Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 16:19, курс лекций
Менеджмент түсінігі шет тілінінен аударғанда « өндірісті басқару », басқаша айтқанда өндірісті басқару қағидаларымен, әдістері, құралдарымен формаларының жиынтығы деген мағынаны білдіреді. Олар өндірістің тиімділігін арттыру және пайданы көбейту мақсатымен жасалып қабылданады.
Менеджер дегеніміз - өндіріс өткізу және қызмет көрсету саласындағы ұйымдастыру және басқару жөніндегі дербестігі бар іскер адам өз ісін мамандандырылған басшы.
1. Кезең. Қысым мен іздеу.
Басшы ұйым өзгерісінің қажеттілігін сезіну керек және оны өткізуге дайындалуы қажет. Бұл қысым осы келе жатқан бәсеке, экономикадағы өзгерістер сияқты сыртқы факторлармен көрсетіледі. Сондай – ақ ішкі факторлардың өзгеруінен де пайда болады: ол өнімділікті төмендету, шығынның өсуі т.б.
2. Кезең. Делдалдық пен қайта хабардар ету.
Басшы өзгеріс қажеттілігін сезінгенімен, проблемаға дәл талдау жасап немесе өзгерісті жүргізе алмайды. Жағдайды обьективті түрде бағалау үшін сырттан кеңес қызметкерлері шақырылуы мүмкін.
3. Кезең. Диагностимка және ұғыну.
Бұл кезеңде басшы қажетті ақпараттарды жинақтайды, прблеманы өзгертуге тиісті жағдайының пайда болуы себебін анықтайды. Проблемалар ауқымын анықтау нақты проблемаларды сезінуге мүмкіндік береді.
4. Кезең. Жаңа шешімді табу және оны орындау міндеттемесі.
5. Эксперимент және ізденіс
Әр бір ұйым тәуеклге бару үшін жоспарланған өзгерістерді сынақтан өткізеді
6. Кезең. Қуаттау және келісім
Соңғы кезеңде осы өзгерістерді қабылдаулары үшін адамдарды марапаттау қажет. Бағыныштыларды осы өзгеріс ұйым үшін тиімді екеніне көздерін жеткізе білу керек.
Пән бойынша сынак және емтихан сұрақтары
ГЛОССАРИЙ
Менеджмент - басқа адамдардың ақыл-ойын еңбегін қолдана отырып қойылған мақсаттарға жету.
Менеджер - кәсіпорын жұмысын басқарушы адам.
Кәсіпкерлік - пайда табу мақсатында өзіндік немесе қарыздық капиталды экономиканың өндірістік емес саласында қолданылатын адамдар іс-әрекетінің түрі.
Кәсіпкер - пайда табу мақсатында өзіндік немесе қарыздық капиталды қолданатын жеке меншік адам.
Басқару объектісі – басқаруды жүзеге асыратын ұйым, басқарушы немесе белгілі бір топ.
Менеджменттін функциялары – белгілі бір тәсілдер мен жүзеге асырылатын басқару іс-әрекетінің нақты түрі.
Ынталандыру – ұйым мақсаттарына және өз мақсаттарынажетүу үшін өзіндік және басқаларды ынталандыру.
Бақылау – қойылған нәтижелері нақты жеткен жетістіктер мен салыстыру процессі.
Персоналды басқару – кәсіпорын мақсаттарына жету үшін жеке адамдарға немесе ұжымға әсер ету.
Формальді топ – басшылықтын талабы мен құрастырылған адамдар тобы.
Формальды емес топ – белгілі бір мақсаттарға жету үшін стихиялы түрде қалыптасқан топ.
Коммуникациялық процесс – екі немесе одан да көп адамдардың ақпаратпен айырбас жасауы.
Декодтау – жіберушінін ойынан алушының ойына символдарды түсіндіру, аудару.
Семантика – сөзбен айтылатын сөзбен мағыналардың қолодануының тәсілін зерттеу. хабардың маңызы мен оның көріну формасын зерттейді.
Синтактика - ол деректерді қайта өңдеу мен жеткізу құралдардың өткізу қабілеті мен табиғи кедергідерді жою тұрғысынан зерттейді
Прогматика - хабардың пайдалылығы мен тиімділігін зерттеумен байланысты.
Стратегиялық жоспарлау – ұйымның мақсатына, болашақта жетуге арналған нақты жоспарлаудың бірі.
Басқарушылық шешім – альтернативаны таңдау: проблеманы ситуацияны шешуге бағытталған акт.
Делегерлеу – билікті бөлу тісілі.
Конфликт – қарама –қайшы және біртектес күштердің қайшылығы