсаты мен тапсырмаларының байланысу процесі болып табылады. «Интеграция» — термині кәсіпорынды басқаруда сирек қолданылды және «жүйелік үйлесім» түсінігімен ауыстырылды. Ақырындап менеджерлерге мынадай ой келеді, ол: «күшті, қуатты менеджментке бір жүйе жеткіліксіз, оған интеграциялық процестерді қосу керек» деген ұғымды ұсынды.

   Менеджменттің негізгі функциясына  ұйым, координация және интеграция  жатады.

   Ұйым – бұл интеграциялық толықтыру,  яғни барлық жүйелердің (негізгі және қосымша) толық бір салаға бірігуі.

   Интеграциялық тәсіл прогресстік  басқарудың орнын ауыстыра алмайды,  керісінше, басшылар оның қолданылуына  тәуелді. Бұл ғылым-ойшыл басшыға өзін-өзі толық сипаттауға мүмкіндік береді.

   Интеграциялық жүйе  барлық функционалдық жүйелердің бірігуін толық бір бүтін етуге, ең алдымен жалпы информациялық негізде қарастырады.

   Интеграцияның міндеті: информациялық  қарым-қатынас жүйесін компания  ішінде көрсету. Интеграция объектісі:  басқарудағы мақсаттар, ұйымның  өзі және оның құрамы, оның түрлері, функциялары, басқару процесі және өндірістік процестер, өнім циклі.

   Интеграция факторлары: халықаралық  нарықта көрсетіледі. Жаңа технологиялар  және оларды меңгеру мүмкіншіліктері,  басқа региондар мен мемлекеттердің  нарыққа енуі, жұмыс күшінің сапа деңгейінің көтерілуі, ұйымның жаңа формаларының құрылуы, желілік және вертуалдық сала ретінде. Жалпы факторы тіршілік ету мен даму үшін күрес және жоғары нәтижелерге жету.  

   Интеграциялық бүтін принципі. Жүйені  интеграциялық деп, тек қана интеграциялық бүкіл компоненті жүргізілген кезде ғана айтуға болады. «бір басқару процесінің шығыс сөзі» (жүйелілігі) келесі басқа бір процесті «кіріс» болып табылады.

   Интеграция принциптері:  Әдістер  бірлігі:бірлік принципі және  интеграция

   Әдістемелік қатынаста барлық  деңгейлер бірдей және басқарудың  жалпы мақсатында өзара байланысты  деп тұжырымдайды.

   Комплекстілік басқару процесі  барлық деңгейде, функция деңгейінде  де, кәсіпорынды басқару құрылымында  да  қолданылады.

   Паритеттілік интеграциялық жүйенің  анықтамасынан қарағанда, барлық деңгейлер мен аппарат бөлімдері өзара тең. 

   Гомеостатикалық принцип: интеграцияланған жүйе бұл тұрақты деңгейде басқару әсерінің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған, өздігімен реттелетін кері байланысы бар информациялық жүйе. 

   Басқару моделінің типтілігі: өзара ұқсас өндірістік жағдайлардың тармақтарын анықтау басқару жүйесінің типтерін қалыптастыруда жалпы жиынтықтағы арнайы белгілері ұқсастау топтарды ерекшелеуге мүмкіндік береді.

   Интеграция процесі: Горизонтальды интеграция, вертикалды интеграция.

Фирмаішілік интеграцияның табыс бағасының  критерийлері:

   1.Өндірістіктехникалық құрал жабдықтардымеңгеру;

   2.Жүйелер жұмысының ритмін және үмітін көтеру;

   3.Диагностикалық жүйелер жұмысының эффектілігі;

   4.Жүйелер мен құрал-жабықтарды қысқарту, экономикалық потерьдің минимазицасиясы, басқарудың барлық процестерін информациялық қамтамасыздандыру;

   5.Адамгершілік қатынастардың горманизациялануы;

Сонымен, қорыта келгенде, жұмыстың экономикалық көрсетілімінің жоғарылауы және кәсіпорынның адамгершілік жауапкершілігі.

Интеграциялық процестер халықаралық деңгейде: Көптеген қызықты интеграциялық  прпоцестер халықаралық деңгейде жасалынады. ЕС дамуы, евровалютаның пайда болуы, стандарт білім орталығын құруға ұмтылу, сондайақ көлем бойынша әрдайым өсу.  Интернетте психологиялар жаңа прогрессивтік интеграция формасы базасында пайдаланылады.

Интеграция процесстері фирмаішілік деңгейден бастап, мемлекетаралық деңгейге дейін өсуі, өзара экономикалық саясат жүргізуді құптайды.

 
 
 
 
 
 

                       

 
 
 

                    1.1.Басқару коммуникациялары.

Информация о работе Менеджменттегі интеграциялық процестер