Менедженттің метедологиялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 16:19, курс лекций

Описание работы

Менеджмент түсінігі шет тілінінен аударғанда « өндірісті басқару », басқаша айтқанда өндірісті басқару қағидаларымен, әдістері, құралдарымен формаларының жиынтығы деген мағынаны білдіреді. Олар өндірістің тиімділігін арттыру және пайданы көбейту мақсатымен жасалып қабылданады.
Менеджер дегеніміз - өндіріс өткізу және қызмет көрсету саласындағы ұйымдастыру және басқару жөніндегі дербестігі бар іскер адам өз ісін мамандандырылған басшы.

Работа содержит 1 файл

менеджмент лекциялар.doc

— 432.50 Кб (Скачать)

2- кезең. Алынған материалды талдау. Ол ақпарат жүйесін жетілдірудің техникалық, экономикалық жағынан негізделуімен қоса негізгі бағыттар туралы ұсыныстарды дайындау.

3- кезең. Ақпарат жүйесінің жобасын дайындау. Бірнеше шағын кезеңдерге және тауарларға бөліну мүмкін. Жобада жаңа жүйенің ақпараттың түрлі моделі, 

ақпарат тасқындарын  тәртіпке келтірілген ережелер мен  нұсқаулар, көрсеткіштер жүйесі мен  оларды алу әдістерін суреттеу. Документация жасау форма мен құжат айналымының  үлгілері, құжаттау ережелері болуға тиіс.

 

 

3. Әрбір өндірісте немесе кәсіпорында қарапайым және күрделі ақпараттық жүйлер болады.

 Қарапайым хабарлама  жүйлері дегеніміз - ақпарат пайда болған жерден оны адамдарға ешбір өңдеусіз жеткізуді қамтамасыз ететін жүйлер. Бұл- радио, телефон арқылы ауызша берілетін бір жолға хабарлар болуы мүмкін. Қарапайым ақпарат жүйелер: бригада, участоктар дәрежесіндегі басқару үшін сипатты нәрсе.

Күрделі информациялық  жүйлер дегеніміз - оларды құрастырушы ақпарат үлгілерінің информациялық өңделуін бастапқы ақпарат негізінде туынды информация алынуын және олардың талдануын, күрделі есептеулер жасалуын керек ететін жүйлер.

Осы заманғы өндіріс пен оны  басқару дәрежесі әдетте күрделі  ақпараттық жүйелерді ұйымдастыруды  көздейді.

Қазіргі кезде ақпарат  жүйесінің дамуы – күрделілігі  неғұрлым аз жүйелерден күрделілігі анағұрлым жоғары жүйелерге қарай жүреді.

Күрделілігі неғұрлым аз ақпарат  жүйелер дегеніміз - информациялық модельдер көрсетілген технология бойынша информацияны алу, жинақтау, беру, өңдеу және тұжырымдау ісін адам жүзеге асыратын жүйелер. Информацияны  өңдеген кезде адамның қарапайым байланыс құралдарын қолдануға ерік береді, бұл жүйелер кәсіпорындарда кеңінен қолданады.

Күрделі орташа  инфопмация жүйелер дегеніміз - информациялық өңдеу жөніндегі бір технологиялық операцияның адам жүзеге асыратын, ал екіншілерін механикаландыру мен автоматтарды қамтамасыз ететін техникалық құралдар арқылы жүзеге асатын жүйелер.

 

  1. Информацияны оның жинақтарын және өңделетін жерлеріне, сондай-ақ басқарушы адамға бастапқы есеп құжаттарын жөнелту арқылы жүзеге асырылады. Ақпараттың бір бөлігі, әсіресе  техникалық экономикалық есептері бар шығыс құжаттарын, тұжырымдау, қажет болған жағдайда- автоматтандырылған түрде өңделуі мүмкін.

 Кәсіпорынның анағұрлым информациялық жүйелері дегеніміз -   ақпараттарды өңдеу бүкіл технологиялық процесі түгел автоматтандырылған жүйелер.

Мұндай жүйелердегі ақпараттарды алу, жинақтау, беру, өңдеу ісі шығыс  құжаты тұжырымдауды қоса алғандағы  прогресті техникалық құралдардың  жәрдемімен автоматтандырылған жолмен жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9.Тақырып:  Менеджменттегі коммуникация.

 

  1. Коммуникация, ұйымдардағы коммуникация.
  2. Байланыс процестері.
  3. Дұрыс түсінбеу, дұрыс естімеу, тыңдай білмеу.
  4. Ұйымдастыру байланыстары.

 

    1. Коммуникация дегеніміз - басшылардың дұрыс шешім

қабылдау үшін хабар мәліметі мен алмасуы  және төменгі буындарға қабылданған шешімдерді жеткізу.

Басқару қызметінің барлық түрі ақпарат, хабарлар, мәліметтер айналымы- крммуникациядағы байланыс процестері деп аталады. Ұйымдардағы коммуникациялық процестер.

  1. Ұйымдар аралық және оның орта қатынасы әрбір ұйымдағы қызметтер жөніндегі запискалар, телефон арқылы сөйлесулер, бейне таспалар, көзбе- көз әңгімелесу, кеңестер және т.б қатынастарды- байланыстардың негізі деп аталады.
  2. Бөлімше мен деңгей арасындағы байланыстар. Ұйым ішіндегі хабарлар бір деңгейден келесі деңгейге тік байланысатын шеңберінде жүргізіледі. Ол хабарлар, жоғарғы деңгейден төменге түсуі. Осы арқылы бағынышты деңгейге алдағы міндеттер нақты тапсырмалар туралы хабарлайды.
  3. Түрлі бөлімшелер арасындағы байланыстар. Ұйымдар бірнеше бөлімшелерден тұратын болғандықтан, олардың ортасындағы хабарлардың айналымы немесе алмасуы мақсаты үйлестіріп іс- қимыл әрекет жасау үшін қажет.
  4. Басшылар мен бағыныштылыр арасындағы байланыс. Бұл қатыныстардағы жан- жақты және түрлі хабарлар мақсатында белгілеу бір нәрсені ойлап табу және қорытындысы бөлімшелерінің мақсатына жету үшін ат салысады. Тиімді жұмыс істеу үшін талқылау жасау, қол жеткен тапсырмалар және жетістіктер үшін ынталандыру. Бағыныштылар қабілетін дамыту және жеткізу, бағдарламасы алдағы өзгерістер жайлы хабар беру, идеялар туралы мәліметтер т.б арқылы жүзеге асады.
  5. Басшы мен жұмысшы топтар арасындағы байланыстар. Жалпы басшыға топтық тиімді еңбек етуі мен жұмыс жасауы қажет.
  6. Бейресми байланыстар- сыбыстар таратушы арналар деп атайды және дәл емес хабарлар мен мәліметтер жиынтығы сыбыс немесе сырт естулер деп атайды. Бейресми арналар арқылы берілген мәліметтер мен хабарлардың 80-90 %  әрқашанда дәл деп танылады.

 

    1. Коммуникациялық процесс дегеніміз- екі немесе одан да көп адамдар тобының хабарлармен, мәліметтермен алмасуы. Оның негізгі мақсаты – хабарды осы алмасу үстінде түсінушілікті қалыптастыру болып табылады.

 

 

Хабар мен алмастыру  процесінде негізгі қарастырылып отырған 4 элемент қажет:

  1. Жөнелтуші, жіберуші-  хабарды жинақтап, өңдеп жіберуші адам.
  2. Хабар ету-  немесе оны жарналау шартты түрде символ арқылы берілетін хабар.
  3. Арналар- хабардың берілу құралдары.
  4. Хабар алып тұрушы- хабарды қабылдаушы және оны түсіндіретін адам.

 

Хабарды жіберуші мен қабылдаушы арасында өзара байланыс кезеңдері болады.

  1. Идеяның тууы.
  2. Шартты белгі және арналар.
  3. Хабарлар.
  4. Декодалау.
  5. Идеяны тұжырымдауға байланысты информациямен жүзеге асады.
  6. Идеяны бермес бұрын жөнелтуші символдың көмегімен хабарларды кодтау керек. Ол үшін жөнелтуші сөздер, дауыс ырғағы, дене қимылын қолдануы. Мұндай топтау идеяны хабарға айландырады.
  7. Хабарлар бұл кезеңде мәліметті жөнелтуші қабылдаушыға жететіндей арнаны табады. Бұл хабарды түп нәтижесінде коммуникациялық процесс деп айтуға болмайды, тек қана бір кезеңде ғана белгілейді.
  8. Декодалау- алынған хабарды түсіндіру, ұғындыру.

 

    1. Байланыс тиімділігі адамдарды деректі жібергенде де және қабылдауына да бірдей қарым - қатынаста болуда, тыңдай білуі керек. Дұрыс тыңдау менеджерге қойылатын негізгі талаптың бірі – зерттеуші Кид Дервис тиімді тыңдау үшін 10 өсиет, ақыл айтқан.
  1. Сөз доғарыңыз. Сөйлеп отырып тыңдау мүмкін емес.
  2. Сөйлеп отырғандға өзіңді бос ұстауға көмектес.
  3. Өзіңіздің тыңдауға дайын екеніңізді  көрсете біліңіз, әрқашанда тыңдауға құштар болыңыз және соған әрекет етіңіз.
  4. Сөйлеушіні тітіркендіретін жағдайлардан аулақ болыңыз.
  5. Сөйлесуге әсер етіңіз, сөйлешіні сезіне біліңіз.
  6. Шыдамды болыңыз. Сөйлеп тұрған адамның көңілін бөлмеңіз Сөйлеуші сөз бастағаннан соң кіруге немесе шығуға әрекет етпеңіз.
  7. Мінез - құлық, шыдамдылығын көрсетіңіз. Ашуланған адам сөздің мағынасын өзгертеді.
  8. Сөз таластырмаңыз. Сынамаңыз.
  9. Сұрақ қойыңыз. Бұл сіздің тыңдағаныңызды білдіреді.
  10. Сөзді немесе сөйлеуді доғарыңыз.

 

 

 

 

    1. Байланысты ұйымдардағы тосқауылдар.
  1. Хабардың бұрмалануы. Хабар төменнен жоғары және жоғарыдан төменге түскен кезде азда болса бұрмаланады. Оның себебі, мыналар:

а). жеке адам аралық түсінбеушілер  пайда болатын бұрмалар.

б).басшы хабармен келіспегенде салалы түрде хабар бұрмаланады.

2. Шамадан тыс мәліметтің болуы әр басшы барлық хабарларға тиімді жауап қайтара алмайды, сондықтан ол өзіне өте қажетті мәліметті таңдап алуға тырысады.

3. Ұйымдық құрылымдардың  қанағатсыз болуы, ұйымдағы байланыстарды  жетілдіру әдістері:

а).мәліметтер ағымын реттеу, басқару. Басшы ұйым деңгейінде өзінің және қызметкердің хабарға деген қажеттілігін қанағаттандыру қажет.

б).басқарушылық іс- әрекет жасау.

4. Кері байланыс жүйесі. Қызметтестерге сұрақ беру арқылы  байланыс.

5. Ұсыныстар жинақтау  жүйесі  арқылы байланыс.  жайында жарнамалар, публикациялар, бейне таспалар беруі керек.

6. Мәлімет бюлетендері.  Кәсіпорын өз қызметтері  жайында  жарнамалар, публикациялар, бейне  таспалар беруі керек.

7. Қазіргі кездегі  информациялық, технологиялық (компьютердің  пайда болуы).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10. Тақырып:  Менеджменттегі басқару шешімдер  теориясы.

  1. Басқарудағы шешімнің маңызы.
  2. Ұйымдық шешімдер және олардың түрлері.
  3. Басқарушылық шешімнің түрлері.
  4. Шешімді әзірлеу және қабылдау.

 

I. Шешім қабылдау - ақпарат алмасу сияқты кез- келген басқару қызметінің құрамдас бөлігі. Шешім қабылдау қажеттігі басқарушының алға қойған мақсатының қалыптасуы мен сол мақсатқа жетуіндегі іс - қимылын түгелдей қамтиды.

Адамдардың шешім қабылдау қабілеті де бірте  - бірте тәжірибе жүзінде 

дамиды. Біздің әрқайсысымыз күніне 100-деген, ал өмір бойына 1000- даған шешімдер қабылдаймыз.

Жеке өмірдегі шешім  қабылдағанға қарағанда, басқарудағы  шешім қабылдау, өте қатаң жүйленген  процесс. Басқару шешімдері жетекші  қабылдаған шешімдер арқылы жұмыс жасайтын адамдардың өміріне ықпал етуі мүмкін. Маңызды шешімді  қабылдаудағы жауапкершілік басшыға ауыртпалығын әкеледі. Сондықтан басшылар ойланып қарастырылмаған шешімдерді қабылдай алмайды.

 

  1. Ұйымдық шешімдер дегеніміз - лауазымды адамдардың өздеріне берілген міндетті орындау үшін тыңдай білу қабілетінің болуы. Оның мақсаты ұйымдық алдына тұрған мәселелер қозғалысын қамтамасыз ету. Сондықтан да тиімді ұйымдық шешім деп қабылданған және орындалған мақсатты айтуға болады.

 

Ұйымдық шешімдерді 2 түрге бөлуге болады.

 

1. Бағдарланған.

2. Бағдарланбаған.

 

1). Бағдарланған шешім - іс- қимылдың белгілі - бір айқын қисынға ( логика) сәйкес, нәтижелі түрде жүзеге асырылады.

2). Бағдарланбаған шешім - мұндай шешімдер белгісіз факторлармен ілесе жүретін анықталған өлшемде жаңа болатын жағдайда талап етеді. Сол себепті қажетті қадамдардың нақтылы реттілігін алдын-ала құру мүмкін емес.

Бағдарланған шешімдер қатарына мына типтегі шешімдер жатады: үй мақсаттары қандай, өнімді қалай  жақсартуға болады, бөлімнің құрылымын  қалай жетілдіру қажет бағыныштарды қалай ынталандыру керек.

 

3. Басқарушылық  шешімдерді жіктеудің белгілеріне  мыналарды жатқызу керек.

 

1.Шешілетін мәселерді  қамту дәрежесі ( ауқымдылығы).

2. Қабылданған шешімнің  жүзеге асырылатын ұзақтығы.

3. Қабылдау шешімнің  ықпал ететін объектілігі.

4. Шешімнің қабылдау функцияларының сипаты.

 

1). Шешім мәселесінің ауқымдылығы жағынан басқару шешімінің жалпы және жеке түрлері болып көрсетіледі. Жалпы шешімдерге жататындар тұтас алғанда бүкіл шаруашылығына қатысты шешімдер.

Жеке шешімдерге жататындар өндірістің жекелегген жақтары, қызметтің жекеленген  топтарын қамтитын шешімдер.

Жалпы және жеке басқарушылық шешімінің арасында тығыз байланыс бар. Жеке шешімдер жалпы басқарушылық шешімдерді нақтылаудаң және олардың  орындаушыларға жеткізудің тәсілі болып қызмет етеді.

2). Шешімнің жүзеге асырылуы ұзақтығы жөнінен шешімнің мынандай түрлері бар.

а).ұзақ мерзімді ( перспективалық). Шешімдер жүзеге асырылуы бірнеше жылдарды керек ететін шешімдер жатады.

б).орташа мерзімді ( ағымдағы) шешімдер бір жыл ішінде жүзеге асырылады және өндірілген циклімен байланысты болады.

в) қысқа мерзімді ( оперативті ) шешімдер мәселесінің неғұрлым шағын тобын қамтиды, өздерінің сипаты жағынан көбінесе жеке шешімдер болады.

 

 Ықпал ету  объектісі жөнінен:

- сыртқы;

 - ішкі шешімдер деп бөлуге болады.

Сыртқы шешімдер – белгілі - бір шаруашылық басқа кәсіпорынмен қарым-қатынасы қамтиды.

Информация о работе Менедженттің метедологиялық негіздері