Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 14:46, дипломная работа
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір - бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процесінің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс- б.з.д. 10-15 мыңжылдықтарда болған.Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбек өнімділігін арттырып, қоғамның шығысынан кірісін асырды.
3 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды шетел тәжірибесі негізінде жетілдіру жолдары
3.1 ҚР әкімшілік реформасы мемлекеттік басқару үрдісін жетілдіру бағыты ретінде
Осы жоғарыда көрсетілген шетел тәжирибиесін ескеріп Қазақстан Республикасынын мемлекеттік басқару саласын жетілдіру жөнінде . Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару типі саксондық модельге жатады. Бұл модель нарықтық экономика даму кезеніңді әлеуметті бағытпен сипаталғанменде не бір кемшіліктері бар.
Қазіргі заманда мемлекеттік басқару көптеген мүмкіндіктерді әлі де болса игеріп біте қойған жоқ. Олар: адамдардың білімділік деңгейінің өсуі, ХІХ ғасырдың шығармашылық гуманистік мұрасы, өндірістің индустриалдық типіне көшу, ғылыми- техникалық революция, космостық кеңістікті игеру, қоғам қажеттілігін ақпараттық қамтамасыз ету мен байланыстың жаңа құралдарын көтеру және т.б. адам ойының жетістіктері, дарыны, еңбегі мен тәжірибесі. ХІХ ғасыр мемлекеттік басқаруға қатаң әрі жоғарылатылған принциптер қоятынын айта кеткен жөн, сол себепті қазірден бастап дайындала беру артық болмас еді. Қоғам болашақта бір жағынан адам тіршілігі үшін қажетті жер планетасы ресурстарының шектеулілігімен, ал екінші бір жағынан адамдардың өркениетті қажеттілігінің көбеюімен байланысты сұраныстың өсуімен сипатталатын шарттармен кезігетіндігі туралы айтуға негіз бар. Бұның куәсі ретінде келесі тенденцияларды көрсетуге болады:
1. тарылту, қажетті сападағы және көлемдегі минералды шикізатты табу мүмкіндігінің таусылуы;
2. обострение, адам тіршілік ететін табиғат ортасының дағдарыстық жағдайы;
3. күрделену, кейбір жерлерде планетаға антропогендік қысымды күшейтетін демографиялық процестерінің теңдік шегінен асып кетуі;
4. әлеуметтік салдарларына сәйкес өндіріс дамуының географиялық теңсіздігінің біруақытта тереңдеуі және темпінің төмендеуі;
5. көпшілікпен қолданылатын және таратылатын әлеуметтік ақпараттың шектен тыс унификациялануы себебінен адам мәдениетінің кедейленуі.
Басқарудың түрлі тәжірибесі келесілерді көрсетеді, яғни негізделген мақсаттарды алға шығару үшін (не қажет, неге ұмтылу керек), оған қажет басқарушылық функцияларын қалыптастыру үшін, жұмыс істейтін ұйымдық құрылымын және т.б. басқару субъектілері құру үшін олар басқарылу объектілеріне қарағанда күшті әрі жоғары дамыған болуы тиіс. Шындығында да егер басқарылу объектісін қайда, не үшін, қалай ықпал ететіндігін білмей басқара алмайсың. Мысалы, егер университеттегі мұғалімнің білім деңгейі студентпен салыстырғанда терең әрі негізделген болмаса, студентке не үйрете алады. Сондай- ақ мысалы дәрігер- пациент, инженер- жұмысшы, т.б. Алайда тек қана басқаруда ғана басқарушылар басқарылатындарға қарағанда интеллектуалдық қатынаста бір сатыға төмен бола алады.
Субъективтік фактордағы объективтік қайшылықтардың ролін түсінетін күш қажет, ол қайшылықты талдауға, оны шешуге және адам қызметіне, танымы мен тәртібіне беделді әсер етуге қабілетті болу керек. Тарихи түрде мұндай күш мемлекеттік билік түрінде қалыптасқан және оның мемлекеттік басқаруы көмегімен жүзеге асырылады. Барлық мәселе осы күштің жағдайы, дамуы сипаты мен деңгейіне байланысты. Ол санкцияға негізделген диктаторлы, қатал әрі білімге негізделген интеллектуалды, шығармашылықты болуы мүмкін.
Мемлекеттік басқарудың алдындағы жағдайы дегеніміз бұл оның жүйесінде, ең алдымен субъектісінде қазіргі заманғы ғылыми ойлардың кеңінен қолданылуы, оптималды басқару шешімдерін ерікті шығармашылық іздену, басқарудың түрлі салалары бойынша дайындалған мамандарды жұмылдыру, басқару нәтижелерін қоғамның қажетіліктерімен ашық түрде салыстыру, басқару қоғам мүддесіне қызмет етеді және оның дамуын ілгерілету.
«Алдағы кезеңдегі» мемлекеттік басқарудың келесідегідей сипатты белгілерін көрсетуге болады.
1) нақты объективтік шарттар мен субъективтік фактордың басқару шешімдері мен әрекеттеріндегі нақты мүмкіндіктерін, олардың динамикасы мен өзгеріс тенденциясын терең есепке алу;
2) мемлекеттің саясатын адам өмірінің актуалды мәселелерін шешетін неғұрлым жетілген әрі әлемдік тәжірибеде ұсынылған әдістер, мен механизмерді қолдануға бағдарлау;
3) ғылыми ойлар мен басқару тәжірибесінің өзар тығыз байланысы, принципиалды мемлекеттік шешімдердің дамыған, қоғамдық экспертизасы, қазіргі заманғы қоғамдық даму деңгейінде басқару персоналының дайындығын қолдау;
4) басқарудың жаңа ресурстары мен көздерін тез қабылдау мен ашық болу, басқару проблемаларын шешудің ең үздік әдістері мен тәсілдерін дер кезінде игере білу;
5) өзінің элементтері мен жүйелік өзара байланыстарының икемділігі мен бейімделгіштігі, басқарушы ықпалдың тұрақты түрде дамып, жақсартылып, өзін өзі жетілдіріп отыру потенциалының болуы.
Мемлекеттік басқарудың «алдағы кезеңдегі» басты нәрсе ол ондағы маман адамдардың ішінде әруақытта интелектуалды, шығармашылық накалдың болуы, талдау және бағдарламалық ойлаудың болуы, зерттелетін құндылықтардың қоғамдық бағытының болуы, қоғамдық процестерді демократиялық басқару тәжірибесінің болуында. Көптеген елдерде қоғам да, саяси ұйымдар да, маман басқарушылар да, жек меншік иелері де қалыпты қоғамдық даму үшін жақсы ұйымдасқан және қызмет ететін мемлекеттік аппарат керек, ал онда ең жақсы әрі талантты деген халық өкілдері жұмыс атқаруы қажет. Қоғам дамуындағы мемлекеттік басқарудың «алдағы кезеңдегі» құру бойынша қоғам мен мемлекет қызметінің қорытынды мәні болып мемлекеттік басқаруды жетілдіру процесі табылады. Мемлекеттік басқаруды жетілдірудің мақсатты бағдары келесілерден көрініс табады:
біріншіден, жергілікті өзін- өзі басқару мен мемлекеттік билік органдарының басқарушы ықпалының мазмұнын басқарылушы объектілердің – барлық қоғамдық жүйенің заңдылықтары мен қажеттіліктеріне максималды сәйкес деңгейін қамтамасыз ету;
екіншіден, мемлекеттің басқарушы компонентттері мен басқарылушы объектілері арасында, сондай- ақ басқарудың басқа түрлерінің субъектілері арасында неғұрлым рационалды және тиімді өзар байланысту қалыптастыру;
үшіншіден, мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымын ( қоғамдық және экономикалық көзғарастар тұрғысынан) оптималды жағдайда ұстап тұру;
төртіншіден, басқаруға кететін қоғамдық шығындардың абсолютті және қатысты түрде тұрақты азаюына ықпал жасау;
бесіншіден, мемлекеттік – басқарушылық қызметтің әдістері, нысандары және тағы басқа элементтерінің тиімділігін жоғарылату.
Мемлекеттік басқаруды жетілдірудің жалпы мақсатты бағдарын шартты түрде екіге бөліп көрсетуге болады. Сыртқы мақсаттардың іске асуы басқарушы ықпалдың тиімділігін жоғарылатуда, оларды жүйелендіру мен тәртіпке келтіруде, басқарылушы объектілердің объективті сұранысына адекваттілікті қамтамасыз етуде болса, ішкі мақсаттардың жүзеге асуы басқарушы жүйенің өзінің жетілдірілуін, оның мобилділігінің, рационалдылығының, ішкі өміршендігін жақсартылуын білдіреді. Мемлекеттік басқаруды жетілдірудің маңызды және басты элементі болып ғылыми негізделген «мақсат ағашы» табылады. Оның негізінде мемлекеттік басқаруды жетілдірудің құрылымы, пәні, актуальділігі, тізбектілігі анықталады. Бізге мемлекеттік басқаруды жетілдіру не беретінін білуіміз қажет.
Осы мақсаттармен қатар мемлекеттік басқаруды жетілдірудің маңызды элементі болып оның пәні шығады. Әрине біз алдын- ала нені жетілдіру керек екенін білуіміз керек. Алдындағы айтылған жайттарды қорытындылайтын болсақ, мемлекеттік басқаруды жетілдіру пәнінің келесі блоктарын көрсетуге болады, яғни:
- тұрақты түрде және барлық деңгейлер мен бағыттарды қамтитын мемлекеттік басқару жүйесінің басқарушы және басқарылушы компонентттері арасындағы өзара әрекеттерді қарапайымдау мен жақсарту, бұл ең алдымен «мақсат ағашы» мен мемлекеттік басқарудың функционалдық құрылымын жетілдіруді білдіреді;
- мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымын жетілдірумен байланысты азаматтардың мемлекеттік басқару процесіне қатысуын кеңейту, өзін- өзі басқаратын қоғамдық механизмдерді қалыптастыру мен активизациялау және мемлекеттік басқаруды одан әрі демократияландыру көмегімен мемлекеттік басқарудың қоғамдық мәнін үздіксіз дамыту;
- сәйкес органдар мен сыртқы арнайы ұйым өкілдерінің бірлескен күшімен рационализациялау жоспарларын жобалау мен жүзеге асыру.
Көрсетілген әдістердің әрбіреуінің әлсіз және күшті жақтары бар, Алайда белгілі бір органдағы басқару қызметі жайлы нақты да дұрыс ақпарат тек тек сол орган ұжымына белгілі.Бірақ та арнайы ұйымдар әлемдік және ұлттық тәжірибені жақсы біледі және басқару процесін талдау мен баға берудің талданған методикасына ие, оларға тек нақты ақпарат жетпейді. Сол себепті бұл жерде ең жемісті нәтижеге арнайы ұйым мен әрбір орган ұжымы біріксе ғана жетуге болады.
Соңғы кездерде жоғарғы деңгейден стандартты қайта құруларды орындатып отырған жайлар кездеседі.Олар көптеген жағдайларды есепке алмайды әрі оның ғылыми негізі жоқ болып табылады. Субъективті унификация жүреді, ал оның қорытындысын болжау қиындық туғызбайды.
Көптеген елдерде, әсіресе дамыған елдерде мемлекетті, оның аппараты мен мемлекеттік басқаруын жетілдіруге байланысты бағдарламалар мен жоспарлар тқұрақты түрде жасалады. Осы мақсаттар үшін министрлік, комитет, комиссия түріндегі түрлі құрылымдар құрған.
Қазіргі уақытта біздің елімізде де әкімшілік реформалар біртіндеп жүзеге асырылып жатыр. Ол негізінен алғанда мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдарын іске асырудың негізі болып табылады.
Елімізде мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының Прензидентінің 2001 жылдың 4 желтоқсанындағы №735 қаулысы бойынша Қазақстанның даму стратегиясын жүзеге асыру шараларына байланысты қабылданған Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарында әкімшілік реформа қарастырылған. Оның басты бағыттарымен таныстырып өтсек, мемлекеттік басқару саласындағы жағдайды сипаттай келе, ел басшысы елде мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын баяндады. «Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт» жолдауына сәйкес мемлекеттік органдар алдында құрылымдық реформаларды жалғастыру мен дамудың маңызды бағдарламаларын іске асыру міндеттері тұр. Нақты іске индустриалды- инновациялық стратегия мен тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру керек. Агроөнеркәсіптік бағдарламаны неғұрлым сапалы деңгейде әрі ашық нарықта қызмет теу бағытымен орындауды жалғастыру қажет.
Биылдан бастап, реформалаудың негізгі үш бағдарламасы іске қосылу керек. Олар:білім, денсаулық сақтау салаларындағы және әлеуметтік реформалар.
Барлық даму бағдарламалар қаржыландырылған, ал ел бюджеті триллион теңгеден асып отыр. Ол мемлекеттік шығындардың тиімділігін қамтамасыз ету міндетін алға қояды. Сондықтан алдағы кезде мемлекеттік басқару жүйесі алға қойған басымды міндеттердітиімді жүзеге асырумен ұштасуы керек.
Елбасының тапсырысы бойынша мемлекеттік басқару жүйесінің функционалдық талдауы жүргізілді, әлемдік тәжірибе зерттеліп, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалынды. Жасалған жұмыстың нәтижелеріне сүйене отырып, Президент нақты ұсыныстар жасады.
Ең бірінші басқарудың орталық деңгейінің құрылымын жетілдіруге қатысты.
Н.Назарбаев Үкімет пен әрбір мемлекеттік органның құрылымы саясатты құру, оны орындау мен бақылау қызметтерінің нақты бөлінуімен анықталады деп есептейді. Бір орган ғана ережені дайындап, оны жүзеге асырып, сосын өзі бақылауы болиауы керек.
Сондықтан Президент функциялардың келесі бөлінуін ұсынды. Министрліктер стратегиялық қызметтерге жауапты, яғни басқарудың қандай да бір саласында мемлекеттік саясатты құрастырады. Сонымен қатар олар бақылаушы- қадағалау функцияларын атқармау керек. Бұл қызметтерді министрлік құрамына кіретін комитеттер атқару қажет.
Сәйкесінше комитеттер екі топқа бөлінуі қажет. Біріншісі жүзеге асыру қызметтерін орындайтын, яғни мемлекеттік бағдарламаларды, нормативті- құқықтық актілерді жүзеге асыратын, қызметтер көрсететін, мемлекеттік меншік объектілерін басқаратын жәнет.б. орындайтын комитеттер. Екіншілері бақылау және реттеу қызметін атқаратын комитеттер, яғни олар белгілі бір саладағы заңдылықтың сақталуына бақылау жасайды, лицензиялайды, сертификациялау мен тіркеу және т.б.
Қазіргі уақытта 16 министрлік пен 11жеке агенттіктер жұмыс жасайды. Негізінен алғанда бұл 27 министрліктер, олардың жартысының жетекшілері үкімет құрамына кірмейді, бірақ белгілі бір бағыттар бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастырады. Соның өзінде аталып отырған органдардың есептілігі мен жауапкершілігі сұрақтары әлі реттелмеген, ал олардың белгілі бір бөлігі мемлекеттік басқарудың күрделілігі мен сәйкес басқарылуының жоқ болуына алып келеді. Сол себепті бұрын Үкімет құрамына жеке органдар болып кірген агенттіктерді комитеттер есебінде сәйкес министрлік иелігіне беру керек. Оған үш агенттік кірмейді, олар тікелей Үкіметке бағынады.
Жалпы алғанда ұсынылып отырған көзқарас әрбір мемлекеттік органның жауапкершілігін анықтауға және шектеуге, ұстанымдар мен қайшылықтар жүйесін құруға, министрлердің жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді.
Жоғарыдағы көрсетілгендерге байлынасты Президент Үкімет пен министрлік құрылымын өзгертуді ұсынды, алайда министрліктер саны өзгермейді, алайда олардың сапалық құрылымы мен басымды міндеттерді жүзеге асыру мақсаттылығы жетілдіріледі.
Елдің индустриалды- инновациялық стратегиясын тиімді жүзеге асыру үшін индустрия мен сауда министрлігінің қызметін күшейту керек. Оған ақпараттық технологиялар, өнеркәсіптік және ғылыми- техникалық саясатты жүзеге асыруды шоғырландыру қажет. Осындай жолмен соңғы уақыттарда жоғары нәтижелерге жеткен жаңа индустриалды елдер жүрген. Олар: Сингапур, Финляндия және т.б.
Информация о работе Мемлекеттік басқарудың эволюциясы жӘне методологиялық негіздері