Мемлекеттік басқарудың эволюциясы жӘне методологиялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 14:46, дипломная работа

Описание работы

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір - бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процесінің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс- б.з.д. 10-15 мыңжылдықтарда болған.Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбек өнімділігін арттырып, қоғамның шығысынан кірісін асырды.

Работа содержит 1 файл

Дипломка.doc

— 602.50 Кб (Скачать)

Атқару билігі маңызы бойынша мемлекеттік басқарудың қызмет атқару бағытын көрсететін қызметтің (басқару жөніндегі қызметтің ) мәнін құрайды. Осыған орай атқару билігінің барлық субъектілері бір уақытта мемлекеттік басқару жүйесінің буындары болып табылады.

Бұл аяда мемлекеттік органдардың жиынтығын құрайтын атқару билігі жүйесін (аппаратты) бөліп шығаруға болады. Мемлекеттік органдардың жиынтығы атқару билігі аппаратының субъектілері және оны жүзеге асырудың ұйымдастырушы механизміретінде танылады. Атқару билігі жүйесінің тұрақты қызмет атқаратын ұйымдастырушы факторы әр дәреже- деңгейдегі жалпы қзыретті арқару органдары Қазақстан Республиеасының Үкіметі, әкімдер болып есептелінеді. Бұлардан басқа салалық, сала аралық, аумақтық қадағалау және басқа мемлекеттік басқару механизмдері буындарының жиынтығы мемлекеттік басқару субъектілерінің жүйесін құрайды.

Қазіргі кезде мемлекеттік басқарудың экономика саласында ықпалының азаюына куә болып отырмыз. Бірақ бұл жай атқару билігі мен мемлекеттік- басқарушы қызметтің рөлдерін тұтасымен алғанда төмендетпейді. Атқару билігі оның мемлекеттік–басқарушылық ұғымында белгілі бір мөлшерде тікелей басқару функциясынан бас тарту. Осы негізде мемлекеттік реттеу жүйесінің, оның әсіресе экономика саласында қалыптасу тенденсиясы туындауда. Бұл жерде, яғни мемлекеттік реттеудің арасында мақсат бағыттары бойынша айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Мемлекеттік реттеу өзінің мәні бойынша мемлекеттік-басқарущы қызметтің тұрақты элементі, оның функцияларының бірі деп айтсақ болады. Мемлекет басқара отырып реттейді және реттей отырып басқарады. Мемлекеттік басқару субъектілерінің бағынышты объектілері болса, ал мемлекеттік реттеудің ықпалы бағынышты емес объектілерге бағытталып жүргізіледі. Осы екі жағдайдан атқару билігін іс жүзінде жүзеге асырудың қорытынды вариантын көреміз.

Мемлекеттік басқару өзінің маңызы бойынша мемлекеттік реттеумен салыстарғанда кең мағынады айтылатын ұғым. Басқа жағынан алып қарасақ, мемлекеттік реттеу басқарушы ықпал ететін жанама құралдарды пайдаланумен байланысты болады. Олар салақтық әдістер, жеңілдік беру және т.б. түрдегі басқарудың экономикалық әдістерімен сипатталады.

Бүгінде мемлекеттік басқарушы қызметтің мына түрлері жүзеге асырылады:

  1. Мемлекеттік аядағы кәсіпорындар мен мекемелерді басқару;
  2. Мемлекеттік емес аядағы әртүрлі объектілердің атқаратын қызметтерін реттеу;
  3. Республика аумағындағы мемлекеттік бағдарламаларды дайындау және жүзеге асыру;
  4. Мемлекеттік басқару аясындағы жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруларын қамтамасыз ету;
  5. Басқару және реттеу аяларындағы жұмыстарға мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізуді жүзеге асыру;
  6. Шаруашылық өмірдің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілеу және күнделікті өмірде тиімді жүргізу. Мысалы,кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан ынталандыру және қолдау; барлық меншік нысандарының тең құқықтығын қамтамасыз ету; тұтынушылардың құқықтарын қорғау; меншік иесінің құқықтарын қорғау және т.б.
  7. Шаруашылық, әлеуметтік – мәдени және әкімшілік- саяси құрылыс аяларының қызмет бағыттарын ретке келтіру.

Қазіргі өтпелі кезеңде мемлекеттік- басқарушы қызмет жөнінде белгілі бір қорытындыға келу көптеген себептерге байланысты мүмкін емес. Ең бастысы мемлекеттің сакяси және экономикалық жүйесін тереңдете реформалау қажет.

 

1.3 Мемлекетті басқару қажеттілігі,тиімділігі, концепциялары мен әдістемесі

 

Мемлекеттік басқару тиімділігі оның атқарушы органдарының және ұйымдастыру формаларының барлық типтеріне тиеселі ережелер мен міндеттерден тұрады. Басқару тиімділігі экономикалық  маңыздылығына қарай қызмет көрсетудің сатылық деңгейінің бөлінуіне байланысты ерекшеленеді.Басқару тиімділігінің алғышарттары келесідегідей:

1)     алға қойған мақсаттың бір болуы;

2)     жаңа іскерлік мүмкіншілікті тұрақты іздеу;

3)     жүйелі түрде жоспарлау;

4)     ақпараттылық;

5)     сенімділік;

6)     тәуелділік.

Мемлекеттік органдардң және қоғамдағы барлық топтардың жұмыс жетістектері басқару тиімділігінің негізгі көрсеткіштері, яғни мемлекеттік басқару тиімділігі негізгі маңызды қызметтердің тиімділігін арттыру арқылы жүргізіледі.Мемлекеттік басқару қызметінің тиімділігін арттыру қағидалары төмендегідей:

-   іс - әрекеттілік және ұйымның мақсатқа жету деңгейі;

-   үнемділік;

-   сапалы қызмет көрсеткіштерінің тұтынудың стандарттарына жауап беруі;

-   пайдалылық, жалпы шығынның пайдаға қатынасы;

-   өнімділік, мемлекеттік қызмет шығындары мен ресурстардың өнімділік деңгейінің сәйкес келуі.Өнімділік арқылы өнім сапасы, қызметкердің еңбек шарттары анықталады.

-   белсенділік, мемлекет өзінің заңдық өзгерістерін ерекшщеліктеріне сәйкес өз тарапындағы және коммерциялық сипаттағы ұйымдардың функционалдық аймақтарына жаңа өзгерістер енгізеді.

Мемлекеттік сипаттағы басқару тиімділігін арттыратын және басқарудың экономикадағы қажеттілік екендігін түсіндіретін негізгі ережелер мен алғышарттар бар. Басқару тиімділігін арттыратын және әрбір билік органы міндетті түрде қарастыруы керек мынадай көрсеткіштер бар:

1)     Ұлттық экономиканың әлеуметтік – экономикалық жағдайына байланысты тұтынушының орташа еңбекақы деңгейін ескере отырып, оларға мақсатты деңгейде көңіл аудару;

2)     Мемлекеттік басқару органдары және кез – келген ұйым үшін қажетті ресурс адам екенін ұмытпау;

3)     Мемлекет экономикалық сипатта бірнеше саладан тұратындығына байланысты нақты іс -әрекетті бағалай білу;

4)     Мемлекеттік органдар, олардың қарамағындағы ұйымдар мен құрылымдар ең басты көрсеткіш қоғамдағы заңдық, құқықтық негіз екенін ескеру;

5)     Жалпы мемлекеттің, басқа ұйымдардың негізгі құнды бағыттарын жіктеп қарастыру арқылы оның стратегиялық маңыздылығын түсіндіре білу;

6)     Мемлекеттік сипатта қабылданған заңды немесе экономикалық ережелер халыққа түсінікті, әрі мүмкіндігінше жеткізілуі тиіс; 

Мемлекеттік басқаруда жалпы және жеке сипаттағы бірнеше концепцияларды атауға болады. Олар :

1)     Либералды және демократиялық;

2)     Авторитарлы;

3)     Тоталитарлы социалистік;

4)     Мемлекеттік – діни;

Басқарудың либералды және демократиялық концепциясы түрлі мектептермен таныстырылады, соның ішінде «мемлекет – жақсылық» және «мемлекет – зұлымдық», «мемлекет – түңгі күзетші» және «мемлекет – басқарудың саяси және экономикалық әдістерінің басымдылығын қолдайтын күшті реттеуші» ойларымен, «рационалды бюрократия» концепциясымен байланысты болып табылады. Либералды концепцияда басты назар жеке бостандыққа аударылса, демократиялық концепцияда халық билігіне орын беріледі. Алайда, екеуі де жалпы адамдық құндылықтар, демократия қағидалары, саяси және идеолоиялық плюрализм қағидалары, билік бөлінісі, құқық басымдылығы, жергілікті басқаруды мойындау сияқты мемлекеттік басқарудың жалпы постулаттарына сүйенеді.Олар тоталитаризм мен авторитаризмді қабылдамайды, мемлекеттік қызметкердің халық алдында жауапты болуын, оның жеке мүддеге емес, жалпы мүддеге қызмет жасауы туралы айтады.

Авторитарлыжәне тоталитарлы концепциялар антидемократиялық көзқарасқа негізделеді, жеке билік, күшті қол және т.б идеяларға негізделеді. Осындай ұқсас идеялар фашистік Италияға, Германия мен Франко билік еткен кездегі Испаниға (70 жылдардың ортасына дейін), Салазар блік еткен кездегі Португалияға          (80 жылдардың ортасына дейін) тән. 90 жылдарға дейін ақтардың басқаруының расистік концепциясы мен оның іс жүзіндегі көрінісі Оңтүстік Африка Республикасында орын алған. Оның атауы: апартейд режимі.Елдің байырғы тұрғындары азаматтық құқықтан айырылған, мемлекеттік басқару мен «Ақ парламентке» сайлауға қатыспаған.

Мемлекеттік басқаруға қатысты мемлекеттік – діни, теократиялық ( мысалы, Сау Арабиясы) немесе клерикалды (Иран)  көзқарастар көбіне мұсылман елдеріне тән. Басқару туралы мұсылмандық фундаментализм концепциясы басқарудың ең жақсы нысаны ретінде халифат идеясымен байланысты,      сондай –ақ мемлекеттік органдарға сайлауды терістеумен байланысты.(олар монарх сайлайтын консультативтік кеңеспен алмастырылады- билеуші кезіндегі аш-шура). Тұрғындардың басқаруға қатысуының орнына басқарылатындармен кері байланыс нысаны ретінде маджилис тәжірибесі қолданылады (адамдарды қабылдау бекітілген күні болады, мемлекет басшысы имам болып есептеледі). Либералды ойлардың ықпалында болған араб елдер (Алжир, Египет т.б. ) республика болып отыр және ежелгі тәртіптің тек элементтері сақталған (әйелдерді саясат пен мемлекеттік қызметке жібермеу, аш–шура болса президент жанындағы жекелей сайланатын консултативтік кеңеске айналған )

Мемлекеттік басқаруда мақсатты анықтау – бул басқару теориясы мен прктикасындағы маңызды сұрақтардың бірі. Көптеген жылдар бойы елімізде халық қандай қоғамды көргісі келетіндігі жайлы мәселе қозғалған жоқ. Мемлекет пен қоғам алдындағы мақсаттар император, лидер сияқты жоғары басқарушылармен шешілген. Мемлекеттік басқарудағы мақсаттарды көрсету үшін оның жүйені құраушы кезеңдерін көрсету керек.Олар:

-   мемлекеттік басқарудағы мақсаттардың қалыптасуы мен тіркеудің қоғамдық көздері. Қалыптасқан стереотиптерге қарамастан мемлекеттік басқару мақсаттары төменде қалыптасу керек, яғни мақсаттар мемлекетке біріккен адамдардың қызығушылығы мен мүдделерінен туындауы қажет.

-   мақсатты анықтаудағы субъективтік жағы мен мемлекеттік басқарудың қалыптасқан мақсаттарының ашықтығы мен қатыстылығы.

Мақсатты негіздеуде біршама қиындықтар кездеседі.Барлық өткен жағдайлар тарих болып қалады, ал болашақ жайлы тек болжай аламыз. Француз философы О. Конттың формуласы белгілі: алдын – ала көре білу үшін білу керек, ал басқару үшін алдын – ала көре білу керек. ХХ ғасырдың 20 жылдарында  Н. Д. Кондратьев алдын–ала көре білу, оның ішінде өзара байланысты алдын – ала көре білу мәселесін қарастырды.               

1 ) құбылыстардың стихиялық жолы;

2) адамдармен жүзеге асырылатын әрекеттер мен шаралардың анықталған тиімділігі;

3) біздің құбылысқа әсеріміздің мүмкін қаражаты;

4) көзделген әрекеттер мен шаралардың орындалуынан күтілетін нәтижелер мен олардың өмірге ықпалы.

Сол кезде «4П» деп белгілеуге болатын құбылыстар мәнін түсіне бастады.Олар: предвидение – алдын–ала көре білу, прогнозирование – болжамдау, программирование – бағдарламалау, планирование – жоспарлау. Оларды интелектуалды бейнелеудің қиын екенін, ал іс жүзіне асыру тіпті қиын екендігін білеміз. Алайда мемлекеттік басқаруда бұл құбылыстар өте қажет. Басқарудың мәні мақсатты анықтаудағы қалыптасқан механизмді талап етеді. Абстрактілі жалпы алдын – ала көре білуден нақты болжамдауға логикалық жылжу, одан қазіргі заманғы математикалық және басқа да методиканы қолданып бағдарламалауға келу, соңғы жоспарлау қажетті әрекетті таңдау мен оны іске асыру. АҚШ зерттеушілерінің көрсеткеніндей, «жоспарлау – бұл алдын – ала кім, нені, қашан істейтіндіг туралы қабылданған шешім», сондықтан жоспарлаудан бас тарту мемлекеттік басқарудағы мақсатты анықтаудан бас тарту деген сөз, сәйкесінше мемлекеттік басқарудан да. Ондай жағдай болса бірінші орынға стихиялық механизмдер орын алады және оның салдары белгісіз құпия болады.

Сонымен мемлекеттік басқарудағы мақсаттар келесідегідей:

1)     қоғамдық – саяси, қоғамның кешенді, тұтас, балансталған, сапалы дамуын біріктіретін мақсаттар;

2)     әлеуметтік, қоғамның әлеуметтік құрылымына, оның элементтерінің өзара қатынасына, адамдардың әлеуметтік өмірінің жағдайы мен деңгейіне қоғамдық – саяси мақсаттардың ықпалын көрсететін мақсаттар;

3)     рухани, қоғам жетекшілік ететін рухани құндылықтарды қабылдаумен байланысты мақсаттар;

4)     экономикалық, қоғамдық – саяси және басқа мақсаттардың жүзеге асуының материалдық негізін қамтамасыз етуші экономикалық қатыныстар жүйесін сипттайтын және бекітетін мақсаттар;

5)     өндірістік, жоғарыда аталған мақсаттарға сәйкес келетін және олардың іске асуына көмектесетін басқарылатын объектілердің белсенділігін қалыптастыруға және қолдауға қатысатын  мақсаттар;

6)     ұйымдастырушылық, мемлекеттік басқарудың объектісі мен субъектісіндегі ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге бағытталған мақсаттар; 

7)     Қызметтік–праксеологиялық, нақты құрылымдар, қызмет пен жұмыс орындары бойынша әрекеттерді бөлетін және реттейтін мақсаттар;

8)     Ақпараттық, көзделген мақсаттарды қажетті, нақты, адекватты ақпаратпен қамтамасыз ететін мақсаттар;

9)     Түсіндірмелі, мемлекеттік басқару мақсаттарының кешенінің практикалық жүзеге асуына ықпал етуші мотивтер, стимулдар мен білімдерді талқылауды талап ететін мақсаттар;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2        Қазақстан Республикаасында нарық қатыныстарының қалыптасуы жағдайындағы мемлекеттік басқарудың қажеттілігі

 

  2.1 Қазақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік реттеу үрдісін талдау

 

Қазіргі жағдайда мемлекеттің кейбір экономикалық процестерді реттей алу қабілеттілігі мен аса маңызды ролі саясат пен экономиканың байланысынан және экономикалық саясатты жобалауға тәуелді.

Мемлекет – ол қоғамдық жүйенің стержені болып табылады, ол институционалдық иерархияның негізін қалай отырып, қағидаларды тексереді, қоғамдық өмірдің нысандарын ұйымдастырады, билікті шоғырландырады. Мемлекет жалпы қызығушылықты жеке қызығушылықтан бөле отырып, адамның тәртібінің қоғамдық шарттылығының жаңа нысанын туындатты.

Сол себепті мемлекеттің қалыптасуы мен бар болуы тек қана тарихи қажет емес, сондай–ақ дамудың қоғамдық прогресивті және маңызды факторы болып есептеледі.

Мемлекеттің  пайда болуымен  оның экономикалық іс - әрекетінің саласы қалыптасады. Мемлекеттің экономикалық саясаты басты буын әрі нарық жүйесінің қажетті элементіне айналады.Үкіметтің «көрінетін қолы» А. Смит жазған бәсекелестіктің «көрінбейтін қолын»  реттеп отыруы керек.

Информация о работе Мемлекеттік басқарудың эволюциясы жӘне методологиялық негіздері